Жиынтық бағалау оқытудың нәтижелерін жіктеу, сертификаттау және тіркеу мақсатында оқытудың қорытындыларын шығару. Жиынтық бағалау оқу циклдері мен сатылары аяқталғанда жүзеге асырылып, оқушының белгілі бір кезеңдегі дайындық деңгейінің көрсеткіші болып
Жиынтық бағалау оқытудың нәтижелерін жіктеу, сертификаттау және тіркеу мақсатында оқытудың қорытындыларын шығару. Жиынтық бағалау оқу циклдері мен сатылары аяқталғанда жүзеге асырылып, оқушының белгілі бір кезеңдегі дайындық деңгейінің көрсеткіші болып табылады, біртұтас бағалау критерийлері негізінде іске асырылады.
Қалыптастырушы бағалау Қалыптастырушы бағалау сыныптағы күнделікті жұмыс барысында жүзеге асырылып, оқушының ағымдағы оқу үлгерімінің көрсеткіші болып табылады. Оқушы мен мұғалім арасында кері байланысты қамтамасыз етіп, оқу үдерісіне уақтылы өзгеріс енгізіп отыруға мүмкіндік береді.
Мұғалімдер Оқытудың сапалы нәтижелерін алуға мүмкіндік беретін бағалау критерийлерін жасауға;
Өз жұмысын талдау мен жоспарлау үшін жедел ақпарат алуға;
Оқытудың сапасын жақсартуға;
Әр оқушының жеке ерекшеліктері негізінде жеке оқу
траекториясын құруға;
Бағалаудың әр түрлі құралдары мен амалдарын тиімді
қолдануға;
Оқу бағдарламасы мазмұнын жетілдіру бойынша құнды
ұсыныстар жасауға.
Оқушы Өз түсінгендігін көрсету үшін түрлі оқыту стилдері және ойлау әрекеттері мен қабілеттерін пайдалану;
Табыс критерийі маңызын түсіну, нәтижені болжау үшін бағалау критерийлерін білу мен түсіну;
Өзін және өзгелерді бағалай отырып, рефлексия жасауға қатысу;
Өз білімін нақты мәселелерді шешу, түрлі көзқарастарды жеткізу, сыни ойлауын көрсету үшін пайдалану.
Ата-аналар Баланың оқу деңгейі туралы дәлелдемелер алып отыру;
Баланың оқудағы ілгерілеуін қадағалау;
Оқу барысында балаға қолдау жасау.