. Жүйке жүйесі Жоспар: 1)Нерв жүйесінің маңызы. 2)Нерв жүйесінің құрылымдық және қызметтік ұйымдасуы. 3)Бас ми нервтері. 4)Артқы ми. 5)Сопақша ми. 6)Ортаңғы ми. 7)Қызыл ядро. 8)Торлы құрылым немесе ретикулярлық формация. 9)Мишық. 10)Аралық ми. 11)Лимбиялық жүйе. Нерв жүйесінің маңызы Нерв жүйесі организмді өзгеріп отыратын сыртқы орта факторларына бейімдеп, оның біртұтастығын қамтамасыз етеді. Нерв жүйесі жасушалардың ұлпалардың, мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметтерін реттеп, оларды өзара байланыстырады. Нерв жүйесі сыртқы және ішкі тітіркедіргіштерге организмнің жауап қайыру мүмкіндігін береді.Нерв жүйесінің жоғары бөлімдері психикалық іс-әрекеттің көрініс беріп жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Нерв жүйесі – информацияны жылдам жеткізетін және басқаруды жүзеге асыратын күрделі үйымдасқан әрі жоғары дәрежеде маманданған жүйе. Нерв жүйесінің құрылымдық және қызметтік ұйымдасуы Нерв жүйесін негізгі 2 бөлімге бөліп қарастырады: 1) Орталық нерв жүйесі. 2) Шеткі нерв жүйесі. . Орталық нерв жүйесіне жұлын мен ми жатады. Шеткі нерв жүйесіне орталық нерв жүйесінен тараған нервтер мен орталық нерв жүйесінен тысқары орналасқан нерв жасушаларының шоғыры (ганглилер) жатады. Нерв жүйесі қызметтік жағынан 2 бөлімге жіктеледі: 1) Соматикалық нерв жүйесі. 2) Вегетативтік нерв жүйесі. Тірек – қимып аппаратын нервтендіріп, денеміздің сезімталдығын қамтамасыз ететін нерв жүйесінің бөлігін соматикалық нерв жүйесі деп атайды. Ішкі органдарды нервтендіріп, олардың қызметін реттейтін, ондағы зат алмасуға әсер ететін нерв жүйесінің бөлігін вегетитивті нерв жүйесі деп атайды. Бас ми НЕРВТЕРІ Орталық нерв жүйесінің негізгі бөлігі – ми. Ол ми сауытында орналасқан. Ересек адамда мидың салмағы 1400-1450 грамм құрайды. Мидан 12 жұп жүйкелер тарап, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келген ақпаратты миға жеткізеді. Бұларға I - иіс, II - көру, III - көз қимылдатқыш, IV - шығыршық, V – үшкіл, VI – бұру, VII – бет, VIII – дыбыс, IX – тіл-жұтқыншақ, X – кезеген, XI – қосымша, XII – тіласты жүйкелері жатады. Ми артқы ми, (сопақша ми мен варолий көпірі), мишық, ортаңғы ми, аралық ми жєне екі ми сыңарларынан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |