Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Әдебиеттік оқу 3-сынып



бет9/20
Дата13.05.2022
өлшемі0.98 Mb.
#456841
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
әдеб 3 сын бжб тжб

Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтар қойып, жауап береді

1


мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді:
1-сұрақ 2-сұрақ

1
1

берілген сұраққа қатысты көзқарасын айтады;

1

Шығарманың мазмұнына сүйеніп, оқиғаның дамуын болжайды

2


оқиғаның соңын мәтінмен жүйелі
байланыстырады;

1

оқиғаның мазмұнын берілген тақырыппен
сәйкестендіреді;

1

тақырыпқа сәйкес қорытынды жасайды;

1

ойын жүйелі, еркін жеткізеді;

1

сөйлеу барысында тілдік нормаларды
сақтайды.

1

Барлығы

8



«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні



Бағалау критерийі

Тапсырма


Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтар қойып, жауап береді

1


Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруде және сұраққа қатысты өз ойын айтуда қиналады.

Мәтіннің мазмұны бойынша бірінші/екінші сұрақтарға жауап беруде қателеседі.

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға дұрыс жауап береді және сұраққа қатысты өз көзқарасын білдіреді.

Шығарманың мазмұнына сүйеніп, оқиғаның дамуын болжайды

2

Мәтіндегі оқиғаның соңын болжап айтуда қиналады.

Оқиғаны берілген тақырыппен байланыстыруда/ тақырыпқа сәйкес қорытынды жасауда қателіктер жібереді.

Мәтіндегі оқиғаның соңын болжап айтады.

Әдебиеттік оқу №2 «Сәулет» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау



Сөйлеу әрекетінің
түрлері

Оқылым
Жазылым

Оқу мақсаты

3.2.1.2 Шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу
3.3.2.1 Шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, белгілейді

  • Оқығаны/көргені бойынша мәтін құрап жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

  1. тапсырма

Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.

Астана қаласы жылдан-жылға көркейіп келеді. Оның жаңадан салынған ғимараттары мен әдемі алаңдары көз тартады. Қалада биіктігі 100 метрден асатын ғимараттар көп. Мысалы, «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының бас ғимараты заманауи үлгіде жасалған зәулім мекеме. Биіктігі – 175 метр. «Меруертті мекен» - әртүрлі биіктіктегі көп қабатты тұрғын үй кешені. Арасындағы ең биігі 210 метрге жуықтайды. Ғимараттың соңғы қабатының аумағы бірінші қабаттан 15 метрге артықтығымен ерекшеленеді.


Қазір мұндай ғимараттар Астананың мақтанышына айналған.



    • Сәйкестендір.

мекеме ғимараты
«Меруертті мекен»
ойын-сауық орталығы
«Қазақстан Темір Жолы»
тұрғын үй кешені






  1. тапсырма

Берілген суреттер мен тірек сөздерді пайдаланып, Қазақстанның танымал ғимараттары туралы мәтін құрап жаз.


Тірек сөздер: сәулетті, зәулім, көрікті, көз тартады, сәулет өнері, бірегей туындылар.


«Бәйтерек» монументі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі


«Медеу» мұз айдыны Бейбітшілік пен келісім сарайы







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет