Ұйымдастыру -іздестіру
|
-Балалар, Әмина әжеміз бүгін немересі Айдананы бессікке салу рәсімін жасайды. «Бесік тойына» біз де қуыршақты бөлеп, бесікке салу рәсімін жасайық. Ортаға бесік әкелініп қойылады. Аршаның түтінімен бесікті аластап, тазарталық.
Алас, алас, баладан алас,
Көзі жаманның көзінен алас,
Тілі жаманның тілінен алас
Қырық қабырғасынан алас,
Отыз омыртқасынан алас.
Бісіміллә, келді міне иесі,
Көш пәлесі! – деп, аластап, бесікке қуыршақ «сәбиді» жатқызып, бөлеуді көрсетеді.
Бесікті тербетеді.
Ән айту: «Бесік жыры»
Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем!
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін.
|
Балалар«Бесік жырын» тыңдап, әннің сипаты туралы әңгімелейді.
|
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін
Әлди-әлди, шырағым,
Көлге біткен құрағым,
Жапанға біткен тірегім,
Жаным менің жүрегім.
Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем!
Қонақ келсе, қой, бөпем,
Құйрығына той, бөпем!
-Бесік жыры қандай ән?
-Сендерге ұнады ма?
-Кішкене сәби ұйықтады. Оянып кетпесін, өте ақырын, жәй дауыспен айтайық, - деп ескертеді.
-Сәбиді ұйқтатар алдында «Бесік жырын» айтса, ұйқысы тәтті болады. Сәбиіміз тыныш ұйқтасын,-деп бесікті төрге апарып қояды.
Ойын: «Қандай аспап?»
|
Балалар апайларына қосылып айтады, дауыстарын баяу,ақырын шығарып айтуға тырысады.
Жаңа әннің лирикалық әуенін жеткізе әндетуге үйренеді.
Аспаптар атын атап айтады.
|
Рефлексиялық түзету
|
-«Бесік жырының» әуені қандай екен?
-Сәбиді ұйқтатарда қалай әндеткен дұрыс?
-Әминә әжеміз немересін бесікке қалай жатқызды?
Сұрақтар қоя арқылы оқу іс-әрекетінде өткен, үйренген материалдарды пысықтайды.
|
Балалар сұрақтарға көңілді жауап беріп, өз ризашылықтарын білдіреді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |