Жұмағали С. Дайындыққа кірісті / С. Жұмағали // Орталық Қазақстан. 2005. 5 ақпан



Дата29.06.2016
өлшемі9.12 Kb.
#166003
Жұмағали С.

Дайындыққа кірісті / С.Жұмағали // Орталық Қазақстан.-2005.- 5 ақпан.

Биылғы жылы жерлесіміз, белгілі ғалым Е.Бөкетов 80-жасқа толғалы отыр. Академик ағамыз ғылым саласында ғана емес, өнер саласында да өшпес із қалдырған тұлға. Ол кісінің Шекспирден аударған «Макбеті» біздің театрда жетпісінші жылдардың мұғдарында қойылған болатын. Сондай-ақ, Маяковскийдің бірсыпыра өлеңдері мен «Қандаласын», Шекспирдің тағы бір драмасы «Юлий Цезарьды» да тәржімалаған еді. Тілі жатық, ақ өлеңмен төгілген жолдар көпшіліктің көңілінен шығатын шығармалартын.

Міне, бағлан ағамыздың аудармасындағы «Юрий Цезарь» драмасын сахналауды С.Сейфуллин атындағы драма театр ұжымы таяуда қолға алды. Бұл айтулы шығарманы К.Станиславский атындағы орыс драма театрының бас режиссері Генрих Огонесян жүзеге асырмақ. Бұған дейін де қазақ театры сахнасында талай-талай тамаша шығармалар қойған ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі өнер шебері сол үрдісінен жаңылмас деген ойдамыз.

Ең бастысы, бұл тың шығарма марқұм Е.Бөкетовтің мерейтойына бағышталмақ. Қойылымға театрдың марқасқа актерлері, белгілі өнер шеберлері қатысады.



Алла нәсіп берсе, алғашқы қойылымды алдағы наурыз айында көрермен назарына ұсыну көзделіп отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет