ЖЫЛУ ӨТКІЗБЕЙТІН ЖƏНЕ АКУСТИКАЛЫҚ
МАТЕРИАЛДАР, БҰЙЫМДАР
Жалпы мағлұматтар, топтастыру, құрылымы мен
қасиеттері
Жылу өткізбейтін деп – жылуөткізгіштігі аз үйлерді, басқа да
ғимараттарды, жылу өндіретін агрегаттарды немесе оны таситын
құбырларды, жылу шыныны сақтайтын материалдар мен бұйымдарды
айтады. Жылу өткізбейтін материалдың жылуөткізгіштік
коэффициенті – 0,18 Вт/м°С-тан төмен болуы, ал тығыздығы 600кг/м3-
нан жоғары болмауы керек. Материалдар құрғақ, əрі ылғал тартпайтын
болуы қажет. Өйткені материал ылғалданса, жылуөткізгіштігі өседі, ал
егер ол органикалық материал болса, шіруі де мүмкін.
Жылу өткізбейтін материалдар мен бұйымдардың түрлері өте
көп. Құрылыс нормалары мен ережелері (СНиП – строительные нормы
и правила) 100-ден аса жылу өткізбейтін бұйымдардың қасиеттері мен
өлшемдеріне шарт қояды. Бұл материалдар оларды өндіру үшін
қолданылатын шикізатқа, сыртқы түріне, сығылу қабілетіне
байланысты топтастырылады.
Пайдаланатын шикізатына қарай олар: органикалық жəне
бейорганикалық (минералды) деп екі топқа бөлінеді. 1-топқа: ағаш
талшықтары мен жоңқалары негізінде жасалынған тақталар (сəйкесінше ДВП – древесно-волокнистые) ДСП – древесностружечные плиты), жылу өткізбейтін пластмассалар, қамыстан
істелінген тақталар, т.б. жатады. 2-топқа көп тараған топқа
минералдық мақта (мысалы, шыны талшықтары) мен одан өндірілетін
бұйымдар, асбест талшықтарынан жасалған бұйымдар, кеуекті шыны (көбік шыны) түйірлері кеуектелінген перлит, вермикулит, т.б. жатады.
2-топқа қарасты материалдар көбінесе ыстық беттерді (жылу
шығаратын агрегаттарды, мысалы, қазандарды) жабу үшін қолданады.
Сыртқы пішініне қарай жылу өткізбейтін материалдар мен
бұйымдар: дана жəне сусымалы болып бөлінеді. Дана бұйымдар –
тиісті форма (өлшем) беру, яғни қалыптау арқылы жасалынады.
Сусымалы материалдар талшық не түйір ретінде өндіріледі.
Сығылуға қабілеттілігі бойынша жылу өткізбейтін материалдар
мен бұйымдар қатты, қатаңдығы жоғары қатаң, жартылай қатаң жəне
жұмсақ болып бөлінеді. Бұл материалдар мен бұйымдардың үлгілеріне 2000Па жүк түсірілгенде, олардың салыстырмалы деформациясы
30%-тен жоғары болса, оларды жұмсақ (Ж), сығылуға қабілеттілігі 6-
30% аралығында болса, жартылай қатаң (ЖК), салыстырмалы
деформациясы 6%-тен көп емес болса қатаң (К) деп атайды. Егер
сынағанда жылу өткізбейтін материалдар мен бұйымдар 4000 Па жəне
10 кПА жүк түсірілген болса жəне олардың сығылуға қабілеттілігі 10
%-тен көп болмаса, онда оларды сəйкесінше, қатаңдығы жоғары
немесе қатты деп атайды. Құрылымы. Жылу өткізбейтін материалдардың құрылымы өте кеуекті келеді. Материалдардағы саңылаулар (тесіктер) жабық, ашық, ірі, уақ деп бөлінеді. Уақ жəне жабық (яғни өзара қатынассыз) саңылаулы материалдың жылу өткізбейтін қасиеті жоғары болады, өйткені мұндай саңлаулар ішіндегі ауаның өткізгіштігі өте аз – 0,023 Вт/м×°С. Ашық (өзара қатынасы бар) жəне ірі саңылаулардағы ауа жылжуы мүмкін. Осының
салдарынан мұндай бұйымдар бір бетінен екінші бетіне өткізгішірек
болады.
Материалдардың жылу өткізгіштігі – оның тығыздығына, яғни
қатты заттың мөлшеріне байланысты. Өте кеуекті, əрі
қатты заттың массасы аз материалдардың, мысалы мипораның жылу
өткізгіштігі өте төмен - ауаның жылу өткізгіштігіне жақын.
Өндірісте өте кеуекті құрылымды мынандай əдістермен жасайды:
газ (не көбік) түзу (кеуекті бетон, кеуекті шыны "көбік шыны")
мөлшерден көп су қолдану арқылы. Соңғы тəсіл бойынша мысалы,
трепельден, диатомиттен қамыр илегенде көп су қосылғандықтан,
осындай массадан жасалған керамикалық бұйымды кептіргенде, онан
соң күйдіргенде су бөлініп шығып саңылаулар, жиі қолданылады.
Талшықты материалдар үшін құрылым түзу тəсілі – ол талшыққа қаңқа
құру (минералдық мақта, фибролит талшықтар) арасы ауамен толады.
Касиеттері. Тығыздығы жылу өткізбейтін материалдардың
негізгі қасиеттерінің бірі – ол кіші болған сайын, жылу аз өткізіледі.
Жылу өткізбейтін материалдар өнеркəсібі тығыздығы 15-тен 600 кг/м3-
га дейін материалдар мен бұйымдарды өндіреді. Бұлардың ең жеңілі –
газ бен толтырылған пластмассалар, олардың тығыздығы 15-25 кг/м3
аралығында. Тығыздығы өскен сайын, материалдардың жылу
өткізгіштігі өседі. Тығыздығы бойынша жылу өткізбейтін материалдар
мына маркаларға бөлінеді;
- ерекше жеңіл (ЕЖ) 15-тен 100-ге дейін (15, 25, 35, 50, 75,100);
- жеңіл (Ж) 125-тен 350-ге дейін (125, 150, 175, 200, 300, 350);
- ауыр (А) 400-ден 600-ге дейін (400, 450, 500, 600).
Материалдар жылу өткізгіштігі бойынша жылу өткізбейтін үш класқа бөлінеді,
- класс А - жылу өткізгіштігі аз - 0,06 Вт/м×°С-ка дейін;
- класс Б - жылу өткізгіштігі орташа 0,06 мен 0,12 Вт/м×°С
аралығында;
- класс В - жылу өткізгіштігі жоғары (көп) - 0,18 Вт/м×°С-қа дейін;
Материал ылғалданса, оның жылу өткізгіштігі тез өседі, өйткені
судың жылу өткізгіштігі 0,58 Вт/м×°С, яғни ауаның жылу өткізгіштігі
25 есе көп. Белгілі бір шекте (саңылаулардың түріне байланысты)
жылу өткізгіштік материалдардың көлемдік ылғалдығына (Wк) тура
пропорционал өседі.
lw = lк + dWк;
мұндағы lw жəне lк - материалдың 1% көлемдік ылғалдығына келетін
өсімі, ол оң температурада 0,002 Вт/м×°С, ал теріс температурада 0,004
Вт/м×°С-ға тең. Теріс температурада ылғалды материалдың жылу
өткізгіш-тігі судың өткізгіштігіне салыстырғанда 4 есе көп, өйткені
мұздың өткізгіштігі 2,32 Вт/м×°С. Материалдық ылғалдануы – олардың
жылу өткізгіштігін өсірумен қатар, беріктігін, аязға төзімдігін, ал
органикалық материалдың шіруге төзімдігін төмендетеді.
Беріктігі жылу* өткізбейтін материалдың 10% деформацияланған
жағдайда сығу арқылы анықталады. Бұл беріктік 0,2-2,5 МПа
аралығында жылу өткізбейтін талшықты бұйымдардың (тақталардың,
қабықтардың, пигменттердің**) негізгі беріктік көрсеткіші – июге
беріктігі; оның мөлшері 0,15-тен 2 МПа-ға дейін. Жұмсақ (иілгіш)
жылу өткізбейтін материалды (минералды мақтадан жасалынған
киізді, асбест картонның) беріктігі, олардың созу күшіне кедергісі
арқылы сипатталады. Қорыта айтқанда, жылу өткізбейтін
материалдың беріктігі – жасығанда, қоймалағанда, монтаждағанда
(пайдаланғанда) олардың сақталуын қамтамасыз етуі қажет.
Отқа илікпейтіндігі – бұйымның ұзақ уақыт жоғары
температураның əсерінен, беріктігі мен формасын өзгертпейтіндігі.
Жылу өткізбейтін материалдардың бұл қасиеті, оларды тыстауға
қолданғанда ескеріледі. Жылу өндіретін агрегаттардың
температурасына байланысты, оларды тыстау үшін керамикалық
бұйымдар қолдану, температурасының шегі 900°С- ға дейін, перлит
пен вермикулиттен жасалынған бұйымдар 600°С-қа, ал кеуекті бетон
500°С-қа дейін, пайдаланылады.
Органикалық жылу өткізбейтін материалдарды қолдану
температурасының шегі – 60°С-100°С аралығында. Олардың шіру
төзімдігін, яғни микроорганизмдер, бактериялар, саңырауқұлақтар мен
құрт-құмырсқаның кейбір түрлерінің əсеріне қарсылығын (əрекетін)
өсіру үшін, оларды жасауда қолданылатын шикізаттар антисептик
жəне улы заттармен өңделінеді.
Сыртқы қабырғалы жылу шығудан сақтау жəне
тоңазытқыштарды жылудан қорғау үшін пайдаланылатын материалдар
аязға төзімді болуы керек.
* Негізінде жылу электромагниттік толқындар – жылу, инфрақызыл сəулелер арқылы тарайды. Егер бұйымдардың саңылаулары ірі жəне өзара қатынасты болса, жылу оның бір бетінен екінші бетіне конвекция (ауа қимылы) арқылы беріледі (өтеді).
Достарыңызбен бөлісу: |