Жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасының мониторинг қорытындысы



бет6/9
Дата25.02.2016
өлшемі1.17 Mb.
#24154
1   2   3   4   5   6   7   8   9


1. Мақсаттарға қол жеткізу

Атауы

Өлш.

бірл.

2013 жылға жоспар

Нақты

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Негізгі бағыт: Әлеуметтік сала

Мақсат 11. Құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Мақсатты индикаторлар:

19. Ішкі істер органдарына халықтың сенім деңгейі

%

52,0

52,0




Нәтиже көрсеткіштері:

19.1. Жол-көлік оқиғалардың санын (деңгейін) төмендету (10 мың автокөлік бірлігіне)

%

20,2

20,0

Өткен жылмен салыстырғанда 2013 жылы атқарылған жұмыстар нәтижесінде қарамастан жол-көлік оқиғалары 33-тен 30-ға азайған.

19.2. Өндірістегі қылмыстық істердің санынан ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу үлесінің арттыруы

%

85,0

85,0

2013 жылы аса ауыр түрдегі 1 қылмыс тіркеліп, ашылды. Ауыр түрдегі 19 қылмыстың 57,9 пйызы ғана ашылды.

19.3. Ұсталған есірткі мөлшері, оның ішінде героин, кг

кг

4/0,005

4/0,004

2013 жылы заңсыз есірткі заттарын сақтағаны үшін 1 қылмыстық және 7 әкімшілік іс қозғалды


2. Іс-шаралардың орындалуы



Іс-шара

Аяқталу түрі

Орындау үшін жауаптылар

Орындалу мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6

1

Жол жиектеріне жасанды "Жатқан милициялар" сатып алу және орнату

метр

Облыстық ІІБ

2011

Бұл шара бойынша Алға қаласының әкіміне хат жолданып, қазіргі таңда 4 «жатқан полицей» орнатылды

2

Автоматты 4 стационарлық кешен мен "Арена" жол қауіпсіздік ережелерін бұзу бейне фиксациясын сатып алу

Саны

Облыстық ІІБ

2011-2012

Стационарлық кешен орналастыру біздің құзырымызға кірмейді. Ал, бейне фиксация бойынша аудан әкімдігіне ұсыныс жасалды.

3

«Зоркий» магнитті оптикалық приборының 1 комплектісін сатып алу

Саны

Облыстық ІІБ

2011-2015

Қаржыландыруды қажет етеді

4

Тергеліп, тұтқындалған тұлғаларды құжаттандыру




Облыстық ІІБ

2011-2015

Құжаттандырылған жоқ

5

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды қызметте ынталандыру




Облыстық ІІБ

2011-2015

2 сарбаз ақшалай көтермеленді

6

Бейне бақылау жүйесін ұлғайту




Облыстық ІІБ

2011-2015

Алға қалалық әкімдігіне хаттар жолданды.

7

Ішкі істер органдарын материалдық - техникалық қамтамасыз ету




Облыстық ІІБ

2011-2015

Ақтөбе обл. ІІД тарапынан көліктер: 2 нива, 1 газель; 6 компьютер және учаскелік полиция пунктіне үй сатып алуға 5,0 млн.тенге қаражат бөлінді. (Учаскелік пункт Абай көшесінде орналасқан.


6. Аналитикалық хат

Аудандық ішкі істер бөлімі өз жұмысын жоспарға сәйкес, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қылмысты болдырмаудың алдын алу шараларын жасауға бағыттап, жұмыстар жүргізуде.

Халықтың ішікі істер органдарына сенім деңгейін көтеру мақсатында аудандық ІІБ басшылары және әрбір учаскелік полиция инспекторлары халықпен кездесу өткізіп тұрады және халық алдында жасалған жұмыстар бойынша есеп береді.

2013 жылы тіркелген қылмыстың саны 301немесе өткен жылмен салыстырғанда 41 қылмысқа артық. Қылмыстың ашылуы 59,1 пайызды құрайды.

Ішкі істер бөлімімен барлығы 2040 адам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 562 әкімшілік хаттама жол қауіпсіздігі ережесін бұзғаны үшін толтырылды.

Жол-көлік оқиғалары өткен жылмен салыстырғанда 33 оқиғадан 30 –ға азайып, бұл көрсеткіш бойынша әлі де жол полиция қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірігіп, әрбір селолық округ бойынша арнайы рейдтік шаралар, автокөлік жүргізушілерінің арасында түсіндірме жұмыстар жүргізілуде.



2013жылы ауданға 2776 мигрант келген. Оның 251-і Қазақстан Республикасының азаматтығын алу жөнінде арыз беріп, 14-і ҚР азаматтығын алды. «Көші қон туралы» Заңды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған шетелдік азаматтар саны 84 адамды құрады.



Есепті кезең

2013 жыл

Жүзеге асырылу кезеңі

2011-2015 жылдар

Ұйым

«Алға аудандық төтенше жағдайлар бөлімі» ММ




(мониторинг жүргізуге және есепті құрастыруға жауапты органның атауы)


1. Мақсаттарға қол жеткізу

Атауы

Өлш.

бірл.

2013 жылға жоспар

Нақты

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Негізгі бағыт: Әлеуметтік сала

Мақсат 11. Құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Мақсатты индикаторлар:

20. Төтенше жағдайлардан адамдық және материалдық шығындарды азайту

%

0,2

0,2

Жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде.

Нәтиже көрсеткіштері:

20.1. Су тасқындар мен су басулар, селдер, жылжымалар, жер қозғалу мен өрттерге қарсы инфрақұрылымның қамтылу деңгейі

%

100,0

100,0

Жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде.


2. Іс-шаралардың орындалуы



Іс-шара

Аяқталу түрі

Орындау үшін жауаптылар

Орындалу мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6

1

Ерікті өртке қарсы құрылымдарды керекті құрал жабдықпен және техникалармен толықтыру

техника сатып алу

Алға ауданының әкімдігі

2011-2015

2013 өрт сөндіргіш құралдармен қамтамасыз етілді

2

Дала өрттерін күн ыстық мезгілдерінде және көктемде су тасығанда, елді мекендерді су тасқынынан алдын- ала ескертіп нәтижелі болдырмау

бақылау

Алға ауданының әкімдігі

2011-2015

Жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілді

3

Су тасу маусымына инерттік материалдар мен ақша қаражатын, ЖЖМ қосалқысын құру

құрылыс

Алға ауданының әкімдігі

2011-2015

Жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілді

4

Су тасу маусымына су қоймаларын, гидротехникалық ғимараттарын жыл сайын комиссиямен су тасқынына дайын-

дығын тексеруді ұйымдастыру



бақылау

Алға ауданының әкімдігі

2011-2015

Жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілді

5

Аудан село округтерінде су тоғандары мен дамбаларды жөндеу,қайта қалпын келтіру жұмыстарына тексеру жүргізу

бақылау

Алға ауданының әкімдігі

2011-2015

Жоспарға сәйкес облыстық төтенше жағдайлар басқармасының мамандарымен бірге тексеру жүргізілді

6

Тұрғындардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін көне құрал жабдықтарды қолданыстан алуға іс-шаралар қолдану

Іс-шара

Алға ауданының әкімдігі

2011-2015

-

7

Табиғаттың ТЖ техногендік жағымсыз әсер ететін зонадағы тұрғындарды көшіру

Іс-шара

Алға ауданының әкімдігі

2011-2015

Ауданда техногендік жағымсыз зоналар тіркелмеген.


4. Қаржы қаражаттарының игерілуі

Қаржыландыру көзі

Жоспар,

мың теңге

Нақты,

мың теңге

Қолданылмау себебі

1

2

3

4

Республикалық бюджет







Бөлінген қаражат 100,0 пайыз игерілді

Облыстық бюджет







Аудандық бюджет

1,0

1,0

Жеке қаражат есебінен







Жинағы:

1,0

1,0




Есепті кезең

2013 жыл

Жүзеге асырылу кезеңі

2011-2015 жылдар

Ұйым

«Алға аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ




(мониторинг жүргізуге және есепті құрастыруға жауапты органның атауы)


1. Мақсаттарға қол жеткізу

Атауы

Өлш.

бірл.

2013 жылға жоспар

Нақты

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Негізгі бағыт: Инфрақұрылым

Мақсат 12. Тұрғын үйге қол жетерлікті және әлеуметтік құрылысты қамтамасыз ету

Мақсатты индикаторлар:

21. Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі

%

108,0

35,5

2013 жылда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 1590,9 млн.теңгені құрады. (2012 жылы 4262,7 млн.тенгені құраған болатын)

22. Тұрғын үйлерді пайдаланысқа беру, жалпы көлемінің ш.м.

Мың

ш.м.


9,440

12,899

Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлер көлім 2012 жылмен салыстырғанда 105,6 пайызға көбейді

Нәтиже көрсеткіштері:

22.1. Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі

Мың

ш.м.


0,640

0,640

Пайдалануға енгізілді

22.2. Мемлекеттік емес көздерден қаржыландырылатын пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі

Мың

ш.м.


8,800

12,899

Жоспар 160,3 пайызға орындалды


2. Іс-шаралардың орындалуы



Іс-шара

Аяқталу түрі

Орындау үшін жауаптылар

Орындалу мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6

1

Алға ауданында жалдамалы тұрғын үйлердің құрылысы

Енгізу актісі

"Алға аудандық сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімі" ММ

2011-2015

Мемлекет қаржысы есебінен 51,2 млн.теңгеге 640,0 шаршы метр 2 қабатты, 8 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға енгізілді

2

Алға ауданында тұрғын үй құрылысы аумағындағы инженерлік желінің құрылысы

Енгізу актісі

"Алға аудандық сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімі" ММ

2011-2015

2013 жылы Алға қаласының № 1 тұрғын массивін сумен жабдықтау құрылысына – 60,0 млн.теңге бөлініп, игерілді.

3

Алға ауданында жеке тұрғын үй құрылысы

Енгізу актісі

"Алға аудандық сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімі" ММ

2011-2015

Құны 629,4 млн.теңгені құрайтын жалпы көлемі 12899 шаршы метр 69 жеке, 1 көпқабатты 64 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді


4. Қаржы қаражаттарының игерілуі

Қаржыландыру көзі

Жоспар,

млн теңге

Нақты,

млн теңге

Қолданылмау себебі

1

2

3

4

Республикалық бюджет

115,7

109,7




Облыстық бюджет

10,54

7,4

Аудандық бюджет

-

-

Жеке қаражат есебінен

490,0

629,3

Жинағы:

616,24

746,4


6. Аналитикалық хат

Аудан бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің жоспарлық көлемі 9440 шаршы метр, оның ішінде 640 шаршы метрі – республикалық бюджет қаражаты есебінен жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлер, 8800 шаршы метрі – жеке тұрғын үйлер.

2014 жылдың 1 қаңтарына 12899 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, немесе 2012 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 105,6 пайыз кұрады.

Өткен жылда аудан бойынша құны 355,3 млн.теңгені құрайтын жалпы көлемі 7106 шаршы метр 69 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді.

Мемлекет қаржысы есебінен 51,2 млн.теңгеге 640,0 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға енгізілді.

Мемлекеттік емес көздерден 274,1 млн.теңгеге жалпы ауданы 5798,5 шаршы метр көп қабатты 64 пәтерлі тұрғын үй салынды.



Есепті кезең

2013 жыл

Жүзеге асырылу кезеңі

2011-2015 жылдар

Ұйым

«Алға аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ




(мониторинг жүргізуге және есепті құрастыруға жауапты органның атауы)


1. Мақсаттарға қол жеткізу

Атауы

Өлш.

бірл.

2013 жылға жоспар

Нақты

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Негізгі бағыт: Инфрақұрылым

Мақсат 13. Көліктік инфрақұрылымды жетілдіру

Мақсатты индикаторлар:

23. Жергілікті автокөлік жолдардың жақсы және қанағаттарлық жағдайдағы үлсі

%

30,0

30,0

Жергілікті авто жолдарға ағымдағы жөндеу жүргізілуде.

Нәтиже көрсеткіштері:

23.1. Жергілікті автокөлік жолдарының құрылысы және қайта қалпына жаңғырту

км

-

-




23.2. Жергілікті автокөлік жолдарын күрделі және орташа жөндеу

км

6,45

8,1

Ағымдағы жылы 190,0 млн.теңгеге Алға қаласының 4,5 км көшелерінің орташа жөндеу жұмыстары атқарылды.

23.3. Жолаушылар автокөліктік қатынасымен қамтылмаған елді мекендердің үлесі

%

90,0

93,0

«Қайнар-Алға» және «Есет батыр Көкіұлы –Алға» бағытында екі аудан ішілік маршрут бойынша тұрақты жолаушылар тасымалы атқарылуда. Басқа бағыттарда өтінім тапсырған тасымалдаушылар жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет