Ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат



Pdf көрінісі
бет81/168
Дата16.06.2023
өлшемі2.94 Mb.
#475153
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   168
ӘНХ 2020 2021

«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытудың ерекшеліктері 
«Дүниежүзі тарихы» пәні білім алушылардың бойында тарихи сана
толеранттылық, өз елі және басқа елдердің тарихы мен мәдениетіне құрметті 
қалыптастыру, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпы адамзаттық құндылықтарды 
меңгерту және зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамытуға 
бағытталған.
«Дүниежүзі тарихы» пәнінің білім мазмұны: әлеуметтік қатынастардың 
дамуы, мәдениеттің дамуы мен өзара әрекеттестігі, саяси жүйелердің дамуы мен 
өзара әрекеттестігі, экономикалық қатынастардың дамуы бөлімдерін қамтиды. 
Сондықтан 5-9-сыныптарда «Дүниежүзі тарихы» бойынша ежелгі дәуірден 
бүгінгі күнге дейінгі әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық салалардың 
негізгі даму кезеңдері оқытылады. 
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі: 
1) 5-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
2) 6-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
3) 7-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
4) 8-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 
5) 9-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат. 
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) 
өткізу қарастырылған (50-кесте). 
50-кесте. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
 
Сынып 
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
1-тоқсан 
2-тоқсан 
3-тоқсан 
4-тоқсан 
5-сынып 




6-сынып 




7-сынып 




8-сынып 




9-сынып 




2021-2022 оқу жылының ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы №496 
бұйрығына сәйкес аптасына 1 сағат жүргізілетін пәндер бойынша ТЖБ 
өткізілмейді.
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру 
ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және 
қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 
наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 
бұйрығына 14-4 пункті енгізілген: 
14-4. Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған 
жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық 
жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады. 


134 
Осылайша, «Дүниежүзі» оқу пәні бойынша 5-9 сыныптарда бөлім үшін 
ғана жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша 
жартыжылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау 
жүргізілмейді. 
 «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша 
оқу процесін ұйымдастырудағы әдістемелік ерекшеліктер 
➢ Тарихты оқытуда келесілерге ерекше көңіл бөлу ұсынылады:

тарихты оқыту процесі білім алушының ақпараттың белгілі бір көлемін 
(тарихи даталар, ұғымдар, тұлғалар, оқиғалар) механикалық есте сақтауға емес, 
алған білімі мен білігін оқу мен тәжірибелік міндеттерді өздігінен шешумен 
сипатталатын тұлғалық құзыреттілігін дамытуға;

тарихи оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді және тарихи 
тұлғалардың қызметін әлемдік және Отандық тарих контекстінде талдау және 
баға беру дағдыларын қалыптастыруға; 

тарихи деректердің негізінде тарихи зерттеу жүргізу дағдыларын 
қалыптастыру мен дамытуға (гипотезаларды ұсыну, зерттеу сұрақтарын 
құрастыру, деректерді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, нәтижелер мен 
қорытындыларды шығару, өзінің ұстанымын анықтау); 

қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени 
процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын 
қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
➢ Мұғалімнің сабаққа әзірлейтін тапсырмалары келесі критерийлерге 
сәйкес болуы қажет:

тапсырманың, оның мақсаты мен орындалуының қолжетімділігі;

дифференциацияны көздеу;

сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік беру;

проблемалық оқытуға негізделуі;

бағалау мүмкіндіктерінің бар болуы.
Баяндама, эссе жазу, презентация жасау және т.б.бойынша тапсырма беру 
барысында мұғалімге оқушыларды тапсырманың критерийлерімен таныстыру 
ұсынылады.
➢ Тарихты оқытуда білім алушының оқыған тарихи фактілер мен 
оқиғаларды кеңістікте бағдарлау дағдысын қалыптастыру мен тарихи картаны 
«оқып», оны білім көзі ретінде пайдалануына көңіл бөлу ұсынылады. 
Білім алушыларда тарихи картамен жұмыстың негізі 5-сыныптан 
қаланады, ол картаның шартты белгілерін қолдана білуі, тарихи және 
географиялық нысандарда дұрыс бағдарлана білуді қажет етеді.
Мысалы 6-сыныпта «VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму 
ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын 
анықтау» атты оқу мақсаты бойынша мұғалім білім алушыларға тарихи картаны 
пайдаланып түсіндіруге тапсырма бере алады, бұл білім алушылардың бойында 
уақыт пен кеңістікте бағдарлану дағдыларының дамуына септігін тигізеді. 
Сондықтан білім алушының алған тарихи білімін кеңістікте бағдарлауға 
мүмкіндік беретін картографиялық дағдысын дамыту ұсынылады. Бұл тарихи 


135 
оқиғаларды, олардың өзгерісі мен даму жағдайын картада белгілеуге берілетін 
тапсырмалардан көрінеді. Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере 
отырып, презентация, интеллект карталар, диаграммалар жасауға тапсырмалар 
беру ұсынылады. 
7-9-сыныптарда тарихи картаның мазмұнын талдауды қажет ететін 
тапсырмалар жасай отырып, картамен жұмысты күшейту ұсынылады. 
9-сыныпта тарихты оқыту білім алушылардың қазіргі заман тарихының 
маңызды процестеріне, құбылыстарға, оқиғаларға және ұғымдарға баса назар 
аударуға, тарихи оқиғаларды, талдау, салыстыру, көрнекті тарихи тұлғалар 
қызметін бағалау, алған білімі негізінде өз ойын дәлелдеу дағдыларын 
қалыптастыруға бағытталған.
Білім алушыларды оқытылатын кезеңдегі ғылым мен мәдениеттің көрнекті 
өкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға салыстырмалы 
талдау жасау, баға беруге дағдыландыру ұсынылады.
Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңісіне қосқан үлесіне баға беруде 
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, Тұңғыш Президент сайлауының 30 жылдығы, Семей 
полигоны жабылуының 30 жылдығы, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар 
Әубәкіровтың ғарышқа алғашқы ұшуының 30 жылдығы атап өтілетін қосымша 
материалдар негізінде талдау жасауға бағыттау ұсынылады.
Тарихты оқытуда тарихи концепт бойынша берілетін тапсырмаларды 
оқушылардың тарапынан тек қана себеп пен салдарларды анықтаумен қатар, бұл 
себептерді берілген белгілері бойынша жіктеу (мазмұны, уақыты және рөлі 
бойынша), түрлі себептер арасында өзара байланысты анықтау және оларды 
маңыздылық деңгейі бойынша орналастыруға бағыттау ұсынылады. 
➢ Тарихи деректердің интерпетациясы бойынша тапсырмалар әзірлеуде 
оқушылардың тарихи дерекпен жұмыс істеуі олардың жас ерекшеліктері мен 
танымдық мүмкіндіктерін, дайындық деңгейін ескере отырып біртіндеп 
күрделендіру ұсынылады. Тарихты оқытуда түрлі тарихи деректерді, аудио және 
бейне материалдарды, иллюстрацияларды қолдану ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   168




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет