ҰЙҒарым іс жүргізуге қабылдау және азаматтық іс қозғау туралы «10» қыркүйек 2022 жыл Орал қаласы



Дата29.09.2022
өлшемі12.08 Kb.
#461600
түріҚұрамы
ұйғарым


ҰЙҒАРЫМ
Іс жүргізуге қабылдау және азаматтық іс қозғау туралы
«10» қыркүйек 2022 жыл Орал қаласы

№2 Орал қалалық соты құрамында төрағалық етуші судья А.С.Мулдагалиева, қысқартылған (жазбаша) тәртіппен сот ғимаратында Балманова Бекзада Арматқызының берген талап арызымен танысты.



АНЫҚТАҒАНЫ:
Арыз беруші жоғарыда айтылған талап арызымен сотқа жүгінді. Қазақстан Республикасының АІЖК 26-бабына сәйкес талап арыз қаралуға және №2 Орал қалалық сотының шешілуіне жатады.
Талап қоюшы талап қою кезінде Қазақстан Республикасының АІЖК 148 және 149-баптардағы талаптарды толықтай сақтады.
Талап қоюшы ұсынған материалдар арызды соттың іс жүргізуіне және азаматтық істі қозғау үшін жеткілікті болып табылды.
Талап арыз қазақ тілінде берілген. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 14-бабының 2-бөлігіне сәйкес сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Қазақстан Республикасының АІЖК 150 және 14- баптарын негізге ала отырып, судья,

ҰЙҒАРДЫ:
№2 Орал қалалық сотының іс жүргізуіне осы талап арыз қабылдансын. Балманова Бекзада Арматқызы өзінің Алматов Бекзат Алматұлымен арадағы туыстық қатынас факторлерін анықтау туралы.


Судья А.С.Мулдагалиева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет