292
Жетістіктерді бағалау кезінде түрлі типологиялық топтарда оқушылардың
мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік мақсат
қою негізінде критериалды
бағалау жүйесі қолданылады. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың
жетістіктері бес балдық шкала бойынша бағаланады. Дайындық және 1-
сыныптарда баллдық бағалар қойылмайды. Оқытудағы алға жылжу нәтижесі
оқушылардың өнімді қызметін талдау, сөйлеу, жазу жұмыстары, суреттер,
қолөнер және сабақтардағы қызметті бақылау негізінде анықталады және
сипаттама сипатында болады. Ақыл-ой кемістігі орташа білім алушылардың
жетістіктерін бағалау кезінде жеке оқу бағдарламасының
мазмұны негізінде
сипаттамалық критериалды бағалау қолданылады. (Ақыл-есі кеміс диагнозымен
білім алушыларды критериалды бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдарды
білім беру ұйымдарының сайтында табуға болады. Ы.Алтынсарин (www.nao.kz).
Ақыл-ойы бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп/сынып оқушылары
екінші жылға қалдырылмайды.
9, 11-сыныптарда қорытынды аттестаттауды өткізу
9 (10) және 11 (12) сыныптарды аяқтау бойынша қорытынды аттестаттау
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18
наурыздағы № 125 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін
оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім
алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және
қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидалары»
бұйрығына сәйкес
жүргізіледі.
9 (10) сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай
нысандарда өткізіледі:
1) қазақ/орыс тілі және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер
үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан:,
гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін
жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе);
2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;
3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ
тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын
сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан;
4) таңдау пәні (физика, химия, биология,
география, геометрия, Қазақстан
тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын,
француз, неміс), информатика) бойынша жазбаша емтихан.
9 (10)-сыныптың білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының
материалдарын (тапсырмалар мен балл қою схемалары) облыстардың, Нұр –
сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, Түркістан
облысының адам әлеуетін дамыту басқармасы (бұдан әрі – білім басқармасы),
республикалық мектептердің 9(10) - сыныбының білім алушылары үшін және
мектептердің 11 (12) - сыныбының білім алушылары үшін – Қазақстан
293
Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі-министрлік)
дайындайды.
Қорытынды аттестаттаудың мазмұнын анықтайтын талаптар мен күтілетін
нәтижелер әрбір пән мен оқыту тілі бөлінісіндегі ерекшелікпен реттеледі.
Қайта қорытынды аттестаттаудың емтихан
материалдарын мектептер
дербес әзірлейді.
Қорытынды аттестаттауды қайта тапсырған 9 (10) сыныптың білім
алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген негізгі орта білім туралы аттестат
беріледі.
Қайта қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған 9
(10) сынып оқушылары қайта оқу жылына қалдырылады.
11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай
нысандарда өткізіледі:
1) қазақ/орыс тілі және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер
үшін ана тілі (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан:
2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан;
3) Қазақстан тарихынан тестілеу;
4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ
тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу;
5) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география,
геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс),
информатика) тестілеу.
Қайта қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз баға
алған 11 (12) сынып оқушылары № 289 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес
білім алуды аяқтамаған тұлғаларға берілетін анықтама алады.
Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға шыққан және ол
жақта білім беру мекемелерін аяқтаған 11 (12) сыныпты бітірушілер шетелдегі
оқуды аяқтаған соң 11 (12) сынып үшін Қазақстан Республикасының
мектептерінде қорытынды аттестаттаудан өтеді.
Қорытынды аттестаттау басталғанға дейін мектеп комиссиясының
шешімімен аталған мектеп бітірушілер «Қазақстан Республикасының бастауыш,
негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8
қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік
құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) үлгілік оқу жоспарының
инвариантты компонентінің пәндері бойынша аттестаттаудан өтеді.
Қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімі педкеңестің шешімімен
белгіленеді.
Қорытынды аттестаттаудан өткен соң шетелде оқыған пәндер бойынша
бағаларын, Қазақстан Республикасының мектептерінде алдыңғы сыныптарда
алынған жылдық және қорытынды бағаларын ескере отырып, оларға № 39
бұйрықпен бекітілген жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.
Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге
оқуға шыққан және онда
білім беру мекемелерін бітірген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында немесе
294
шетелде 10 (11) және 11 (12) сыныптарда оқыған уақытында оқыған пәндер
бойынша жылдық, қорытынды бағалары және қорытынды аттестаттау
бағалары
«5» болған бітірушілерге № 39 бұйрықпен бекітілген жалпы орта білімі туралы
үздік аттестат беріледі.
Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға шыққан және онда
білім беру мекемелерін бітірген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында немесе
шетелде оқу кезеңінде 5 сыныптан 11 (12) сыныпты қоса алғандағы оқу кезеңінде
барлық пәндер бойынша жылдық, қорытынды бағалары «5» болған және
қорытынды аттестаттау бағалары «5» болған бітірушілерге № 39 бұйрықпен
бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білімі туралы «Алтын белгі» аттестаты
және «Алтын белгі» белгісі беріледі.
Білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және
өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар www.nao.kz сайтында қолжетімді.
Достарыңызбен бөлісу: