Жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы



Дата24.02.2016
өлшемі12.82 Kb.
#12324
Жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі


ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;

2) жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялауға қойлатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы


30 қыркүйектегі № 1481 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2000 ж., № 41, 479-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегі № 1481 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы № 285 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 13, 151-құжат);

3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі № 779 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 31, 414-құжат) 1-тармағының
2) тармақшасы.

3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет