Жиа жедел түрлері науқастарының метаболизмдік синдромға байланысты антиагрегантты ем фонындағы клиникалық НӘтижелері



Дата30.06.2016
өлшемі50.5 Kb.
#166915
    Бұл бет үшін навигация:
  • Емдеу
ЖИА ЖЕДЕЛ ТҮРЛЕРІ НАУҚАСТАРЫНЫҢ МЕТАБОЛИЗМДІК СИНДРОМҒА БАЙЛАНЫСТЫ АНТИАГРЕГАНТТЫ

ЕМ ФОНЫНДАҒЫ КЛИНИКАЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІ
Ш.Т. Жукушева, М.С. Мұқтарова, С.Б.Қасымханова
Семей мемлекттік медицина университеті,

Жедел медициналық жәрдем ауруханасы


Семей, Қазақстан
Мақсат: Метаболизмдік синдромды миокард инфаркты науқастарының антиагрегантты емдеудегі клиникалық нәтижелерін бағалау.

Материалдар мен әдістер: Метаболизмдік синдромды миокард инфарктысы бар 55 науқас тексерілді, орта жасы 57,2±2,0 жас, оның ішінде ерлер-38, әйел адамдар-17. 1-топты аспиринмен дәстүрлі емді жалғастырған 17 науқас құраса, 2-топты дәстүрлі ем + клопидогрел 75мг/күніне қосып емдеуді жалғастырған 19 науқас құрады. Төмен мөлшердегі аспирин фонындағы гепаринді алып тастағанда 5 күннен кейін 2 апта бойына тәулігіне 1 рет 75 мг клопидогрел, одан кейінгі 2 аптада 2дражеден тәулігіне 3 рет флогэнзим + кардиомагнил 75 мг/тәулігіне тағайындалған 19 науқастар 3-топты құрады.

Метаболикалық синдромды миокард инфаркты науқастарындағы антиагрегантты емдеудегі клиникалық нәтижесін бағалау үшін біз келесі клиникалы-аспапты талдауларды қолдандық: инфаркт миокард қайталануы дамуының жиілігі; электрлі кардиография суретінің динамикасы; инфарктен кейінгі стенокардияның ерте дамуы;



Алынған нәтижелер Жасаған емге орай миокард инфаркты қайталану жиілігін зерттеу қортындысы 1-кестеде берілген.
1-кесте. Клопидогрел мен СЭТ дәрісін қолданып, дәстүрлі емдегі аспирин төзімді науқастарында миокард инфаркты қайталануының жиілігі

Емдеу


Қайталану жиілігі

абс.

%

Аспиринмен дәстүрлі емдеуді жалғастыру, n=17

4

23,5

Дәстүрлі ем + клопидогрелмен емдеуді жалғастыру, n=19

2

10,5

Дәстүрлі ем + аз мөлшерлі аспирин фонындағы флогэнзим + клопидогрелмен емдеуді жалғастыру, n=19

1

5,3

Біз осы кезде бар қорытындыға орай миокард инфарктының ерте мерзімде дамуындағы гемостаз жүйесінің қан жүйелік тромбоцит тізбегі жағдайының жоғарғы мәнділігіне қараған едік және науқастар клиникада болған кезеңнің басқы 2 аптасында және келесі 12 апта амбулаторлы бақылаудағы миокард инфарктының қайталану жиілігін анықтадық.

Алынған қортындылардан көрініп отырғандай, жалпы алғанда аспиринге сезімталдылығы төмен (12,7%) 55 науқастардың ішінде 7 науқаста инфаркт миокардтың қайталануы тіркелген, соның ішінде дәстүрлі ем алған ерте инфаркт кезеңіндегі 17 науқастың 4-інде (23,5%), клопидогрел қосымша берілген 19 науқастың 2-інде (10,5%), СЭТ дәрісі берілген жаңа үлгідегі 19 науқастың біреуінде (5,3%).

Тексерілген науқастардың ЭКГ динамикасы стационарға жатқызылғаннан клиникада болған кезеңнің және келесі 12 аптадағы амбулаторлы бақылануымен бағаланды. Инфаркт дамуының бірінші тәулігінде бақыланған ST сегментінің сол сермелердегі көтерілу жиынтығы барысын талдадық. Алынған талдаулар 2-кестеде көрсетілген.


2-кесте. АСҚ-мен ем жалғастыру, қосымша клопидогрел және аз мөлшерлі аспирин фонындағы флогэнзим мен клопидогрел үлгісін тағайындау барысындағы аспиринге төзімді миокард инфаркты науқастарының ЭКГ динамикасы

Емдеу

ST сегментінің көтерілу жиынтығының азаю динамикасы, мм


Аспиринмен дәстүрлі емдеуді жалғастыру, n=17

7,20,4

Дәстүрлі ем + клопидогрелмен емдеуді жалғастыру, n=19

10,40,8*

Дәстүрлі ем + аз мөлшерлі аспирин фонындағы флогэнзим + клопидогрелмен емдеуді жалғастыру, n=19

11,3±0,7**

Ескерту - * - p<0,05 – салыстармалы топпен айырмашылығы анық (Аспиринмен емдеуді жалғастыру), ** - p<0,01

ЭКГ суретінің динамикасы емдеу кезінде ST көтерілу жиынтығының азайу дәрежесін анықтау екі топтада да антиагрегантты емдеу коррекциясы жоғары түрде анық болып шыққан (44,4%-ға (p<0,05) және 56,9%-ға (p<0,01).

Алынған талдаулар емдеу барысындағы жаңа үлгідегі тәсілдерді қолдану жанама түрде инфаркт аймағын қоршаған тіндердегі қан айналым дәрежесін бірталай жақсартуға септігін тигізіп қана қоймай, сонымен қатар «жарты көлеңке» аймағындағы қан ағу коллатералліне және микроайналымына да оң әсер етуі мүмкін екенін дәлелдейді.

Миокард инфарктысы бар науқастардағы ерте постинфаркты стенокардияның даму жиілігі клиникалық бақылаудың негізгі өту кезе ңінде бағаланды (1 ай). Берілген талдаулар 3-кестеде көрсетілген.


3-кесте.Тексерілген науқастардағы ерте постинфаркты стенокардияның (ЕПИС) даму жиілігі.

Емдеу


Ерте постинфаркты стенокрдияның даму жиілігі

абс.

%

Аспиринмен дәстүрлі емдеуді жалғастыру, n=17

7

41,2

Дәстүрлі ем + клопидогрелмен емдеуді жалғастыру, n=19

4

21,1

Дәстүрлі ем + аз мөлшерлі аспирин фонындағы флогэнзим + клопидогрелмен емдеуді жалғастыру, n=19

3

15,8

Миокард инфаркты науқастарындағы ерте постинфаркты стенокардияның даму жиілігі біршама жоғары болған, бірақ басты түрде дәстүрлі емделу тобында.



Сонымен қатар, көрсетілген талдаулардан шығаратын қортынды, дәстүрлі емдеумен салыстырғанда, клопидогрелді қосып емдеу өткізілгеннен кейін ЕПИС даму жиілігі 48,9%-ға, ал аз мөлшерлі аспирин фонындағы СЭТ дәрісін клопидогрелмен қосып қолдану барысында 61,7%-ға төмендеген.

Қорытынды: Жалпы алғанда гемостаз жүйесін коррекциялайтын жасалған тәсілдерді қолдану миокард инфарктының клиникалық ағымының жақсаруына оң әсерін тигізді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет