Бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесі
«Квазимемлекеттік сектор субъектілерін және мемлекеттік жылжымайтын мүлік объектілерін оңтайландыру мәселелері жөніндегі комиссия құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдері мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 365 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 25, 408-құжат).
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 66-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 26, 212-құжат).
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістердің 57-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 540-құжат).
«Жекешелендірудің 2014 – 2016 жылдарға арналған кешенді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 қаулысы.
«Жекешелендірудің 2014 – 2016 жылдарға арналған кешенді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 429 қаулысы.
«Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 763 қаулысы.
«Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 9 қаулысы.
__________________
11Тізбеде акцияларының пакеттерін IPO-да өткізу көзделген ұйымдар (компаниялар) көрсетіледі. IPO деп адамдардың шексіз саны үшін эмитенттің бұрын орналастырылмаған акцияларын бағалы қағаздар нарығындағы жария ұсыну түсініледі. Басқа ұйымдарды (компанияларды) өткізу тәсілдері белгіленген тәртіппен айқындалады.