=
Мұнда, -ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті;
- талдау кезеңіндегі ақша қаражатының айналымы;
- ақша қаражатының орташа қалдығы.
Есептеу үшін ақша қаражатының шоттары бойынша («Касса», «Есеп айырысу шоты», «Валюталық шот» және тағы басқа) кезеңнің басы мен соңындағы қалдықтар шамасы туралы ішкі есеп мәліметтері пайдаланылады.
Талдау жүргізілген кезеңдегі айналымдар санын көрсететін ақша қаражатының айналымдылық коэффициентімен қатар, олардың жеткілікті екендігін бағалауға мүмкіндік беретін ақша қаражатының айналымы кезеңінің ұзақтығы анықталады. Осы мақсатта мына формула қолданылады:
Мұнда, - ақша қаражатының айналым кезеңі;
ДСС – ақша қаражатының орташа қалдығы;
ДР – талдау кезеңінің ұзақтығы;
ДСО – талдау кезеңіндегі ақша қаражатының айналымы.
Формула бойынша есептелген ұйымдағы ақша қаражатының айналым кезеңі 2.08-ден (наурыз) 4.86 (тамыз) күнге дейін ауытқыды. Басқаша айтқанда, ұйымның шотына ақша түскен мерзімнен бастап, оның шығып кетуіне дейін, орташа үш күннен аз уақыт өтті (4.86 – 2.08). Бұл ұйымда қаражаттың айқын жетіспейтіндігін білдіреді.
Кесте 4-тің мәліметтері негізінде төмендегідей қорытынды жасауға болады. Ұйымда ақша қаражаттарының қозғалысы операциялық қызметтің нәтижесінде туындаған. Ұйымның операциялық қызметінің нәтижесінде түскен ақшаның сомасы 2005 жылы 6172.6 мың теңгені, 2004 жылы 5881 мың теңгені құрады. Жалпы түсімнің ішінде өнімдерді өткізуден түскен табыс 2004 жылы 86.1 пайызын, 2005 жылы 100 пайызын алады.
Ұйымда ақша қаражаттарының шығуы 2004 жылы 5636.1 мың теңгені, 2005 жылы 6541.3 мың теңгені құрады.
Кестенің мәліметтері 2005 жылғы алынған ақша қаражаттарының ұйымның ағымдағы төлемдерін қамтамасыз етуге жеткіліксіз екендігін байқатып отыр.
Зерттеу жүргізіліп отырған кезеңде ақша қаражаттарының басымдау бөлігі жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу бойынша (2968.5 мың теңге) және салықтық төлемдер бойынша (1548.5 мың теңге) жұмсалған, бұл 2004 жылға қарағанда 913.8 мың теңгеге және 454.9 мың теңгеге көп.
Серіктестіктің инвестициялық және қаржылық қызметтері бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы болмағанын көреміз.
Кесте 4
Ұйымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын талдау, мың теңге
Көрсеткіштер
|
Жылдар
|
Ауытқуы (+,-)
|
2004
|
2005
|
1.1 Ақша қаражатының түсуі:
|
5881
|
6172.6
|
+291.6
|
Өнімдерді өткізуден түскен табыс
|
5060.5
|
6172.6
|
+1112.0
|
Басқадай түсімдер
|
820.4
|
-
|
-820.4
|
1.2 Ақша қаражаттарының жұмсалуы:
|
5636.1
|
6541.3
|
+905.2
|
Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу
|
2054.7
|
2968.5
|
+913.8
|
Еңбек ақы бойынша есеп айырысу
|
1995.0
|
1545.8
|
-449.2
|
Салық төлемдері
|
1123.6
|
1578.5
|
+454.9
|
Зейнетақы қоры
|
292.7
|
285.7
|
-7
|
Басқадай төлемдер
|
170.2
|
162.9
|
-7.3
|
Операциялық қызмет нәтижесінде ақша қаражаттарының көбеюі(+), азаюы(-)
|
+244.9
|
-329.7
|
-
|
2. Инвестициялық қызметтің нәтижесінде ақша қаражаттарының көбеюі(+), азаюы(-)
|
-
|
-
|
-
|
3. Қаржылық қызмет нәтижесінде ақша қаражаттарының көбеюі(+), азаюы(-)
|
-
|
-
|
-
|
Жиынтығы
|
+244.9
|
-329.7
|
-
|
Есепті кезеңнің басындағы ақша қаражаттары
|
156.9
|
401.8
|
+244.9
|
Есепті кезеңнің соңындағы ақша қаражаттары
|
401.8
|
33.0
|
-368.8
|
Банк шоттарындағы қолма – қол ақша қаражаттарының өсуі және кемуі ақша ағынының теңгерімінің деңгейімен, яғни ақшалардың келіп түсуі және жұмсалуымен шарттасылған болуы керек.
Түскен ақша қаражаттарының кеткен ақша қаражаттарынан көп болуы, бос қолма – қол ақшалардың қалдығының өскенін, ал керісінше жұмсалған ақшаның түскен ақшадан көп болуы ақша қаражатының жетіспеушілігі мен несие алу қажеттілігін ұлғайтады.
Сурет 1- де ішкі жаққа бағытталған сызықтар түскен ақшаны, ал сыртқа бағытталғаны жұмсалған ақшаны көрсетеді.
Сурет 1. Ұйым ақша қаражаттарының түсу және жұмсалу бағыттары
Қорытынды
Жалпы қорыта келе, ақша есебінің орны ұйымның нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты қызмет етуі барысында зор екендігін, оның дұрыс ұйымдастырылуына әрбір ұйымның қаржы – шаруашылық қызметі тәуелді екендігін баса айтқанымыз жөн.
Зерттеу нәтижесі көрсетіп отырғандай, «Қамқоршы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бухгалтерлік есеп пен аудит және талдау жағдайы қанағаттанарлық. Банктердегі есеп айырысу шотындағы ақша, кассадағы ақша есебі Қазақстан Республикасы нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіледі.
Ұйым нан және нан өнімдерін өндіру сонымен қатар тауарларды сатып алып үстеме бағаны қосып қайта сатумен айналысады. Алғаш қызмет ете бастаған жылдары қаланы түгелге жуық дерлік нан өнімдерімен қамтамасыз отыратын. Бірақ тапсырыс берушілердің қарыздарын дер мерзімінде өтемеуіне байланыстыөнімді тек мекемелермен тікелей келісім шарт негізінде өткізе бастады. Осының нәтижесінде өткізу көлемі де, сәйкесмінше табыс мөлшері де азайып кетті. Тағы бір жайт, «Салтанат» ресторанының тиімсіз қызметі де табыс мөлшеріне айтарлықтай әсер етіп отыр, соның салдарынан, 2003 жылға қарағанда 2004 жылғы өнімді өткізуден түскен табыс 9613. 8 мың теңгеге, ал 2005 жылы 2004 жылға қарағанда 2409.5мың теңгеге кеміп отыр. Осыған сәйкес өткізілген өнімнің өзіндік құны да сәйкесінше 10555 және 2867.9 мың теңгеге азайды.
«Қамқоршы» ЖШС өзінің бос ақша құжаттарын сақтау, есеп айырысу және кредиттік операциялардың барлық түрлерін қамтамасыз ету үшін «ТуранӘлемБанкінің » филиалында №002467219 есеп айырысу шотын ашқан.
«Қамқоршы» ЖШС шотынан барлық төлемдер, бюджетпен еңбек ақы бойынша төлемдерді қоса, банкке келіп түскен есеп құжаттарының күнтізбелік кезегі (төлем жасау мерзімінің жетуі) бойынша тәртіппен жүзеге асырылады.
«Қамқоршы» ЖШС – де белгіленген сомада қолма – қол ақшамен жалақыға, іс сапар, шаруашылық операциялары және басқадай шығындарды беру жөніндегі бұйрығы болып табылатын ақшалай чек толтырылады.
«Қамқоршы» ЖШС – де ақшаны сақтау, қабылдау және беруге арналған кассасы бар. Касса орналасқан бөлме кассалардың техникалық беріктігі және өрттен сақтау және дабыл қағу құралдарымен жарақтандыру, әрі оқшаулау талаптарына сәйкес жабдықталған.
Ұйымның кассасын түгендеу оның төрағасы жасаған және бекіткен «Кассалық операцияларды жүргізу ережесіне» сәйкес жүргізіледі. Кассалық құжаттармен бланктерді түгендеу, тәртіп бойынша, ескертусіз кенеттен барлық ақшаны және басқадай құндылықтарды толық есепке алу арқылы бас бухгалтер мен кассирдің қатысуымен өтеді.
Ұйымдағы ақша қаражатының айналым кезеңі 2.08-ден (наурыз) 4.86 (тамыз) күнге дейін ауытқыды. Басқаша айтқанда, ұйымның шотына ақша түскен мерзімнен бастап, оның шығып кетуіне дейін, орташа үш күннен аз уақыт өтті (4.86 – 2.08). Бұл ұйымда қаражаттың айқын жетіспейтіндігін білдіреді.
«Қамқоршы» ЖШС – де ақша есебін ұйымдастыру және ақшаның қозғалысын талдау негізінде төмендегідей ұсыныстар жасалады:
1.Серіктестік басшысы мен бас бухгалтерге ақша есебін ұйымдастыруға жете көңіл бөлуді. Бұл үшін ақша есебін автоматтандыру, ақпараттарды өңдеуді көтеріп, бұл бухгалтерге жай – жапсарды талдауға жеткілікті мөлшерде уақыт қалдырады, есептің талдамалылығын көтереді.
Есептің ортақ нысандарын пайдалану, есеп айырысудың және кассадан ақшаның берілуінің дұрыстығын анықтау, кассаны түгендеуді жүйелі түрде жүргізу.
2.Бухгалтерлік қызметке кассадан берілетін ақшаны алуға берілетін сенімхаттар мен басқадай құжаттарды қалпына келтіру.
3. Халықаралық стандарттарына көшуге сәйкес есеп саясатын қайта қарау, жұмыс шоттарын жасау.
Ұйымда аудиторлық тексеру жүргізілмеген. Ішкі шаруашылық бақылаудың әдістері қолданылады. Сондықтан біз ұйымда ақша есебін аудиторлық тексеруді ұйымдастырудың жалпы ережелері мен нақты аудиторлық дәлелдерді келтіре отырып, оларды алу көздері мен әдістерін бердік. Тексеруді құжаттау тәсілдері мен тәртібі, оны рәсімдеу және ақпараттарды жүйелі түрде пайдалану жолдары зерттелді. Зерттеліп отырған ұйым үшін ақшаны аудиторлық тексеру жайлы нақты ұсыныстар жасалды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
ҚР Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы 2007 жылғы 28 ақпандағы №234-III Заңы
-
ҚР 20.11.1998 жылғы №304-1 «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы (15.01.01 жылғы өзгерістерімен толықтыруларымен қоса)
-
ҚР ҚМ «Есептілікті дайындау және ұсынудың тұжырымдамалық негіздемесін бекіту туралы» 29.10.2002 жылғы № 542 бұйрығы.
-
Бухгалтерлік есеп стандарттары
-
Типовой план счетов бухгалтерского учета, утвержденный приказом МФ РК от 18.09.2002г.
-
Андросов А.М., Викулова Е.В., Бухгалтерский учет. – М.: Андросов, 2001г.
-
Артеменко В.Г., Белленир М.В. Финансовый анализ. – М.: Издательство «ДИС», НГАЭиУ, 2001.
-
Аудит / под ред. В.И. Подольского. – М.:ЮНИТИ,2001
-
Ержанов М.С. Теория и практика аудита. – Алматы: Галым, 1994.
-
Ефимова О.В. Как анализировать финансовое положение предприятия (практическое пособие) – Бизнес – школа, 2001.
-
Ковалева О.В., Константинова Ю.П. Аудит. Организация аудиторской деятельности. Методика проведения аудиторской проверки.- М.: ПРИОР, 2000.
-
Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии. Алматы: Центраудит – Казахстан, 2002
-
Библиотека бухгалтера и предпринимателя №4 (153) апрель 2003 год «Исчисление среднего заработка для оплаты отпускных».
-
Бюллетень бухгалтера № 47 ноябрь 2003 статья «Первые шаги в мир МСФО».
-
Кеулимжаев К.К. Корреспонденция счетов хозяйственных операций по генеральному плану счетов бухгалтерского учета финансово-хозяйственной деятельности субъектов, Алматы, БИКО, 2000г.
-
Кеулимжаев К.К. "Финансовый учет на предприятии" Алматы, Экономика 2003
-
Радастовец В.К., Даулетбеков А.Д. «Бухгалтерский учет на предприятии» – Алматы, 1994г.
-
Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии: Издание 2-ое дополненное и переработанное - Алматы: Центраудит- Казахстан., 2002г.
-
Радостовец В.К., Даулетбеков А.Д., Тайгашинова К.Т. «Финансовый учет на предприятии», г.Алматы, 1999г.
-
Радостовец В.В., Шмидт О.И. «Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета» г. Алматы. Независимая аудиторская компания «Цент аудит - Казахстан», 2000.
-
Радостовец В.К. «Финансовый и управленческий учет» – г.Алматы: НАК «Центраудит», 1997г.
-
Савин А.А., Сотникова Л.В.; Под ред. проф. В.И. Подольского – Н: Аудит, ЮНИТИ, 1997г.
-
Сатубалдин С.С. «Азиатский кризис: причины и уроки» – г. Алматы 2000г.
-
Сейдахметова Ф.С. Бухгалтерская отчетность, ее виды и назначение. Изд. «LEM» 2001, 46с.
-
Система бухгалтерского учета в РК, 2002г. Тулешова Г.К., монография
-
юсембаев К.Ш. «Анализ финансового положения предприятий. «Экономика». 1998. – 294с.
-
Дюсембаев К.Ш. «Аудит и анализ в системе управления» – г. Алматы, 1998г.
-
Ержанов М.С., Ержанова А.М. Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов (с 1 января 2003 г.) Алматы, 2003. Аудиторская фирма «Ержанова и К».
2000-2004 жылғы кезеңдік басылымдар:
-
Налогоплательщик
-
Бизнес-класс
-
Бухгалтерский учет и аудит
4. Бухгалтер бюллетені
Достарыңызбен бөлісу: |