Жәнібек аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі



Дата19.06.2016
өлшемі137.05 Kb.
#148128

Жәнібек аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі

 

        Кітапхана алғаш рет 1936 жылы 500 дана кітап қорымен "Қызыл отау" деген атпен ашылып, заман үрдісімен  дамып, ілгерілеп, қазіргі заманға сай кітапхана жүйесіне айналды.



        Бүгінде ОКЖ бойынша 35 кітапхана қызметкерлері жұмыс жасайды. Кітапхана директоры М.М.Наринова. 17 кітапхана аудан тұрғындарына 182350 дана кітап қорымен мәдени қызмет көрсетуде.

        Кітапхана жыл сайын - 14146 оқырманға қызмет көрсетеді.

        Кітапхана қорында - 182350 мың кітап

        Оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиет-112280

        Кітап берілімі - 134111 дана кітап.

        Келушілер саны -202374 адам



 

Кітапханада:

 

        Әдістемелік, ақпаратты библиографиялық, кітап қорын өңдеу, оқырман қамту бөлімдері жұмыс жасайды. Қосымша қолжазба қоры, жеке кітапханалар қоры жұмыс жасайды. 



 

Аудан кітапханаларын дамытудың

басымдылық бағыттары.

 

 

  Азаматтардың конституциялық құқығын жүзеге   

асыру мақсатында жеке тұлғаның білім мен ақпарат  

алуға еркін және шектеусіз енуін қамтамасыз ету.

●  Кітап қорын толыққанды және нәтижелі толықтыру,

мәдени мұраларды сақтау және насихаттау.

●  «2007-2009 жылдар Қазақстан Республикасы кітапханасын мадернизациялау»

●  Кітапханалық -ақпараттық процестерді автоматтандыру, жаңа технология негізінде ақпараттық ресурстар құру.

●  Мүгедектерді оңалтудың аймақтық бағдарламасын басшылыққа ала отырып, кітапханаларда «Жаңашыр» бағдарламасымен жұмыстану

●  Ауыл кітапханашыларының кәсіби шеберлігін көтеру мақсатында зерделі кеңестер өткізумен бағдарламалар жасау.

●  Мемлекеттік деңгейдегі кітапханаісіне қатысты «Оқитын Қазақстан» бағдарламалары аясында  атқарылатын жұмыстар.

● Жыл сайын өткізілетін  «Бір ел - бір кітап» акциясы бойынша жұмыстану.

● Аудан кітапханашыларының қызметінде әдістемелік, ақпараттық жүйенің жұмысын жетілдіру.

● Көршілес Палласовка ауданымен кітапханалық қарым- қатынас жұмыстарын жандандыру.

Кітапхананың әдістемелік жұмысы:

        Әдістемелік жұмыстың негізгі бағыты және мазмұны:  жаңалықтар енгізу, іс- тәжірибе жұмыстарының жаңалықтарын зерттеу, мамандардың білімін көтеруді ұйымдастыру.

        Кітапханаларға іс- тәжірибе жүзінде көмек көрсету, әдістемелік құралдар мен материалдар жасау, тақырыптық кеңестер, тренингтер, мамандық деңгейін жетілдіру сабақтары.



Әдістеме бөлімінің жоспарланған семинарлары:

- « Кітапхана құқықтық негізге тәрбиелеу мен насихаттаудағы маңызыды орын»

- «Оқимыз. Көреміз.Тыңдаймыз»

Байқаулар:

 «Ойлан, шабыттан, ізден» / Жас кітапханашылар байқау /

 «Дәстүрлі емес үздік көрме»

 «Ең үздік әдістемелік- библиографиялық құрал»

 «Жұбан Молдағалиевтың 90 жылдығына арнап Ел жадында өшпейді Жұбан ақын» атты әдістемелік құралдар байқауы»

 «Ауылым алтын бесігім» атты бейнеролик байқауы



Жаңалықтар:

        Бүгінгі таңда  ауыл кітапханаларының инновациялы моделі- моделді ауыл кітапханаларын ашу мәселесі де жергілікті билік органдарының қолдау көрсетуі арқылы жүзеге асырылды. Күйгенкөл ауыл кітапханасында «Модельді ауыл кітапханасы» ашу мүмкіндігіне қол жеткіздік. Кітапхана меңгерушісі Биғалиева Күләш Жасланқызы.

        Кітап қоры -18708,қазхақ тілінде -11463

        Кітап берілімі-29650

        Оқырманы-900

        Келушілер саны -11245

 

        Кітапхана қызметкерлерінің байқауы ҚР мемлекеттік қітапханаларындағы келешегі бар деген жас мамандарды анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатымен 2008 ж сәуір айында өткен жас кітапханашылар Слетіне аудандық оқырман қамту бөлімінің кітапханашысы Тастанова Айнагул Рахметоллақызы қатысты.

 

Ақпаратты библиография бөлімі

 

        Библиографиялық қызметті жоспарлау, кітапханалардың библиографиялық жұмысын ұйымдастыру, библиографиялық құралдарды құрастыру.

        Оқырмандар арасында библиографиялық білімді насихаттау. Кітапхана қызметкерлеріне библиографиялық білім беру, кітапханада АБА-каталогтар жүйесі, электрондық каталогтар, оларды құрастыру ерекшелігі. Ақпараттық қызметте Интернет ресурстарын қолдану. 2000 жылы ақпаратты- библиографиялық бөлімінде "Қолжазба қоры" ұйымдастырылды. Осы қорда жарияланбаған бағалы қолжазбалар, тұрғындардың жеке шығармалары, баяндамалары жинақталған. Жалпы қорға 788 қолжазба тіркеліп, 40 дана папка жасақталып толықтыру үстінде.  

 

Кітапхананың кітап қорын өңдеу және толықтыру



 

     Кітап қорын толықтыру жұмыстарын ұйымдастыру, құжаттардың сұранысын орындау және кітапханаларға жеткізу. Кітап қорын толықтыруда: есептік, әріптік, жүйелік каталогтар жасайды.

        Қордан және каталогтан әдебиеттерді редакциялау, жаңа әдебиеттерді қабылдау, есепке алу. «РАБИС» бағдарламасына кітап қорын салу. Жылдың басынан Ж. Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми- әмбебап кітапханасынан 1376 дана жаңа әдебиеттер түсті, оның 1148 данасы қазақ тілінде. Жаңа әдебиеттердің 86 данасы Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы  бойынша  түсті.

 

 



Оқырманға қызмет көрсету

 

        Кітапхана оқырманға қызмет көрсету бөлімінде жұмыстың ұйымдастырылуы /абономентте, оқу залында/.



        Оқырманға қызметтік тиімділігі, толықтығы, жылдамдығы, тіл таба білуі т.с.с.

        Оқырмандарға топтың және фронтальдық қызмет көрсету: Ашық кітап көрмесі, тақырыптық және жаңа әдебиеттер көрмесін ұйымдастыру. Комплексті көпшілік шаралар /кітап талқылау, диспут, әдеби кеш, кітап презинтациясы т.б./ Т.Жароковтың 100 жылдығына орай «Нарынның өр дауысты ақын үлы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Т.Жароков-дәуір туғызған ақын» атты оқырмандар арасында шолу өткізілді.

        Оқырмандарға  жаңа түскен 62 дана әдебиеттерді таныстыру мақсатында   «Танысыңыздар жаңа әдебиеттер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып шолу жасалды.

       2008 жылдың 5 ақпан күні аудандық орталық кітапхананың оқу залында «Руханият-асыл мұра» өлкетану клубының алғашқы отырысы болып өтті. Бұл отырысқа аудандағы әрбір мекемелерінің басшылары, қызметкерлері қатысты.

       Клуб мүшелерінің шешімімен бөлімдерге бөлініп, әрбір тақырыпқа шаралар өткізу үшін жауапты адамдар тартылып алдағы уақытта жұмыстарын жүргізетін болады.

 

 



        2004 жыл. 15-ші шілде күні аудандық балалар кітапханасында "Ауылдық кітапханада өлкетану жұмысында мәдени мұраны насихаттап оқыту  тақырыбына арналған" аймақтық шығармашылық кеңесі өтті. Кеңеске облыстық Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК-сы мен Гайдар атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасымен Ақжайық, Бөкейорда, Жанғала  кітапхана қызметкерлерлері қатысты.

        2005жыл. 17-18 мамыр айында облыста өткен "Ауыл кітапханаларда балалармен жұмыс істеудің жаңа бағыттары" атты Республикалық зерделі кеңеске аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Тұяқова Ж. кітапханашысы Жұмалиева А. қатысып қайтты.

         14-қыркүйек 2005 жылы облыста өткен "Кітап қоры: қалыптастыру мен сақтаудың  өзекті мәселелері" атты зерделі кеңеске аудандық кітапхананың оқырман қамту бөлімінің меңгерушісі А.Шынтемирова мен кітап қорын толықтыру бөлімінің меңгерушісі А.Габдушева, қатысып қайтса, 20-23 қыркүйек аралығында облыстағы Кітапхана қызметін автоматтандыруда ақылы курсқа кітап қорын толықтыру бөлімінің кітапханашысы Г.Мұқанова барып білімін жетілдіріп қайтты.Әрбір семинарға қатысып қайтқан мамандар өздерінің көрген,түйгендерін барлық қызметкерлер арасында талқылып, ой-бөлісіп отырды.

        Алматы қаласында өткен мәдениет қызметкерлерінің білімін жетілдіру курсына 13-31 қазан айы аралығында аудандық кітапхананың әдістеме бөлімінің меңгерушісі Н.Мұқанбетқалиева, 14-27 қараша аралығында кітапхана директоры М.М.Наринова осы курсқа барып білімдерін толықтырып қайтты.

        2006 жыл. Облыстық Гайдар атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өткен «Кітапхана балалар мен жасөспірімдердің құқықтық білімін ағарту көзі» атты семинарға Еңбекші бөлімше кітапханашысы Абдығалиева Н, Бөкей Ордасы ауданында өткен «Кітапханашы және оқырман, қазіргі кезеңгі қарым- қатынас негіздері» атты облыстық зерделі кеңеске ОКЖ-нің директоры Наринова М., әдістеме бөлімінің аға кітапханашысы Қадралиева Қ., балалар кітапханасының кітапханашысы Жұмалиева А. қатысып қайтып, кітапханашылар арасында алған әсерлерін, оның өту бағыты туралы ой бөлісіп пікір алмасты.

        Осы жылдың қыркүйек айының 14күні А. Гайдар атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының 45 жылдығы шеңберінде өткен «Кітапхана салт- дәстүрлер мен ұлттық мәдениетті сақтау және дамыту ортасы» атты ғылыми- практикалық конференцияға ОКЖ-нің директоры  М.М.Нарынова, қазан айының 11 жұлдызында балалар әдіскері Жұмалиева Алмагүл Қаратөбе ауданында өткен «Кітапхана-ұлы мәдени мұраның бастауы» тақырыбында облыстық аймақтық зерделі кеңеске қатысып қайтты.

        Қараша айында облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарының кітапханасында ұйымдастырылған «Зағиптарға және басқа өмірлік әрекеттері шектеулі азаматтарға кітапханалық қызмет ұйымдастыру» атты семинар жұмысына кітап қорын өңдеу бөлімінің меңгерушісі А.Л.Ғабдушева қатысты.

        Орал қаласында қараша айының 22-23 күні өткен «Батыс Қазақстан облысы кітапханалары қазіргі қоғам негізінде» атты облыстық кітапханашылар форумы мен Облыстық Ж.Молдағалиев атындағы әмбебап кітапханасының құрылғанына 135 жыл толуына орай өткізілген шараға ОКЖ-ідиректоры М.М.Нарынова мен әдістеме бөлімінің меңгерушісі Н.С.Мұқанбетқалиевалар қатысты.Осы шарада кітапхана ісін дамытуға, тұрғындарға ақпарат жеткізу ісіне қосқан үлесі үшін аудандық балалар кітапханасының басшысы Ж.З.Тұяқова Облыс әкімінен Алғыс хатпен марапатталуы, кітапхана ісінің үздік қызметкерлері туралы «Мамандығын мәртебелі еткендері» сериясы 2-шығарылымына Күйгенкөл ауылдық кітапханашысы Т.Ғұбашқызының енуі кітапхана саласындағы үлкен маңызы бар жетістіктер деп айта аламыз.

        2007ж А.Шынтемірова наурыз айында Алматы қаласындағы   «Мәдени саясат және өнертану институты» жанындағы білімін жетілдіру және мамандарды қайта даярлау курсына барып оқып қайтса, облыстық А.Гайдар атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 4 сәуірде өткен «Кәсіби маманның шеберлігі-білімділігінде» тақырыбында облыстық семинарға балалар кітапханасының кітапханашысы  Ш.Жұматова  қатысып қайтты.

        Облыстық Ж.Молдағалиев атындағы кітапханада ауыл кітапханалары үшін «Кітапхана қызметін автоматтандыру» тақырыбында ақылы курсқа оқуға аудандық кітапхананың ақпаратты- библиография бөлімінің  кітапханашысы Н. Сабирова қатысып, біліктілігін көтерді.

        Маусым айының 20-22 жұлдызында Жаңақалада өткен «Кітапхана- өлке тарихын зерттеу және сақтау орталығы» атты облыстық зерделі кеңеске ОКЖ- директоры М.Наринова мен  ақпаратты библиография бөлімінің кітапханашысы Н.Сабирова  қатысты.

        Шілде  айының 12-13 күндері Шыңғырлау ауданында өткен «Балалар мен жасөспірімдерді Қазақстандық патриоттыққа тәрбиелеу бағыттары» тақырыбында облыстық зерделі кеңеске аудандық кітапхананың балалармен жұмыс жүргізуші әдіскер А.Джумалиева қатысып қайтса,

        26-27 күндері Ақжайық ауданында өткен «Кітапханалар жүйесін модеринизациялау: аймақтық аспектілер мен негізгі басымдылықтар»  тақырыбында облыстық зерделі кеңеске  ОКЖ-і директоры М.М.Наринова мен Қайратауылдық кітапханашысы Ш:Қошетова қатысып қайтты.

        Облыстық Гайдар атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Шәнгерейдің шұғылалы жырлары» тақырыбында өткен шығармашылық байқауға қатысқан  балалар кітапханасы, Борсы, Ұзынкөл, Қайрат кітапханалары дипломмен және сыйлықтармен марапатталды.

        Республика күні мен «Қазақстан-2030» стратегиясын  қабылдау күнінің 10 жылдығына байланысты аудан әкімі әртүрлі салада жұмыс істейтін үздік қызметкерлерді марапаттап, оларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Осындай атaлымға біздің кітапханадан «Үздік кітапханашы» номинациясы бойынша Ж.С.Бірманова  марапатталды.

        5-6 желтоқсан күндері Орал қаласында Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық ғылыми- әмбебап кітапханасында Қ.Жұмағалиевтің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған «Сан қырлы дарын» атты ғылыми- практикалық конференциясы мен «Үздік ауылдық кітапханасы» байқауы қорытындысына ОКЖ-і директоры М.М.Наринова мен Қайрат ауылдық кітапханашысы Ш.Қошетова қатысып, байқауға ұсынылған Қайрат ауыл кітапханасы жұмысы / бейне ролик/ « Ынталандыру» сыйлығына ие болды

        2008 жылы aудандық кітапханада ақпаратты- библиография бөлімінің ұйымдастыруымен «Заманымыздағы ақпараттық жұмыстар» тақырыбында зерделі кеңес өтті.

        2009 жылы аудандық ғылыми- әдістемелік тәжірибе орталығы қызметкерлерінің құрастыруымен «Апта адамымен Бастамашыл топ» туралы жинақ жарық шықты.

        Бөрлі ауданында «Кітапхана және балалармен жасөспірімдердің ақпаратты мәдениеті «аймақты семинарға Ақпаратты- библиография бөлімінің басшысы Ж.Бірманова мен аудандық балалар кітапханасының басшысы Ж.Тұяқова қатысты.

        Сырым ауданында өткен «Оқу ұлт мәдениетінің негізі «тақырыбындағы аймақты семинарға аудандық балалар кітапханасының басшысы Ж.Тұяқова, Талов ауылдық кітапханасының меңгерушісі А.Абдуллина  қатысты.

        Х.Есенжанов атындағы облыстық жасөспірімдер мен балалар кітапханасының базасында өткен «Жастарға экологиялық тәрбие берумен ағарту жұмысында кітапхана маңызды жүйе «тақырыбындағы семинарға аудандық балалар кітапханасының басшысы Ж.Тұяқова, кітап қорының өңдеу және толықтыру бөлімінің басшысы қатысты.

        Аудандық кітапханада «Жасөспірімдерді патриоттық тәрбиелеуде кітапханадағы жұмыстардың маңыздылығы» тақырыбында  аудандық семинар оздырылды.

 

        «Үздік кітапханашы» облыстық кітапханашылар байқауына оқырман қамту бөлімінің басшысы А.Тастанова қатысып, алғыс хатпен марапатталды. 



 

 

 



 

 

 



 

 

2010 жыл.



        Теректі ауданында  «Кітапхана ұлттық өнерде насихаттаушы, сақтаушы және келер ұрпаққа жеткізуші» семинарына аудандық балалар кітапханасының басшысы Ж.Тұяқова, балалармен жұмыс жүргізуші әдіскер А.Джұмалиева қатысты.

        Бөрлі ауданы Ақсай қаласында өткен «Кітапхана мәдениет диалогінің орталығы «облыстық семинарға аудандық ОКЖ директоры М.Наринова , оқырман қамту бөлімінің басшысы А.Тастанова қатысып қайтты.

 

        Аудандық орталық кітапханаға жаңадан түскен көркем  әдебиеттер:



Жалпы саны-309

Қазақ тіліндегі-255

Оның ішіндегі:

Саяси әдебиеттер-78

Көркем әдебиеттер-145

Тіл және әдебиеттану-73

Спорт саласы-10

Жаратылыстану-2

Ауыл шаруашылық-1

 

        Жаңадан түскен әдебиеттерге «Кітаптар жаңалығы» тақырыбында ақпаратты- библиография бөлімі шолу өткізіп, әдебиеттер тізімі шығарылып отырылады. 

 

 



 

 

 



 

        84.Қаз 7-44 Мекебаев А. Айлы түннің көлеңкесі:  Әңгімелер мен повестер.- Алматы: Жалын баспасы ЖШС, 2007-320 бет. Белгілі жазушының жаңа кітабында адам жанының әрқилы сәттері, қылығы, қуанышы мен іреніші, қиын сәттерде өзін қалай ұстай білуі, кейде арандатушыларды ықпалымен ағатайық басуы көркем суреттеледі.  

        84. Қаз 7-44 Тоқмырзин Қ. Керза ман: Тарихы роман. 2 кітап.-Алматы: Қайнар баспасы, 2007-304 бет. Бұл кітап Есет Көтібарұлы батыр бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне арналған. 2005 жылы «Қайнар» баспасынан жарық көрген тарихи романның жалғасы. Шығарма сол заманда жазылған тарихи құжаттармен үндесіп отырады.

        84.Қаз 7-44Төреханов Ә. Ескендір мен Роксана.-Алматы: Өлке баспасы, 2006-400 бет. Эрнест  Төрехановтың «Ескендір мен Роксана» тарихи романның басты кейіпкерлері-патшалар, ғұламалар, әскери қолбасшылар. Ұлы Даланың дана қызы Роксананың елін қанды қырғынан, жат елге бодан болудан сақтау бейнесі аса көркем нанымды шыққан. Адами қасиеті әсерлі қамтылған.

        84 Қаз 7. Шығармалар жинағы: 1-том. Құрастырған: Қ. Бегалин-Балалар әдебиеті баспасы, 2007.-243 бет. Көркем, көрнекті шығармалар мен,халқының құрметіне бөлініп өткен аяулы ардагер ағамыз, қазақтың белгіліақын-жазушысы Сапарғали Бегалин туралы естеліктер. Бұл жинақта Сапарғали менқатар жүрген замандастарының естеліктері ұсынылып отыр.

        84 Қаз 7-44. Отарбаев Р. Екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы. 1-том-Алматы, Өлке баспасы, 2006-256 бет. Қазақтың талантты жазушысы Рақымжан Отарбаевтың бұл жинағына кезінде оқырманның ықыласына бөленген бір топ хикаятымен әңгімелері еніп отыр.

        84 Қаз 7-44 Баққожа Мұқай Таңдамалы шығармалары. 1-том.-Алматы, Ана тілі баспасы, 2006-472 бет. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты жазушы- драматург Баққожа Мұқайдың көп томдық таңдамалы  шығармаларының бірінші томына 1966-1976 жылдары жазылған дүниелері енді.

        84 Қаз 7-5. Қыз Жібек. Лиро-эпостық поэма.-Алматы: Мектеп, 2003-128бет. Қазақ халқының эпостық мұраларыныңозық үлгісі- «Қыз Жібек» поэмасы оқырмандарды өз мәдениетінің бастаулары танып-білуге бір қадам жақындата түспек.

        84 Қаз7-5 Торайғыров С. Сарыарқаның жаңбыры: өлеңдер мен дастандары / Құрастырған Е.Дүйсенбайұлы / + Алматы, Рарнтет, 2007-208 бет- «Алтын қор» кітапханасы. Ақынның жинағы жас ұрпақты елге пайдалы есті азамат болуға үндейтін үлгі- өнегесі мол өлең- дастандарынан құрастырылды.

        84 Қаз7-5. Молдағалиев Ж. Мен-қазақпын: өлеңдер мен поэмалар /Құрастырған Е.Дүйсенбайұлы / + Алматы, Раритет, 2007-240 бет.- «Алтын қор» кітапханасы.  Көрнекті ақын Жұбан Молдағалиевтың бұл кітабына таңдаулы өлеңдері мен қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған «Сел», «Мен қазақпын», «Жыр туралы жыр» секілді белгілі поэмалары сұрыпталған.

        84 Қаз7-5. М.Шаханов. Дара талғам қасіреті: поэмалар, өлеңдер, балладалар, әндер- Алматы, Раритет, 2007-264 бет. «Алтын қор» кітапханасы. «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» атанған, қазақтың талантты ақыны Мұхтар Шахановтың бұл кітабына жаңа жырлары және әр кезінде жазылған таңдамалы өлең, балладалары, шағын поэмалары, әндері енді.

 

Көркем әдебиеттер   орыс тілінде



 

        Золотая Орда: Роман-трилогия.-Алматы, Фонд им. И.Есенберлина, 1999-448 стр. В знаменитой исторической трилогии Ильяса Есенберлина «Золотая Орда», говарится о периоде весьма далеких лет, имеющее исключительно важное значение для развития этногенеза казахского народа и становления его будущей государственности.



        Кочевники: Ист. трилогия.-Алматы, Издательскийдом Кочевники, 2005.-616 стр. Трилогия Ильяса Есенберлина- многотомное, многоплановое произведение, воссоздающее историю казахского народа с ХV века. В нем показан процесс обьединения казахских племен после распада империи Тимура, борьба с иноземными заволвателями. 

        Дом скитальца Роман.-Алматы, Раритет, 2007.-384 стр. Библиотека «Алтын қор». В романе отражена трагическая и драматическая судьба российских немцев, депортированных в 1941 году в Kазахстан, в нем описываются нелегкий процесс в живания переселенцев в новую среду. В жизни трех поколений одной немецкой семьи отразилась живая история народа, обретшего в Казахстане принет и надежд

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет