Үймереттер мен ғимараттарды салу технологиясын вариантты жобалау



бет1/4
Дата06.03.2022
өлшемі1.23 Mb.
#456020
  1   2   3   4
вариантты жобалау исправленный

Үймереттер мен ғимараттарды салу технологиясын вариантты жобалау.


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
«Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасы
Орындаған:Қонысова Н
Қабылдаған: Келмағамбетов Н

Вариантты жобалау

  • Вариантты жобалау нақтылы объектіні салу технологиясы және ұйымдастыру жөніндегі көптеген шешімдердің ішінен мақсатқа толық жауап беретіндей ең тиімді деген жобаны таңдауға мүмкіндік береді.

Салыстырылатын варианттардың тиімділігін бағалаудың негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері:


құрылыстың өзіндік құны
еңбек сыйымдылығы
құрылысты салу мерзімі

Объектіні тұрғызу шарттарына:


құрылыс ауданының геологиялық-климаттық сипаттамасы (аймақтың климаттық ерекшеліктері, құрылыс алаңының геологиясы, су қорлары және басқалар);
ресурстық сипаттамалар (өндірістік базалардың, жергілікті құрылыс материалдарының барлығы және қуаты, құрама элементтер және құралымдармен жабдықтау мүмкіндігі мен реттілігі, тасымал құралдарының түрлері, энергетикалық және басқа да ресурстар жатады).
құрылыс алаңының жағдайы, (тарлық деңгейі, әсіресе жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды жаңғырту жағдайында; жерасты коммуникацияларының барлығы, ғимараттар мен үймереттерді бұзу қажеттілігі);

Объектіні салудың, көлемдік-жоспарлық және құралымдық шешімдердің шарттарын талдау нәтижесі бойынша құрылыс жұмыстарының тізімі мен құрамы белгіленеді. Осыдан кейін ішінен құрылыстың нақтылы жағдайына неғұрлым тиімді болады дегенін таңдап алу үшін олардың түрлі варианттары жасалады.

  • Объектіні салудың, көлемдік-жоспарлық және құралымдық шешімдердің шарттарын талдау нәтижесі бойынша құрылыс жұмыстарының тізімі мен құрамы белгіленеді. Осыдан кейін ішінен құрылыстың нақтылы жағдайына неғұрлым тиімді болады дегенін таңдап алу үшін олардың түрлі варианттары жасалады.

Құрылысты ұйымдастыру және жұмыс өндірісінің технологиясын жобалау тәжірибесі көрсетіп жүргеніндей, ұйымдық-технологиялық шешімдерді таңдау кезінде қандай да болсын шешім қабылдаудың нәтижелері қандай болатынын күні бұрын кешенді түрде есепке алудың маңызы зор. Мәселе құрылыс жұмыстарының технологиясы мен ұйымдастыруы құрылыстың негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне үлкен әсерін тигізуінде болып отыр. Мысалы, жұмыстың өзіндік құнының қандай болуы, құрылыс мерзімінің қаншалыққа созылуы, жұмысшылардың еңбек өнімділігінің деңгейі және басқа да аса маңызды көрсеткіштер осыларға тәуелді.

  • Құрылысты ұйымдастыру және жұмыс өндірісінің технологиясын жобалау тәжірибесі көрсетіп жүргеніндей, ұйымдық-технологиялық шешімдерді таңдау кезінде қандай да болсын шешім қабылдаудың нәтижелері қандай болатынын күні бұрын кешенді түрде есепке алудың маңызы зор. Мәселе құрылыс жұмыстарының технологиясы мен ұйымдастыруы құрылыстың негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне үлкен әсерін тигізуінде болып отыр. Мысалы, жұмыстың өзіндік құнының қандай болуы, құрылыс мерзімінің қаншалыққа созылуы, жұмысшылардың еңбек өнімділігінің деңгейі және басқа да аса маңызды көрсеткіштер осыларға тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет