Ж.Әскербекқызы Жалғыздық Күңгірт тартып күлгін күн



Дата30.09.2022
өлшемі16.34 Kb.
#461655
орта киши буын Арай


Ж.Әскербекқызы
Жалғыздық
Күңгірт тартып күлгін күн...


Күңгірт тартып күлгін күн,-метафора
Жігерімді құм қылдың...
Сезім болды күл-парша,
Қай түні еді мың бірдің?!- риторикалық сұрақ
Басылмады солығым,
Жан-жүрегім толы мұң.
Күні қайсы, түн қайсы...
Мені кімге жорыдың?! -риторикалық сұрақ
Күн шындық та, түн сұмдық,-метафора
Сол шындыққа құлшындық.
Түн қойнында тартынбай,
Күн шыққанда қымсындық.
Жұлдыз біткен жымыңдап,
Әлденені тұр ымдап.-кейіптеу
Сылқ-сылқ күлер егде өзен,
Құлағыма сыбырлап.-кейіптеу
Түн қойнында – бұламын,
Күнге де аздап ұнадым.
Түн мен күннің арасы –
Менің сәттік тұрағым.
Таңырқама сен бүгін,
Бұлдық жетіп кергідім.
Мың бір түнім таусылды,
Жатырқай ма енді күн?!- - риторикалық сұрақ
Сезімімді тұл қылдың,
Сағымды мың сындырдың.
Шындық деп ем... неліктен
Күңгірттендің... күлгін Күн?!- риторикалық сұрақ


Сатылай кешенді талдау
Тақырыбы: Күнге мұң немесе мың бір түнге сыр
Идеясы:Күнге мұң шаққан жас қыз бейнесі көз алдымызға келеді. Қыздың әлденеден бәлкім махаббаттан көңілі қалған. Бұл жерде күлгін күн деген астарлы сөз болып тұр. Жүректегі мұңын оқырманға жеткізуі осы өлеңнің идеясы деп білемін.
Авторлық ұстаным:жалғыздық сарынды көрсетеді.Жан дүниесінің құлазуын өлеңмен емдеуге тырысады
Лирика: көңіл-күй лирикасы


Ғаламдық.
Айға сыр айту


Ай туыпты тігінен –метафора
Айналайын деп тұрдым.
Айға қарап түнімен
Ақ қағазға төктім мұң.-метафора
Ай туыпты ағарып,
Айтылады-ау бір арман.
Жандағы мұң жаңарып,
Қолын бұлғап тұр алдан.
Ай жылады, білдің бе?-кейіптеу, рит сұрақ
Айнығаның бұл сенің
Селт етпеді түн мүлде – кейіптеу
Сенделеді тұл сенім...


Сатылай кешенді талдау
Тақырыбы: Айлы түн
Идеясы: Айға қарап түнімен
Ақ қағазға төктім мұң.
Авторлық ұстаным:белгілі нақты ұстаным емес керісінше оқырманға бір үзік сыр жеткізгісі келгендей.
Лирика: көңіл-күй лирикасы


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет