«Жеміс-көкөніс шаруашылығы, химия және өсімдік қорғау» кафедрасы


Орындалған  жұмыстарға  есеп  беру



Pdf көрінісі
бет70/176
Дата02.01.2022
өлшемі1.62 Mb.
#453664
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   176
Tagibaev Sharap-negizderi

Орындалған  жұмыстарға  есеп  беру.  Жасалған  жұмысқа  қысқаша 
сипаттамасы, зерттеу нәтижелері, қорытынды және ұсыныстан тұрады. 
 
Бақылау сұрақтары 
1. Жүзімнің қатты бөліктеріндегі химиялық заттарды атаңыз? 
2. Жүзім шырынындағы қант көлемін қалай анықтайды? 
3.  Шырынның  қанттылық  көрсеткіштеріндегі  жалпы  қант  көлемі  неге 
тең? 
4. Шырынның жалпы қышқылдық мөлшері неге тең? 
5.  Ареометрмен  зертхана  жағдайында  шырынның  қанттылығын  қалай 
анықтайды? 
 
2-зертханалық жұмыс. 
Тақырып:  «Шырын, шараптардың тығыздығын анықтау» 
Жұмыстың мақсаты: Жүзім шырынының және шараптың тығыздығын 
анықтау тәсілдерін үйреніп білу. 
Жұмысқа қажетті құрал жабдықтар 
Ареометр;  250  мл  кем  емес,  ареометр  диаметрінен  2,0-2,5  см-ге  үлкен 
шыны цилиндр; термометр 0,1-0,2
0
С өлшемімен. 
Жұмысты орындау әдістемесі 
Жүзімді  қайта  өңдеудің  практикалық  жұмыстарында  әртүрлі  ерітінді-
лердің  тығыздығын  анықтау  жиі  болып  тұрады,  сол  арқылы  құрамында 
еріген  зат  концентрациясы  анықталады.  Шарап  дайындауда  тығыздығын 
анықтау  арқылы  шырындардың,  шарапматериалдардың,  шараптардың  құра-
мын,  сапасын  сипаттайды.  Тығыздықтың  абсолюттік  және  салыстырмалы 


80 
 
түрлері қолданылады. Абсолюттік тығыздық - өнім көлемінің бір өлшемінің 
массасы (кг/м
3
, г/см
3
, кг/л), яғни көлемінің массасына қатынасы. Температура 
20
0
С  және  қалыпты  атмосфера  қысымы  (0,1МПа  немесе  760  мм  сн.  ст.) 
жағдайында  сұйықтықтың  абсолюттік  тығыздығы  стандартты  (эталонды) 
болып  есептеледі.  Салыстырмалы  тығыздық  –  судың  (4
0
С  және  қалыпты 
атмосфера  қысымы  жағдайында)  абсолюттік  тығыздығының  зерттелетін 
сұйық  заттың  абсолюттік  тығыздығына  қатынасы.  Сондықтан  сұйықтықтың 
салыстырмалы  тығыздығын  жазғанда  екі  температураны  көрсетеді  d
0
0
4
20
 
(жоғарғысы – тығыздығы анықталған сұйықтықтың температурасы, төменгісі 
судың  температурасы).  Абсолюттік  тығыздықты  шарап  дайындауда  пайда 
болатын  өнімдерді  есептеу  ұшын  пайдаланады:  массасына  қарап  көлемін 
анықтау ұшын, көлеміне қарап массасын анықтау ұшын, және температураға 
байланысты  көлемінің  өзгеруін  анықтау  ұшын.  Сонымен  қатар  абсолюттік 
және салыстырмалы тығыздықты анықтау арқылы шарап өнімдерінің химия-
лық  құрамын  анықтауға  болады:  мысалы  шырынның  құрамындағы  қант 
мөлшерін,  шараптың  құрамындағы  спирт  және  жалпы  экстракттың  мөлше-
рін.  Бұл  көрсеткіштер  шырынның  ашуын  бақылау  ұшын  да  қолданылады. 
Егер  анықталып  жатқан  сұйықтық  құрамында  қандайда  бір  заттың  ғана 
ерітіндісі  болса  (мысалы,  тұздауда  қолданатын  натрий  хлориді  ерітіндісі, 
маринадтауда қолданатын сірке қышқылы ерітіндісі), оның концентрациясын 
тығыздығы арқылы анықтауға болады. Ал ерітінді құрамында негізгі заттан 
басқа  да  қосалқы  заттарда  болса,  онда  бұл  тәсіл  концентрацияның  керекті 
дәлдігін  көрсетпейді.  Бұл  жүзім  шырынындарының  құрамындағы  қант, 
құрғақ  заттар,  шараптардың  спирттілігіне  қатысты.  Ондай  сұйықтықтарға 
қатысты  арнайы  эмпириялды  (күнделікті  тәжірибеге  негізделген)  кестелер 
құрылған.  Ол  кестенің  дәлдігі  практикалық  мақсатта  өте  қолайлы.  Олар 
кітаптағы келтірілген тапсырмараларға қатысты.  
Құрамының негізгі көрсеткіштерінің (спирт, қант, қышқылдар мөлшері) 
айырмашылығына  байланысты,  шырын  және  шараптардың  тығыздығын 
жоғары дәлділікпен тек аналитикалық әдістермен анықтауға болады. Анали-
тикалық  әдістердің  ішінде  кең  тарағандары  пикнометрикалық  және  аэроме-
трлік (денсиметрикалық) әдістер. Пикнометрикалық әдіс өнімнің массасы (m) 
мен  көлемін  (v)  белгілі  температурада  пикнометрмен  өлшеп,  формула 
бойынша  абсолюттік  және  салыстырмалы  тығыздықты  есептеп  шығаруға 
негізделген. 
Сұйықтың  тығыздығын  тез  анықтайтын  қарапайым  және  өндірісте 
дамыған  құрал  -  ареометр.  Ареометр  –  балқытылған  труба  тәрізді  шыны 
әйнектен  тұрады,  төменгі  жағы  кеңейтілген.  Онда  ауыр  салмақ  салынған 
(сынап,  қорғасын  бытырасы),  сол  арқылы  ареометр  сұйықтыққа  батпай,  тік 
қалыпта тұрады. Әдетте ареометр ішіне дәлдік термометрін құйып орнатады. 
Жоғарғы жіңішке бөлігіне (мойыншасы) бөлшек белгісі салынған. Сұйықтық 
тығыздығын  ареометрмен  өлшеу  Архимед  заңының  негізінде  жасалынған: 


81 
 
сұйыққа салынған дене озінің массасына тең сұйықты ығыстырып шығарады. 
Ареометр аса тығыз сұйықтықта – аз тереңдікке батады, ал аз тығыздықта – 
үлкен  тереңдікке  кетеді.  Әр  түрлі  ареометрлердің  өлшем  белгісі  де  әртүрлі. 
Әмбебап  ареометрлердің  өлшем  белгісі  заттардың  тығыздығына  қарай 
белгіленген, онымен кез-келген ерітіндіні өлшеп, сәйкес келетін кестелермен 
алынған еріген заттың концентрациясын табуға болады. Арнайы ароеметрлер 
белгілі  бір  ғана  затты  өлшеуге  арналған.  Олардың  өлшем  белгілерінің 
шкаласы  тығыздықпен  емес,  концентрацияның  негізгі  компоненттерімен 
белгіленген.  Мысалы,  қантқа  (сахарометр),  спиртке  спиртометр  және  т.б. 
арналған.  Шкаласы  градустық  өлшем  бірліктермен  белгіленген  ареометр-
лерде  болады.  Мысалы,  Бомэ  ареометрі  келесідей  белгіленеді:  таза  судағы 
салмағының  жағдайы  нөлге  тең,  натри  хлоридінің  10%  ерітіндісінде  –  10
0
С 
және сол сияқты. 
Тығыздық – бұл алынған заттың массасының, аса жоғары тығыздықтағы 
судың массасына қатынасы, яғни 4
0
С температурада. Ареометрлермен тығыз-
дықты  өлшеу  көбінесе  20
0
С  температурада  жүргізеді,  4
0
С-ты  су  тығызды-
ғының  қатынасына  қарай.  Мұндай  жағдайда  ареометрлерде,  оған  сәйкес 
келетін  кестелерде  d
0
0
4
20
немесе  d 
0
0
4
15
  түрінде  келтіріледі  (жоғарғысы  –
тығыздығы  анықталған  сұйықтықтың  температурасы,  төменгісі  судың 
температурасы). Сонымен қатар, кейбір жағдайларда ареометрлердің градус-
тық  өлшемін  20
0
С  температурадағы  су  тығыздығының  қатынасымен  де 
белгіленеді,  яғни  бұл  жағдайда  ареометр  d
0
0
20
20
  түрінде  анықталады.  20
0
С 
температурада  анықталған  су  тығыздығын  4
0
С  температурадағы  су  тығыз-
дығымен  есептеуге  болады,  20
0
С  температурадағы  су  тығыздығы  4
0
С 
температурадағы  тығыздыққа  қарағанда  төмендеу.  Төмендегі  формуламен 
есептелінеді:  

0
0
20
20
= d
0
0
4
20
х 
20
4
p
p
;      d
0
0
4
20
= d
0
0
20
20

20
4
p
p

Мұнда:  p

-  судың  4
0
С  температурадағы  тығыздығы,  p
20 
-  судың  20
0
С 
температурадағы тығыздығы. 
Ареометрмен  жұмыс  жасауда  бірқатар  талаптарды  міндетті  түрде 
бақылау  қажет.  Ең  алдымен  ареометр  өте  таза  болуы  керек.  Ол  үшін  оны 
сумен  жуады  және  мұқият  құрғатып  сүртеді.  Анықталатын  сұйықтықты 
цилиндрге құяды, оның жиегінің диаметрі ареометрден 2-3 есе үлкен болуы 
керек. Сұйықтықты көбік пайда болмас үшін цилиндр жиегімен ақарындатып 
құйяды  және  толтырмайды.  Тығыз  интервалдары  сәйкес  келетін  ареоме-
трлерді таңдап алады да, оны сүртеді. Ареометр мен сұйықтық бір қалыпты 
температураға  жеткенше  10-15  мин  күтеді.  Алдымен  сұйықтық  темпера-
турасы  өлшенеді,  мүмкіндігінше  ол ареометр  градусына  сәйкес  келуі  керек. 
Ареометрді  ақырын  салады,  салмағы  толық  салынып  тоқтағанша  ұстап 
тұрады. Егер тез салмақпен салынса, ареометр тереңге кетіп, сұйықтық оның 


82 
 
мойыншасын  сулап  қоюы  мүмкін.  Ареометр цилиндр  қабырғаларына  тимей 
және түбіне жетпей орналасуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   176




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет