9
«Музыка» пәнінен оқу бағдарламасына 6-сыныпта «Домбыра»
бөлімі
енгізіледі. 7-сыныптан бастап Үлгілік оқу жоспарлардың вариативтік компоненті
есебінен «Домбыра» таңдау курсын жүргізу ұсынылады.
«Дене шынықтыру» пәнінің 1 сағатын «Шахмат», «Тоғызқұмалақ», «Стол
теннисі» т.с.с. стол үсті ойындарына, «Спорттық және Бал биі» және т.с.с. ырғақ
қимылдарына арнау ұсынылады. Сонымен бірге, мектеп ғимаратындағы бос
кеңістікке шахмат,
тоғызқұмалақ, шашка, стол теннисін, «Буккроссинг»
бұрыштарын орналастыру, барлық сыныптарда әрбір сабақтың 20-сыншы
минутында «Сергіту сәттері мен медитация жаттығуларын»
ұйымдастыру
ұсынылады.
Білім алушының дене дамуының мониторингін жүргізу, спорттың түрлері
бойынша олимпиада, арнайы медициналық топтардың жұмысын ұйымдастыру
бойынша ұсынымдар Қосымшада берілген.
2021-2022 оқу жылында республикамыздың барлық білім беру ұйымдары
оқу процесін жаңартылған білім беру мазмұнымен жүзеге асырады. Барлық
сынынтарда
электронды
журналдар
жүйесі
(«Kүнделік»,
«Білімал»,
«Мектеп.edu.kz») қолданылады.
✓ 2021-2022 оқу жылында бірінші сыныпта бағалау жүргізілмейді.
✓ Мұғалімнің кері байланысы орындалған тапсырмалар бойынша
түсініктемелер, рубрика, ұсыныстар беру арқылы жүзеге асырылады.
✓ Жеке білім беру ұйымдары «Күнделік»
электрондық журналына
қосыла алады. Бұл үшін басты сайтта қажет https://kundelik.kz / қосылуға ӛтінім
беру («ҚБ қосу» командасы).
✓ Пайдалануға қатысты кез келген қиындықтар туындаған кезде:
8(727)313-18-32 немесе team@kundelik.kz Kundelik.kz пайдаланушыларды
қолдау қызметіне хабарласуға болады.
✓ Электрондық журналмен жұмыс жасау барысында жиі қойылатын
сұрақтар
мен оларға берілген жауаптар 1-қосымшада келтірілген.
✓
Мереке күндеріне сәйкес келген сабақтар оқу бағдарламасы
мазмұнының кіріктірілуі арқылы,
қайталауға арналған сағаттар есебінен
мейрамға дейінгі немесе келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.
✓ Сабақ мейрам күніне сәйкес келген жағдайда сабақтың
тақырыбын/оқыту
мақсаттарын жақын/ортақ тақырыппен/ мақсаттармен
Достарыңызбен бөлісу: