Жіктелуі: І тапшылық


Этиологиясы және патогенезі



бет2/2
Дата21.02.2024
өлшемі37 Kb.
#492711
түріҚұрамы
1   2
1-Анемия

Этиологиясы және патогенезі
Бейімдеуші факторлар: қолдан тамақтандыруға ерте көшіру, қосымша тамақты кеш енгізу, тамақтың бір түрін беру (сүтті, углеводты), вегетариандық тағамдар, баланың жиі аурулары, мешел, гипотрофия, шала туылу.
Аталған факторлар нәтижесінде организмде зат алмасу түрлері бұзылады, әсіресе Fe-дің қорытылуы. Fe-дің жетіспеуі организмдегі Fe қорындағы өзгерістерге әкеледі (бауыр, бұшық ет, сүйектің қызылмиы). Ал Fe оттегін тасымалдаушы Нb-нің негізгі құрылымы болып табылады. Организмге Fe сырттан тек ғана тамақпен түседі.
Белок тапшылығы - қордағы Нb түзуші Fe мен белоктың тасымалдауына жауап беретін белоктардың түзілуіне кедергі жасайды.
Витамин жетіспеушілігі (В1, В2, В6, РР, С) белок алмасуына және де метаболизмнің басқа түрлеріне әсер етеді, әсіресе В12 мен фолий қышқылы.
Клиникасы
Теміртапшылық анемияның келесі түрлерін ажыратады:

  • жеңіл (Э -3,0-4,0х1012/мм, Нb-90-100 г/л)

  • орташа ауыр (Э – 2,0-3,0х1012/мм, Нb-70-90 г/л)

  • ауыр (Э- 2,0х1012/мм, Нb – 70 г/л және одан төмен)

Жеңіл түрінде баланың жалпы жағдайы өзгермейді. Дене салмағы төмендейді, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі байқалады.
Орташа ауыр түрінде жалпы жағдайының бұзылуы айқын байқалады: әлсіздік, апатия, адинамия, тәбеті төмен. Терісі құрғақ, шаштың түсуі, жұқаруы. Пульсі жиі (тахикрдия), жүрек ұшында функциональды шу естіледі.
Ауыр түрінде негізгі симптом тері мен шырыш қабаттарының бозаруы. Тырнақтары кедір-бұдырланып сынғыш болады. Салмақ қоспайды. Тері құрғақтығы, шаш, тырнақ, тіс әлсіздігі. Тәбет төмендеуі, кейде оның жоғалуы – тұрақты белгі. Сәбилерге тән белгі – дәм сезімінің бұрмалануы, балалар тамақ емес заттарға әуес (бор, құм, жер, көмір), соның салдарынан салмақтың қосылуы азаяды. Жүрек-тамыр жағынан – тахикардия, жүрек ұшында систолалық шу. Кейде бауыр мен көкбауыр үлкейеді.
Гипо- және апластикалық анемиялар
Бұл балаларда сирек кездесетін аурулар. Олардың пайда болу негізінде бағаналық жасушалар деңгейінде қан жасау кемістіктері жатады. Туа біткен және жүре пайда болған түрлерін ажыратады. Жүре пайда болған түрі организмнің жалпы аурларында дамиды (сепсис, тұмау, туберкулез, ревматизм), физикалық факторлар әсерінен (иондаушы радиация), дәрі-дәрмектерден (левомицетин, стрептомицин, сульфаниламидтер, т.б), хиимялық қосындылар (лак, краска,т.б).
Ауру біртіндеп басталады. Ерте симптомдары: терімен шырыш қабаттарының бозаруы, әлсіздік, шаршау, анорексия. Геморрагиялық белгілер ерте пайда болады (мұрыннан, асқазан-ішектен қан кету, тері астына қан құйылу).
Геморрагиялық анемиялар
Бұл анемиялар жедел немес созылмалы қан жоғалту нәтижесінде пайда болады. Ересек балаларда жиі кездеседі. Геморрагиялық анемиялардың клиникасы қан кетудің көлеміне, баланың жасына, себептеріне байланысты. Көп қан кеткен жағдайда геморрагиялық шок дамиды.
Гемолитикалық анемиялар
Бұл анемиялар эритроциттердің тез ыдырауына байланысты пайда болады. Туа біткен және жүре пайда болған түрлерін ажыратады. Туа біткен түрі – Минковский-Шоффар микросферацитарлық гемолитикалық анемиясы. Бұл аурудың негізінде эритроциттердің қабығының жетілмеуі жатыр. Гемолитикалық синдром 3 белгілермен өтеді: сарғаю, анемия, спленомегалия. Жүре пайда болған түрі жұқпалы аурулардан кейін дамиды (ЖРВИ, пневмония, инфекциялық мононуклеоз, т.б). Анемия мен сарғаю айқын байқалмайды.
Диагностика
Диагноз клиникалық белгілерге, анамнезге және лабораториялық зерттеулер нәтижесіне негізделіп қойылады.
Қанның жалпы анализінде: эритроциттер саны азаяды, гемоглобин саны өзгереді (төмендеуі – гипохромдық анмеия, өзгермеген – нормохромдық, жоғарылауы – гиперхромдық анемия), ЭТЖ жоғарылайды. Теміртапшылық анемияда темір деңгейінің төмендеуі, витаминтапшылық анемияда эритроциттердің дегенеративтік түрлері пайда болады (Жоли денелері, Кэбот сақиналары), белоктапшылық анемияда диспротеинемия, гипо- және апластикалық анемияда лейкопения, тромбоцитопения.
Емдеуі:

  • себебін анықтау және жою

  • режим және тамақтануды ұйымдастыру

  • негізгі патогенетикалық терапия – темір препараттарын тағайындау. Жеңіл және аурылығ орташа түрінде еківаленттік темір тұздары per os тағайындалады (лактат железа, гемостимулин, гематоген т.б). Ауыр түрінде үшваленттік темір тұздары парентеральдық жолмен (феррум-лек, ферковен, ферамид, фербитол т.б). Сонымен қатар витаминтерапия (аскорбин қышқылы, В тобының витаминдері, фолий қышқылы т.б)

  • гипо- және апластикалық, геморрагиялық және туа біткен гемолитикалық анемияларда қан препараттарын (эритроцитарлық масса, тромбоцитарлық масса, плазма); гормондар.

  • Тамқа рационында: темірге, мыс, кобальт, никель, марганец және витаминдерге бай тағамдар (жасыл бұршақ, сүзбе, жұмыртқа, бауыр, ет, қарақұмық, қызылша, капуста, картофель, алма т.б). Тамақта сүт өнімдерін шектеу (темір қорытылмайды).

Алдын алуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет