Жұмыс бағдарламасы Глоссарий


Селекцияның негізгі әдістері: сұрыптау, будандастыру және мутациялық селекция



бет2/4
Дата22.06.2016
өлшемі0.67 Mb.
#153731
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4

Селекцияның негізгі әдістері: сұрыптау, будандастыру және мутациялық селекция.


Адамның қатысуымен жүретін сұрыптауды қолдан аррыптау деп атайды. Чарлз Дарвин өзінің қолдан сұрыптау туралы ілімінде оның екі түрін анықтаған: мақсатсыз және мақсатты сұрыптау. Адамдар жануарларды үй жағдайына қолға үйретудің алғашқы кезеңінде мақсатсыз сұрыптауды пайдаланды. Олар өздеріне ыңғайлы, жуас ұрпақ өрбітетін малдар мен мол өнім беретін өсімдіктердің түрін қалдырып, қолға үйретуге қиын, мінез-құлқы шәлкес малдарды жойып немесе күштеп үйретуге тырысты. Сонымен адам санасыз сұрыптаудың арқасында малдарды мінез- құлқына қарап, біртіндеп үй жағдайына үйрете бастады. Мысалы, қазіргі иттердің арғы тегі қасқыр екені анықталды. Жануарлармен қатар өсімдіктерді де санасыз сұрыптады. Мысалы, астық тұқымдас өсімдіктердің жабайы түрінің орта жағдайына бейімделуіне байланысты масағы сынғыш келеді. Олардың масағынан дәндері төгіліп тұрады. Адам бидай өнімін жинау барысында масағы мықты өсімдіктерді сұрыптау арқылы оның осы уақыттағы мәдени түрін алды. Санасыз сұрыптаудың нәтижесінде біртіндеп малдардың тұқымы мен өсімдіктердің түрлері жаңара түсті. Әйтсе де, осы санасыз сұрыптау, барлық мәдени өсімдіктердің, үй жануарларының алуан түрлілігінің шығуына ықпалын тигізді.

&&&


$$$002-003-000$3.2.3,4. Дәріс № 3,4. Селекциядағы туыстық.

Жоспар:


Асылдандыру жұмысындағы туыстықтың маганасы.

Туыстық қатарлар.Туыстық бойынша кейбір бағалау эдістері

Cелекцияның генетика - математикалық әдістері
Жаңа тұқымдарды шығару және өнімділігі жоғарыларды жетілдіру, жануар ағзасында болып жатқан барлық процесстерді басқаратын, генетикалық жүйелердің қайта түрленуіне байланысты. Селекционер селекция үшін өте маңызды шаруашылық - құнды белгілерін анықтауды және олардың өзгеру сипатын және тұқым қуалаушылығын, олардың қалыптасу деңгейіне сыртқы ортаның әсерін бөліп қарастыра білуі қажет.
Жануарлардың шаруашылыққа тиімді белгілерінің негізгі бөлігі (тірі салмағы, союдағы көрсеткіштері, жүннің қырқылуы, сүттің сауылуы және майлылығы, жүнінің ұзындығы және қалыңдығы, жұмыртқа басуы және т.с.с.) сандық категориялар қатарына жатады. Жануарлардың сандық белгілерді мұра қылуы, көптеген ғалымдардың пікірінше (З.С. Никоро, Г.А. Стакан және т.б. 1986; Ф.М. Мухамедгалиев, 1970, 1981; О.А. Иванов, 1974; Е.Т. Васин-Попов, 1976; Е.К. Меркурьева, Г.Н. Шангин-Березовский, 1993 және т.б.), аддитивті әсер етуші гендердің көп болуына байланысты. Олар сандық белгілердің «реакцияның кең нормасы» бар деп есептейді, яғни белгілердің белгілі бір деңгейде дамуы жануарлардың өмірінің жағдайына байланысты. Осыған байланысты сандық белгілер генетикасында популяциялық генетика әдісі қолданылады. Мұның өзіңде жекелеген дарақтар, орташа популяциямен салыстыру арқылы сәйкесінше сипаттама алады.
Мәселенің осылайша қойылуы селекцияда математика әдістерін қолдану қажеттілігін тудырды.
Генетика-математикалық әдістер жануарлардың табынында және тұқымдарында асыл тұқымдылық қызметке талдама жасауға, генотиптің және қоршаған ортаның белгілердің дамуына әсер етуін бағалауға мүмкіндік береді. Осыған жататындар: тұқым қуалаушылық, қайталану, белгілердің корреляциясы, регрессия, селекциялық дифференциал, селекцияның әсері және т.б. белгілердің тұқым қуалаушылығы. Селекцияның нәтижесінің тиімділігі және болжамы бойынша ғылыми мәселелерді дайындау Райт, Фишер, Лаш негіздеген тұқым қуалаушылық коэффициентіне (һ) байланысты, ол осы белгі бойынша генетикалық вариацияның фенотипті өзгеруіндегі тұқым қуалаушылыққа байланысты осы белгінің өзгеруін білдіреді. Осы көрсеткіштің көлемі практикалық селекция үшін өте маңызды.

&&&


$$$002-004-000$3.2.5 Дәріс № 4.5 Сұрыптау белгілерінің қазіргі кездегі жіктелуі

1. Шығу тегі бойынша бағалау.

2. Фенотип бойынша сұрыптау және бағалау негіздері.

3. Техникалық белгілер бойынша малдарды багалау



Жануарларды тұқымдыққа сұрыптаған кезде, малдардың әр-түрлі шаруашылыққа пайдалы селекциялық белгілер иеленетінін және оларды әр түрлі әдістермен бағалайтыны ескеріледі. Селекция үшін мал сұрыптау нақты белгілер бойынша керекті бағытта жүргізіледі. Әр-түрлі белгілер бір-бірінен тек қана фенотиптік емес, генетикалық жағынанда өзара айырмашылығы болады. Малдардың белгілері екі түрге бөлінеді: күрделі - гендердің көп санына негізделген және қарапайым - бір немесе бірнеше гендерге ғана негізделген болып бөлінеді. Күрделілер - сандық немесе полигендік деген атқа, қарапайымдар - сапалық немесе моногендік деген атқа ие. Кейінгі кезде полигендік белгілер арасында кезеңдік белгілер бөлініп шықты, олар тек аздаған гендердің кезеңдігі болғанда көрінеді. Сандық белгілерге жататындарға көбінесе шаруашылыққа пайдалы белгілер: ет, сүт өнімдері, ет және сүттің құрамы, қырқылған жүн және оның құрылымы (ұзындығы т.б.), тауықтың жұмыртқа беруі, малдың тірі салмағы, дене өлшемі, өсіп-өнуге қабілеттілігі және т.б. жатады.
Сандық белгілердің бір-бірінен айқын айырмашылықтары малдарды топтап бөлектеп ажыратқанда, фенотиптік кластың қайсысына жататындығында өте қиындық туғызбайды. Жеке түрлер арасында біртіндеп көзге байқалмайтын өтпелілер болады, яғни ажыратқанда айқын көрінетін фенотиптік кластар пайда болады. Басқа сөзбен айтқанда өзгергіштік, бұл белгілерде шексіз бола береді. Мысалға, қой шаруашылығындағы қырқылған жүннің салмағы 1-ден 25 кг және одан да жоғары, ірі қара малын сауғандағы сүт өнімі 1000-нан 20 000 кг ауытқиды және одан жоғары. Сапалық белгілерге жататындар: малдың түсі, жүннің түсі, мүйізсіздігі, қан тобы, ақуыз бен ферменттің полиморфтық жүйесі және фермент жүйесі, құйрық пішіні, терінің оралу (бұйралану) пішіндері т.б. Сапалық белгілер негізінде малдың генотипінен анықталады және өмір сүру ағымында малды ұстау жағдайына қарамай-ақ аз өзгерістерге ұшырайды, «реакция межесі» аз болады. Мұндай белгілерде өзгергіштік аз болады, бөліп-бөліп таралуы байқалады. Кезеңдік белгілер тобына жататыны - егіз табу, өлі туу, бедеулік, ұрықтану т.б. Кезеңдік белгілерде сандық белгілер мен сапалық белгілер орын алады. Бұл белгілерде үзік таратылу байқалады және олар сапалық немесе моногендік белгілер сияқты, популяцияда екі немесе бірнеше класқа бөлінеді. Будандастырудың барлық түрінде белгілердің таратылуы үзінді түрде болады, көбінде екі қарама-қарсы класқа бөлінеді, мысалға ауру немесе сау малдар, көп тұқымды немесе тұқымсыздық, өлі немесе тірі, жалқы-егіз және т.б.
Мақсаты мен міндетіне қарай қолдан іріктеу үшке бөлінеді: тұрақтандырушы, бағытталған және дизруптивтік.
Тұрақтандыратын сұрыптау - белгілерді бір қалыпқа келтіру, яғни аяғында оның орташа маңызы өзгеріссіз калады да, малдардың шеткі айқындалған белгілері селекциядан алынып тасталады. Мысалы, сиырларды машинамен сауған кезде өте кіші емшектері мен желіні бар немесе өте үлкен көлемдегілер механикалық саууға жарамсыз болғандықтан сиырдың желініне қарап тұрақтандыруға бағытталған селекция жүргізіледі. Орташа көлемнен осы белгілер бойынша ауытқығандарын, не көбейіп, не азайып кеткендерін қажетсіз санайды, ал табында орташа өлшемдегі желіні мен емшектері барын қалдырады.
Бағытталған сұрыптау. Бұл сұрыптауда популяцияның орташа көрсеткіштерінен ауытқыған дарақтарды жарамсыз қылады, сондықтан бірқатар ұрпақтар кезеңінде орташа көлемдегі белгілер селекцияның міндетін қанағаттандыратын жағына қарай өзгереді.
Дизруптивтік сұрыптау. Бұл сұрыптаудың міндеті малды өсіргенде селекцияның жаңа міндетін қанағаттандыруы керек. Жаңа технология жағдайында малдарды сұрыптау төтенше жағдайда азықтандыру мен бағып күтуге қалыптаса алатын бағытта жүреді. Сұрыпталған топтардағы малдарды ғана өсіріп көбейтеді. Қорытындысында, популяцияда түрлер әртүрлі артықшылықтармен сипатталатын екі түрлі топ: жаңа және ескі түрге бөлінеді, яғни орташа селекциялық белгілері де әр түрлі болады.
Жасанды сұрыптауды өткізу әдістері бойынша: жаппай сұрыптау, жекелей сұрыптау, технологиялық сұрыптау, жанама сұрыптау, мінез-құлықтық сұрыптау және т.б. түрлері бар.
Жаппай сұрыптау - фенотиптік деп аталады немесе фенотипі бойынша жұптастыру мен бағалау. Бұл ең қарапайым саналып, дене бітімі бойынша мал пішінін сұрыптау мен бағалауда кең қолданылатын малдардың экстерьерін, конституциясын, мал өнімін, жеке даму ерекшелігін көрсететін сұрыптау болып табылады.
Фенотип - бұл ағзамен сыртқы орта әсерінің өзара әсерлерінен туындайтын ағзаның барлық касиеттерінің жиынтығы. Әрбір бақыланатын немесе өлшенетін ағзаның қасиеті немесе осы барлық касиеттердің жиынтығы. Әрбір фенотип - организмнің тұқым куалау негізінің қоршаған ортамен байланысының нәтижесі. Фенотиптің өзінің басты шаруашылықтық маңызы бар. Малды конституциясына, экстерьеріне, өніміне қарап бағалау мен іріктеу, малдың фенотиптік негізін құрайды, бұған кейінірек сәйкес бөлімдерде тоқталамыз. Малдарды фенотиптік бағалаудың мал селекциясында үлкен ролі бар, ол тек керекті мал шаруашылығында ғана емес, асыл тұқымды мал шаруашылығында да кеңінен қолданылады, сондықтан да оны жаппай іріктеу деп атайды.
Жеке сұрыптау - фенотиптік және генотиптік бағалауға негізделген, яғни әсіресе әрбір, аса бағалы тұқымды малдарды жеке бағалауға бағытталып, бөлшектеп зерттеуге арналған. Рекордистер өнім деңгейі бойынша малдың негізгі өнім түрін молырақ алуды қамтамасыз етеді, бірақта мұндай малдардың асыл тұқымдылық қасиеті ең алдымен генотипімен анықталады немесе оның ұрпағына берілетін жеке бағалылық қасиетін (беретін өнім деңгейі, қалыптасушылығы, өмір сүріп кетуі, беретін тұқым санын) атайды. Сондықтан, зоотехник-селекционердің негізгі міндеті болып дарақтардан жоғары өнім беретіндерін іріктеп табу, яғни жақсы фенотиптерден, бұндай жақсы өнім беретін малдардан жақсы генотипін бөлгенде, тек жақсыларын ғана емес, жоғары өнім беретін тұқымдарды да алады. Міне, асылдылыққа іріктеу осылай жүргізіледі.
Малдардың барлық фенотиптік, яғни сыртқы айырмашылықтары, ол мал орналасқан әртүрлі орта жағдайында, олардың әртүрлі генотиптік, яғни ішкі әсерінен қалыптасады.
Селекционерлер ұрпаққа өнімді жақсы беретін тұқымдарды қалдыра отыра немесе ұрпаққа жоғары өнім беретін аталық-аналықтардан тұқым өсірсе, генотип бойынша ең жақсысын бөліп шығарады. Сондықтан да ең жақсы генотипті ең жақсы фенотип арасынан іздеу керек. Кей кезде, қарапайым бірдей жағдайда, өз аталық-аналықтарының өнім көрсеткішін қайталамайтын, фенотипі бойынша жақсы саналатын аталық-аналықтардан орташа өнім беретін ұрпақтар шығады. Сонымен, малдарды тұқымдыққа сұрыптағанда селекционерлерді қаншалықты фенотиптік айырмашылықтары ғана емес, ондағы соншалықты генотиптік жағдайдың айырмашылықтары қызықтырады. Осыдан барып малды тұқымдыққа сұрыптағанда басты әдіс болып, тұқымдық сапаны ескеретін генотиптік сұрыптау болуы қажет.
Технологиялық сұрыптау. Оның қазіргі заман жағдайында мал шаруашылығын индустриялағанда негізгі маңыздылығын көреміз. Бұл үшін тек қана тұқымдыққа өнімді жақсы беретін ғана емес, тағы да оның жаңа орта жағдайда бейімделе алатындарын сұрыптап алады. Мысалы, сиырды машинамен сауғанда, жақсы қалыптасатынын сұрыптап алады.
Жанама сұрыптау. Мұнда корреляция, яғни өзара салыстырмалылық заңына сүйенеді, ағзадағы бір ерекшеліктің өзгеруі, өзімен қоса тағыда өзгерістер туғызады. Мұндай байланыстардың маңызы арқылы, шаруашылықта бағалы емес белгілер арқылы басқа негізгі белгілерді көруге болады. Қой терісінің гистоқұрылысы онан жүнді қырқып алуына байланысты. Ірі қарада тері безінің жетілуі, оның сүт өнім беретіндігіне байланысты. Қаздарда жыныстық жұмыртқаның үлкен болуы тұқым бергіштігіне байланысты.
Мінез-құлықтық сұрыптау. Малдың мінез-құлқын оқытатын биологияның бөлімнін этология деп атайды. Биологиялық зерттеулерде, этологияға өзіндік бағыты бар болып кейінгі 50 жыл есептеледі. Бірақта осы уақытқа дейінгі зерттеулер өзіне сай жабайы аңдарға, тек аз мөлшерде ауыл шаруашылығы малдарында қолданылды. Кейінгі 10 жылда этогиялық зерттеулер малдарда көзге түсерліктей қозғалысқа түсті. Бұндай зерттеулер өте қажетті деп есептелген жағдайда ғана, кездейсоқ қолға үйрету болып кетпеу үшін қолданылады, яғни малды жеделдетіп өсіру жағдайында оның өмір сүруінде ауытқулар болады. Бұл ортаның түбегейлі өзгеруіне байланысты, ағзаның негізгі белсенділігің түсуінен (негізінен азықтанғанда, ұрықтанып және өсірілуіне байланысты) және малдың өнімінің қомақты өсуіне, біржақтану жағдайына байланысты.
Этология белгілі бір малға тән күн тәртібін, осы тәртіптің физиологиясын және ғылыми ұйымдасуын оқып үйрете отырып, себебін талдайды. Жалпы этология жүйке жүйесінің, тұқым қуалаушылықтың және абиотикалық әсердің малдың өміріне негізгі әсерлерін оқытады.
Жеке этологияның оқитын заты болып дене қозғалысының пішіні, малдың кеңестікте бағдарлай білуі, түрлердің, дарақтардың территориялық және әлеуметтік қатнастары, малдардың дыбыс беру арқылы қатысы, тұқымды өсіру жауапкершілігі, түріне байланысты көбею кезіндегі мінез-құлықтары табылады.
Мінез-құлқы белгісіне байланысты малды селекциялау, олардың шаруашылыққа маңызды белгілеріне әсер етеді. Мал топтарының мінез-құлықтары заңдылықтарын үйрене отыра, мал шаруашылығында индустриальды әдіспен оларды күту мен көбейтудің өзекті маңызы барын білеміз. Бұл кезде малды жекелеп күту жойылады және қомақты мөлшерде техниканы қолдану артады. Мұның барлығы өндірістік комплекс жағдайына жақсы қалыптасатын ауыл-шаруашылық малдарының мінез-құлқын жақсы білуді қажет етеді. Малдың белгілі-бір мінез-құлқымен, оның шаруашылыққа пайдалы
белгісі арасындағы байланыстарды табу қажеттілігінің маңызы
бар. Малдың мінез-құлқы арқылы сұрыптау мен іріктеу селекцияның жаңа бағыты болып табылады, сол сияқты технологиялық іріктеу мал шаруашылығын интенсификациялағанда пайда болды. Мал шаруашылығы тәжірибесінде азықты жақсы ақтайтын, жоғары өнім беретін малдарға мінезі жұмсақ, қылығы салмақтылар жатады. Мұндай малдар жақсы жемделіп, жоғары салмақ береді.
Жұмсақ байсалды мінезді малдар оның жоғары тұқым беретіндігімен байланысты. Біздегі мәліметке қарағанда қойдың жаңа құйрықты дегресс тұқымды линиясының ата тегі №36364 нөмірдегі «Жалпақ» атты жалпақ денелі қой өте салмақты мінезді болған. Ол адамдардан қашпай өзі келетін, өзін сипатып ұстататын. Бұл қой өз тұқымы ішінде жоғары жүн өнімін берді (10 кг), ұзындығы 16 см және жұқалығы 48 сапада, жүні кроссбредті, жабағы жүн түрінде де жылтыры айқын. Бұл жүннің жоғары көрсеткіштері оның (118) жоғары салмағымен ыңғайлы байланысқан. Бұл линиядағы аналық қойлар, яғни саулықтар жоғары тұқым беруімен және жыл сайын өзінің теңдестерімен салыстырғанда 15-20% тұқымды артық берген. Қойдың тұқымдары да жүн өнімін жоғары берген. 1 жасқа келген ұрғашы және еркек тоқтылардан ұзындығы 13,6 және 13 см-ден 5,2 және 4,3 кг-ға дейін жүн қырқылып алынған. 1 жас мөлшеріндегі еркек тоқты 64 кг салмақта болған. Осы қой линиясының ата тегінен тараған тұқымдардың 82 %-і 1-і класстарға және элитаға жатқан. Бір байқалғаны бұл қой линиясын жалғастырғандардың бәрі байсалды мінезімен ерекшеленген. Ата-текті бастаған қойдың өзі табында ұрықтандыру кезінде 10 жыл пайдаланып, 450-500 саулықтарды ұрықтаған. Өзі 11,8 жасында аурудан емес, шұңқырға кездейсоқ құлағаннан өлген.
&&& &&&

$$$002-003-000$3.2.3,4. Дәріс № 6,7..Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарының маңыздылығы


Жоспар:

1. Сұрыптауды анықтау.

2. Біржақты жэне жалпы сұрыптау.

3. Асылдандыра сұрыптау әдісі

Мал тұқымын асылдандыру адам тілегіне сай жақсарту, оның өнімділігін еселеп арттыру – ғылым мен озат тәжірибенің табыстарына сүйенеді. Малдың қай түрі болмасын бірқалыпта тұрмайды; ол азықтандыру, бағып-күту және асылдандуру жұмысын ұйымдастыру дәрежесіне байланысты қашанда өзгеріп отырады. Осыған сәйкес оның түрлі қасиеті мен өнімі де неше алуан құбылады.

Мал тұқымын жақсарту, оның шаруашылық маңызы бар қасиеттерін ілгері дамыту – адам қолында. Асылдандыру жұмысы дұрыс ұйымдастырылған шаруашылықтарда малдың өнімділігі ешқанда төмендемейді, қайта жыл сайын артуда болады.

Малды тиісті дәрежеде іріктеп сұрыптау үшін ол сыннан өтеді, әрбір бас мал есепке алынады, оның түрлі қасиеттері зерттеледі. Мал тұқымын асылдандыру жұмысы өте ауыр және ұзақ жұмыс, кейде оның нәтижесі бірден көзге түсе қоймайды.

Малды жік-жікке бөліп, сұрыптау, оның әрбіреуіне таңба салу немесе құлағына сырға тағу, тағы сол сияқты оның тұқымын асылдандырумен байланысты жұмыстардың бірқатары мал мал шаруашылығындағы кейбір басшыларға ешбір мәні жоқ, тек бір әурешілік болып көрінеді. Мұндай жағдай кейде өз жұмысын толық меңгермеген, оған терең мән бермеген мал өсірушілер арасында да кездеседі.

Бұл аса маңызды жұмысты ұйымдастыру бір кісінің қолынан келмейді. Оны тиянақты ұйымдастыру үшін шаруашылықта тиісті жағдай жасау керек. Қолайлы қора, түрлі жем-шөп, адам күші жеткілікті болып, өндірістік жұмыстардың бәрі де тиісті дәрежеде ұйымдастырылса, мал асылдандыру жұмысынан сонда ғана елеулі нәтиже шығады. Бұл іске мал фермасының иесі, мал бақташылары, мал мамандары бәрі бір ауыздан бір сөзден, бір жеңнен қол шығарып, бір ниет, бір тілекте болып жұмысқа кіріссе ғана ойдағыдай ұйымдастырылады. Осындай ұйымшылдылық қойылған мақсатқа жетелейді, ал табандылықпен іс жүргізу жоғары өнімді мал тұқымын өсіріп шығаруға қол жеткізеді.

Асылдандыру жұмысы бір басталғаннан соң, оны үзбей жүргізу керек. Басталған жұмсыс бір жыл сол бағытта ұйымдастырылмаса, өзгерсе, не жұмыс жоспары орындалмаса, соның өзінде содан бұрынғы бірнеше жылдық еңбегі зая кетеді. Бұл жәйт қашанда есте болуы тиіс. Ал бір бағытта үзбей ұйымастырылған тұқым асылдандыру жұмысы жемісті табысқа жеткібей қоймайды.

Атақта кострома сиырының сүт өнімділігін осы күнгі дәрежесіне жеткізу үшін 25 жыл уақыт кетті. Қазір сол тұқымның сиырлары бір жылда сиыр басы 8000 кг сүт береді, оның ішінде 12-16 мың кг сүт беретіндері де бар. Бұлардың тек желінің өзі ғана жеке өлшегенде 1,5 пұт келеді. Жасы толған сиырлардың салмағы 800-900 кг дейін тартады. Міне тұқым асылдандыру жұмысының күші осындай. Бұл жұмыс әлі күнге дейін бір толастамай жүргізіліп келеді. Өйткені зоотехнилық асылдандыру жұмысы сәл тоқталса-ақ, қол жеткен өнім төмендейді, мал тұқымы бұзылады.

Кеңестік дәуірнде өсіріліп шығарылған биязы жүнді қой тұқымдарының жүн өнімділігі бұрынғыдан анағұрлым асып түсті. Бір-бір жарым пұт биязы жүн беретін қошқарлар, пұтқа жақын жүн беретін саулықтарды кешегі күнде көзіміз көрді. Аскания тұқымының қошқары 30кг биязы жүн беретін және 17 кг салмақ тартқан қошқарлары да болды. Тіпті тоқты кг, төрт айлық қозы қошқары қошқарларының ішінде 20 кг жүн беретіндері де бар. Еділбай қойының қошқары 180кг, төрт айлық қозы қошқары 55кг жеткні мәлім. Мал тұқымының асылдығының, оның өнімін көтеруде өте зор маңызы барлығына ешбір күмән болуы тиіс емес екендігін осыдан да аңғаруға болады.

Осыдан бір ғасыр бұрын меринос қойдан бір килограмм шамасы ғана жүн қырқылатын, оның дене құрылысы нәзік, тірілей салмағы да өте төмен болатын.

Әрбір шаруашылықтың мал өсірудегі келешегі күні бұрын анықталып, белгілі түрде жоспарлануы тиіс. Асылдандыру жұмысы да соған сәйкес ұйымдастырылады. Мал өсіретін шаруашылықтың негізгі бағытын белгілеу ең алдымен халық шаруашылығының қажеттілігінен, белгілі бір өнімге сұраныстың көлемін, талабынан туындайды. Шаруашылықтың негізгі бағыты анықталған соң, оған сәйкес өсіруге қолайлы мал тұқымдары белгіленеді. Мал тұқымдары қай түліктен болсын бұл кезде жеткілікті ғой. Бірақ олардың әрқайсысысының өзіне тән ерекшеліктері, өзгешеліктері бар. Осыны еске ала отырып, солардың ішінен жергілікті жағдайға аса қолайлысын таңдап алу өтек жауапты да, маңызды да жұмыс болып саналады.

Адам баласы мал тұқымдарын, алуан жағдайда түрлі мақсатпен өсіріп шығарған; қазір де солай. Сондықтан малдың әрбір тұқымы қашанда өзіне үйреншікті тіршілік жағдайын керек етеді. Ғылымдағы осы ережені дәлелдейтін халқымызда өмір тәжірибесінен алынған түрлі нақты деректер бар. Биологиялық ғылым тіршілік дәрежесін, оны қоршаған түрлі жағдайдан ешбір бөлмейді; тән мен тіршілікті бір-бірінен айырып, оны әрбіреуіне жеке көзқарас жасау ғылым негізіне жатпайды. Тіршіліктің осы сырын ашқан ғалымдар, оны толық мойындаған мамандар ғана малдың да, өсімдіктің де неше алуан түрлерін, тқымдарын шығара алады.

Малдың қандай тұқыцм өсіру керек екндігі жөнінде академик М.Ф. Иванов мынадай пікір айтқан. Мал тұқымы – азықтандыру, күту және ауа райы жағдайларына сәйкес таңдалып алынады және сол жағдайға байланысты жетілдіріледі. Сонымен қатар малды азықтандыру, күту шарттары сол тұқымның өзіне тән ерекшеліктеріне сәйкес қолданылады. Тұқымның биологиялық қасиеттері мен оған жасалған тіршілік жағдайының арасындағы айырмашылық неғұрлым көп болса, малдың тұқымын өсіру шаруашылық жағынан алғанда соғұрлым тиімсіз болады.

Әрбір мал тұқымы белгілі бір жағдайда өсіп-өнген, сондықтан ол жақсы өсуі үшін қашан болса да сол жағдайды, сондай ақ сол ортаны керек етеді. Бір жағдайда жақсы өсетін мал тұқымдары екінші түрлі жағдайда ондай өсе алмайды, өзіне тән өнімін де толық бере алмайды. Егер жаңа жердің жағдайы бұрынғы өзінің өсіп-өнген жерінің жағдайына өте қайшы келетін болса, ол тұқым өзіне меншікті қасиеттерін жойып, бара-бара азып, ауырып жоқ болып кетуі мүмкін. Міне, сондықтан да мал өсірушілер әрбір тұқымның өзгешеліктері мен ерекшеліктерін жақсы білу керек. Сонда ғана олар шаруашылыққа пайдалы мал тұқымын өсіре алады.

Қазақстанның ауа райы, жер, суы әр жерде әр түрлі. Терістікте мұз қатса, оңтүстікте маужыраған жаз болады. Бір облыстың өзін алсақ та, соның барлық аудандарының табиғи жағдайы бірдей емес. Сондықтан мал өсірушілер, біріншіден, жергілікті жағдайды түрлі жағынан тексеріп, екіншіден, сол жерде өсіру үшін белгіленген мал тұқымдарының өзгешелік қасиеттерін еске ала отырып, соған сәйкес жергілікті жағдайды өзгерте білетін болуы керек.

Мал тұқымын адам өзінің белгілі бір қажеттілігін қамтамасыз ету үшін көп жылғы еңбегі арқылы шығарады. Мал тұқымының басты қасиеғттері; шыққан тегінің бірлігі, белгілі бір табиғи және технологиялық жағдайда өніп-өсуге бейімділігі, тұқымның өздеріне тән, шаруашылыққа айқын белгілі болған тиімді қасиеттерінің болуы, сол қасиеттерінің беріктігі мен белгілерінің өзгергіштігі және қажетті мөлшерде сандық құрамының болуы. Мал тұқымының бір қасиеттері бір-бірімен тығыз байланысты, бір-біріне себепші, бірін-бірі толықтырып отырады, жалпы мал тұқымының қалыптасып, талапқа сай дамып отыруының басты шарттары.

Тұқым малы шаруашылыққа негізгі өндіріс құралы. Сондықтан мал өнімін молайту қажетті талабына сай интенсивті мал шаруашылығын ұйымдастырудың алғы шарттарының бірі-жоғарғы өнімді мал тұқымын өсіру. Ол үшін шаруашылыққа селенкция жұмысын ұйымдастыру қажетті және тиімді мал тұқымын таңдап алудан басталады, мұның өзі мал шаруашылығын табысты жүргізудің алғы шарты болып саналады.


&&&
$$$002-007-000$3.2.8,9. Дәріс №8,9. Малдарды сұрыптау мен жұп таңдау
Жоспар:

1. Қойды сұрыптау



2. Жұп таңдау
1. Қой шаруашылығында жалпы мал шаруашылығындағы сияқты жаңа, өнімдірек тұқым шығару жүйелі бір мақсатқа бағындырылған қажетті сападағы малды таңдау арқылы жүргізіледі. Таңдаудың нәтижелігі мал популяциясының, табынның генетикалық әр-түрлілігіне негізделеді. Популяциядағы мал неғұрлым әртүрлі сапада болған сайын таңдаудың да мүмкіншілігі арта түседі. Генетикалық әр-түрліліктің қайнар көзі-тұқым қуалайтын сапа көрсеткіштерінің өзгергіштігі. Генетик-селекционерлердің ең басты міндеті-малдың ұрпақтан-ұрпаққа өзгергіштігін басқарудың, бағыттап отырудың пәрменді әдістерін табу, соларды өндірісте қолдану. Бұл жөніндегі ғалымдардың еңбегі табыссыз да емес. Мысалы, микробиологтар химиялық мутагенез арқылы антибиотиктердің аса пайдалы түрлерін өсіріп шығарылыды. Бірақ, әзірше қол жеткен нәтижелер аздау болып жатыр. Үмітсіз шайтан, жақсы нәтижелерге ұмтылыс ғылымда жалғастыруда.
Популяцияның генетикалық құрылымын өзгертетін бірнеше факторлар бар екенін ғылым анықтады. Олар: мутация, гендердің кенеттен қозғалуы; олардың орта ауыстыруы; мал өкілдерінің жер өзгертуі; таңдау; іріктеу; кездейсоқ емес әдейі қолдан будандастыру. Осылардың ішінен ең кеңінен жай қолданылатыны – іріктеу, таңдау. Бұл әдіс белгілі бір популяция мал бағытты, мақсатты жақсарту үшін мүмкіндік береді. Сондай-ақ кездейсоқ емес, әдейі екі немесе бірнеше тұқымның таңдаулы өкілдерін будандастырып, солардан алынған буданның генетикалық қорының көбеюіде малдың жақсаруына, оның өнімділігін арттыруына жақсы мүмкіндіктер ашады. Бұл малдарды да нысаналы мақсатқа жету үшін, ұдайы бақылап, зерттеп, іріктеп, таңдап, ұнамдысын ғана алып өсіріп отыру керек. Қазіргі Қазақстандағы қой тұқымдары осындай бағалау, іріктеу, таңдау және мақсатты жұптау арқылы шығарылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет