Жем қаласының №5 жббом «Ұшқын» балалар театры жұмыс жоспары



бет1/3
Дата26.09.2023
өлшемі91.18 Kb.
#478724
түріБағдарламасы
  1   2   3
Театр ктж со ы


Жем қаласының №5 ЖББОМ

«Ұшқын» балалар театры жұмыс жоспары


Ұйым жетекшісі: Р.М:Жетпісбай
2022-2023 оқу жылы
«Ұшқын» балалар театрының бағдарламасы мен тақырыптық жұмыс жоспары


Мақсаты:
- оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;
- оқырмандық, көрермендік талғамды қалыптастыру;
- ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;


Міндеті:
- әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуге, мән – мағынасын терең түсінуге мүмкіндік туғызу;
- көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын ояту;
- жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін қалыптастыру;
- актерлік шеберлігін қалыптастыру, дамыту.


Жаңашылдығы:
- бағдарламада театрлық-ойын әрекетінің құралдары жүйеленген, балалар шығармашылығының түрлі жанрлары театрлық көрініске ену арқылы іске асуына негізделген.

Түсінік хат

Үйірме – бұл мұғалімнің оқушылармен әріптестік қатынаста және нәтижеге қол жеткізуі үшін жұмыс жасауына арналған. Бұл технология қатысушыларды ізденімпаздыққа, таным мен өзін-өзі тануға бағытталған. Үйірменің өз жұмыс мақсаты мен міндеттері бар. Сезіну,елестету, көру, тапсырманы орындау, содан соң ізденімпаздықты ұйымдастыру – жетекшінің тілеген әрекеттері міне, осылар. Оқушының үйірмеге ұмтылысын күшейтетін нәрселер – өз идеяларын ұсыну, жарнамалау, өз жұмысының нәтижесін көру. Үйірме жұмысы үнемі өз жұмысын талдаумен, өз әсерімен бөлісумен аяқталып отырады. Үйірме жұмысы бірнеше бөлімдерден құралған бағдарламадан тұрады. «Сөйлеу мәдениеті мен техникасы» бөлімініде тыныс алу, сөйлеу мүшелерінің еркін жұмыс жасауына бағытталған жаттығулар мен ойындар жүргізіледі. Сондай-ақ, нақты мәнер мен ойлау, орфоэпиялық заңдылықтар түсіндіріледі. Бөлімге байланыс қабілетін дамытатын, қысқаша пьеса, поэма мен әңгімелер құрауға үйренетін, қарапайым іс-әрекеттерді таңдай білетін сөздік ойындар енгізілген.


Келесі «Сымбат пен мүсін икемділігі» бөлімінде баланың қозғалыс қабілеттерін, дене әрекетінің әдемі қимыл қозғалысын, оқу күшін жеңілдетуге бағытталған дамыту ойындары мен жаттығу жұмыстары жүргізіледі.
«Театральдық ойын» бөлімінде оқушының тек қана кәсіби шеберлігін дамыту қарастырылмайды, сондай-ақ, ойын әрекетіндегі эстетикалық сезімін дамыту, құрдастары мен үлкендер түрлі жағдаяттар арасында өзін дұрыс ұстай білу тәртібі үйретіледі. .
«Әдеп пен мәдениет» бөлімінде оқушылардың өмірдің мәні мен құндылықтарын түсіну, жалпы адамзаттық бағалы қасиеттерді ұғыну, сөйлесу мәдениеті мен өзін ұстай білу әдебін, эстетикалық мәдениетті (талғамы бар оқырман, көрермен бола білуге) білу үйретіледі.

Кіріспе

Оқушылардың тілі мен ойлау қабілетін қалай дамытуға болады? Сөздің сырын түсінуге қалай үйрету керек? Әлемді тануға, елгезектік пен қайырымдылық, біреудің қайғысына ортақтаса білу мен барлық тіршілік иесін жақсы көруге қалай үйрету керек?


Эмоционалдық ұялшақтықтан, қысылып-қымтырылудан арылу мен сөзді, образды сезіне білу мен кейіпкерге ене білуді үйренудің ең дұрыс жолы - бұл ойын қиялдау мен құрастыра білу. Мұның барлығын да театрландырылған үйірме бере алады. Аталмыш бағдарламада балалар театры тек қана көркемдік нәтижеге жету құралы , яғни спектакль қою ретінде ғана қарастырылмайды. Сонымен қатар,театр өнерімен шұғылдану оқушылардың ойлау қабілеті мен таным қызығушылығын белсендіруі, қиялы мен елесін оятуы, ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен жанашырлығын оятуы өте маңызды.
Үйірме - оқушылардың іс- әрекетінің сабақтан гөрі басқа бір түрі. Оқушы дайын сабақты алумен шектелмейді, ол сондай-ақ, оны жасайды, өзі құрастырады. Үйірмеде балалар назары мәселені өздері қоюға, ойлану мен жетекші көрсетіп берген бағытта өздік жұмыстарын дамытуға , таным қабілеттерін дамытуға бағытталады. Олар тапсырманы орындауда жеке, ұжымдық жұмыстарды жасай отырып, қажетті құралдар мен әдіс-тәсілерді өздері таңдайды.
Сенімділік, оқушылар мен жетекшінің біріккен қызметі, дидактикалық материалмен бірігіп жұмыс жасау, өнердің басқа түрлерімен байланыс, бәрі- оқушының жеке тұлғасының дамуына әсер етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет