Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы «28» сәуірдегі
№ 3-2/378 бұйрығына
1-қосымша
|
«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
-
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
-
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – ХҚО);
-
«электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға, сондай-ақ порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – отыз минут;
2) күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – он минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – он минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қолымен куәландырылады.
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 96-бабына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижені беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетiледi;
2) ХҚО-да – Кодекстің 96-бабына және Заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-сенбі аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі. Электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекстің 96-бабына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижені беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге және ХҚО-ға:
жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) порталға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді ХҚО-ның қызметкері, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау мәртебесі көрсетіледі.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда ХҚО-ның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым жергілікті атқарушы органның тиісті әкімнің атына беріледі.
Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша почта арқылы жазбаша нысанда, не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
ХҚО арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген немесе ХҚО қызметкерлері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым ХҚО басшысының атына және интернет-ресурсы: www.con.gov.kz бойынша беріледі.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты және почталық мекенжайы көрсетіледі.
ХҚО кеңсесіне қолма-қол, сол сияқты почта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні өтініштің екінші данасына немесе өтініштің ілеспе хатына қойылады) болып табылады.
Сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Көрсетілетін қызметті алушыға оның шағымының қабылданғаны туралы растау үшін шағымды қабылдаған адам талон береді, онда нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, осы шағымға жауапты алу мерзімі және орны, шағымның қаралу барысы туралы ақпарат алуға болатын адамның байланыс деректері көрсетіледі.
Электронды өтінімді портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (шағымның жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшелектері ескеріле отырып
қойылатын өзге талаптар
13. Өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, құжаттарды қабылдауға бағдарлану қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе iшiнара айрылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсетуді ХҚО-ның қызметкері 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіне отырып, тұрғылықты жеріне барып жүзеге асырады.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту және қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады).
Көрсетілетін қызметті берушінің және ХҚО-ның ғимараттары дене мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандусы бар кіреберіспен жабдықталған.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсында;
2) ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
3) порталда орналастырылған.
16. Көрсетілетін қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңбасы болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
17. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алу мүмкіндігі бар.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы « 28» сәуірдегі.
№ 3-2/378 бұйрығына
3-қосымша
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды,
мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
-
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
-
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
-
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
-
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
-
«электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – тиісті айда квота және қаржы қаражаты болған жағдайда жиырма төрт жұмыс күні;
2) күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – отыз минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – отыз минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін облыс, Астана және Алматы қалалары бойынша жиынтық акт болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Парталға сұрау салған кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 96-бабына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижені беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетiледi;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекстің 96-бабына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижені беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызмет алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) субсидиялау бағыттарына сәйкес жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
ірі қара малдың аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарын жүргізуге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға өтінім;
нөмірін көрсете отырып, банк шотының болуы туралы банктің немесе Ұлттық почта операторының анықтамасы;
асыл тұқымды зауыттарда және асыл тұқымды шаруашылықтарда асыл тұқымды қойлардың аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарын жүргізуге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға өтінім;
ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыруды жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы технологиялық жабдықтың болуын растайтын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері немесе қойлардың аналық мал басына қолдан ұрықтандыру жүргізуге асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықпен жасасқан шарттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
нөмірін көрсете отырып, банк шотының болуы туралы банктің немесе Ұлттық почта операторының анықтамасы;
асыл тұқымды зауыттарда және асыл тұқымды шаруашылықтарда маралдардың (бұғылардың) аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға өтінім;
шаруашылықты жүргізу кітабынан немесе мал басының болуы туралы 24-ауыл шаруашылығы нысаны есебінен үзінді көшірмесі;
нөмірін көрсете отырып, банк шотының болуы туралы банктің немесе Ұлттық почта операторының анықтамасы;
асыл тұқымды шаруашылықтарда бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға өтінім;
шаруашылықты жүргізу кітабынан немесе бал ара ұясының болуы туралы 24-ауыл шаруашылығы нысаны есебінен үзінді көшірме;
нөмірін көрсете отырып, банк шотының болуы туралы банктің немесе Ұлттық почта операторының анықтамасы;
асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алуға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға өтінім;
малдарды сатып алу-сату/лизингілеу шартының түпнұсқасы мен көшірмесі;
малдарды сатып алу-сату шарты бойынша толық төлем жасауды растайтын төлем құжаттарының түпнұсқалары мен көшірмелері;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарларды кіріске алу актісінің түпнұсқасы мен көшірмесі;
тауар өндірушіден карантиннен алу туралы актісінің түпнұсқасы және көшірмесі (асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды шетелден сатып алған жағдайда);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды пайдалану туралы келісімді;
ДНК-паспортының түпнұсқасы мен көшірмесі (тұқымдық бұқаларды шетелден сатып алған жағдайда);
нөмірін көрсете отырып, банк шотының болуы туралы банктің немесе Ұлттық почта операторының анықтамасы;
асыл тұқымды қойларды, жылқыларды, түйелерді, шошқаларды және маралдарды сатып алуға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға өтінім;
асыл тұқымды малдарды сатып алу-сату/лизингілеу шартының түпнұсқасы мен көшірмесі;
асыл тұқымды малдарды сатып алу-сату шарты бойынша толық төлем жасауды растайтын төлем құжаттарының түпнұсқалары мен көшірмелері;
асыл тұқымды малдың асыл тұқымдық куәлігінің (сертификатының) түпнұсқасы мен көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарларды кіріске алу актісінің түпнұсқасы мен көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған асыл тұқымды жануарларды пайдалану туралы келісім;
нөмірін көрсете отырып, банк шотының болуы туралы банктің немесе Ұлттық почта операторының анықтамасы;
асыл тұқымды тәуліктік балапандарды және ата-енелік нысанды құстардың етті және жұмыртқа бағытындағы асыл тұқымды инкубациялық жұмыртқаны сатып алуға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға өтінім;
асыл тұқымды құс шаруашылығы өнімін сатып алу-сату шартының түпнұсқасы мен көшірмесі;
асыл тұқымды құс шаруашылығы өнімін сатып алу-сату шарты бойынша толық төлем жасауды растайтын, төлем құжаттарының түпнұсқалары мен көшірмелері;
сатып алынған асыл тұқымды тәуліктік балапандардың және асыл тұқымды инкубациялық жұмыртқаның асыл тұқымдық куәлігінің (сертификатының) түпнұсқасы мен көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құсты кіріске алу актісінің түпнұсқасы мен көшірмесі;
құстарды еденде және торлы жағдайда ұстап-бағуға арналған технологиялық жабдықтардың болуын растайтын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
нөмірін көрсете отырып, банк шотының болуы туралы банктің немесе Ұлттық почта операторының анықтамасы;
жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған, жалпы табында өз төлінен өсіп-өндіруге арналған етті, сүтті және қос бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға өтінім;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан қалыптастырылған жалпы табында етті, сүтті және қос бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды бекіту және пайдалану жөніндегі елді мекен тұрғындары – малдардың иелері жиналысының шешімі;
осы жалпы табындағы тұқымсыз бұқаларды кестіру туралы ауылдық округке бекітілген ветеринарлық дәрігер берген анықтама;
нөмірін көрсете отырып, банк шотының болуы туралы банктің немесе Ұлттық почта операторының анықтамасы;
жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың/қойдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды жеткізушіге 100 пайызға дейін өтеуге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға өтінім;
жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың/қойдың аналық басын ұрықтандыру туралы қызметтер көрсету жөніндегі шарттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың бір аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шығындарды есептеу-анықтамасы;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ірі қара малдың/қойдың аналық мал басын ұрықтандыру туралы актінің және ұрықтанған ірі қара малдың аналық басын тексеру актісінің түпнұсқалары мен көшірмелері;
отандық асылдандыру орталығынан (асылдандыру орталықтарына таралмайды) ұрықты сатып алуға шарттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
нөмірін көрсете отырып, банк шотының болуы туралы банктің немесе Ұлттық почта операторының анықтамасы;
бұқашықтарды бірінші деңгейлі өндірістік бордақылау алаңдарына өткізуге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға өтінім;
бұқашықтарды бордақылау алаңдарына сатып алу-сату шартының түпнұсқасы және көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бордақылау алаңдарына/операторға бұқашықтарды алыс-беріс актісінің түпнұсқасы мен көшірмесі;
нөмірін көрсете отырып, банк шотының болуы туралы банктің немесе Ұлттық почта операторының анықтамасы;
сиыр етi, жылқы етi, қой етi (қозы еті), түйе еті, шошқа етi, құс етi, тағамдық жұмыртқа, сүт, қымыз, шұбат, биязы жүн өндiрісінің құнын арзандатуға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға өтінім;
өнімді өткізуді және өнімнің толық төленгенін растайтын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері;
тауар өндірушіге тиесілі емес кәсіпорынның қызметін пайдаланған кезде малды сою және бастапқы қайта өңдеу бойынша көрсетілген қызметтерді растайтын құжаттардың (шарт, шот-фактура, төлем құжаттары) түпнұсқалары мен көшірмелері;
өнімді өткізуге тауарлық-көліктік жүкқұжаттардың тізілімі, өнімді жекеменшік өндеу кәсіпорындарына немесе цехтарына өткізген жағдайда өнімге берілген жүкқұжаттардың көшірмелері;
шаруашылықты жүргізу кітабынан немесе 24-ауыл шаруашылығы нысаны есебінен үзінді көшірме, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасынан үзінді көшірмесі;
ірі қара малды бордақылау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алған кезде қосымша:
ірі қара малды бордақылау бойынша жеке және заңды тұлғаларға көрсетілген қызметтерді растайтын (бірінші және екінші деңгейлі бордақылайтын алаңдардан мал бордақылау қызметтерін сатып алу шарты, көрсетілген қызметтер актісі, мал бордақылау қызметтерінің толық төлегенін растайтын құжаттар) құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері;
жеке және заңды тұлғалар мал бордақылау бойынша қызметтерді сатып алуды жүзеге асырған бордақылау алаңдарының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшада көрсетілген критерийлер мен талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелері;
нөмірін көрсете отырып, банк шотының болуы туралы банктің немесе Ұлттық почта операторының анықтамасы ұсынылады;
ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру үшін пайдаланылатын арнайы технологиялық жабдықты сатып алу:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға өтінім;
ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы технологиялық жабдықты сатып алуға арналған сатып алу-сату шартының түпнұсқасы және көшірмесі;
тауарлардың құнын төлеу актісінің түпнұсқасы және көшірмесі;
нөмірін көрсете отырып, банк шотының болуы туралы банктің немесе Ұлттық почта операторының анықтамасы;
ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандатуға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға өтінім;
шаруашылықты жүргізу кітабынан немесе ауыл шаруашылығы малының болуы туралы 24-ауыл шаруашылығы нысаны есебінен үзінді көшірме;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындауға шығындардың анықтама-есебі;
жер учаскелерін жемшөптік дақылдарға және (немесе) шабындық (жайылымдық) алқаптарға бөліп беру туралы актінің түпнұсқасы және көшірмесі және/немесе ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын сатып алуға арналған шарт;
нөмірін көрсете отырып, банк шотының болуы туралы банктің немесе Ұлттық почта операторының анықтамасы.
Көрсетілетін қызметті алушылар тұқымдық түрлендірілген ірі қара мал мен қойдың аналық мал басына селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізуге субсидиялар алу үшін кейіннен қағазға шығарып, қол қойып және көрсетілетін қызметті берушіге бере отырып, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қоры арқылы субсидия алуға өтінімді қалыптастырады.
Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінімдер мен құжаттар топтамасын қабылдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған күні мен уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі және аты-жөні көрсетілген талон береді.
Көрсетілетін қызметті беруші асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, оның ішінде:
асыл тұқымды ірі қара малдың, қойлардың, маралдардың (бұғылардың) аналық мал басымен, сондай-ақ бал араның ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге;
асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алуға;
асыл тұқымды қой, жылқы, шошқа, түйе, марал сатып алуға;
отандық және шетелдік асыл тұқымды репродукторлардан асыл тұқымды тәуліктік балапандар мен ата-енелік нысанды құстардың етті және жұмыртқа бағытындағы асыл тұқымды инкубациялық жұмыртқаны сатып алуға;
жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған, жалпы табында өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті, сүтті және қос бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға;
жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара мал мен қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 пайызға дейін өтеуге;
асыл тұқымды орталықтар мен асыл тұқымды жануарлардың ұрықтарын өткізу жөніндегі дистрибьютерлік орталықтардың ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыруды жүргізуі үшін пайдаланылатын арнайы технологиялық жабдықтарын сатып алуға өтінім беруге негіз пайда болған сәттен бастап 12 айдан аспаған, сондай-ақ мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруға, соның ішінде:
бірінші деңгейлі өндірістегі бордақылау алаңдарына бұқашықтарды өткізуге;
сиыр етiн, жылқы етiн, қой етiн (қозы еті), түйе етін, шошқа етiн, құс етi және күрке тауық етiн, жұмыртқалағыш кроссты тауық жұмыртқасын, сүт, қымыз, шұбатты, биязы жүнді қойлардың жүнiн өндiру құнын арзандатуға;
ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандатуға үш айдан аспаған субсидиялар алуға өтінімдерді қабылдайды.
2) порталға:
ірі қара малдың аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарын жүргізуге:
банк шотының нөмірін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
асыл тұқымды шаруашылықтарда және асыл тұқымды зауыттарда асыл тұқымды қойлардың аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге:
банк шотының нөмірін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыруды жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы технологиялық жабдықтың болуын растайтын құжаттардың немесе қойлардың аналық мал басына қолдан ұрықтандыру жүргізуге асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықпен жасасқан шарттың электрондық көшірмесі;
асыл тұқымды зауыттарда және асыл тұқымды шаруашылықтарда маралдардың (бұғылардың) аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге:
банк шотының нөмірін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
шаруашылықты жүргізу кітабынан немесе мал басының болуы туралы 24-ауыл шаруашылығы нысаны есебінен үзінді көшірменің электрондық көшірмесі;
асыл тұқымды шаруашылықтарда бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге:
банк шотының нөмірін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
шаруашылықты жүргізу кітабынан немесе бал ара ұясының болуы туралы 24-ауыл шаруашылығы нысаны есебінен үзінді көшірмесінің электрондық көшірмесі;
асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алуға:
банк шотының және тауар өндірушіден карантиннен алу туралы актісінің (асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды шетелден сатып алған жағдайда) нөмірін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
малдарды сатып алу-сату/лизингілеу шартының электрондық көшірмесі;
малдарды сатып алу-сату шарты бойынша толық төлем жасауды растайтын төлем құжаттарының электрондық көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарларды кіріске алу актісінің электрондық көшірмесі;
ДНК-паспортының электрондық көшірмесі (тұқымдық бұқаларды шетелден сатып алған жағдайда);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды пайдалану туралы келісімнің электрондық көшірмесі;
асыл тұқымды қойларды, жылқыларды, түйелерді, шошқаларды және маралдарды сатып алуға:
банк шотының нөмірін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
асыл тұқымды малдарды сатып алу-сату/лизингілеу шартының электрондық көшірмесі;
асыл тұқымды малдарды сатып алу-сату шарты бойынша толық төлем жасауды растайтын төлем құжаттарының электрондық көшірмесі;
асыл тұқымды малдың асыл тұқымдық куәлігінің (сертификатының) электрондық көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарларды кіріске алу актісінің электрондық көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес сатып алынған асыл тұқымды жануарларды пайдалану туралы келісімнің электрондық көшірмесі;
асыл тұқымды тәуліктік балапандарды және ата-енелік нысанды құстардың етті және жұмыртқа бағытындағы асыл тұқымды инкубациялық жұмыртқаны сатып алуға:
банк шотының нөмірін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
асыл тұқымды құс шаруашылығы өнімін сатып алу-өткізу шартының электрондық көшірмесі;
асыл тұқымды құс шаруашылығы өнімін сатып алу-өткізу шарты бойынша толық төлем жасауды растайтын төлем құжаттарының электрондық көшірмесі;
сатып алынған асыл тұқымды тәуліктік балапандардың және асыл тұқымды инкубациялық жұмыртқаның асыл тұқымдық куәлігінің (сертификатының) электрондық көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құсты кіріске алу актісінің электрондық көшірмесі;
құстарды еденде және торлы жағдайда ұстап-бағуға арналған технологиялық жабдықтардың болуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған, жалпы табында өз төлінен өсіп-өндіруге арналған етті, сүтті және қос бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға:
банк шотының нөмірін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтарың мал басынан қалыптастырылған жалпы табында етті, сүтті және қос бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды бекіту және пайдалану жөніндегі елді мекен тұрғындары – малдардың иелері жиналысының шешімінің электрондық көшірмесі;
осы жалпы табындағы тұқымсыз бұқаларды кестіру туралы ауылдық округке бекітілген ветеринарлық дәрігер берген анықтаманың электрондық көшірмесі;
жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша шығындарды жеткізушіге 100 пайызға дейін өтеуге:
банк шотының нөмірін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шарттың электрондық көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың бір аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шығындарды есептеу-анықтамасының электрондық көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұрықтандырылған ірі қара малдың аналық мал басын ұрықтандыру туралы актінің және тексеру актісінің электрондық көшірмесі;
отандық асылдандыру орталығынан (асылдандыру орталықтарына таралмайды) ұрықты сатып алу шартының электрондық көшірмесі;
бұқашықтарды бірінші деңгейлі өндірістік бордақылау алаңдарына өткізуге:
банк шотының нөмірін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
бұқашықтарды бордақылау алаңдарына сатып алу-сату шартының электрондық көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бордақылау алаңдарына/операторға бұқашықтарды алыс-беріс актісінің электрондық көшірмесі;
сиыр етi, жылқы етi, қой етi (қозы еті), түйе еті, шошқа етi, құс етi, тағамдық жұмыртқа, сүт, қымыз, шұбат, биязы жүн өндiрісінің құнын арзандатуға:
банк шотының нөмірін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
өнімді өткізуді және өнімнің толық төленгенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
тауар өндірушіге тиесілі емес кәсіпорынның қызметін пайдаланған кезде малды сою және бастапқы қайта өңдеу бойынша көрсетілген қызметтерді растайтын құжаттардың (шарт, шот-фактура, төлем құжаттары) электрондық көшірмесі;
өнімді өткізуге тауарлық-көліктік жүкқұжаттардың тізілімінің электрондық көшірмесі, өнімді жекеменшік өндеу кәсіпорындарына немесе цехтарына өткізген жағдайда өнімге берілген жүкқұжаттардың электрондық көшірмесі;
шаруашылықты жүргізу кітабынан немесе 24-ауыл шаруашылығы нысаны есебінен үзінді көшірменің, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасынан үзінді көшірменің электрондық көшірмесі;
ірі қара малды бордақылау бойынша қызметтерді сатып алған кезде қосымша:
ірі қара малды бордақылау бойынша жеке және заңды тұлғаларға көрсетілген қызметтерді растайтын (бірінші және екінші деңгейлі бордақылайтын алаңдардан мал бордақылау қызметтерін сатып алу шарты, көрсетілген қызметтер актісі, мал бордақылау қызметтерінің толық төлегенін растайтын құжаттар) құжаттардың электрондық көшірмесі;
жеке және заңды тұлғалар мал бордақылау бойынша қызметтерді сатып алуды жүзеге асырған бордақылау алаңдарының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес көрсетілген критерийлер мен талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі ұсынылады;
ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру үшін пайдаланылатын арнайы технологиялық жабдықты сатып алу:
банк шотының нөмірін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы технологиялық жабдықты сатып алуға арналған сатып алу-сату шартының электрондық көшірмесі;
тауарлардың құнын төлеу актісінің шартының электрондық көшірмесі;
ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандату:
банк шотының нөмірін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
шаруашылықты жүргізу кітабынан немесе 24-ауыл шаруашылығы нысаны есебінен үзінді көшірменің электрондық көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындауға шығындардың анықтама-есебінің электрондық көшірмесі;
жер учаскелерін жемшөптік дақылдарға және (немесе) шабындық (жайылымдық) алқаптарға бөліп беру туралы актінің және/немесе ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын сатып алуға арналған шарттың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, банк шотының болуы туралы құжаттардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті алушыға – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесіндегі құжаттардың топтамасын қабылдау күні мен уақытын, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегін, атын және әкесінің атын (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса) көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады;
портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылдағаны туралы мәртебе көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтертер көрсету мәселелері бойынша, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым тиісті көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.
Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша почта арқылы жазбаша нысанда, не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымда:
-
жеке тұлғаның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы;
2) заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы керек.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жолдаған кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» көре алады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері
ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту және қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады.
Дене мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушылардың кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін үй-жайларда жабдықталған таяныштар, пандустар және сүйеніштер көзделеді.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсында;
2) порталда орналасқан.
14. Көрсетілетін қызметті алушыда ЭЦҚ болуы шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Достарыңызбен бөлісу: |