Жылдарға арналған Қарғалы ауданының бюджеті туралы



Дата04.03.2016
өлшемі65.93 Kb.
#37257



2016-2018 жылдарға арналған

Қарғалы ауданының бюджеті туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 9 бабының 2 тармағына сәйкес Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2016-2018 жылдарға арналған Қарғалы ауданының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2016 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 2 885 162 мың теңге;

оның ішінде:

салық түсімдері бойынша  445 938 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша 32 604 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан

түсетін түсімдер бойынша 2 000 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша 2 404 620 мың теңге;

2) шығындар 2 885 162 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру 19 760,3 мың теңге;

оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 31 815 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 12054,7 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын

операциялар бойынша сальдо 0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - 19 760,3 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру 19 760,3 мың теңге.

2. Аудандық бюджеттің кірісіне мыналар есептелетін болып белгіленсін:

жеке табыс салығы;

әлеуметтік салық;

жеке және заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер мүлкіне салық;

жер салығы;

бірыңғай жер салығы;

көлік құралдарына салық;

акциз, мыналарға:

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне;


бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынына акциздер;

жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;

жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;

қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;

заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;

жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;

жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алым;

көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алынатын алым;

ойын бизнесіне салық;

республикалық бюджет есебіне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж:

коммуналдық меншіктен түсетін кірістер;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;

аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге салынатын айыппұлдар, өсімдер, санкциялар, өндіріп алулар;

аудан бюджетіне түсетін басқа да салықтық емес түсімдер;

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер.

3. Қазақстан Республикасының «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 5 бабына сәйкес жұмыс берушілер еңбекке уақытша жарамсыздығы, жүктілігі мен босануы бойынша, бала туған кезде, жерлеуге есептеген, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленіп келген жәрдемақы сомаларының аталған қорға аударымдардың есептелген сомаларынан асып түсуі нәтижесінде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған теріс сальдо ай сайын жалақы қорының 4 пайызы шегінде әлеуметтік салық төлеу есебіне жатқызылады.

4. Қазақстан Республикасының «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 11 бабына сәйкес:

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

1) жалақының ең төменгі мөлшері – 22 859 теңге;

2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-

ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық

есептік көрсеткіш - 2 121 теңге;

3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 22 859 теңге мөлшерінде белгіленгені еске және басшылыққа алынсын.

5. Қазақстан Республикасының «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 12 бабына сәйкес, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделі бойынша еңбекақы төлеу, соңдай-ақ оларға лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін 10 пайыз мөлшерінде ай сайынғы үстемеақы төлеу белгіленді.   

6. 2016 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен берілген субвенция көлемі - 1 554 396 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін.

7. 2016 жылға арналған аудандық бюджетте жан басына шаққандағы қаржыландыруды ендіру бойынша сынақтан өткізу үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес орта білім беру ұйымдарында 10-11-сыныптар үшін білім беру процесін жүзеге асыруға көзделген шығыстарды беруге байланысты облыстық бюджетке түсетін ағымдағы нысаналы трансферттер 13 019 мың теңге сомасында ескерілсін.

Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомаларын бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

8. 2016 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түскені ескерілсін:

4 000 мың теңге - мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға;

45 627 мың теңге - мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге төленетін еңбекақы деңгейін арттыруға;

388 371 мың теңге - мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлеріне, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделі бойынша еңбеақы төлеуге және олардың лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеу;

19 444 мың теңге - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға;

26 180 мың теңге – 10-11-сыныптар үшін білім беру процесін жүзеге асыруға жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынамалауға.

Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомаларын бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

9. 2016 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер және даму трансферттері түскені ескерілсін, оның ішінде:

270 262 мың теңге – білім беру объектілерін салу және реконструкциялауға ;

696 мың теңге - көп пәтерлі тұрғын үйлерде энергетикалық аудит жүргізуге;

40 000 мың теңге - аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеуге;

760 мың теңге - санитарлық союға бағытталған бруцеллез ауруымен ауырған ауыл шаруашылық жануарларының (ұсақ және ірі қара малдар) құнын (50%-ға дейін) өтеуге;

29 155 мың теңге - балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беруге;

12 474 мың теңге - балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық–педагогикалық консультациялық көмек көрсетуге;

12 088 мың теңге - патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап бағуға.

Аталған трансферттерді бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

10. 2016 жылға арналған аудандық бюджетте, Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген шарттарға сәйкес, республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы органдарға, мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға берілетін бюджеттік несиелерге 31 815 мың теңге түскені ескерілсін.

Көрсетілген ағымдағы трансферттер сомасын бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

11. 2016 жылға арналған аудандық бюджетте ауданның жергілікті атқарушы органының резерв сомасы 9 009 мың теңге болып бекітілсін.

12. 2016 жылға арналған аудандық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын аудандық бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

13. 2016 жылға арналған ауылдық округ бюджеттік бағдарламалары 5 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

14. Осы шешім 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.




Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы
__________ А.Утегенов ____________ І.Кунакбаев




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет