«Ұжымдық, Достық, Әріптестік»



Дата08.09.2023
өлшемі13.15 Kb.
#476983
тренинг Жайна


2023 жылдың 1 наурызында «Алғыс айту» күніне орай колледжіміздің педагог-психологы Убанова Жайна Жамаладдинқызы «Ұжымдық, Достық, Әріптестік» атты тренинг өткізді. Тренинг - педагогтардың ұжымдық сыйластығын, бір – біріне сенім арттыру, бірлесіп жұмыс жасауға баулу, көңіл – күйлерін көтеру мақсатында ұйымдастырылды. Тренингтің басты міндеттері: қатысушылардың өз ойларын ашық жеткізіп, бір – бірінің пікірін құрметтеуге, сеніммен қарауға бейімдеу; тұлғаның өзін ортада көрсете білу, өзін бағалай алуға түрлі психологиялық жағдайлардан шығу және өз пікірін ашық айтуға ықпал жасау; жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық жағдай жасай отырып, адамгершілік, сыйластық, әдептілік, шынайылық, адалдық құндылықтарын ұғынуға көмектесу болып табылады. Тренингке қатысқан оқытушылар қауымы «Өзімді және өзгені құрметтеу», «Керемет сезім!», «Жүректен жүрекке» сияқты ойын түріндегі өткізілген тәсілдер арқылы, ұжымдағы әріптестерінің бойында жақсы қаситеттерін көре алды. Тренинг соңында оқытушылар «Алғыс айту» күніне орай, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. Жақсы көңіл –күй сыйлаған педагог-психологқа да алғыстарын айтты.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет