Ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат



Pdf көрінісі
бет133/168
Дата16.06.2023
өлшемі2.94 Mb.
#475153
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   168
ӘНХ 2020 2021

 
3.5 Қашықтан оқыту туралы 
Қашықтан оқыту тәртібі оқытудың балама түрі ретінде қазіргі уақытта 
тәжірибеге енген. 
Қашықтықтан оқыту тәртібінің нормативтік құқықтық негізі 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңымен «қашықтан оқыту» 
ұғымы «қашықтан, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 
мен телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып, педагог пен білім 
алушылардың өзара іс-қимылы кезінде жүзеге асырылатын оқыту» ретінде 
нақтыланды (1-бап, 38-тармақ).
Қашықтықтан оқыту нысаны тиісті әкімшілік-
аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс-
шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған 
жағдайларда жүзеге асырылады, жергілікті атқарушы органдар мен білім беру 
ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен 
барлық білім алушылар үшін қашықтықтан оқытуды енгізеді (37-2-бап). 
https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z070000319_ 
Қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып оқыту 
мынадай нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырылады: 
✓ 
Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін 
ұйымдастыру қағидалары. https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500010768).); 
✓ 
Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру 
ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және 
қорытынды 
аттестаттау 
жүргізудің 
үлгілік 
қағидалары 
(https://adilet.zan.kz/rus/docs/V080005191_); 
✓ 
Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу 
шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру 
жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/article/details/20964?lang=ru 
✓ 
Білім 
берудің 
мемлекеттік жалпыға 
міндетті 
стандарты 
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017669#z199). 
 
Қашықтан оқыту форматында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері 
 
 
 
✓ 
Платформаны таңдау өте маңызды мәселе, себебі материалды игеру 
сапасы платформадағы білім мазмұнына байланысты.
 


245 
 
 
Қашықтан оқытуды жүзеге асыру үшін әлемде ұлттық білім беру 
платформалары (Франция, Ирландия, Сингапур, Жаңа Зеландия) және жаһандық 
LMS платформалары мен WebEx, Office 365 (Microsoft), G Suite for Education 
(Google), FUSE, ClickView (Ұлыбритания, Австралия) сандық ресурстары 
пайдаланылды. Бразилия, Қытай, Үндістан, Мексикада білім беру мақсатында 
теледидар таратылды. 
Қазақстанда қашықтан оқыту «Күнделік», «BilimLand», «Daryn» 
платформалары, Zoom, Google Meet, Microsoft Teams қызметтері негізінде, 
сонымен бірге телесабақтарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бұл тәсіл 
халықаралық ұйымдардың ұсынымдарына сәйкес келеді және оны ЮНИСЕФ 
пен Дүниежүзілік банк оң бағалады, өйткені күрделі жағдайларда барлық білім 
алушылардың білім алуға қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
1
Сіз білім алушылармен қарым-қатынас жасайтын платформаны
таңдайсыз, онда оқу материалдары мен тапсырмаларды орындауға қажет
материалдарды орналастырасыз. Платформаны таңдау өте маңызды мәселе, 
себебі материалды игеру сапасы платформадағы білім мазмұнына байланысты. 
Мысалы, kundelik.kz білім беру платформасында бейнесабақтар, 
электронды күнделік пен журнал, педагогтерге арналған әдістемелік 
материалдар (оқу жоспарлары, критериалды бағалау бойынша ақпарат) бар. 
Ұлттық білім беру платформаларының толықтырылуы туралы ақпарат 
келесі кестеде берілген. 
93-кесте. Ұлттық білім беру платформалары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   168




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет