Жексенова Ажар Николаевна Болбыр дәнекер тініндегі асептикалық қабыну үрдісіне фетальдік гепатоциттердің әсері


Болбыр дәнекер тініндегі асептикалық қабыну үдерісіне фетальдік гепатоциттерді енгізу мерзіміне байланысты қабыну ошағындағы өзгерістерді зерттеу



бет3/4
Дата28.06.2016
өлшемі277.5 Kb.
#163655
түріДиссертация
1   2   3   4

Болбыр дәнекер тініндегі асептикалық қабыну үдерісіне фетальдік гепатоциттерді енгізу мерзіміне байланысты қабыну ошағындағы өзгерістерді зерттеу

Бұл серияда тәжірибелік топтағы 61 егеуқұйрыққа қабыну шақырылғаннан кейін - (24 сағаттан соң) фетальдік гепатоциттердің жүзіндісін 2 мл/кг дене салмағына дозада қабыну аймағына енгізілді.

Тәжірибелік топта, фетальдік жасушаларды енгізгеннен бір тәулік өткеннен кейін, қабыну ошағының шеткері аймағында қантолым тамырлар саны, бақылау тобына қарағанда, 2,39 есе (S=537,1±55,7 мкм2, бақылау тобында - S=225±19,5 мкм2 р<0,02) жоғары екендігі анықталды. Бұл өзгерістер, қабыну кезінде бірінші болып ірі тамырлардың –артериолдар мен венулалардың қанға толуы, көптеген артерио-веналық шунттар іске қосылуымен түсіндіріледі және фетальдік гепатоциттердің әсерінен бұл құбылыстар арта түседі (Стикеева Р.К., 2007; Мухамеджанова К.М., 2007).

Фетальдік жасушаларды енгізген топ жануарларының қабыну ошағындағы мес жасушалар серпілісіне тоқталсақ, бақылау тобымен салыстырғанда мес жасушалар саны 3 сағаттан бастап 21 тәулік арасындағы бақылау уақыттарында 1,33 - 1,4 есе жоғарылады (р<0,05), ТОК деңгейі 3 тәулікте 1,4 есе, ТБК – 1,8 есе артты. Ал, фетальдік жасушаларды бірден енгізген топтың (негізгі топ) көрсеткішімен салыстырсақ, 1 және 3-ші тәуліктерде ТБК сәйкесінше 1,2 және 1,2 есе жоғарылады (р<0,05), 7-ші тәуліктен бастап 21 тәулік аралығында 2,3 - 2,5 есе азайды (р<0,05).

Қабыну ошағындағы жасушалар миграциясы, бақылау тобына қарағанда, қарқынды; түзілген лейкоциттік тосқауылда нейтрофильдер барлық жасушалардың 68-70%, бақылау тобында - 45–50% (р<0,05). Лейкоциттік тосқауылдың қалыңдығы тәжірибелік топтағы егеуқұйрықтарда, бақылау тобы жануарлармен салыстырғанда, 2 есе артық: 100,4±9,8 мкм, 49,9±4,5 мкм-ге сәйкесінше тең (р<0,05). Фетальдік гепатоциттерді бірден енгізген топ жануарларымен салыстырғанда (87,2±6,2 мкм) лейкоцитарлық тосқауылдың қалыңдығы 15% сенімсіз жоғары болды (р>0,05).

Қабыну үдерісінің макрофагтік фазасы қарқынды дамып, үшінші тәулікте аяқталды. Ал, бақылау топтағы жануарларда фагоцитоз 4-5 тәулікке дейін созылды. Фетальді гепатоциттер енгізген бойда, фибробласттар пайда болып, белсеніп, тез пролиферацияға түсіп, саны үшінші тәулікте айтарлықтай көтеріліп, 7-8 ші тәулікте ең жоғары деңгейге жетті. Бақылау тобында фибробластық серпіліс баяу, 14-ші тәулікте ғана жоғары деңгейіне жетті, бірақ саны тәжірибелік топтардан төмен (р<0,05) екендігі анықталды. Фибробластық қаптама қабаттары фетальді жасушалар алған тәжірибелік жануарларда 7-ші тәулікте жоғарғы деңгейге жетсе, бақылау тобындағы жануарларда дамуы мардымсыз, 14-21-ші тәулікте жасалған қабат сандары да аз (р<0,05).

Қаптама қабаттарының жасалуы тәжірибелік топтағы егеуқұйрықтарда қарқынды жүріп, 7-ші тәулікте жоғарғы деңгейіне жетіп, 25±1,8 қабатты болды, бақылау тобы жануарларында бұл құбылыс 14-21-ші күнге дейін созылды (р<0,05).

Айтылған өзгерістер, қабыну ошағымен қатар, организм деңгейінде де байқалды, қан жүйесінде нейтрофильдік лейкоцитоз дамыды (тәжірибелік егеуқұйрықтарда - 11×109 /л; бақылау топта - 6,5×109 /л, р<0,05). Иммунитеттің бейспецификалық жүйесінің өзгерістеріне тоқталсақ: комплемент белсенділігі тәжірибенің 7-ші күнінде фетальдік гепатоциттер енгізген егеуқұйрықтарда 0,02±0,0013 мл болса, бақылау тобында - 0,03±0,002 мл, лизоцим титрі - сәйкесінше 30,1±2,9 және 23,2±2,4, гетерогемагглютинин титрі - сәйкесінше 32±2,9 және 16,2±1,5, яғни иммунитеттің бейспецификалық реактивтілік көрсеткіштерінің мәндерінің тәжірибелік топта 1,3-2 еседен жоғары екенін көрсетеді.

Фетальдік жасушалар әсерінен нейтрофильдердің фагоцитоздық белсенділігі (НФБ) жоғарылады: бақылау тобында - 27,5±2,6%, тәжірибелік топта - 75,5±5,9% (2,7 есе жоғары); лейкоциттердің ығысу индексі (бақылау тобында - 0,87±0,038, тәжірибелік топта - 0,5±0,03), уыттанудың лейкоциттік индексі (УЛИ) (бақылау топтағы жануарларда 0,81±0,07, тәжірибелік топта - 0,62±0,045) өзгерді. Осы алынған деректердегі айырмашылықтар статистикалық сенімді, (р<0,02). Тәжірибелік топта фагоцитоздың белсенділігі 2,7-3 есе жоғарылап, уыттанудың лейкоциттік индексінің төмен түсуі иммундық реактивтіліктің жоғарылауын сипаттайды.

Алынған деректерді салыстыра талдау қабынудың лейкоцитарлық фазасының қарқынды дамуына фетальдік жасушалар әсер етіп, қабыну үдерісінің ағымын қысқартты деп тұжырымдауға және бұл құбылыстар фетальді жасушалардың өсіп-өну үдерісінің барысында биологиялық белсенді заттар (цитокиндер - интерферондар мен интерлейкиндер және т.б.) мен нәруыздық-пептидті және «медиаторлық заттар» бөліп шығаруымен байланысты деуге болады (Доскалиев Ж.А., Хамзина Н.К., 2006).

Сонымен, қорыта айтқанда, фетальдік жасушаларды қабыну процесінің лейкоцитарлық фазасынан бастап пайдалану қабыну үдерісінің дамуын тездетеді, микроциркуляциялық бұзылыстарды қалпына келтіріп, микро-, макрофагтардың, мес жасушаларының белсенділігін арттырып, фибробластардың топталуын шақырып, коллаген жасалуын жоғарылатады: қабыну үдерісінің аяқталуы, тыртық жасалуы тәжірибелік жануарларда, 7-8-ші тәулікте, ерте қалыптасады.

Фетальдік жасушалар жүзіндісінің еселенген мөлшерінің (4 мл/кг дене салмағына) асептикалық қабыну ошағы элементтеріне әсері

Жануарларға асептикалық қабыну үлгіленіп, фетальдік жасушалар жүзіндісі (сол мезетте) дене салмағының 4 мл/кг қабыну аймағына енгізілді.

Тәжірибелік тобының қабыну ошағында 3 сағаттан кейін ісіну айқын болды, қан тамырлары кеңіп, толып кеткен. Гранулоцитті және агранулоцитті лейкоциттер тамыр қабырғаларында қатарласқан және тамырдан тінге шығуда, көпшілігі гранулоцитті лейкоциттер, ішінде эозинофильдер көп. Шыққан лейкоциттер некроз айналасында шоғырланған.

Қабынудың басталуынан 12 сағат өткенде, тамырдың қиылу ауданы - S=705±63,0 мкм2. Бұл кезеңде қантолым тамырлар саны 1 мм2 аумағында 370±36,0. Фетальдік жасушаларды 4 мл/кг самағына енгізгенде жануарларда тамыр қиылу аумағының орташа ауданы (S=690±58), бақылау тобымен салыстырғанда, төмен. Қантолым тамырлар саны тәжірибелік топта, бақылау тобына қарағанда, 1,21 есе артық (480±41,2 мкм2 , р<0,05).

Мес жасушалар санының өзгеруін фетальдік жасушаларлардың екі еселенген мөлшерін енгізген топта зерттегенімізде олардың санының қабыну басталуынан бастап төмендеп, бақылау тобымен салыстырғанда жоғары деңгейде болып, негізгі топқа (дене салмағына 2 мл/кг) қарағанда бастапқыда айтарлықтай көбейіп 12 сағаттық мерзімде негізгі топ көрсеткіштерімен теңесті.

Ал, олардың белсенділігі, бақылау тобына қарағанда жоғары, бірақ екі тәжірибелік топтар жануарлары көрсеткіштерінің арасында сенімді айырмашылық жоқ.

Қабыну ошағында қанайналыс серпілісі артериялық-веналық гиперемиямен сипатталады. Қабыну ошағында қантолым тамырлардың 1 мкм2 аудандағы орташа саны 450±43,9, тамыр қиылуының орташа ауданы - 500,0±48,9 мкм2 .

Қорыта айтқанда, фетальдік гепатоциттерді дене салмағына 4 мл/кг мөлшері енгізгендегі топта 6-шы және 12-ші сағаттық кезеңде қабыну ошағындағы тамыр-жасушалық өзгерістерінің, фетальдік жасушаларды дене салмағына 2 мл/кг енгізген топтағы өзгерістерден, сенімді айырмашылықтары жоқ.

Қабынудың 24-ші сағатында лейкоциттер эммиграциясы үдерісі азая бастады: лейкоциттердің тамыр қабырғасына қатарласып тұрақтауы жоғалды, дәнекер тіндегі эмиграциясы тек бірен-саран жасушалармен сипатталды. Макрофагтың фагоциттік белсенділігінің нәтижесінде лейкоциттік тосқауыл сенімді кішірейді. Бақылау тобындағы лейкоциттік тосқауылда нейтрофильдер мөлшері 27-50% аралығында, фетальдік жасушалар 2 мл/кг енгізілген жануарларда - 60-75%, ал 4 мл/кг салмағына енгізгенде - 65-80%. Лейкоциттік тосқауылдың осы кезеңдегі қалыңдығы: бақылау топтағы егеуқұйрықтарда - 62,7±5,5 мкм, 4 мл/кг салмағына жіберген топта - 98,3±8,9 мкм, (Р0,05), яғни 57% өсті; мес жасушалар саны, бақылау тобы жануарларына қарағанда, фетальді гепатоциттер жүзіндісін 2 мл/кг дозада енгізгенде - 6 есе, 4 мл/кг дозада - 7 есеге көтерілді. Олардың қызметтік белсенділігі де жоғары болды: бақылау тобында ТОК сәйкесінше - 0,7±0,06, тәжірибелік топтардағы жануарларда ТОК – 1,1±0,1 және 0,95±0,1 сәйкесінше; ТБК-і бақылау тобында - 20,4±1,9 ш.б. болса, тәжірибелік топтарда - сәйкесінше 28,2±2,5 және 31,1±2,2 тең (4 кесте).

Қабынудың макрофагтық фазасында бақылау тобында лейкоциттік тосқауыл жіңішкере бастаған (50,3±5,0 мкм); 4 мл/кг салмағына фетальдік жасушалар енгізген топта лейкоциттік тосқауыл - 61,5±5,3,,мкм (р>0,05), негізгі доза алған топпен салыстырғанда (87,2±6,2 мкм) 1,42 есе төмен болды (Р0,05). Лейкоциттік тосқауыл құрамында нейтрофильдер мөлшері бақылау тобындағы жануарларда 25-35% аралығында, макрофагтар - 65-67% аралығында, тәжірибелік топта – сәйкесінше 30-40% , 60-70%.

Фетальдік гепатоциттерді 4 мл/кг салмағына енгізгенде тәжірибелік топта тамыр қиылу ауданы 500,0±48,3 мкм2 (р<0,05), (бақылау тобы - 650,0±57,8 мкм2), қабыну ошағы ауданында тамырлар саны - 380±29,2 мм2 (р<0,05) (бақылау тобы - 430±28,9 мм2).

Бақылау тобы көрсеткіштерімен салыстырғанда, жалпы лейкоциттердің мөлшері фетальдік гепатоциттерді 4 мл/кг салмағына енгізгенде 61%-ға артты, нейтрофильдер саны - 2 есе, эозинофильдер - 1,2 есе жоғарылады. Лимфоциттердің пайыздық деңгейі - 1,6 есе, моноциттердің салыстырмалы шамасы - 1,3 есе азайды. Лимфоциттер және моноциттер мөлшерінің төмендеуі есебінен лейкоциттердің ығысу индексі - 1,3 есеге айқын жоғарылап, уыттанудың лейкоциттік индексі - 1,5 еседей артты. Бұл организмдегі уыттану дамуының төмендегенін көрсетеді.

Иммунитеттің бейспецификалық жүйесін зерттеу, фетальдік гепатоциттерді организмге енгізгенде НФБ-нің 2,8 есе артуымен, лизоцим титрінің тәжірибелік топта - айқын жоғарылауымен (р<0,05), комплементтік белсенділігі 1,5 есе көтерілуімен сипатталды.

Сонымен, фетальді жасушалар жүзіндісін 4 мл/кг дене салмағына енгізгенде, лейкоциттер эмиграциясы қарқынды жүрді және үлкен лейкоциттік тосқауыл жасалды. Бақылау тобына қарағанда, дәнекер тіндік қаптама жасалуы тежеліп, эозинофильдер көбейді. Бұл организмде аллергиялық өзгерістердің дамуына негіз болуы мүмкін.

Бақылау топта қабыну аймағында лейкоциттік сіңбелерден тосқауыл қалыптасып жатса, тәжірибелік егеуқұйрықтарда қаптама түзілді.

Лейкоциттік тосқауыл қалыңдығы 3-ші тәулікте бақылау тобында 40±3,6 мкм шамасында, тәжірибелік топта - 35±3,8 мкм-ге дейін жұқарды және негізінен макрофагтар мен фибробласттардан тұрады. Қабыну ошағының шеткері аймағында мес жасушалар бақылау тобы егеуқұйрықтарында 1 мкм2 ауданда 8,5±0,9 шамасында, тәжірибелік жануарларда – 11,5±1,09 мес жасушаларды белсенділігі артты (р<0,05). ТОК, ТБК тәжірибелік жануарларда - 1,28 ±0,09 және 40,2±3,5 (р0,05) тең. Осы мерзімде бақылау тобындағы жануарларда қаптама қалыңдығы жоққа тән (небары 5-10%), тәжірибелік жануарларда - 50% тең және 5-6 фибробласттық қабаттан тұрады.


4 кесте – Фетальдік жасушалар мөлшеріне байланысты қабыну ошағындағы мес жасушалардың саны және қызметтік белсенділігінің өзгеруі

Жануар-


лар

тобы

Көрсет

кіштер



Бақылау уақыттары


минут

сағаттар

тәуліктер

30

3

6

12

1

2

3

7

14

21

Бақылау

тобы


Мес жасушасаны

1 мм2


14,5±1,2

16,0±1,2

9,0±1,0

5,0±0,4

2,0±0,17

6,1±0,53

8,5±0,9

10,1±

0,93



13,4±

1,2

15,2±1,3


ТОК

ш.б.


0,53±0,05

0,49±0,05

0,5±

0,08


0,65±

0,06


0,7±

0,057


0,89±

0,09


1,0±0,09

1,1±0,08


0,9±

0,08


0,9±0,09


ТБК

ш.б.


12,3±1,1

11,7±0,9

13,5±

1,1


14,7±1,2

20,4±1,9

23,9±2,1

33,5±2,9

17,1±1,3

10,8±

0,9


7,3±0,09

Тәжірибе

топ -1


2 мл/ кг

Мес жасушасаны

16,1± ,33

16,3±1,47

14±1,3

10,2± 1,1

12,0±1,1

14,0±1,35

15,3±1,47

17,1±1,6


17,3±

1,8


18,1±

1,79


ТОК

ш.б.


0,6±0,07

0,74±0,07

0,81±

0,77


0,93±

0,09


1,1±0,1

1,3±0,15

1,5± 0,17

1,5±0,14


0,9±

0,085


1,1±0,1


ТБК

ш.б.


29,7±2,2

25,2±2,1

30,1±

2,35


35,7±2,4

28,2±2,5

31,1±2,6

42,0±2,9

39,0±3,1

39,1±

3,1


40,1±2,8

Тәжірибе

топ- 2


(4 мл/ кг)

Мес жасушасаны

20,7±2,8*

18,5±2,1

16,5±

1,9*


10,2±

1,2*


14,4±

1,5*


14,0±1,4*

11,5±

1,09*


15,8±1,4


16,8±

1,47*


16,7±

1,51*


ТОК

ш.б.


0,65±

0,07*


0,67±0,58*

0,73±

0,06*


0,88±0,075*

0,95±0,01*

1,08±0,09

1,28± 0,09

1,47±

0,08*


1,0±0,89

1,0±0,9

ТБК

ш.б.


25,5±2,1*

25,3±1,9*

28,2±

2,2*


30,1±

2,5*


31,1±

2,2*


38,3±

2,33*


40,2±2,9

41,2±

2,8*


37,9±

2,1*


39,1±

2,7*


Ескерту – * бақылау тобымен салыстырғанда сенімді, р< 0,05.

Фетальді жасушаларды дене салмағына 4 мл /кг мөлшерде қабыну ошағына енгізу қабыну фазаларын үдетті. 7-ші тәулікте лейкоциттік тосқауыл жойылып, грануляциялық тін жасалды. Қабыну ошағындағы қанайналым төмендеп, тамырының қиылу ауданы бақылау тобында - 578±33,5 мкм2 , тәжірибелік жануарларда - 450±28,6 мкм2 тең болды, (р0,02). Қабыну ошағының 1 мм2 ауданындағы тамырлар саны екі топта да бірдей деуге болады. Қабыну ошағының шеткері аймақтарындағы мес жасушалар серпілісі қалыпқа келе бастаған; бақылау тобы жануарларында 1 мм2 ауданда 10,1±,0,93; ТОК-1,1±0,08; ТБК – 17,1±1,6, яғни мес жасушаларының саны көбейген, ТБК төмендеген. Фетальді гепатоциттер жүзіндісін енгізген (4 мл/ кг салмағына) егеуқұйрықтарда мес жасушалар саны 15,8±1,4 (р<0,05); ТОК – 1,47±0,08 (р<0,05); ТБК – 41,2±2,8 (р<0,05). Мес жасушалар саны көп болғанымен, ТОК және ТБК деңгейі жоғары (р0,05). Демек, мес жасушалардың белсенділігі, бақылау тобына қарағанда, жоғары. Дәнекер тіндік қаптама 10 тәуліктік шамада толық құрылып және қатайып болып, бақылау аяғына дейін сақталды.

Сонымен, фетальдік гепатоциттер жүзіндісінің мөлшерін негізі дозадан (2 мл/кг) екі есе көбейту қабыну фазаларының қысқартты, қабыну ошағындағы мес жасушалар белсенділігін жоғарылатты: бақылау тобында 1 мкм2 ауданда - 15,2±1,3, негізгі дозада – 16,7±1,51, еселенген дозада – 16,7±1,5; 12 сағатта - сәйкесінше 5,0±0,4 (р<0,05); 10,2±1,1 (р<0,05); 10,2±1,2 (р<0,05) болды. Фетальдік гепатоциттер жүзіндісін енгізген екі топта да қабыну үдерістері жылдамдады; мес жасушалары мен қантолым тамырлар көбейді, макрофагтар белсенділігі және фибробластардың саралануы жоғары болды (барлық көрсеткіштегі өзгерістер сенімді). Негізгі және 2 еселенген (4 мл/кг) доза енгізілген топтарды өзара салыстырсақ, көрсеткіштер арасындағы айырмашылықтар статистикалық сенімді емес, фетальдік гепатоциттердің еселенген мөлшерін жібергенде лейкоцитоз жоғарылады, негізгі дозада - 9,7×109 /л, 2 дозада - 10,5×109 /л, нейтрофильдер сәйкесінше - 42,5±2,8% , 48,2±3,1%; эозинофильдер - сәйкесінше 1,3±0,11% және 2,22±0,12%, 1,7 есе көп. Репаративті фазада, қаптама жасалу деңгейі негізгі топ жануарларында 7-8 тәулікте, 2 есе доза алғандарда - 9-10 тәулікте аяқталды. Осы алынған деректерге сүйене отырып, дозаны жоғарылату тиімді емес – реактивтік фазада қаптама жасалу уақыты ұзарды, эозинофильдер көбейді. Бұл фон аллергиялық өзгерістерді сипаттайды және иммунды аллергиялық ауруларының туындауына әкелуі мүмкін.

Фетальді жасушалар жүзіндісін іш қуысына енгізгендегі асептикалық қабыну кезіндегі дәнекер тіннің реактивтік элементтерінің өзгерістері

Асептикалық қабынуды үлгілеп, сол мезетте, фетальді жасушалар жүзіндісін дене салмағына 2 мл/кг дозасында (негізгі доза) іш қуысына енгіздік.

Қабыну үдерісінің бастапқы кезеңдерінде 3, 6-шы сағаттарда бақылау және фетальді гепатоциттер жүзіндісін алған топтарда қантолым тамырларының қиылу ауданы 525,0±37,5 - 670,0±42,3 мкм2 аралығында, 1 мм2 аудандағы тамыр саны 370,0±27,2 - 356,0±25,3 аралығында болды. Сенімді айырмашылық жоқ.

Қабыну басталуының 12 сағатында күшті лейкоциттік тосқауыл пайда болды, ол негізінен гранулоциттік лейкоциттерден тұрады. Осы сериядағы лейкоциттік тосқауыл көлемі бақылау тобындағы көлемнен әлдеқайда үлкен (р<0,05). Бақылау тобында тамырлар арнасы серпілісіне негізінен қылтамырлар (тамырдың қиылу ауданы S=700±65 мкм2) қатысады, қантолым тамырлар саны бақылау топтағы егеуқұйрықтарда - 389±37,3 (1 мм2). Тәжірибелік топта 12 сағаттық қабыну үдерісі барлық калибрлі микротамырлардың қанға толуымен сипатталды (S=650±63 мкм2 р<0,05). Бұл айырмашылық фетальді гепатоциттерді пайдаланғанда қабыну ошағының микроциркуляциялық арнасының ұзаққа созылмайтын, ерте жүретін, қарқынды серпілісімен түсіндіріледі. Оның себебі, қабыну ошағындағы некроз айналасына мес жасушалардың көп жиналуы және олардың белсенділігінің күшеюі. Қабыну кезінде мес жасушалары түйіршіксізденіп, вазобелсенді заттар (гистамин, серотонин, кининдер) бөліп шығарады. Мес жасушалар саны қабынудың басталуының 12 сағатында (7,1±0,69) азайған және бақылау тобы деңгейіне (5,0±0,4) дейін төмендеген. Қабыну үрдісінің 1,3,7-ші бақылану тәуліктері мерзімінде олардың саны сәйкесінше жоғарылады: 1 мм2 - ауданда 15,0±1,4; 27,1±2,6; 37,5±3,6 (р<0,01). Сонымен қатар, мес жасушалардың белсенділігі жоғарылады. Мес жасушалардың белсенділігі, бақылау топтағы егеуқұйрықтарға қарағанда, тәжірибелік топта сенімді жоғары (р<0,05) болды.

Тәжірибелік топта қабыну аймағының шеткері аумағындағы инфильтратта лейкоциттер саны көбейді, 12 сағаттық кезеңде 5000 мкм2 ауданда макрофагтар саны 61,7±5,8%; нейтрофильдер - 20,7±1,9% тең болды; бақылау тобында - сәйкесінше 22,2±1,7%; 11,3±1,7% (р<0,002).

Қабынудың макрофагтық фазасындағы лейкоциттік тосқауылы нейтрофильдердің мөлшері тәжірибелік топта, бақылау топ жануарлары көрсеткіштерімен салыстырғанда, айтарлықтай басым (61,7±5,8%) және 2,78 есе жоғары.

Қабыну басталуының 3-ші тәулігінде лейкоциттік тосқауыл кенет кішірейді. Некроз аймағында және одан қашық жерлерде белсенді макрофагтық серпіліс байқалды. Фибробласттар некроз айналасында макрофагтардан кейін орналасты. Ісіну бар жерлерде фибробласттар қозғалуы қиындағаны байқалады. Фибробласттық қабат жасалуы 7-ші тәулікте: бақылау тобында - 9-10 қабат болса, тәжірибелік егеуқұйрықтарда - 11-12-ге жетті; 10-шы және 14-ші тәуліктерде бақылау топтағы қабат саны азая бастады, ал тәжірибелік топта қабаттар саны өзгермеді (11,5±0,8, р>0,05).

Тәжірибелік жануарларда қалыптасқан қаптамадағы барлық жасушалар түріне шаққанда макрофагтар концентрациясы (26,7±1,8%) бақылау тобы жануарларының көрсеткіштерімен (31,4±2,11%) салыстырғанда төмен (р<0,05) болды.

Иммунитеттің бейспецификалық реактивтілік жүйесін зерттегенде, бақылау тобына қарағанда жалпы лейкоциттердің мөлшері 31%-ға артып, нейтрофильдер 2 есе жоғарылады. Лимфоциттердің пайыздық мөлшері - 1,5 есе, моноциттердің салыстырмалы деңгейі - 1,3 есе, эозинофильдердің пайыздық шамасы - 1,5 есе азайғаны анықталды. Лимфоциттер және моноциттер мөлшерінің төмендеуі есебінен лейкоциттердің ығысу индексі айқын жоғарылады, (1,5 есеге). Уыттанудың лейкоциттік индексі 1,5 еседен көбейді, бұл организмдегі уыттану дамуының төмендегені сипаттайды. Иммунитеттің фагоциттік буынын зерттеу, нейтрофильдердің фагоцитарлық белсенділігінің 2,7 есе артқанын, ынталандыру индексі 1,4 есе айқын жоғарылағанын және бұл гуморальдық жүйенің фетальді жасушалар жүзіндісінің әсерінен ынталандырылатынын көрсетті. Лизоцим титрі, бақылау топтағы жануарлармен салыстырғанда, тәжірибелік жануарлардың қан сарысуында айқын жоғарылады. Комплементтік белсенділігі фетальді жасушаларды іш қуысына жібергенде бақылау топ жануарлары артық болды, гетерогемагглютининдер бақылау тобы жануарларында 0,015±0,001 мл, тәжірибелік жануарлардың 0,01±0,001 мл, яғни гемагглютининдер деңгейі 2,1 есе көбейді (2 сурет). *



%

300 -


-
*

200 -

-

- *

-

100 -

- *

-

-

- -



Лейкоциттер нейтрофильдер лимфоциттер Фагоцитоз Комплемент


2 сурет – Фетальдік гепатоциттерді іш қуысына енгізгенде иммунитеттің бейспецификалық жүйесінің өзгерістері
Осылайша, фетальді гепатоциттерді асептикалық қабыну үрдісін түзетуге пайдаланғанда организмнің иммундық белсенділігі жоғарылады; иммундық реактивтіліктің артуы жалпы лейкоцитоз, салыстырмалы лейкопения, фагоцитоз және лизоцим, комплемент, гетерогемагглютининдер белсенділігінің көбеюімен сипатталды, яғни иммунитет репрессиясы дамиды.

Сонымен, фетальдік жасушалар жүзіндісін жануарлардың іш қуысына енгізгенде лейкоциттер эмиграциясы қарқынды жүріп, үлкен лейкоциттік тосқауыл жасалауына қарамастан макрофагтық серпіліс әлсіз болды және лейкоциттік тосқауыл өте баяу жойылды. Фибробласттық серпіліс - фибробласттардың қарқынды бөлінуі 1-ші тәулікте байқалды, бірақ қабыну ошағы аймағында олардың қозғалуы қиындап, бақылау тобына қарағанда, дәнекер тіндік қаптама жасалуы кеш жүрді.


Біздің жүргізген зерттеу жұмысымыздың нәтижелерін жинақтай келе, келесідей қорытынды ұсынамыз:
1. Фетальдік гепатоциттер жүзіндісін дене салмағына 2 мл/кг дозада қабыну аймағына енгізгенде қабынуға қарсы ықпал көрсетті: тамырлық және жасушалық серпілістерін белсендендірді, тамырлық серпілісті ерте тұрақтандырды, лейкоциттік тосқауыл жасалуын жылдамдатты. Жетілген фибробластық қаптаманы 7-8 тәулікте (р<0,05) қалыптастырды, бақылау тобында - 10-14 тәулікте түзілді.

2. Фетальдік жасушаларды дене салмағына 2 мл/кг дозада қабыну үдерісінің лейкоциттік фазасынан бастап қолданғанда (2 тәуліктен) қабынуға қарсы әсері сақталды: қабыну ағымын жылдамдатып, микроциркуляциялық бұзылыстарды қалпына келтіріп, нейтрофильдерді және макрофагтарды ынталандырды. Фибробластардың саралануы жоғары деңгейде болып, фибробласттық қаптама 9-10 тәулікте қалыптасты (р<0,05).

3. Фетальдік гепатоциттерді дене салмағына 4 мл/кг (еселенген) мөлшерде енгізгенде қабыну үдерісінің бірінші фазасының қарқыны артты, макрофагтардың фагоцитоздық белсенділігін жоғарылатты. Фибробласттық серпіліс мардымсыз болып, фетальдік гептатоциттерді дене салмағына 2 мл/кг дозадағы енгізілгендегі алынған нәтижелерден деңгейі жоғары болмады (р<0,05) және эозинофилия (р<0,05) айқын байқалды.

4. Фетальдік жасушалар жүзіндісін дене салмағына 2 мл/кг дозада іш қуысына енгізгенде лейкоциттер эмиграциясының қарқынды жүруі мен лейкоциттік тосқауыл жасалуына қарамастан макрофагтық серпіліс әлсіз болып, лейкоциттік тосқауыл өте баяу жойылды. Фибробласттық серпіліс - фибробласттардың қарқынды бөлінуі 24-ші сағатта байқалса да, олардың қабыну аймағында қозғалуы қиындады, фибробласттық қаптаманың түзілуі кешеуілдеп, 10-12 тәулікте (р<0,05) қалыптасты.

5. Болбыр дәнекер тініндегі асептикалық қабыну кезінде фетальдік гепатоциттерді дене салмағына 2 мл/кг мөлшерде енгізгенде организмнің иммундық бейспецификалық резистенттілігі артты (иммуностимуляциялаушы әсері): жалпы лейкоцитоз (9.7± 0,8 х 109 /л, р<0,05), нейтрофильдердің фагоцитоздық белсенділігі - 78,0+ 5,7% (2,6 есе), лизоцим, гетерогемагглютинин белсенділіктерінің сәйкесінше 35,6±2,9 мг% (р<0,05), 8,5+0,76 (р<0,05) өсуімен сипатталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет