Жылдарға арналған Астана қаласы бюджетінің негізі параметрлері жөніндегі ақпарат



Дата25.02.2016
өлшемі150.05 Kb.
#25375
2013-2015 жылдарға арналған Астана қаласы бюджетінің негізі параметрлері жөніндегі ақпарат

Астана қаласының бюджеті Астана қаласының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде қалыптастырылды, «Астана қаласының 2013-2015 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының шешімімен бекітілді және «Астана қаласының 2013-2015 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 88/11-V шешімін іске асыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 114-1858 қаулысымен іске асырылды.

Астана қаласының бюджеті Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 111/14-V шешімімен нақтыланды.


1-кесте

2013-2015 жылдарға арналған Астана қаласы бюджетінің

негізгі параметрлері

млрд. теңге


Аталуы

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

бекітілген

бекітілген

бекітілген

Түсімдер, оның ішінде:

257,6

224,5

201,2

ЖӨӨ, %

9,4

7,1

5,5

1.Кірістер, оның ішінде:

232,1

198,4

194,4

Салықтық түсімдер

100,3

103,1

109,6

Салықтық емес түсімдер

0,3

0,3

0,3

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

12,2

4,8

8,8

РБ-тен берілетін трансферттердің түсуі

119,3

90,2

75,7

2.Бюджеттік кредиттерді өтеу

0,9

0,9

0,9

3.Қарыздардың түсуі

4,4

25,2

5,9

4.Республикалық бюджеттен субвенциялар

6,9

-

-

5.Қаржы жылының басына бюджеттік қаражат қалдықтары

13,4

-

-

Шығыстар

257,6

224,5

201,2

ЖӨӨ %

9,4

7,1

5,5

Анықтама ретінде:

ЖӨӨ көлемі

2  736,2

3 148,3

3 660,6



2-кесте

«2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы № 54-V Қазақстан Республикасының Заңымен қабылданған 2013 жылғы негізгі әлеуметтік көрсеткіштер


Көрсеткіштер

2013 ж.

Өмір сүру минимумы

18 660

Зейнетақының ең төмен мөлшері

19 066

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлеу мөлшері

9 330

Жалақының ең төмен мөлшері

18 660

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК)

1 731

Түсімдер
2013-2015 жылдарға арналған жергілікті бюджет табыстарының түсімдерін болжау, Қазақстан Республикасы Бюджет және Салық кодекстерінің ережелерін, сондай-ақ басқа нормативтік құқықтық актілерді ескере отырып, Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары және бюджеттік параметрлер негізінде бюджеттің түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.

Астана қаласының 2013жылға нақтыланған бюджетінің жалпы көлемі 257 577,1 млн. теңгені құрайды.

Астана қаласының 2013 жылға меншікті табыстардың нақтыланған болжамы (трансферттер мен кредиттердің түсімдерін есептемегенде) 113 664,7 млн.теңге сомасында айқындалды, бұл 2012 жылғы бекітілген болжамнан 24 300,4 млн.теңгеге немесе 127,2% жоғары.

Жергілікті бюджеттің табыстарын арттыруға келесі факторлар ықпал етеді:

- қала экономикасының даму қарқынының болжамды өсуі, оның ішінде құрылыс жұмыстарының, өнеркәсіптік өнімнің, негізгі капиталға инвестициялар көлемінің болжамды өсуі, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және шағын кәсіпкерліктің санын арттыру;

- экономикалық белсенді халықтың болжамды өсуі;

- барлық бағыттар бойынша салықтық әкімшілендіруді жақсарту;

- салық қарызын төмендету және салықтық қызметтер сапасын арттыру.


1-кесте

Астана қаласы бюджетінің салалар бойынша шығындары, %:

(Астана қаласының 2013 жылға нақтыланған бюджеті – 257 577,1 млн.теңге)





* 1-кестеде көрсетілгендей, барлық шығындардан әлеуметтік салаға кететін шығындар 2013 жылы Астана қаласының бекітілген бюджетінде шамамен 34,2% құрайды.
Астана қаласының 2013-2015 жылдарға арналған бюджетінің шығындары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауларынан туындайтын іс-шараларды, және халықтың өмір сүру жағдайларын жақсартуға, шағын және орта бизнесті қолдауға, Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған мемлекеттің барлық басым міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған, сонымен қоса Астана қаласының 2013 жылға арналған бюджетінде әлеуметтік салаға кететін шығындар 88 205,5 млн.теңгені немесе бюджеттің жалпы көлемінің 34,2% құрайды.

2013 жылға инвестициялық жобаларды іске асыруға нақтыланған даму бюджеті 122 039,1 млн.теңгені, немесе бюджеттің жалпы көлемінің 47,4% құрады, оның ішінде нысаналы даму трансферттері109 239,7 млн.теңге, жергілікті бюджет12 759,4 млн.теңге.


Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек

млн.теңге

Атауы

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Әлеуметтік қамтамасыз ету саласына бекітілген бюджет

5 871,2

5 592,5

5 914,7

оның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін салуға және қайта жаңартуға

3,0

0

0

Әлеуметтік салада азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық бұрын қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау негізгі басымдық болып табылады.

Астана қаласы бюджетінің әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік көмекке кететін шығындары 2013 жылы 871,2 млн.теңге сомада жоспарланып отыр.

Шығындар:

- мүгедек балаларды әлеуметтік-еңбектік бейімдеуге; жалғызбасты зейнеткерлерге, мүмкіндіктері шектеулі балаларға медициналық көмек көрсетуге және күтімін ұйымдастыруға;

- жалғызбасты қарттарды және мүгедектерді; психоневрологиялық ауытқушылығы бар мүгедек балаларды; психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүгедектерді; тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдарды елорданың медициналық-әлеуметтік мекемелерінде, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерді, оның ішінде мүгедек балаларды оңалту орталықтарында әлеуметтік оңалтуға;

- еңбек нарығындағы жағдайды жақсарту, халықты жұмыспен қамтуды арттыру және жұмыссыздықты қысқарту мақсатында Жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде шаралар кешенін іске асыруға (қоғамдық жұмыстар, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау және қайта даярлау, жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындары);

- атаулы әлеуметтік көмек; тұрғын үй көмегін көрсету; 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы беру;

- мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету;

- жергілікті өкілдік органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмектің 20 астам түрін көрсету қарастырылған. Әлеуметтік көмек тегін қызметтер түрінде (тісті протездеу, санаторлық-курорттық емдеу, мүгедектерді тасымалдау, басылымдарға жазу), ақшалай төлемдер нысанында (қатты отын сатып алуға, мерекелік және мерейтой күндеріне, ЖОО оқу үшін төлеуге жалпы білім беретін мектептердің түлектеріне; ерекше мәртебеге ие адамдарға; өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға жәрдемақылар) және қалалық жолаушылар көлігі бағдарларында жолақы төлемінен босату түрінде көрсетіледі.


Білім беру

млн.теңге

Наименование

2013 год

2014 год

2015 год

Білім саласына бекітілген бюджет

37 158,6

31 318,6

38 634,7

оның ішінде білім беру объектілерін салуға және қайта жаңартуға

10 602,6

8 204,3

14 237,7

Астана қаласының бюджетінде білім беру саласына 2013 жылы бас-аяғы 37 158,6 млн.теңге сомасында қаражат қарастырылған.

Тұтас алғанда, Астана қаласының білім беру жүйесін дамыту бойынша шығындар балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуға, сапалы мектептік және кәсіптік біліммен қамтамасыз етуге, түзету мектептерінде балаларды арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтуға, сондай-ақ жетім балалардың құқықтарын қорғауды ұйымдастыруға бағытталған.

Елордада сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін білім беру ғимараттарын материалдық-техникалық жарақтандыру және күрделі, ағымдағы жөндеу шаралары қарастырылды. Сондай-ақ кітапхана қорларын жаңарту және оқулықтармен толықтыру және жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптардың барлық оқушыларын тегін тамақтандыру қарастырылған.

Бұдан басқа, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтар санын, нашақорлық пен алкоголизм жағдайларын төмендету іс-шараларын іске асыру мақсатында бюджетте балаларға қосымша білім беруге қаражат қарастырылды, ол балаларды балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерімен, спорт үйірмелерімен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ, жетім балаларды мамандандырылған білім беру ұйымдарына орналастыруға қаражат қарастырылған.

Астана қаласының білім беру саласы мекемелерінің желісі 65 бала бақшадан, 9 балалар шағын орталықтарынан, 68 мектептен, 2 қазақ-түрік лицейінен, 1 дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінен, 1 кешкі мектептен, 10 колледжден, 1 кәсіптік лицейден, 4 психологиялық-медициналық педагогикалық түзету орталығынан, 2 оңалту орталығынан, 1 балалар үйінен, 1 кәмелет жасына толмағандарға арналған панадан, 1 мектеп-интернаттан, 1 отбасылық үлгідегі балалар ауылынан, 1 ақпараттандыру орталығынан, 1 халықты бейімдеу орталығынан тұрады және балаларды қосымша біліммен қамтуды жаңа Оқушылар сарайы мен 12 ұйым жүзеге асырады.



«Балапан» бағдарламасы


Жобаның аталуы/іс-шара

2013 жыл

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру, мың теңге


2 787 155

Балалар саны, адам

12 556

Мемлекеттік бақшалардың саны

40

Жеке меншік бақшалардың саны

28

2013 жылы білім беру объектілерін дамытуға 10 602,6 млн. теңге қарастырылды, оның ішінде:

республикалық бюджет қаражаты – 9 193,2 млн. теңге, 9 мектептің құрылысына (6 жаңа мектеп, 3 жалғасатын), 1 кәсіби – техникалық мектептің (байланыс және энергиямен қамтамасыз ету), 9 жаңа бала бақшаның құрылысына және 1 бала бақшаның құрылысын жалғастыруға;

жергілікті бюджет қаражаты – 1 409,3 млн. теңге, 3 жаңа бала бақшаның құрылысына және 7 бала бақшаның құрылысын жалғастыруға.


Денсаулық сақтау:

млн.теңге

Атауы

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Денсаулық сақтау саласына нақтыланған бюджет

33 608,8

29 891,1

32 884,2

оның ішінде денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңартуға

9 786,7

12 393,5

14 352,3

Азаматтардың медициналық қызметтер алудағы қажеттілігін толық қанағаттандыру мақсатында 2013 жылғы бюджеттен денсаулық сақтау жүйесіне 33 608,8 млн. теңге қарастырылды.



Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасына бағынысты медициналық ұйымдар желісін 24 медициналық ұйым құрайды, оның ішінде: 1 036 кереуетке арналған 4 стационар, 12 амбулаторлық – емханалық ұйым (9 емхана, 1 «Демеу» отбасылық медицинаның оқу – практикалық орталығы, 1 ЖТҚС алдын алу және күрес орталығы, 1 «Стоматология» оқу – клиникалық орталығы), 1 қалалық шұғыл медициналық көмек көрсету станциясы, 5 өзге де ұйымдар және 2 білім беру медициналық ұйымы құрайды.

Бекітілген «Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шегінде амбулаторлық – емханалық көмекті кеңейтуді, жедел медициналық көмекті жетілдіруді және салауатты өмір салтын қалыптастыруды, Қазақстан Республикасында ЖТҚС алдын алу және күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруды, дәрі - дәрмекпен қамтамасыз етуді қарастырады.

Халыққа медициналық қызмет көрсетуге медициналық тапсырысты 737 651 адам көлемінде орналастыру жоспарлануда, ол келесі тарифтерден тұрады: бекітілген тұрғынға адам басына шаққанда 280 теңге, кеңестік – диагностикалық көмек 205 теңгеден.

Штаттық лауазымдар медициналық ұйымдар мен олардың бөлімшелері жұмыстарының міндеттері мен көлемдері есебімен штаттық нормативтерге, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі бекіткен бұйрықтарға сәйкес анықталынды.

Дәрі – дәрмектік шығындарды есептеу кезінде медикаменттерге, медицина құралдарына, медициналық мәндегі құралдарға, орау құралдарына, сондай-ақ реактивтерге және диагностикалық (зерттеу) қызметтерді жүргізу үшін қажетті шығыс материалдарына, дезинфекциялық құралдарға, рентген түсірілімдері үшін пленкаларға және т.б. шығыстар ескерілді.

Болжамды бекітілген халыққа медициналық көмек көрсетуге мемлекеттік тапсырысты 773 387 адам мөлшерінде орналастыру жоспарлануда, ол келесі тарифтерден шығады: бекітілген тұрғынға 280 теңге адам басына шаққандағы норматив, кеңестік – диагностикалық көмек 250 теңгеден.

Денсаулық сақтаудың күрделі шығыстары 2013 жылы 1 307,9 млн. теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен - 496,6 млн. теңге және жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 811,3 млн. теңге. Медициналық ұйымдарды материалдық – техникалық жарақтандыруға 646,6 млн. теңге және күрделі жөндеуге – 661,3 млн. теңге бағытталды.

Денсаулық сақтаудың 6 объектісінің құрылысына – 9 786,7 млн. теңге, оның ішінде:



  • республикалық бюджет қаражаты – 9 229,6 млн. теңге;

  • жергілікті бюджет қаражаты – 557,1 млн. теңге.

Бюджеттік қаражатты келесі объектілер құрылысына беру жоспарлануда:

  • Жамбыл, 2 Алматы, Сейфуллин қиылыстары ауданында АЕК және медициналық – әлеуметтік сауықтыру орталығын салуды аяқтауға;

  • 250 кереуетке арналған балалар жұқпалы аурухана және 250 кереутке арналған туберкулезге қарсы диспансер құрылысын жалғастыру;

  • 2 ЕМСБ салуды бастау.


Мәдениет, туризм және спорт

млн.теңге

Атауы

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Мәдениет, спорт және туризм саласына нақтыланған бюджет

11 567,0

10 791,4

11 393,3

оның ішінде мәдениет және спорт объектілерін салуға және қайта жаңартуға

1 148,5

189,4

202,6

Астана қаласының жергілікті бюджетінде мәдениет, туризм және спортқа 2013 жылы барлығы 11 567,0 млн. теңге сомасында қаражат қарастырылды.

Астана қаласының Мәдениет басқармасы бойынша халықтың мәдени демалуын және ҚР орналасқан халықтың музыкалық өнерін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға, қазақтың ұлттық мәдениетін, республика халқының мәдениетін және әлемдік мәдениетті дамытуға, шығармашылық Одақтармен, қоғамдық ұйымдармен өазара байланысқа, фестивальді, байқауларды, конкурстарды, жаңа жылдық іс-шараларды, мерейтойлық және естелік күндерін және басқа да мәдени – көпшілік іс-шараларды өткізуге бағытталды.

Сондай-ақ, халықтың материалдық және рухани мәдениетінің ескерткіштерін жинауға және сақтауға, тарихи – мәдени мұраларды сақтауды қамтамасыз етуге, тарихи ескерткіштерді анықтау, есептеу, қорғау, жаңарту, консервациялау, регенерациялау, қолдану және насихаттау бойынша жұмыстарды іске асыру, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау, пайдалану, есептеу және жаңартуды заңнамамен белгіленген тәртіпте сақтауды бақылауды іске асыру, жас таланттарға, қызметкерлерге қолдау көрсету, материалдық – техникалық базаны нығайтуға және театрландырылған ойын – сауық іс-шараларын, қойылымдарды, спектакльдерді, гастрольдерді ұйымдастыруға бағытталған.

Сонымен қатар, жергілікті бюджет қаражаты қорымандарды әдебиетке кеңінен тартуға, кітапханалар желісін тұрақтандыруды қамтамасыз етуге және дамытуға, кітап қорын қалыптастыруға және сақтауға бағытталды.

Астана қаласының Мәдениет басқармасына бағынысты медициналық ұйымдар желісін 23 кітапхана, 4 музей, 6 театр, 6 мәдени – демалыс кәсіпорындары: Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, «Қазақстан» орталық киноконцерт залы, Мемлекеттік филармония, Жастар сарайы, Астаналық цирк құрайды.

Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасына бағынысты ұйымдар желісін 11 балалар – жасөспірімдер мектебі, 1 теннис корты, 1 футбол стадионы, 1 коньки тебу стадионы, 1 олимпиадалық резерв дайындау орталығы, 10 спорт клубы құрайды.

Туризм және спорт саласына жоспарланған бюджеттік қаражат:



  • салауатты өмір салтын қалыптастыруға, елордалық спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін көтеруге, спорттық инфрақұрылымды дамытуға;

  • дене тәрбиесі және спортты дамыту бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға, спорт резервін, халықаралық деңгейдегі спортшыларды дайындауды іске асыруға;

  • дене тәрбиесі және спорттың материалдық – техникалық базасын құруға және нығайтуға;

  • спорттың әр түрі бойынша қалалық құрама командаларын дайындауды және олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуын қамтамасыз етуге;

  • қала бойынша спорт жарыстарын өткізуге;

  • туристік саланы дамыту үшін жағдай жасауға, Астана қаласының қызмет көрсету және инфрақұрылым жүйесі дамыған халықаралық туристік орталық ретінде қалыптасуына бағытталатын болады.

Мәдениет және спорт объектілерін дамытуға – 1 148,5 млн. теңге, оның ішінде:

  • республикалық бюджет қаражаты есебінен – 828,9 млн. теңге;

  • жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 319,5 млн. теңге.

Жоспарланған қаражат «астана қаласында Классикалық опера және балет театры» жобасы бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтауға және Астана қаласында көркемсурет құю комбинатының және Астана қаласының теннис кешенінің, № 41 жалпы білім беру мектебіне спорт алаңдарын салуды аяқтауға жұмсалатын болады.
Астана қаласының 2013-2015 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлері осындай.







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет