Жұмыс бағдарламасы 050716 Аспапжасау мамандығының элективтік пәндер каталогы және жұмыс оқу жоспары негізінде әзірленген және С. Торайғыров атындағы пму ғылыми Оқу кеңесінің мәжілісінде бектілген



Дата22.06.2016
өлшемі268 Kb.
#152972
түріЖұмыс бағдарламасы

Оқу жұмыс бағдарламасы





ПМУ ҰС Н 7.18.2/06

түрі


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы

ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Талдаудың физика-химиялық әдістері

050716 – Аспапжасау

мамандығының студенттеріне арналған

Павлодар


Мамандықтың элективтік пәндер каталогы негізінде дайындалған, пәнінің жұмыс бағдарламасының бекіту беті





ПМУ ҰС Н 7.18.1/08

түрі


БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

___________Пфейфер Н.Э.

«___» ____________200_ж.

Құрастырушы: аға оқытушы __________ТуғамбаеваТ.Б.

Химия және химиялық технологиялар кафедрасы

Талдаудың физика- химиялық әдістері пәні бойынша 050716 – Аспапжасау

мамандығының студенттеріне арналған


ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Жұмыс бағдарламасы 050716 – Аспапжасау мамандығының элективтік пәндер каталогы және жұмыс оқу жоспары негізінде әзірленген және С.Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми Оқу кеңесінің мәжілісінде бектілген.

«___» _______________201_ж. Хаттама № ___


Кафедра мәжілісінде ұсынылды «___» _______________201_ж.

Хаттама № ___

Кафедра меңгерушісі ___________________ Жапаргазинова К.Х.

Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу – әдістемелік кеңесімен мақұлданды

«___» _____________201_ж. Хаттама № _____
ОӘК төрайымы__________________ Буркитбаева У.Д.
КЕЛІСІЛДІ

БХФ деканы ______________ Ахметов К.К. «____» ____________201_ж.


ЖБ және ӘҚе МАҚҰЛДАНДЫ

ЖБ және ӘҚе бастығы_________Варакута А.А.«____» ____________201_ж.


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды «___» ________20__ ж. Хаттама № _______


Пәннің мақсаттары мен міндеттері
Пәнді оқыту мақсаты – физика-химиялық талдау әдістері бойынша теориялық мағлұматтар беру. Студенттерді физика-химиялық талдау әдістерінің түрлерімен, олардың маңызымен, қолданылу аймақтарымен, жіктелуімен және қолданылатын аспаптардың конструкцияларымен таныстыру. Жұмыс істейтрін өндірістер мысалында физика-химиялық талдау әдістерінің тәжірибеде қолданылуымен таныстыру.

Пәнді оқыту міндеттері - студенттерді химиялық өндірісте қолданылатын әртүрлі физика-химиялық талдау әдістерімен таныстыру; студенттерде осы әдістерді тәжірибеде қолдану дағдыларын дамыту, физика-химиялық талдау әдістерінде қолданылатын аспаптарда жұмыс істей білуге қол жеткізу.
Студент білуі керек:

- спектралды талдау әдістерінің теориялық негіздерін;

- электрохимиялық талдау әдістерінің теориялық негіздерін;

- хроматографиялық талдау әдістерінің теориялық н.егіздерін;

- аналитикалық бақылау әдістерінің дамуының перспективаларын;

- қажетті есептеулерді орындауды.



Студент істей білуі керек:

- міндеттерді, уақытша және экономикалық шығындарды есепке ала отырып, талдаудың небары қолайлы әдісін таңдауды;

- эксперимент жоспарын құрастыруды және қажетті реактивтер мен жабдықтауларды әзірлеуді;

- өздігінен талдауды орындауды;

- алынған нәтижелерді теориялық білім негізінде зерттеу объектісінің сипаттамасын және таңдалған әдістің мүмкіншіліктетін есепке ала отырып, талдауды;

- талдаулардың нәтижелерін компьютерді қолданып бағалауды.



Пререквизиттер: Пәнді оқуда келесі пәндерді оқуда алған білімдер қажет: химия, аналитикалық химия, жалпы химия, математика, физика, қолданбалы механика.


Мамандықтың жұмыс оқу жоспарынан үзінді





ПМУ ҰС Н 7.18.3/32

түрі



Мамандықтардың жұмыс оқу жоспарынан үзінді

050721-Органикалық заттардың химиялық технологиясы, 050720-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, 050716 – Аспапжасау мамандықтарының оқу жұмыс жоспарларынан үзінді



Пәннің атауы Анализдің физика-химиялық әдістері



Оқыту

түрі


Пәннің жұмыс сыйымдылығы

Семестрелер бойынша бақылау түрлері



Семестр

Студенттердің семестрлер бойынша жұмыс көлемі

кредиттер


академиялық сағаттар

кредиттер

Аудиториялық сабақтар (акад.сағ)

СӨЖ

(ак.сағ)


барл

ауд

СӨЖ

емт.

сынақ

КЖ

КЖм

барл

дәр

тәж

зерт

барл

СОӨЖ

ЖОБ 2009ж

3

135

45

90

5










5

3

45

15

15

15

90

45

Кафедра меңгерушісі ______________ К.Х. Жапаргазинова


«___» _________ 20__г. Хаттама № ___

Пәннің мазмұны
1 Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырыптар атауы

Сабақтардың түрлері бойынша кантактты сағаттар саны

Дәр

Зерт

Тәж

СӨЖ

1

Талдаудың физика-химиялық әдістерінің сипаттамасы, олардың қолданылуы

1

4

1

5

2

Спектралды талдау әдістері

1







10

3

Эмиссионды спектралды талдау

1




2

2

4

Абсорбциялық спектроскопия

2

12

2

2

5

Атомды- абсорбциялық спектралды талдау

1







2

6

Нефелометрия және турбидиметрия







1

5

7

Рефрактометрия және поляриметрия




4




5

8

Электрохимиялық талдау әдістері










6

9

Кондуктометрия

1




1

4

10

Потециометрия

1

8

2

3

11

Полярография (вольтамперометрия)

1




2

3

12

Электролиз және кулонометрия

1




2

10

13

Хроматография

1




2

5

14

Газды хроматография

3







5

15

Сұйықты адсорбциялық хроматография

1







4

16

Жіңішке қабатты хроматография




2




5

17

Ионалмасу хроматографиясы

1







4

18

Хроматографияның басқа түрлері










10

Барлығы:

15

15

15

90


2 Пәннің теориялық бөлімінің мазмұны
Талдаудың физика-химиялық әдістерінің сипаттамасы, олардың қолданылуы. Инструменталды талдау әдістері – аналитикалық химияның негізгі құрам бөлігі. Физика-химиялық талдау әдістерінің ерекшеліктері мен қолдану аймақтары. Негізгі физика-химиялық талдау әдістері. Физика-химиялық талдау әдістерінде қолданылатын негізгі тәсілдер.

Спектралды талдау әдістері. Спектралды талдау әдістерінің жалпы сипаттамасы. Спектралды талдау әдістерінің жіктелуі. Эмиссионды әдістер. Абсорбциялық әдістер. Қолданылатын аспаптар.

Эмиссионды спектралды талдау. Атомды-эмиссионды спектрлердің пайда болуы. Спектрлердің түрлері (сызықтық, жолақты, бірыңғай). Резонансты және соңғы сызықтар, атом спектрлері сызығының сипаттамасы. Спектралды аспаптардың негізгі түйіндері. Қоздыру көздері. Диспергирлейтін элемент. Жарық қабылдағыштар. Спектралды аспаптардың кострукциялары. Сандық және сапалық спектралды талдаулар. Фотграфиялық, фотоэлектрлік әдістер. Химия-спектралды талдау. Жалын фотометриясы. Тәжірибелік қолданылуы.

Абсорбциялық спектроскопия. Сәуле сіңірудің негізгі заңы. Бугер-Ламберт- Бер заңының шектеулері және қолдану жағдайлары. Сіңіру спектрлері. Айналатын, тербелетін, электрондық спектрлер. Сіңіру интенсивтігі. Фотохимиялық реакциялар. Абсорбциялық спектроскопия аспаптардың негізгі түйіндері. Фотометрлік титрлеу.

Атомды- абсорбциялық спектралды талдау. Әдістің теориялық негіздері. Атомды абсорбциялы талдаудың аспаптарының негізгі түйіндері. Сандық талдаулар. Тәжірибеде қолдану. Әдістің жалпы сипаттамасы.

Нефелометрия және турбидиметрия. Әдістің жалпы сипаттамасы. Сапалық және сандық талдау. Жарықты шашырату. Турбиметриялық және нефелометриялық талдау әдістерінің аспаптары. Тәжірибелік қолданылуы.

Рефрактометрия және поляриметрия. Сыну көрсеткіші. Сыну көрсеткішін анықтайтын аспаптар. Талдаудің негізгі рефрактометриялық әдістемелері. Жарықтың полярлану жазықтығының айналуы. Полярометриялық талдауларды орындау аспаптары. Поляриметриялық әдістемелер.

Электрохимиялық талдау әдістері. Электрохимиялық талдау әдістерінің сипаттамасы. Талдауды орындау кезінде жүретін химиялық процестер.

Кондуктометрия. Кондуктометриялық талдау әдістерінің теориялық негіздері. Тікелей кондуктометрия және кондуктометриялық титрлеу. Ерітінділердің электрөткізгіштігі. Кондуктометриялық титрлеуде қолданылатын теңдеулер. Жоғарыжиілікті титрлеу.

Потециометрия. Потенциометриялық талдау әдістерінің теориялық негіздері. Электродтар жүйесі: индикаторлық және салыстырмалы электродтар. Тікелей потенциометрия (рН-метрия,ионометрия). Заттардың физика-химиялық қасиеттерін потенциометриялық анықтау.

Полярография (вольтамперометрия). Вольтамперометрияның (полярографияның) теориялық негіздері. Полярографиялық қондырғының схемасы. Тура полярография. Амперметрлік титрлеу. Шекті диффузиялық токтың қасиеті. Полярографиялық толқын теңдеуі. Илькович теңдеуі.

Электролиз және кулонометрия. Электролиз барысындағы химиялық және электрохимиялық процестер. Электролиз заңдары. Электролиз қондырғысының схемасы. Электрогравиметриялық бөлу.

Кулонометриялық талдау әдісі. Әдістің теориялық негіздері. Кулонометриялық әдісті орындау тәсілдері. Тікелей және жанама кулонометрия. Потенциометриялық кулонометрия.



Хроматография. Хроматограмма туралы түсінік. Ұсталуды көрсететін хроматографияның негізгі заңы. Заттың адсорбциялануы – хроматография негізі. Хроматография әдістерінің жіктелуі. Хроматграфияның теориялық негізі. Хроматографиялық талдау әдістерінде қолданылатын аспаптардың негізігі түйіндері.

Газды хроматография. Хроматографиялық бағаналар мен детекторлар. Сандық және сапалық талдау. Температураның әсері. Аналитикалық реакционды газды хроматография. Тәжірибеде қолданылуы.

Сұйықты адсорбциялық хроматография. Сұйықты адсорбциялы хроматография. Талдаудың теориялық негіздері. Аспаптардың негізгі түйіндері. Сандық және сапалық талдау.

Жіңішке қабатты хроматография. Жіңішке қабатты хроматографияның негізгі сипаттамасы. Сандық және сапалық талдау. Тәжірибеде қолданылуы.

Ионалмасу хроматографиясы. Ионалмасу хроматографиясының негізгі ерекшеліктері. Ионалмасу тепе-теңдігі. Ионалмасу тұрақтысы. Никольский теңдеуі. Ионалмасу шайырларының түрлері. Ионалмасу тепе-теңдігі. Тәжірибеде қолданылуы.

Хроматографияның басқа түрлері. Сұйық-сұйықтық бөліп тарату хроматографиясы. Гель-хроматография. Қағаздағы бөліп тарату хроматографиясы. Иондық хроматография.

3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
Тақырып 1. Талдаудың физика-химиялық әдістерінің сипаттамасы, олардың қолданылуы. Электрохимиялық талдау әдістері. Физика-химиялық талдау әдістерінде қолданылатын негізгі тәсілдер. − 1 сағат.

Тақырып 3. Эмиссионды спектралды талдау. Сандық және сапалық спектралды талдаулар. Фотграфиялық, фотоэлектрлік әдістер. Химия-спектралды талдау. Жалын фотометриясы. Тәжірибелік қолданылуы. Үш эталондар әдісін қолданып есептеулер орындау, градуирленген графиктер сызу. − 2 сағат.

Тақырып 4. Абсорбциялық спектроскопия. Сәуле сіңірудің негізгі заңы. Бугер-Ламберт- Бер заңының шектеулері және қолдану жағдайлары. Фотометрлік титрлеу. Есептеулер орындап, градуирленген графиктер сызу. − 2 сағат.

Тақырып 6. Нефелометрия және турбидиметрия. Нефелометрия және турбидиметрия талдаудағы негізгі тәсілдер бойынша есептеулер орындау – 1 сағат.

Тақырып 9. Кондуктометрия. Тікелей кондуктометрия және кондуктометриялық титрлеу. Кондуктометриялық титрлеуде қолданылатын теңдеулер. Жоғарыжиілікті титрлеу. Есептеулер орындау. Градуирленген графиктер және титрлеу қисықтарын салу. − 1 сағат.

Тақырып 10. Потециометрия. Электродтар жүйесі: индикаторлық және салыстырмалы электродтар. Тікелей потенциометрия (рН-метрия,ионометрия). Заттардың физика-химиялық қасиеттерін потенциометриялық анықтау.Потенциометриялық титрлеу қисықтарын салу, градуирленген графиктер салу − 2 сағат.

Тақырып 11. Полярография (вольтамперометрия). Тура полярография. Амперметрлік титрлеу. Шекті диффузиялық токтың қасиеті. Полярографиялық толқын теңдеуі. Илькович теңдеуі. Заттарды полярографиялық анықтаудың градуирленген графиктері. Амперметрлік титрлеу қисықтарын салу. − 2 сағат.

Тақырып 12. Электролиз және кулонометрия. Электролиз заңдарын қолданып есептеулер орындау – 2 сағат.

Тақырып 13. Хроматография. Газ қоспасының компоненттерінің массалық үлестерін анықтау. Теориялық табақтар санын және хроматографиялау уақытын хроматографиялық шың сипаттамасын қолданып анықтау. Хроматографияда градуирленген график әдісін қолдану – 2 сағат.
4 Зертханалық жұмыстардың тізімі және мазмұны




Тақырып атауы

Зертханалық жұмыс атауы

Мазмұны

1

2

3

4

1

Талдаудың физика-химия

лық әдістерінің сипаттамасы, олардың қолданылуы




1)Талдаудың физика-химиялық әдістерінің зертханасында жұ

мыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техника ережелері

2) Талдаудың физика

-химиялық әдістері

нің зертханасында қолданылатын аспап

тардың конструк

циялары


Талдаудың физика-химиялық әдістерінің зертханасында жұ

мыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техника ережелерімен танысу. Инструктаж өту


Негізгі аспаптармен танысу: КФК, рефрактометр, рН-метр


4

Абсорбционная спектроскопия

1) Электролиттегі мысты дифферен

циалды фотометрлік әдіспен анықтау


2) Темірді (ІІІ) трисульфосалицилат түрінде анықтау


3) Никельді Ni фотоколориметриялық әдіспен анықтау





Электролиттегі мысты дифферен

циалды фотометрлік әдіспен КФК аспабында оптикалық тығыздық пен өткізу коэффициентін табумен анықтау

Темірді (ІІІ) трисульфосалици

лат түрінде КФК аспабында оптикалық тығыздық пен өткізу коэффициентін табумен анықтау

Никельді Ni КФК аспабында оптикалық тығыздық пен өткізу коэффициентін табумен анықтау


7

Рефрактометрия және поляриметрия

Калий хлориді ерітіндісінің концентрациясын анықтау


Калий хлориді ерітіндісінің концентрациясын рефрактометрдің көмегімен сыну коэффициенті бойынша анықтау

10

Потециометрия

1)Заттардың рН анықтау

2) Ауыз судағы құрғақ қалдықты анықтау

3)Иондарды гравиметриялық зерттеу арқылы анықтау


Сутектік көрсеткішті рН-метрде анықтау

Әртүрлі жерлерден алынған ауыз судағы құрғақ заттарды суалту арқылы анықтау

Иондарды гравиметриялық зерттеу арқылы анықтау


16

Жіңішке қабатты хроматография

Бірөлшемді жоғары қарай жылжитын жіңішке қабатты хроматография әдісімен Hg (II). Cd (III). Pb (II). Bi (III). Cu (II) катиондарын бөлу және анықтау


Талданатын қоспа құрамындағы катиондарды анықтау үшін қозғалатын фаза мен талданатын қоспа сорбенттің бетімен жылжуының әртүрлі жылдамдықтарын анықтау.




5 Студенттің өздік жұмысының мазмұны
5.1 СӨЖ түрлерінің тізімі


СӨЖ МАЗМҰНЫ



СӨЖ түрі

Бақылау формасы

Бақылау түрі

Сағат саны

1

2

3

4

5

1

Дәріс сабақтарына дайындалу

Жұмыс дәптері

Дәріс материал

дары бойынша ауызша сұрау



7,5

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындалу

Дәптерге конспект жазу

Тәжірибелік жұмыс бойынша сұрау

3



3

Зертханалық сабақтарға дайындалу

Дәптерге конспект жазу

Зертханалық жұмыс бойынша сұрау

15



4

Есеп беруді құрастыру және зертханалық жұмысты қорғау

Жұмыс дәптері

Зертханалық жұмыс бойынша сұрау

15

5

Коллоквиумға дайындалу

Ауызша сұрау

Берілген тапсырма бойынша сұрау

2

6

Аудиториялық сабақтарға кірмеген курстың қосымша материалдарын оқу

Дәптерге конспект жазу

Ауызша тексеру

43,5

7

Аралық бақылауға дайындалу

Жауап парағы

Бақылау жұмысы

4

БАРЛЫҒЫ:

90


5.2 Студенттердің өздігінен оқып игеруге ұсынылатын тақырыптар тізімі
Тақырып 1. Талдаудың физика-химиялық әдістерінің жалпы сипаттамасы, олардың қолданылуы

1. Талдаудың физика-химиялық әдістерінің ерекшеліктері және олардың қолдану аймақтары [1. 5-9 б.], [3. 4-15 б.], [4. 10-18 б.]



Тақырып 2. Талдаудың спектралды әдістері

1. Талдаудың спектралды әдістерінің жалпы сипаттамасы [1. 226-299 б.], [3. 156-192 б.], [8. 280-294 б.]

2. Талдаудың спектралды әдістерінің жіктелуі [1. 226-299 б.], [3. 156-192 б.], [8. 280-294 б.]

3. Зертханалық фотометрлердің - КФК-2, ЛФМ-72 құрылысы және жұмыс ісиеу принципі [1. 226-299 б.], [3. 156-192 б.], [8. 280-294 б.]



Тақырып 3. Эмиссионды спектралды талдау

1. Спектралды аспаптардың конструкциялары [1. 226-299 б.], [3. 156-192 б.], [8. 280-294 б.]

2. Спектралды аспаптардың негізгі түйіндері [1. 226-299 б.], [3. 156-192 б.], [8. 280-294 б.]

3. Жалын фотометриясы. Тәжірибеде қолданылуы. [1. 226-299 б.], [3. 156-192 б.], [8. 280-294 б.]



Тақырып 4. Абсорбциялық спектроскопия

1. Абсорбциялық спектроскопияның аспаптарының негізгі түйіндері. Фотометрлік титрлеу. [1. 355-389 б.], [3. 306-392 б.], [8. 300-374 б.]



Тақырып 5. Атомды- абсорбциялық спектралды талдау

1. Атомды- абсорбциялық спектралды талдау аспаптарының негізгі түйіндері [1. 93-95 б.], [3. 306-392 б.], [8. 300-374 б.]

2. Стилоскоп және спектропроектор ПС-18 конструкциясы [1. 93-95 б.], [3. 306-392 сб.], [8. 300-374 б.]

Тақырып 6. Нефелометрия және турбидиметрия

1. Нефелометрия және турбидиметрия. Жарықтың шашырауы [1. 156-157 б.], [3. 326-392 б.], [8. 375-399 б.]

2. нефелометриялық және турбодиметриялық талдау аспаптары. Тәжірибеде қолданылуы [1. 158-159 б.], [3. 326-392 б.], [8. 375-399 б.]

Тақырып 7. Рефрактометрия және поляриметрия

1. Рефрактометриялық талдау әдістері. [1. 142-143 б.], [7. 201-225 б.], [8. 288-343 б.]

2. Сыну көрсеткіші және толық іштей шағылысу [1. 142-145 б.], [7. 201-225 б.], [8. 288-343 б.]

3. Сыну көрсеткішін анықтауға арналған аспаптар [1. 145-147 б.], [2. 121-125 б.], [4. 288-343 б.]



Тақырып 8. Электрохимиялық талдау әдістері

1. Электрохимиялық талдау әдістерінің жалпы сипаттамасы [1. 160-245 б.], [3. 56-102 б.], [4. 108-198 б.]



Тақырып 9. Кондуктометрия

1. Электр өткізгіштігін анықтауға арналған қондырғы схемасы [1. 166-167 б.], [3. 56-102 б.], [6. 88-174 б.]

2. Жоғарыжиілікті зертханалық титратордың Т-102-01 жұмыс істеу принципі мен құрылысы [1. 175-176 б.], [3. 56-102 б.]

Тақырып 10. Потециометрия

1. Потенциометриялық өлшеулерге арналған құрылғы схемасы [1. 179-182 б.], [3. 56-102 б.], [6. 88-174 б.]

2. Потенциометрияда қолданылатын электродтардың түрлері [1. 185-197 б.], [3. 56-102 б.], [6. 88-174 б.]

3. Потенциометр, ионометр ЭВ-74, БАТ-15 құрылысы және жұмыс істеу принципі. [1. 185-197 б.], [3. 56-102 б.], [6. 88-174 б.]



Тақырып 11. Вольтамперометрия (полярография)

1. Полярографиялық құрылғы схемасы. [1. 216-218 б.], [3. 56-102 б.], [6. 88-174 б.]



Тақырып 12. Электролиз және кулонометрия

1. Электролизге арналған құрылғы қондырғысының схемасы. Электрогравиметриялық бөлу. [1. 239-242 б.], [3. 201-213 б.], [8. 239-274 б.]

2. Кулонометрия түрлері [1. 196-299 б.], [3. 56-102 б.], [8. 239-274 б.]

Тақырып 13. Хроматография

1. Хроматография әдістерінің жіктелуі [1. 294-295 б.], [3. 400-492 б.], [8. 405-599 б.]

2. Хроматографиялық талдауға арналған аспаптардың негізгі түйіндері [1. 299-301-458 б.], [3. 400-492 б.], [8. 405-599 б.]

Тақырып 14. Газдық хроматография

1. Хроматографиялық бағандар мен детекторлар [1. 304-308 б.], [3. 400-492 б.], [8. 405-599 б.]



Тақырып 15. Сұйықтық адсорбциялық хроматография

1. Сұйықтық хроматография аспаптарының негізгі түйіндері [1. 318-320 б.], [3. 400-492 б.], [8. 405-599 б.]



Тақырып 16. Жіңішке қабатты хроматография

1. Жіңішке қабатты хроматографияның негізгі сипаттамалары [2. 321-325 б.], [5. 257-376 б.], [8. 295-311 б.]



Тақырып 17. Ион алмасу хроматография

1. Ион алмасу хроматографияның негізгі ерекшеліктері [1. 331-337 б.], [3. 400-492 б.], [8. 405-599 б.]



Тақырып 18 Хроматографияның басқа түрлері

1. Сұйық-сұйықтық бөліп тарату хроматографиясы. [1. 326-327 б.], [3. 400-492 б.], [8. 405-599 б.]

2. Гель-хроматография. [1. 330-331 б.], [3. 400-492 б.], [8. 405-599 б.]

3. Қағаздағы бөліп тарату хроматографиясы [1. 327-329 б.], [3. 400-492 б.], [8. 405-599 б.]



4. Иондық хроматография. [1. 338-340 б.], [3. 400-492 б.], [8. 405-599 б.]

6 Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиет


  1. Васильев В.П. Аналитическая химия: учеб. для студ. вузов, обучающихся по химико-техн. спец. / В.П. Васильев. − 5-е изд., стереотип. − М. : Дрофа, 2005. − 383с.

  2. Васильев В.П., Кочергина Л.А., Орлова Т.Д. Аналитическая химия. Сборник вопросов, упражнений и задач: Пособие для вузов, / В.П. Васильев, Л.А.Кочергина, − 5-е изд., стереотип. − М. : Дрофа, 2005. − 383с.

  3. Дорохова Е.Н., Прохорова Г.В. Аналитическая химия. Физика-химические методы анализа. / Е.Н. Дорохова, Г.В. Прохорова, − М. : Высшая школа, 1991, − 256с.

  4. Крешков А.П. Основы аналитической химии. Физико-химические (инструментальные) методы анализа. /А.П.Крешков, − М. : Химия. 1970, – 472 с.

  5. Крешков А.П. Основы аналитической химии: Кн. 1 и 2 /А.П.Крешков, − М. : Химия. 1976, – 960 с.

  6. Мансуров К.Т. Физика-химиялық әдістер / К.Т. Мансуров, − Алматы. : Баспа. 2003, − 294б.


Қосымша әдебиет


  1. Практикум по физико-химическим методам анализа. Под ред. О.М.Петрухина. М. : Химия, 1987, – 246 с.

  2. Физико- химические методы анализа. Практическое руководство. Под ред. Алесковского В.Б., Ленинград. : Химия, 1988. – 376 с.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет