Жылы салынған бекініс. Семей (Семипалатинск)



бет1/3
Дата24.02.2016
өлшемі375.49 Kb.
#16256
  1   2   3




1. 1718 жылы салынған бекініс. Семей (Семипалатинск).

2. Өскемен бекінісі салынды: 1720 жылы.

3. 1715 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін оның орнына хан болды: Қайып.

4. XVII ғасырдан бастап Қазақстанға қауып төндірген мемлекет. Жоңғар хандығы.

5. Жоңғарияның Қазақстанға жорықтар ұйымдастырудағы мақсаты: Қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, жерін өзіне қарату.

6. 1710 жылы үш жүздің өкілдері басып қосып, жоңғарларға қарсы күрес мәселесін талқылаған жер. Қарақұм.

7. 1718 жылы Қабанбай мен Жауғашар батырлардың басшылығымен жоңғар әскерін жеңген жер. Аякөз өзенінің бойы.

8. 1718 жылы Аякөз өзенінің бойында жоңғар әскерлерін женген шайқаста қазақ қолына басшылық жасады: Қабанбай мен Жауғашар батыр.

9. Қазақ қолының Аякөз өзенінің бойында жоңғар әскерін талқандаған жыл. 1718 жыл.

10. 1723 жылы Жоңғария барлық күш-қуатын қарсы жұмсауға мүмкіндік алуының себебі. Цинь императоры Кансидің өлімі.

11. Жоңғардың қалың қолының қазақ жеріне тұтқиылдан баса көктеп кірген жылы. 1723 жыл.

12. 1723 жылы жоңғарлардың соққысына төтеп бере алмаған Орта жүз рулары ойысқан өңір: Самарқан.

13. Жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан әйгілі ән. «Елім-ай».

14. Жоңғар шапқыншылығы кезінде қатты ойрандалған өңір. Жетісу.

15. Бөгенбай батырдың руы. Қанжығалы.

16. Жоңғар шапқыншылығына қарсы қол бастаған батыр. Қабанбай, Бөгенбай, Саурық, Малайсары, Наурызбай, Баян, Қарасай, Жауғашар, Жәнібек, Райымбек.

17. Қазақ әскерлерінің 1726 жылы жоңғар әскерін женген жер. Бұланты өзенінің жағасы.

18. Қазақ қолының Бұланты өзенінің бойында жоңғарларды женген жыл. 1726 жыл.

19. Қазақтардың жоңғар әскерін женген Бұланты өзенінің жағаыс кейіннен аталды: «Қалмаққырылған».

20. «Қалмаққырылған» шайқасы негізінен азат етті: Қазақстанның солтүстік-батыс өңірін.

21. «Қалмаққырылған» шайқасынан кейін барлық қазақ жасақтары жиналған Қазақстанның оңтүстігіндегі тау. Ордабасы.

22. Қазақ жасақтарының Ордабасы тауының етегіне жиналу себебі. Жетісуды азат етуге аттануға жақын.

23. Ордабасы тауында қазақ жасақтары ұйымдастырылды: Жүздік негізде.

24. 1730 жылы Балқаш көлінің оңтүстігінде Аңырақай түбінде жоңғарларға қарсы соққы берген қазақ жасақтарына басшылық жасады: Әбілқайыр.

25. «Аңырақай шайқасы» өткен жылдар. 1729-1730 жылдар.

26. Аңырақай шайқасынан кейін жоңғарларды толығымен талқандауға кесірін тигізген жағдай: Әбілқайыр мен Сәмекенің хан тағына таласуы.

27. 1724-1725 жылдары Жоңғарлар басып алған қалалар: Ташкент пен Түркістан.

28. Әбілқайыр ханның өмір сүрген жылдары: 1680-1748 жылдар.

29. Әбілқайыр ханның Ресей империясына үміт артудағы ең басты мақсаты: Ресеймен сенімді байланыс орнатып, бар күшті ойраттарға қарсы жұмылдыру.

30. 1714-1720 жылдар аралығында Ертіс өзенінің жоғары ағысында аталған бекіністерді тұрғызған патша өкіметі қазақ жеріне ауыз сала бастады: Жәміш, Омбы, Колбасинск, Железинск.

31. Әбілқайыр ханның Кіші жүзді Ресей империясының құрамына қабылдау туралы ұсыныспен жіберген елшілерін Анна Иоанновна қабыл алды: 1731 жылы ақпан айының 19-ы.

32. 1731 жылы Әбілқайыр ханның Кіші жүзді Ресей империясының құрамына қабылдау жөнінде ұсыныспен Анна Иоанновнаға жіберген елшілері. Сейітқұл Қойдағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлы.

33. Кіші жүзді Ресей империясына қабылдау жөнінде Әбілқайырдың ұсынысын қабыл алған императрица. Анна Иоанновна.

34. Әбілқайырдан ант алу үшін Қазақстанға жіберілген Анна Иоанновнаның елшілігін басқарған тілмаш, қабылетті елші. А.И.Тевкелев.

35. Әбілқайыр Ресейдің қоластына кіруге ант берді: 1731 жылы қазан айы.

36. 1731 жылы Ресейдің қоластына кіруге Әбілқайырмен бірге ант берген Кіші жүздің старшындар саны. 29.

37. Орск бекінісінің негізі салынды: 1735 жылы.

38. Башқұрт халқының көтерілісін басуда орыс үкіметі Кіші жүз жасақтарын пайдаланды: 1735-1737 жылдар.

39. 1738 жылы Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған Орынбор комиссиясының басшысы. В.Н.Татищев.

40. Патша үкіметі қазақтарды өз шеңгелінде мейілінше қысып ұстауға тырысу себебі. 1740 жылғы башқұрт халқының екінші көтерілісі.

41. 1740 жылдары Кіші жүздің, Сырдария өңірі қазақтарының жағдайының қиындай түсуінің себебі. Парсы әміршісі Нәдір шахтың Хиуаны талқандауы.

42. Әбілқайырдың Ресеймен байланысын одан әрі нығайтуға мүдделі болуының себебі. Парсы әмірінің шабуылы.

43. Орынбор қаласының негізі қаланды: 1743 жыл.

44. Жоңғар қонтайшысы Қалдан-Сереннің Орта жүз бен Кіші жүзге ұйымдастырған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» кем түспейтін шапқынышылық болған жылдар. 1741-1742 жылдар.

45. Ресей Сенаты қазақтарды және шекаралық өңірдегі бекіністерді қорғау жөніндегі арнайы жарлық қабылдады: 1742 жылғы мамыр айының 20-сы.

46. 1747 жылы Нәдір шахтың өлтірілуінен соң Әбілқайырдың бұл өңірдегі әсерін әлсіреткен жағдай. Хиуа тағына Қайыптың сайлануы.

47. Әбілқайырды Барақ сұлтан өлтірді: 1748 жылы.

48. 1748 жылы Әбілқайырды өлтірді: Барақ сұлтан.

49. 1735 жылы Башқұртстанда болған патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы азаттық күреске қатысқандарды жазалау кезінде Қазақстанға қашқан башқұрттардың саны. 50000.

50. XVIII ғасырдың ортасында Жоңғарияда билікке таласып, Цинь империясына қарсы шыққан және Абылай арқа сүйеген: Әмірсана.

51. XVIII ғасырдың 40-50 салынған Өскемен бекінісінен Кузнецк шебіне дейін созылған, ұзындығы 723 верста болатын әскери шеп. Колыван шебі.

52. 17451759 жылдары қазақ даласы арқылы Орынборға жеткізілген мал басының жалпы құны. 1 миллион сом.

53. XVIII ғасырдың екінші жартысында қазақ-орыс саудасының белгі орталықтары. Семей, Өскемен, Бұқтырма.

54. 1761 жылы негізі қаланған бекініс. Бұқтырма.

55. Қазақ-орыс сауда байланысының кеңейген кезеңі. XVIII ғасырдың 60-жылдары.

56. 1766 жылы Бұхар саудагерлерінің өтінішімен Әбілмәмбет хан императрица ІІ Екатеринаға хат жолдап Түркістан арқылы өтетін керуендерді аталған бекіністерде шек қоймай қабылдауға рұқсат алды: Семей, Жәміш.

Бұхар саудагерлерінің өтінішімен Әбілмәмбет ханның императрица ІІ Екатеринаға хат жолдап Түркістан арқылы өтетін керуендерді Семей, Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алған жыл. 1766 жыл.

57. XVIII ғасырларда Ресейдің ішкі губернияларынан қазақ жеріне айырбасқа әкелген негізгі тауарлар: Шойын, темір қазан, шұға, қант.

58. Патша үкіметі Жайық жағасына жақын жерде қазақтардың мал жаюына алғаш рет ресми шек қойды: 1756 жылы қыркүйек.

59. XVIII ғасырда патша үкіметінің қалыптасқан жағдайды одан әрі өршіту үшін: Қазақ ақсүйектерінің арасындағы алауыздықты пайдаланды.

60. Кіші жүз ханы Нұралы мен Батыр сұлтан арасындағы кикілжіңді пайдаланған патша үкіметі жергілікті халықтан казактарға алып берген өңір. Каспий теңізі мен Жайық өңіріндегі жерлер.

61. Ресей үкіметі орыс-казактарының санын көбейту мақсатымен 1760 жылы Доннан, Башқұрт жерінен Қазақстанның солтүстік-шығысына әкеліп қоныстандырды: Казактарды.

62. 1799 жылы қараша айында Орта жүз қазақтарына 45000 отбасын Ертістің оң жағына қайтадан қоныстануына рұқсат берген патша. І Павел.

63. 1799 жылы І Павелдің жарлығымен Орта жүз қазақтарына қайтадан қоныстануға рұқсат етілді: Ертістің оң жағына.

64. Абылай хан дүниеге келген жыл. 1711 жыл.

65. Абылай хан өмір сүрді: 1711-1781 жылдар.

66. Қазақ феодалдық мемлекетінің бұрынғы шекарасын қалпына келтіріп, елдің саяси-экономикалық дамуына түбегейлі өзгеріс енгізген атақты мемлекет қайраткер. Абылай хан.

67. Абылай ханның шын аты. Әбілмансұр.

68. Абылай ханның атасы билік құрған қала. Түркістан.

69. Абылай ханның атасының есімі. Абылай.

70. Абылай хан қашып жүргенде атын жасырып: Сабалақ атанды.

71. Он үш жасында жетім қалған Абылай хан келіп қоылған әкесімен ағайындас Орта жүз ханы. Әбілмәмбет.

72. Абылайдың жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске қатыса бастады: 15 жасынан.

73. Әбілмәмбет пен Абылайдың Орскіге келіп Ресейдің билігін мойындаған жыл. 1740 жыл.

74. Абылай жоңғар тұтқынына түсті: 1741 жыл.

75. Жоңғар тағына таласып және Маньчжур-Цин әулетінен қашып Абылайды келіп паналаған: Әмірсана.

76. Цин әскерлерінің Қазақстанға мол қолмен басып кіру себебі. Абылайдың Әмірсананы ұстап беруден бас тартқаны үшін.

77. Цин үкіметі мол қолмен Қазақстанға басып кірді: Абылайдың тұсында.

78. Фу Дэ, Чжао Хой бастаған қытай әскерлерінің Қазақстан шекарасына басып кірген жыл. 1757 жыл.

79. Қазақ елінің дербестігін сақтау мақсатында Абылай хан Қытайдың билігін мойындады: 1757 жыл.

80. Орта жүздің ханы Әбілмәмбеттің қайтыс болған жылы. 1771 жыл.

81. Абылай хан болып сайланды: 1771 жыл.

82. 1771 жылы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін Қазақ хандығында қалыптасқан дәстүр бойынша хан сайлануға тиісті адам. Әбілпайыз.

83. ІІ Екатерина Абылайды Орта жүздің ханы етіп бекіту туралы грамотаға қол қойды: 1778 жылы 24-мамыр.

84. «Жеті жарғы» заңдарында хан билігіне қойылған шектеулерді Абылай: Мойындамады.

85. Абылай хан Ертіс пен Есіл бойында, Көкшетау, Тарбағатай өңірлерінде шаруашылықтың осы саласын дамытуды қолдады: Егін шаруашылығын.

86. Абылай ханның 1761 жылы ағаштан үй тұрғызу үшін бірнеше ұста және 200-300 пұт астық жіберуді сұрап хат жазды: ІІ Екатеринаға.

87. Абылайдың қыстақтары орналасты: Ертіс өңірінде.

88. Абылай хан қатты көңіл бөлген шаруашылық саласы. Егін шаруашылығы.

89. Абылайдың өте бір ұнатқан ақыны: Тәттіқара.

90. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына мейілінше әсер еткен дарынды адам, жырау. Бұхар жырау.

91. Абылай хан дүние салды: 1781 жылы.

92. Абылай хан жерленді: Түркістанда. (Ахмед Йасауи кесенесінде)

93. Абылай ханның бас мирасқоры. Уәли сұлтан.

94. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысы болған жылдар. 1773-1775 жылдар.

95. 1773-1775 жылдардағы Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысты: Кіші және Орта жүз қазақтары.

96. 1773-1775 жылдардағы Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қазақ шаруаларының қатысуына түрткі болған жағдай. Жер мәселесі.

97. Патша үкіметі Жайық өзені бойында қазақтарға мал жаюға тыйым салды: 1742 жылы қазан.

98. 1773 жылы қараша айының 17-нен 18-не қараған түні Усиха өзенінің бойында Пугачевқа жолыққан Нұралының өкілі. Зәбір молда.

99. Пугачевқа көмек ретінде өзінің ұлы Сейдалыны бас етіп қарулы топ жіберген, шаруалар соғысын қолдаған сұлтан. Досалы сұлтан.

100. Қазақ жігіттерінің Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысында қатысқан шайқас. Жайық бекінісін қоршауға, Кулагин бекінісін алуға.

101. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысында қазақтар басты күш болды: Кулагин бекінісін алуда.

102. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысында Орынборды қоршауға қатысқан қазақтардың саны. 200-ге жуық.

103. Пугачев көтерілісі кезінде патша үкіметінің алдында екі ұшты қимылын жуып-шаюға тырысқан Нұралы ақталды: Кіші жүз қазақтары маған бағынбады деп ақталды.

104. Пугачев өкілдері жеткізген үндеумен танысқан соң, өзіне жақын старшындармен келісіп, соғысты қолдауға шешім қабылдаған белгілі би. Дәуітбай.

105. Пугачев көтерілісі кезінде 1773 жылға қазан айында Орта жүз қазақтары топталып бекіністерге шабуыл жасауға талаптанды: Пресногорьковск маңында.

106. 1774-1775 жылдары Пугачев көтерілісі кезінде үкімет қолдаған шаралардың арқасында Сібір шебінде орналасқан тұрақты әскер саны. Үш жарым мың.

107. Пугачев көтерілісі кезіндегі көтерілістің кесек басшыларының бірі, байбақты руынан шыққан: Сырым Датұлы.

108. Пугачев бастаған шаруалар соғысының басты орталықтарын талқандаған орыс қолбасшысы. А.В.Суворов.

109. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі болған жылдар. 1783-1797 жылдар.

110. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің басты қозғаушы күші. Қазақ шаруалары.

111. Сырым Датұлы старшын болған Кіші жүз руы. Байбақты.

112. Сырым Датұлы бастаған көтерілісі қамтыды: Кіші жүзді.

113. Сырым Датұлының Орал казак әскерлерімен ашық арпалыс жолына түсуі басталды: 1783 жылы күзден.

114. Сырым Датұлы көтерілісі кезінде Айшуақ сұлтанның Назаровтың қолына түскен уақыт. 1785 жыл.

115. Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылдаған Кіші жүз старшындарының съезі болған жыл. 1785 жыл.

116. 1785 жылғы Нұралыны тақтан тайдыру жөнінде шешім қабылдағанда оны айыптауға қатысқан кіші жүз рулары. 20-ға жуық ру өкілдері.

117. Кіші жүзде хандық билікті жойып, жаңа билік орнату, әкімшілік реформа жобасын дайындады: Барон О.А.Игельстром.

118. Барон О.А.Игельстром реформасы бойынша Кіші жүзде хандық билік жойылып, оның орнына бар билік: Шекаралық сотқа бағынуға тиісті болды

119. Шекаралық соттың төрағасы. О.А.Игельстром

120. Кіші жүзде жүргізілген реформа бойынша Шекаралық сот бағындырылды: Генерал-губернаторға.

121. Ералы Кіші жүздің ханы болып сайланды: 1791 жыл.

122. Сырым Датұлы бастаған көтеріліс созылды: 14 жылға.

123. Сырым Датұлы басқарған көтерілістің қайта жандануына түрткі болды: 1796-1797 жылдардағы қысқы жұт.

124. 1797 жылы наурыз айының 17-сінде Сырым тобы хан сарайында тұтқиылдан шабуыл жасап өлтірді: Есім ханды.

125. Патша үкіметінің Кіші жүзде хандық кеңесті құру себебі. Сырым батырды өзіне жақындатуға тырысты.

126. Патша үкіметі Нұралы ханды өзіне тарту үшін: Айшуақ бастаған «Хан кеңесін» құрды.

127. Хандық кеңесте Сырым ықпалының өсуінен қатты сескенген патша үкіметі Кіші жүзде хандық билікті қайтадан қалпына келтіруге бағыт алды: 1797 жылы.

128. 1797 жылы барон Игельстромның ұсынысына сай патша үкіметі хан етіп бекіткен адам. Айшуақ.

129. 1797 жылы Қаратайдың өршеленген қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы: Хиуа хандығына өтіп кетті.

130. Сырым Датұлы қайтыс болды: 1802 жылы.

131. Сырым Датұлы бастаған көтерілістің тарихи маңызы: Патша үкіметінің Жайықтың оң жағына өтуіне, мал жаюына рұқсат етуі.

132. Патша үкіметінің Жайықтың оң жағына өтуіне, мал жаюына рұқсат беруге шешім қабылдады: 1801 жылы 11 наурыз.

133. Қазақ даласында болып, «Орынбор тарихы» атты еңбек жазды: П.И.Рычков.

134. Қазақстан туралы еңбегі үшін Ресей ғылым академиясының бірінші корреспондент мүшесі болған тарихшы. П.И.Рычков.

135. Жоңғар тұтқынынан Абылайды босатуға қатысқан зерттеуші. К.Миллер.

136. XVIII халық ауыз әдебиеті шығармашылығының көрнекті өкілдерінің бірі. Ақтамберді жырау.

137. XVIII халық ауыз әдебиеті шығармашылығының көрнекті өкілдерінің бірі Ақтамберді жыраудың өмір сүрген жылдары. 1675-1768 жылдар.

138. Ақтамберді жырау шығармаларын арнады: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырларға.

139. XVIII ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген танымал халық ақыны. Тәтіқара.

140. Қазақтың ұлы ханы, қазақ жерінен шыққан ерекше биік тұлға Абылайдың керемет қасиеттерін жырлаған ақын. Тәтіқара.

141. Белгілі жырау Үмбетейдің өмір сүрген жылдары. 1706-1778 жылдар.

142. Соңғы шығармалары Абылай кезіндегі қазақ қоғамының ішкі өмірі туралы маңызды мағлұмат көзі болып табылады: Үмбетей жырау.

143. XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің алдыңғы қатардағы өкілдерінің бірі болған жырау. Бұхар жырау.

144. XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің алдыңғы қатардағы өкілдерінің бірі болған Бұхар жыраудың өмір сүрген жылдары. 1684-1781 жылдар.

145. Өмірінің соңғы жылдары Абылай ханның кеңесшісі болған: Бұхар жырау.

146. XVIII ғасырдағы қазақ поэзиясының жарқын өкілдерінің бірі. Жанақ ақын.

147. XVIII ғасырдағы қазақ поэзиясының жарқын өкілдерінің бірі Жанақ ақынның өмір сүрген жылдары. 1775-1846 жылдар.

148. Жанақ шығармашылығының ең басты жетістігі, қазірге дейін сақталған поэма. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу».

149.ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қалыптасты: Жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің жаңалалары.

150. Ауылдағы әлеуметтік жіктелудің барысында кедейленген, жалдама еңбекпен күн көрген топтар. Жатақтар.

151. Қазақ даласын басып өтетін керуендердің қауып сіздігін қамтамасыз ету үшін Ресей үкіметі 1803 жылы рұқсат берді: Көпестерге өздерін қорғайтын қарулы топ ұстауға.

152. ХІХ ғаысрда Қазақстан жерінде бірінші жәрмеңке ашылған өңір. Ішкі Орда.

153. Сібір қазақтарының Жарғысы қабылданды: 1822 жыл.

154. Патша 1815 жылы Орта жүзге екінші хан етіп тағайындады: Бөкейді.
155. Сібір қазақтарының Жарғысының авторы. М.М.Сперанский.

156. Сібір қазақтарының Жарғысының авторы-декабрист. Г.С.Батеньков.

157. Сібір қазақтарының Жарғысының басты мақсаты. Қазақстанның солтүстік-шығысын әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту.

158. Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша Орта жүзде орнаған басқару сатысы. Үш буынды.(ауыл, болыс, округ)

159. Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша ауылға кірген шаңырақ саны. 50-70.

160. Сібір қазақтарының Жарғысы болыс: 10-12 ауылдан тұрды.

161. Сібір қазақтарының облысы (Орта жүз) бағындырылды: Батыс Сібір генерал-губернаторлығына.

162. Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша аға сұлтанды сайлады: Тек сұлтандар ғана.

163. Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша аға сұлтанға он жылдан кейін берілетін атақ. Дворяндық.

164. Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша аға сұлтандар сайланды: Үш жылға.

165. Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша мұрагерлікпен берілді: Болыстық билік.

166. Сібір қазақтарының Жарғысы Ресейдің әкімшілік сатысындағы 12-класқа жататын шенеуніктерге теңестірілді: Болыстық сұлтандар.

167. Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша ауыл старшыдары сайланды: Үш жылға.

168. Сібір қазақтарының Жарғысы негізінде қылмыстық істер қаралды: Округтік приказда.

169. Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша шетелдермен келіссөз жүргізу құқығына ие болды: Шекаралық басқарма төрағасы.

170. Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша Шекаралық басқарма төрағасы ие болды: Шетелдермен келіссөз жүргізу құқығына.

171. Кіші жүзде хандық билік жойылды: 1824 жылы.

172. Бөкей Ордасында хандық билік сақталды: 1845 жылға дейін.

173. Кіші жүздің соңғы ханы. Шерғазы.

174. Орынбор қазақтарын басқару туралы Жарғысы қабылданды: 1824 жылы.

175. 1812 жылғы Отан соғысында Орынбор губерниясында құрылды: 40 кавалериялық полк.

176. Ресей мемлекетіне қауіп төніп келе жатқаны туралы І Александр патшаның арнайы манифест-үндеуі қабылданды: 1812 жылы шілденің 6-сы күні.

177. Орныбор губернаторы Г.С.Волоконскийдің Ресей мен Франция арасында соғыс басталғандығы туралы хабары ауылдарға жетті: 1812 жылы қазан-қараша айларында.

178. 1812 жылғы Отан соғысында қазақ елі арасында орыс халқын қолдап, жауға қарсы күш жұмылдыруға шақырған, екі ел достығы рухын көтеруге ат салысқан старшын: Байсақал Тілекұлы.

179. 1812 жылғы Отан соғысында қазақтар қаысқан ұлттық құрам. Башқұрт полкі.

180. 1812 жылғы Отан соғысы кезінде тұз өндіруші қазақтар орыс әскері пайдасына жинаған ақша көлемі. 22 мың сом.

181. 1812 жылғы Отан соғысы кезінде Елтон тұз өндіру орнының еңбеккерлері батыс майданға жөнелткен тұз көлемі. Бір миллион пұт.

182. 1812 жылы Бородино шайқасында күміс медальмен марапатталған қазақ жауынгері. Майлыбайұлы.

183. 1812 жылғы Отан соғысында жақсы рол атқарды: Атты әскер.

184. 1812 жылғы Отан соғысында 3-дәрежелі «Қасиетті Анна» орденіне ие болды: Сағит Хамитұлы.

185. 1812 жылғы Отан соғысында башқұрт полкі құрамында шайқасқан қазақ. Нарынбай Жанжігітұлы.

186. 1812 жылғы Отан соғысында ерлігі үшін «Георгий» орденінің толық кавалері атанды: Нарынбай Жанжігітұлы.

187. Башқұрт полкі құрамында Веймар, Ганау және Майндағы Франкфурт қалалары түбінде болған ұрыстарға қатысқан қазақ жауынгерлері. Жанжігітұлы мен Байбатырұлы.

188. 1812 жылғы Отан соғысына қатысқан, шоқынған қазақ. Яков Беляков.

189. 1812 жылғы Отан соғысына қатысқан, 1837 жылы Александр княздың қабылдауында болған қазақ жауынгері. Нарынбай Жанжігітұлы.

190. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс болған жылдар. 1837-1847 жылдар.

191. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің негізгі мақсаты. Ресей империясының қазақ жерін отарлауды тежеу. Округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату.

192. ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары Сыр өзенінің төменгі ағысында бекіністер тұрғызған хандық. Хиуа хандығы.

193. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс созылды: 10 жылға.

194. Кенесарының ағасы Саржанды 1836 жылы өлтіртті: Қоқан ханы.

195. Кенесарының атасы. Абылай хан.

196. Кенесарының көзқарасының қалыптасуына әсер етті. Қасым төре.

197. Кенесары Қасымұылының көтерілісі қамтыды: Бүкіл Қазақстанды. (Үш жүзді)

198. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің басты қозғаушы күші. Қазақ шаруалары.

199. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліске қатысқан сұлтан, би, старшындардың саны. 80-нен астам.

200. Кенесары әскерінің жеке отрядын басқарған Аманкелді Имановтың атасы. Иман батыр.

201. 1838 жылы Кенесары отряды басып алып өртеп жіберген бекініс. Ақмола.

202. Кенесары Қасымұлы көтерілісі кезіндегі Ресей императоры. І Николай.

203. 1841 жылға Ташкентке аттанған Кенесары жорығының жүзеге аспау себебі. Сарбаздар арасында жұқпалы аурудың тарауы.

204. Кенесары одақ жасауды ұсынған хандық. Қоқан хандығы.

205. 1843 жылы І Николай патша келісім беріп, Кенесары көтерілісін жаншуға жіберген отряд. Старшина Лебедев басқарған отряд.

206. 1844 жылы шілде айының 20-сында болған Кенесары отрядымен шайқаста Ахмет Жантөреұлы тобынан қаза тапқан сұлтандар саны. 44.

207. Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін Орынборға шақыртылып, орнынан тайдырылып, сотқа тартылған старшина. Лебедев.

208. 1845 жылғы Кенесарының ауылына келген елшілік. Долгов, Герн елшілігі.

209. Патша үкіметі мен Кенесары арасындағы келіссөздердің тоқтап қалу себебі. Жазалаушы отрядтардың бассыздығын жою, алым-салық жинау сияқты Кенесары талаптарының орындалмауы.

210. Кенесары Қоқан хандығының езгісіндегі қазақ руларына дербестік алуына көмектесу мақсатында бет алды: Сарыарқадан Ұлы жүзге.

211. Кенесары хандық билікті қолына алды: 1841 жылы.

212. Хандық билікті қолға алған Кенесары билер сотын жойып, оның орнына енгізді: Хандық сотты.

213. Кенесары Қасымұлының шаруашылық саласында көңіл бөлді: Егіншілікке.

214. Кенесарының жағдайын қиындатты: Бұхар мен Қоқан хандықтарының бірігіп күресу келісімі.

215. Кенесарының өзіне ермеген белді тұлғалардың ауылын ойрандауы: Жетісудағы белді рулардың Ресейден көмек сұрауына себепші болды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет