Жеке тұЛҒаның АҒымдағы шотын қосу шарты



бет1/3
Дата05.07.2016
өлшемі459.99 Kb.
#180726
  1   2   3


«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

Басқармасының сырттай отырысының

2011 жылғы «08» қарашадағы №806 хаттамасына

2-қосымша


«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да

жеке тұлғалардың ағымдағы шотын жүргізу,

мерзімдік салымдарын қабылдау

және қызмет көрсету ережесіне

2-қосымша»


ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АҒЫМДАҒЫ

ШОТЫН ҚОСУ ШАРТЫ

Мазмұны




Кіріспе




1-БӨЛІМ

Жалпы ережелер

1-бап

Анықтамалар

2-бап

Шотты ашу және жүргізу

3-бап

Шот бойынша жүргізілетін операциялар

4-бап

Тараптардың құқықтары мен міндеттері

5-бап

Банк көрсеткен қызметтер үшін төлемдер

6-бап

Үшінші тұлғалар қызметтерін пайдалану

7-бап

Хабарламалар

8-бап

Шот бойынша үзінділер

9-бап

Дауларды реттеу

10-бап

Клиенттің беймәлім (хабар-ошарсыз) болуы, қайтыс болуы

11-бап

Басқа ережелер

12-бап

Телебанкинг

13-бап

Форс-мажор

14-бап

Конфиденциалдық

15-бап

Шартты бұзу. Шотты жабу.

2-БӨЛІМ

Жеке тұлғаның ағымдағы шотын жүргізу

16-бап

Шот бойынша жүзеге асырылатын операциялар

17-бап

Банк ғимараттарында кассалық қызмет көрсету

18-бап

Шетел валютасымен жүргізілетін операциялар

19-бап

Конвертациялау қызметтері

20-бап

Интернет-банкинг

21-бап

Тараптардың құқықтары мен міндеттері

3-БӨЛІМ

Жәрдемақылық арнаулы шот жүргізу

22-бап

Жәрдемақылық арнаулы шот бойынша жүзеге асырылатын операциялар

23-бап

Тараптардың құқықтары мен міндеттері

4-БӨЛІМ

Қорытынды ережелер


Кіріспе
Осы Жеке тұлғаның ағымдағы шотын (бұдан әрі - Шот) қосу шарты (бұдан әрі –Шарт) Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі - «Банк») Шот ашуға өтініш (бұдан әрі - Өтініш)/Келісім/Шарт шеңберінде шот түрін жәрдемақылық арнаулы шотқа ауыстыруға өтініш берген Клиент арасында бекітілді және шотты ашуға, жүргізуге және жабуға байланысты қатынастарды реттейді.

Банк пен Клиент бұдан әрі бірлесіп – «Тараптар», ал әрқайсысы жекелей «Тарап» деп, немесе жоғарыда көрсетілгендей аталуы мүмкін.

Клиенттің Өтініштегі/Келісімдегі/шот түрін жәрдемақылық арнаулы шотқа өзгертуге берген өтініштегі қойған қолы Клиенттің Шартты алғанын және оқығанын, түсінгенін, қандай да бір қарсылық пен ескертпелерсіз толық көлемде қабылдағанын растайды.

Банкте Клиенттің қойған қолы бар Өтініштің/Келісімнің/шот түрін жәрдемақылық арнаулы шотқа өзгертуге берген өтініштің данасы болған жағдайда, Клиент Шарттағы өзінің қолы болмағанын оның Шартты алмаған, оқымаған/түсіну жағдайы болмаған/қабылдамаған деген дәлелі ретінде пайдалануға құқығы жоқ.

Егер Клиент Өтініште/шот түрін жәрдемақылық арнаулы шотқа өзгертуге берген өтініште Шотты ашу мақсатын «мемлекеттік бюджеттен жәрдемақылар және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер үшін» деп атап көрсеткен жағдайда Банк Клиентке жәрдемақылық арнаулы шот ашады. Жәрдемақылық арнаулы шотқа осы Шарттың 1 және 3- бөлімдеріндегі талаптар таралады.

Егер Клиент осы Шартта қарастырылған қызметтерден басқа Банк ұсынатын қосымша қызметтерді алуды қаласа, онда ондай қосымша қызметтерді алуға тиісті бөлек шарт бекіту, сонымен қоса қолданыстағы заңнамамен, Банктің ішкі саясатымен, стандарттарымен және процедураларымен қарастырылған қосымша және/немесе басқа да талаптарды сақтау талап етіледі.

Осы Шарттың әрекеті жеке тұлғалар –жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот үкімін орындаушылар мен адвокаттардың банктік шоттары және карточкалар базасындағы ағымдағы шоты бойынша Банк жүргізетін операциялардың тәртібіне таралмайды.
1-БӨЛІМ. Жалпы ережелер
1-бап. Анықтамалар
Осы Шартта мынадай анықтамалар пайдаланылады:

1.1. Банк – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, оның филиалдары/құрылымдары/ қызметкерлері;

1.2. үзінді – қолданыстағы заңнамаға сәйкес Клиенттің немесе үшінші тұлғалардың талабы бойынша қағаз түрінде немесе электрондық түрде берілетін және белгілі бір уақыт аралығындағы Шот бойынша кредиттеу/дебеттеу операцияларын көрсететін Шоттың жағдайы туралы тиісті түрде ресімделген ақпарат. Үзінді хабарландырулардың бір түрі және Шот бойынша операцияны жасаудың жеткілікті дәлелдемесі болып табылады. Қолданыстағы заңнамамен тікелей басқа түрлері қарастырылмаса, үзінді қосымша куәландыруды талап етпейді. Операциялар үзіндіде көрсетілген күні жасалған болып есептеледі.

1.3. қолданыстағы заңнамабелгіленген тәртіпте қабылданған нормативтік құқықтық актілердің жиынтығынан тұратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы;

1.4. берешекКлиенттің осы Шарт бойынша Банкке барлық және кез-келген қарыздары, онымен шектелмей осы Шарт бойынша Тараптардың өзара қатынастары үдерісі кезінде Банкке қатысты пайда болатын Клиенттің басқа да қарыздары, Банктің комиссиялары, сыйақысы, тұрақсыздық айыппұлдары (айыппұлдар, өсімақы);

1.5. өтінішКлиенттің Шотты ашуға және Шартқа қосуға жазбаша қалауы, оны алғаннан кейін Банк қолданыстағы заңнама және Шарт талаптарына сәйкес Шотқа банктік қызмет көрсетуді іске асырады;

1.6. Клиент – осы Шартқа сәйкес Банкте Шотты ашқан және оны кәсіпкерлік қызметпен байланыспайтын операцияларды жүргізу мақсатымен пайдалану үшін ашылған Шоттың иесі болып табылатын жеке тұлға;

1.7. кодтық сөз – құпия сөз, оны Клиент Өтініште көрсетеді. Ол Клиент Банкке телефонмен хабарласқан жағдайда Клиентті сәйкестендіру үшін қажет;

1.8. операциялық күн – Банктің / Банк филиалының клиенттерге қызмет көрсетуіне бөлінген жұмыс күнінің бір бөлігі;

1.9. жұмыс беруші – заңды тұлғаны құрусыз шаруашылық субъект ретінде тіркелген, өзінің қызметкерлеріне Банктегі Шоттарына жалақысын аударатын заңды тұлға немесе жеке тұлға;

1.10. жұмыс күндері – Банктік операцияларды жүргізу үшін Банк ашық болатын, демалыс пен мереке күндерін алмағанда, жұмыс күндері;

1.11. жәрдемақылық арнаулы шот – жеке тұлғаның мемлекеттік бюджеттен жәрдемақыларын және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерін есепке алу үшін осы Шартқа сәйкес Банкте ұлттық валютада ашылған арнайы ағымдағы шоты;

1.12. Шот – осы Шартқа сай Банкте ұлттық немесе шетел валютасында ашқан жеке тұлғаның ағымдағы банктік шоты;

1.13. Тарифтер – кез-келген банктік қызметтер үшін алынатын Банк комиссияларын анықтайтын қолданыстағы тарифтер. Осы Шарттың мәтінінде Тарифтер деп - тиісті операцияны іске асыру/Банктің тиісті қызмет көрсету/Клиенттің шартты бұзу кезіндегі қолданыстағы тарифтер деп түсініледі;

1.14. хабарламалар – осы Шартпен, сонымен қоса Банктің ішкі саясатымен, стандарттарымен және процедураларымен қарастырылған жолдармен Тараптарға мемлекеттік және /немесе орыс тілдерінде жіберілетін хабарламалар.
2-бап. Шотты ашу және жүргізу


    1. Шотты ашуды және жүргізуді Банк қолданыстағы заңнамаға, Банктің ішкі нормативтік құжаттарына, Тарифтеріне және осы Шартқа сәйкес, Шотты ашуға Өтініші/ Келісімінің негізінде, нысаны мен мазмұны, тізімдемесі қолданыстағы заңнамамен анықталған барлық құжаттарды Клиенттен қабылдаған соң іске асырады.

    2. Клиент Өтінішке/Келісімге қол қою арқылы Шотты ашудың, жүргізу мен жабудың және оны осы Шартқа қосу талаптарын қабылдайды, тағы осы Шарттың барлық ережелері мен талаптары Клиенттің мүддесі мен қалауына толық көлемде сай екенін растайды.

    3. Банк Клиенттің Шоты бойынша қалдық ақшаға сыйақыны есептемейді.


3-бап. Шот бойынша жүргізілетін операциялар


    1. Банк Шот бойынша операцияларды іске асырады және Шарт талаптарына сәйкес оған қызмет көрсету бойынша банктік қызметтерді көрсетеді.

    2. Барлық төлемдер мен ақша аударымдарын іске асыруды Банктің банктік операцияларын жүргізуге қажет уақытты есепке алумен және Клиенттің немесе үшінші тұлғалардың нұсқауларының түсуіне қарай (күнтізбелік кезек), егер қолданыстағы заңнамада басқа жағдайлар қарастырылмаған болса, Банктің орындауына жатады.

    3. Шоттағы ақшаға Клиенттің жазбаша нұсқаулары арқылы билік жүргізеді. Шотқа билік жүргізу туралы Клиенттің нұсқаулары Банктің пайдаланатын стандарттық бланкілерінде орындалуы қажет. Клиент өз нұсқауларын Банк орындау үшін барлық қажетті ақпаратты көрсетумен қолданыстағы заңнамаға, Банктің саясатына, стандарттарына және процедураларына сай басқаша түрде де беруіне құқылы. Бұл жағдайда, Банк қолданыстағы заңнама талабына немесе Банктің пайдаланатын талабына сай өз бетінше төлем құжатын жасайды. Мұндай қызметті Тарифтерге сай Клиент төлейді.

    4. Банк мынадай төлем құжаттарын орындауға қабылдамайды:

нұсқаулары анық емес;

Клиент атынан толтырылмаған және қолы қойылмаған;

түзетулері бар;

жасайтын операциялар туралы нұсқаулары қолданыстағы заңнамаға қайшы;

қарындашпен толтырылған;

қолданыстағы заңнамаға, Банктің саясатына, стандарттарына және процедураларына сай басқаша түрде.



Банк осындай төлемдерді қолданыстағы заңнамада қарастырылған процедураларды сақтай отырып, Клиентке қайтарады. Банк осындай нұсқауларды қайтаруға байланысты Клиенттің көтерген шығындары үшін жауапкершілік арқаламайды.

    1. Банк қолданыстағы заңнамада анықталған, Банктің саясатына, стандарттарына және процедураларына сай нұсқауларды акцептейді.

    2. Банк төлемдер мен ақша аударымдарын Клиенттің нұсқауына сай Шоттағы бар ақша шеңберінде іске асырады. Шоттағы ақша жеткіліксіз болғанда, Банк Клиентке төлем құжаттарын орындаусыз қайтарады. Банк Клиенттің төлем құжаттарын бөлшектеп (жарым-жартылай) орындамайды.

    3. Осы арқылы Клиент төлем құжаттарында қате көрсетілген деректемелерге байланысты барлық тәуекел мен жауапкершілікті өз мойнына алатынын растайды және кепілдік береді.

    4. Осымен Клиент Банк заңсыз жолмен алынған табысты заңдастыру және лаңкестікті қаржыландыруға қатысты деп санаған төлем/ақша аударымына негіздеме болғанда Банктің көрсетілген төлем/ақша аударымына сараптама жасау үшін қажетті кез-келген қосымша ақпаратты талап етуіне құқылы екенін назарға алады және келіседі. Ондай ақпаратты Банк белгіленген мерзімде алмаған жағдайда, Банк Клиент пайдасына келіп түскен ақшаны қайтаруға немесе төлем құжатын акцепт тәртібімен орындаудан бас тартуға құқылы.

    5. Қолданыстағы заңнамамен тікелей қарастырылған, Клиенттің қосымша келісімінсіз үшінші тұлғалардың талабымен банк тарапынан орындалатын және қабылданатын жағдайларды қоспағанда, Шоттан ақша Клиенттің келісімімен алынады, бұл ретте осындай жағдайдағы Банк көрсеткен қызметтердің ақысын Клиент қолданыстағы Банк Тарифтеріне сәйкес төлейді.

    6. Клиенттің Шотынан ақшаны қолданыстағы заңнамамен тікелей қарастырылған Клиенттің қосымша келісімінсіз шығарып алуды, сондай-ақ, Шот бойынша операцияларды тоқтата тұру және оның Шотындағы ақшаға тыйым салуды уәкілетті мемлекеттік органның тиісті түрде ресімделген және ұсынылған шешімдері негізінде ғана іске асырылады. Клиенттің осындай жағдайларда көтерген шығындары үшін Банк жауапкершілік арқаламайды.


4-бап. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Клиент құқықтары:

      1. Шарттың талаптарына сай Шотты пайдалану;

      2. Банкке келгенде немесе Банкке берген жазбаша тапсырмада/Тараптардың қосымша келісімінде көрсетілген пошталық / электрондық мекен-жай арқылы Шот бойынша үзінділерді алу;

      3. Банк актепт жасаған нұсқауды кері қайтару немесе оның орындалуын қолданыстағы заңнамада қарастырылған тәртіпте және мерзімге тоқтата тұру;

      4. Шот бойынша орындалмаған талаптар болмаған жағдайда, Шот бойынша қозғалыссыз санатына жатқызылған қалдық ақшаны талап ету.

    1. Клиент міндеттері:

      1. Қолданыстағы заңнама және Шарттың талаптарын орындау;

      2. Банк қызметтерін Тарифтерге сай төлеу;

      3. Банкті 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар ету:

жеке басын куәландыратын құжаттың өзгеруі туралы Банкке ондай өзгерістің болуын дәлелдейтін ол құжаттың түпнұсқасын көрсету арқылы;

тұратын мекен-жайы, телефон, факс нөмірлерінің өзгеруі туралы, сондай-ақ осы Шарт талаптарының орындалуы үшін қажетті өзгерістер, Банк үшін Шоттың бар болуына байланысты маңызды болатын немесе маңызды болуы мүмкін өзгерістер туралы Банкке келу және белгіленген үлгідегі Өтінішке қол қою арқылы;



      1. шотына қате есептелген ақшаны Банкке дереу және толық көлемде қайтару;

      2. Шотқа қателікпен ақша есептелген жағдайда, Шот бойынша қате есептелген төлем / аудару туралы үзіндіні алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Банкті хабардар ету;

      3. ұлттық және шетел валютасында ашылған Шоттар бойынша жеке кәсіпкерлік іспен байланысты кіріс/шығыс операцияларын жасамау. Осы шарттың талабын орындамағаны үшін Клиент заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлікпен айналысуына байланысты жеке тұлға ретінде салық есебіне тіркелуі, тіркеу мәселелерін шешетін қолданыстағы заңнама талаптарын бұзғаны секілді қолданыстағы заңнамада қарастырылған жауапкершілік арқалайды;

      4. Шотты қандай да бір заңсыз мақсаттарға, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тыйым салынған тауарлар, қызметтер мен жұмыстардың ақысын төлеуге пайдаланбау;

      5. Клиенттің Банкпен ерекше қатынастағы тұлғаға жататыны туралы ақпаратты Шарт бекіткен кезде ұсыну;

      6. осы арқылы Клиент Банктің Шарт бойынша барлық берешек сомасын, онымен қоса тұрақсыздық айыппұлдарын, шығындар мен шығыстарды, сондай-ақ Шотқа қате есептелген соманы Клиенттің Банкте ашылған барлық шоттарынан тікелей дебеттеу арқылы, сондай-ақ Клиенттің басқа банктерде ашылған шоттарына талап-тапсырма төлемдерін қою арқылы алып алуына өзінің сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін береді;

      7. Сенімхат негізінде Шотқа билік жүргізетін уәкілетті тұлғалар өзгергенде немесе олардың уәкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, ол туралы Банкті жазбаша түрде хабардар ету және ондай өзгерістерді дәлелдейтін құжаттардың түпнұсқасын ұсыну. Олай болмаған жағдайда Банк сенімхат негізінде Шотқа билік жүргізетін уәкілетті тұлғалардың іс-әрекеті үшін жауапкершілік арқаламайды;

      8. Банкке Шот бойынша қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін операцияларды іске асыру үшін осы Шарт және қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті түрде рәсімделген құжаттарды тапсыру арқылы нұсқау беру;

      9. Клиент Банктен алған барлық ақпараттарды, оның ішінде хабарламада көрсетілген ақпаратты дереу тексеруге міндетті. Онымен қоса, Клиент өзінің нұсқауларын Банктің дұрыс орындауын тексеруі тиіс. Егер Клиент қандай да бір қателіктер мен дәйексіздіктерді және /немесе толық көлемде орындалмаған, рұқсатсыз операциялардың болуын анықтаған жағдайда, Ол дереу бұл жағдайлар туралы Банкті алдымен ауызша телефон арқылы, сосын жазбаша түрде ескертуге тиіс;

      10. Банкпен тұрақты түрде байланыста болу.

    1. Банктің құқықтары:

      1. Шотты ашу туралы немесе ашудан бас тарту туралы шешімдерді өз бетінше қабылдау;

      2. Клиенттің қандай да бір қосымша келісімінсіз Шотты ашу / жүргізу / жабу үшін қажетті құжаттар тізіміне өзгерістерді, егер ондай өзгерістерді қолданыстағы заңнама және /немесе Банктің ішкі саясаты, стандарттары мен процедурасымен талап етілген болса, енгізу;

      3. Клиенттің Банкке берешектерін, оның ішінде Банк пен Клиент арасында бекітілген осы Шарт және басқа шарттар негізінде Банктің алуға құқығы бар барлық комиссияларын төлеу үшін ақшаны Шоттан дебеттеу, сондай-ақ осы Шарттың 5.3 тармағында қарастырылған тәртіпте Шот бойынша түзетілген жазбаларды (проводкалар) Банктің іске асыруы үшін қажет болған жағдайларда да ақшаны дебеттеу;

      4. Бір жақты тәртіпте Клиенттің алдын ала келсімінсіз, осы шарттың 7.2 тармағында анықталғандай Клиентке өзгеріс туралы ескерте отырып, мыналарға өзгерту енгізу:

  • Шарттар мен Тарифтерге;

  • Шартпен анықталмаған банктік қызмет көрсетудің басқа талаптарына;

      1. Шоттан және /немесе Клиенттің Банкте ашқан кез-келген банктік шоттарынан тікелей дебеттеу арқылы алып алу:

  • Шотқа қате есептелген ақшаны;

  • инкассациялық нұсқаулары және талап-тапсырмалардың төлемін және т.б. орындау;

      1. Клиент Шарттың талаптарын бұзған жағдайда Банк өз талаптарын қанағаттандыру мақсатымен тікелей дебеттеу арқылы Шоттағы ақшаны өндіріп алу құқығымен шотты оқшаулау (Шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру), сондай-ақ:

  • Банкке уәкілетті мемлекеттік органдардан және /немесе лауазымды тұлғалардан Шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы, Шоттағы ақшаға тыйым салу туралы шешімдері мен нұсқаулары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес акцепсіз түрде ақшаны алып алу құқығы бар үшінші тұлғалардың нұсқаулары келген жағдайда;

  • Клиенттің банк алдындағы кез-келген міндеттемелері бойынша берешектері болғанда;

  • Шотқа ақша қате есептелген жағдайда;

  • Қазақстан Республикасы заңнамасы және /немесе Шартпен қарастырылған басқа жағдайларда;

      1. Шартты бекіткен кезде Клиенттің Банкпен ерекше қарым-қатынастағы тұлғалар қатарына жататыны туралы ақпаратты талап ету;

      2. Шот бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасы және Банктің ішкі ережелерінің талаптарына сәйкес келмейтін шығыс операцияларын іске асыруға тыйым салу;

      3. Шот бойынша Клиенттің немесе оның заңды өкілдерінің нұсқауы бойынша Банк Шот бойынша соңғы жасалған операциядан кейін қолданыстағы заңнамамен қарастырылған мерзім аралығында Клиенттің немесе оның заңды өкілдерінің нұсқауы бойынша Банк кіріс /шығыс операцияларын жасамаған болса, ондағы қалдық ақшаның сомасына қарамай оған қозғалыссыз шот мәртебесін тағайындау.

Шотқа қозғалыссыз шот мәртебесі тағайындалған күннің келесі айынан бастап, Шотта ақша болған жағдайда Банктің қолданыстағы Тарифтеріне сәйкес қозғалыссыз шотқа қызмет көрсеткені үшін Банкке тиесілі комиссиялық сыйақы сомасын Шоттан тікелей дебеттеуге, сондай-ақ қолданыстағы заңнамамен және осы Шартпен анықталған берешек сомасын дебеттеуге Банк құқылы, осымен Клиент сөзсіз келіседі. Клиент қозғалыссыз шоттағы қалдық ақша сомасын өзіне қайтаруды талап етуге құқылы;

      1. Егер Клиенттің нұсқаулары және ол бойынша құжаттар қолданыстағы заңнамаға қайшы келсе, ондай нұсқауларды орындаудан бас тарту;

      2. Клиент Банктің ақша аударымын іске асыру үшін жеткілікті ақшаны Шотта, сондай –ақ Банкке тиесілі комиссиялық сыйақыны қамтамасыз етпеген жағдайда Клиенттің нұсқауын орындаудан бас тарту;

      3. Тараптардың қосымша келісімі/Банкке жазбаша нұсқауы болғанда Клиентке Шоты бойынша электрондық нұсқадағы үзінділерді берудің Клиенттің Өтініште көрсеткен e-mail поштасына беру (жеткізу) бойынша қызметтерін ұсыну.

    1. Банк міндеттенеді:

      1. Қолданыстағы заңнамаға, Шартқа және Банктің ішкі ережелеріне сәйкес Шотқа қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

      2. Клиент пайдасына түскен ақшаларды қолданыстағы заңнамамен қарастырылған мерзімде Шотқа есептеу;

      3. Клиентті Шарттың 7.2 және 7.7. тармақтарына сәйкес Шартта және Тарифтерде болатын барлық өзгерістер туралы ол өзгерістер болардан 10 (он) жұмыс күні бұрын хабардар ету;

      4. Клиенттің операциялары бойынша құпиялықты сақтау. Банк Клиенттің келісімінсіз Шотқа байланысты операциялар туралы анықтамаларды тек тікелей Шартпен және қолданыстағы заңнамамен қарастырылған тәртіпте және мерзімде тиісті құжаттар негізінде оларды үшінші тұлғаларға бере алады;

      5. Банк Шот бойынша операцияларды іске асыруда қандай да бір қателіктер / дәлсіздіктерді және /немесе Клиентке берген, сонымен қоса Хабарламаларда да қателіктер / дәлсіздіктерді анықтаған жағдайда, Банк оларды түзетуге міндетті. Бұл ретте ескеретін жағдай, тікелей қолданыстағы заңнамамен қарастырылған жағдайларды қоспағанда, анықталған қателіктер / дәлсіздіктерді түзетуге қатысты Клиенттің көтерген шығындары үшін Банк жауапкершілік көтермейді. Банк сонымен қатар Шотты дебеттеу / кредиттеу арқылы есептеулерге үйлестіруді Клиенттің келісімінсіз өз бетінше жүргізуге құқылы.


5-бап. Банк көрсеткен қызметтер үшін төлемдер


    1. Клиент Банк көрсеткен қызметтер үшін (Клиенттің немесе үшінші тұлғалардың нұсқаулары /өкімдерін Банктің орындауымен байланысты қызметтерді қосқанда), Шот бойынша қызметтер үшін комиссияларды (Банк Тарифтерінде ондайлар болғанда), Банктің Тарифтерімен және ішкі ережелерімен анықталған валютада, мөлшерде және талабындағы төлемдерге кепілдік береді.

    2. Банк өзі көрсеткен қызметтері үшін төлемдерді алып алуға, Шот бойынша қызметтер үшін комиссияларды (ондайлар болғанда) Шотты тікелей дебеттеу арқылы Шоттан комиссия сомасын алып алуға құқылы.

    3. Банктің Шотты тікелей дебеттеу арқылы Шоттан комиссия сомасын алып алуы төлем құжаты болып табылатын төлем ордері негізінде іске асырылады. Клиент Шотында ақша жеткіліксіз болғанда төлем ордерін орындау Шотқа ақша түскеніне қарай, қолданыстағы заңнамамен қарастырылған төлем ордерін ұсыну мерзімін ескере отырып орындалады.

    4. Банк үзіндіге комиссияны алып алғаны туралы растауды енгізуге және ондай ақпаратты Банктің тиісті қызметтеріне қатысты құжаттардан алу мүмкін болмаған жағдайда қосымша жазбаша есептерді беруге құқылы.

    5. Осымен Тараптар мына жағдайлармен келіседі:

(а) Шарт бұзылған жағдайда, Шот бойынша қызметтер үшін Клиент төлеген комиссиялар (Банк Тарифтерінде ондайлар болғанда) Клиентке қайтарылмайды;

(б) Клиент бастамашылық еткен Шот бойынша операция қолданыстағы заңнамамен анықталған мерзім арасында болмаған жағдайда, Банк Клиентке қосымша хабарламаны жібермей-ақ, Шот бойынша қызметтерді басқа Тарифке ауыстыруға құқылы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет