Т.Рысқұлов атындағы ЖЭУ
«БЕ, А ж/е Б» кафедрасының
аға оқытушы Машай Нуржанар
Ұйымның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау
Ұйымның қаржылық жағдайы қаражаттарды (активтерді) және олардың қалыптасу көздерін (меншікті капитал және міндеттемелер) пайдалану және орналастырумен сипатталады. Ұйымның қаржылық жағдайын талдау және төлем қабілеттілігін бағалау келесідей сұрақтарға жауап беруі керек:
-
қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу үшін ұйымның ресурстары бар ма;
-
ұйым барлық кредиторларды белгіленген уақытта қанағаттандыруға қабілетті ма;
-
міндеттемелерді сенімсіз орындаудың себептері қандай, олар уақытша сипатта ма, әлде ұйымдағы қаржы дағдарысының көрсеткіші болып табылады ма.
Қаржылық жағдайдың негізінде ұйымның өзінің қызметін қаржыландыра алу қабілеттілігі түсініледі. Ол – ұйымның қалыпты жұмыс істеуі, қаржылық ресурстарды орынды орналастыру және тиімді пайдалану, басқа заңды және жеке тұлғалармен қаржылық өзара қарым-қатынастары, төлем және несие қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылығы үшін қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілгендігімен сипатталады. Ұйымның негізгі қаржылық ресурсы – тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатудан түскен түсімдер.
Нарықтық экономика жағдайында даму және банкроттыққа жол бермеу үшін қаржыны басқаруды, қалыптасу көздері және құрамы бойынша капитал құрылымы қандай болуын, қандай бөлігін меншікті қаражаттар және қандай бөлігін қарыз– қаражаттары қамтуы керек екендігін білу қажет [1].
Кесте -1 Ұйымның негізгі экономикалық көрсеткіштері
№
|
Көрсеткіштер
|
Есептік жыл
|
Өткен жыл
|
Ауытқу (+;-)
|
сомма
|
%
|
1
|
Өнімдерді сату мен қызмет көрсетуден түскен кіріс,
|
262855456
|
185125705
|
77729751
|
29,5
|
2
|
Жұмысшылардың орташа тізімдік саны, адам
|
155
|
136
|
19
|
12,2
|
3
|
Негізгі құралдардың орташа жылдық құны,
|
14475907
|
13576879
|
899028
|
6,2
|
4
|
Қысқа мерзімді активтердің орташа жылдық құны,
|
20477836
|
19546786
|
931050
|
4,5
|
5
|
Қор қайтымдылығы (1жол/3жол), теңге
|
18,1
|
13,6
|
4,5
|
24,8
|
6
|
Қор сыйымдылығы (3жол/1жол), теңге
|
0,05
|
0,07
|
-0,02
|
-40
|
7
|
Өнімнің өзіндік құны,
|
374093
|
62988
|
311105
|
83
|
8
|
Жалпы пайда,
|
121528282
|
262481363
|
-140953081
|
-115,9
|
9
|
Кезең шығыстары,
|
54340440
|
160029885
|
-105689445
|
-194
|
10
|
Салық салынғанға дейінгі пайда
|
19729182
|
845748
|
18883434
|
95,7
|
11
|
Меншік капитал
|
24060498
|
4891316
|
19169182
|
79,6
|
12
|
Таза пайда
|
19729182
|
845748
|
18883434
|
95,7
|
13
|
Дебиторлық берешек
|
11113252
|
13118177
|
-2004925
|
-18
|
14
|
Қысқа мерзімді активтердің айналымдылығы (1/4)
|
12,8
|
9,4
|
3,4
|
26,5
|
15
|
Сату көлемінің табыстылығы, % (8/1)
|
0,46
|
1,4
|
-0,94
|
-204.3
|
16
|
Активтердің табыстылығы,% (12/активтер)
|
0,23
|
0,007
|
0,223
|
96,9
|
17
|
Меншікті капитал табыстылығы (12/меншікті капитал)
|
0,81
|
0,17
|
0,64
|
79
|
18
|
Активтер
|
84900261
|
118586747
|
-33686486
|
-39,6
|
Ескерту:Ұйымның қаржылық есептілік мәліметтерінен [3]
|
Ұйымның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау бойынша өнімді өткізуден түскен табыс жыл басында 185125705 теңге жыл аяғында 262855456 теңге өткен жылмен салыстырғанда 77729751теңгеге және 29,5 пайызға жоғарлады.
Жұмысшылардың орташа тізімдік саны жыл басында 136 адам, жыл соңында 155 адам өткен жылмен салыстырғанда 19 адам саны көбейді, немесе 12,2 пайызға бұл дегеніміз адам санын жоғарлауы жұмыс көлеміне байланысты қосымша қабылдаған.
Негізгі құралдардың орташа жылдық саны жылдың басында 13576879 теңге жыл аяғында 14475907 теңге немесе 899028 теңгеге яғни 6,2 пайызға жоғарлады.
Қысқа мерзімді активтердің жылдық саны жыл басында 19546786 теңге жыл соңында 20477836 теңге өткен жылмен салыстырғанда 931050 теңгеге немесе 4,5 пайызға жоғарлады. Бұл дегеніміз дебиторлық берешек сомалардың қайтарылуы және қорлардың өсумен түсіндіріледі.
Қор қайтарымдылығы коэффициент жыл басында 13,6 –ке жыл аяғында 18,1орынға немесе 4,5 –ке немесе 24,8 пайызға жоғарлады.
Қор сыйымдылық коэффициент жыл басында 0,07 жыл аяғында негізгі құралдарды пайдалану тиімділігі 0,05-ке өткен жылмен салыстырғанда 0,02 орынға ие болып отыр.
Жалпы пайдаға келетін болсақ жыл басында 262481363 теңге жыл аяғында 121528282 теңге өткен жылмен салыстырғанда 140953081 азайды.
Жалпы табыстың құрылымдық азайю себебі өнімнің өзіндік құнының жоғарлау жағдайынан болып отыр.
Бұл серіктестігінің кезең шығындарына өнімді өткізу және әкімшілік пен басқада шығындар жатады. Сондықтан жыл басында 160029885 теңге жыл аяғында 54340440 теңге өткен жылмен салыстырғанда 105689445 теңгеге жоғарлап отыр. Бұл шығындардың жоғарлау себебінен жалпы пайдаға әсер етеді.
Салық салғанға дейінгі пайдаға келетін болсақ, жыл басында 845748 теңге жыл аяғында 19729182 теңге өткен жылмен салыстырғанда 18883434 теңгеге жоғарлаған. Немесе 95,7 пайызға өсіп отыр.
Ұйымның меншікті капиталының құрылымдық талдауына келетін болсақ жыл басында 4891316теңге жыл аяғында 24060498 теңге өткен жылмен салыстырғанда 19169182 теңге немесе 79,6 пайызға жоғарлап отыр. Бұл меншікті капиталдың жоғарлауы қазіргі нарықтық экономиканың даму кезінде қаржыландырудың екі көзі бұл меншікті капиталды немесе сырттан тартылған капиталды көбейту негізінде жүзеге асырылады. Осы қағиданы қолға алып жұмыс жүргізілгені байқалып отыр.
Ұйымның таза пайда немес жыл соңындағы қаржы нәтижесі болып табылатын көрсеткіші болып табылатындығы бәрімізгі белгілі сондықтан бұл көрсеткіш жыл басында 845748 теңге жыл соңында 19729182 теңге өткен жылмен салыстырғанда 18883434 теңгеге немесе 95,7 пайызға өсіп отыр. Таза табыстың жоғарлауы Ұйымның жақын арада қаржы қиындықтарына қарсы тура алатындығын көрсете алды.
Қысқа мерзімді активтердің айналымдылығы жыл басында 9,4-ке жыл аяғында 12,8 рет өткен жылмен салыстырғанда 3,4 ретке немесе 26,5 пайызға жоғарлады. Сату көлімінің табыстылығы жыл басында 1,4 жыл аяғында 0,46 өткен жылмен салыстырғанда 0,94-ке орынға азайды.
Ұйымның актив табыстылығынан келетін болсақ, жыл басында 0,007 жыл аяғында 0,23 –ке өткен жылмен салыстырғанда 0,223 немесе 96,9 пайызға жоғарлады.
Меншікті капиталдың табыстылығы жыл басында 0,17 жыл аяғында 0,81 яғни өткен жылмен салыстырғанда 0,64 немесе 79 пайызға жоғарлағаны көрініп отыр.
Жалпы активтердің құрамы мен құрылымдық өзгеріс бойынша келетін болсақ, жыл басында 118586747 теңге жыл соңында 84900261 теңге өткен жылмен салыстырғанда 33686486 теңгеге азайды. Немесе 39,6 пайызға төмендеп отыр. Бұл табысқа кері әсірін тигізбейді. Бұл сомалардың азайю себебі дебиторлық берешектердің және ақша қаражаттардың азаю жағдайынан туындап отыр.
Талдау бойынша экономикалық көрсеткіштерге табыстылық көрсеткіштер және серіктестіктің таза пайдаға шыққандығын, ұйымның жағдайы жақсы екендігін көріп отырмыз.
Қорыта келе, ұйымның экономикалық көрсеткіштері толық талданып өздерінің тиісті мәндерін көрсете білді. Серіктестік келесі жылдарға өзінің қызметін қорықпай жүзеге асыруына болады деген тұжырымдамаға келіп отыр.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
-
Турманидзе Т.У. «Финансовый анализ» учебник 2013ж изд. Юнити-Дана стр284
-
Дүйсенбаев К.Ш. «Қаржы есептілігін талдау» Алматы, Экономика 2012ж.
-
Андыбаева Г.Т., Канабекова А.К., Абитова А.К. «Экономикалық талдау» Алматы, LEM 2014ж. 220 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |