Жұмыс бағдарламасы Жасақталды


Шаруашылық жүргізетін субъектілерді жіктеу



бет16/81
Дата02.01.2022
өлшемі0.83 Mb.
#452402
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   81
karzh umk

Шаруашылық жүргізетін субъектілерді жіктеу

Шаруашылық қызмет субъектілері – бұл құзыретті иеленген, оқшауланған мүлкі бар, жарғы тәртібінде тіркелген немесе басқа түрде заңды деп танылған, шаруашылық қызметін жүзеге асыратын, өз атынан құқықтар мен міндеттерді иеленетін және жеке мүліктік жауапты болатын, шаруашылық құқықтар мен міндеттерді қолданушылар.

Олар бойынша шаруашылық қызмет субъектілері жіктелетін бірнеше белгі болады. Олар мынадай болуы мүмкін:

- меншік түрі бойынша - мемлекеттік, муниципалдық, жеке;

- капитал пайда болуы бойынша – ұлттық, шетелдік, бірлескен;

- капитал мөлшері бойынша - ірі, орташа, кіші;

- заңды тұлғаның құрылуы бойынша – жеке кәсіпкерлер, фермерлік шаруашылықтар, заңды тұлғалар.

Шаруашылық қызмет субъектісі жаңа заңды тұлғаны ұйымдастыру және бар заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру жолымен (біріктіру, қосу, бөлу, ерекшелеу, түрлендіру жолымен) құрылуы мүмкін.

Заңды тұлға құрылмаған шаруашылық қызмет субъектілері

Өз қаупіне жүзеге асырылатын және пайданы жүйелі алуға бағытталған дербес өндірістік қызмет кәсіпкерлік (шаруашылық) болып танылады. Осыдан, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін азамат (жеке тұлға) кәсіпкер болып табылмайды, себебі ол өз қаупіне жұмыс істемейді, жұмыс берушінің тапсырмаларын орындайды. Азаматтың кәсіпкерлік (шаруашылық) қызметпен айналысуы үшін қажетті шарт оның әрекетке қабілеттілігі және кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі болып табылады.

Жеке кәсіпкерлер қарапайым серіктестік шартының негізінде өндірістік қызметті ұжымдық жүргізе алады, оның күшімен екі немесе бірнеше тұлға (серіктес) өз үлестерін біріктіруге және пайда алу немесе басқаға қол жеткізу үшін заңды тұлғаны құрмай бірлесіп әрекет етуге міндеттенеді.

Шаруа қожалығы  қарамағында берілген жер учаскесі болатын жергілікті өзін-өзі басқару органында тіркеледі. Мүлікті пайдалану өз араларындағы келісім бойынша шаруашылық мүшелерімен жүзеге асырылады, шаруашылық мүлкін басқару бойынша мәмілелерді қожалық басшылары не болмаса оның сенімхаты бойынша басқа тұлғалар жасайды.

Шаруашылық қызмет субъектілері – заңды тұлғалар

Заңды тұлға туралы жалпы ұғымдар

Заңды тұлғаның дәстүрлі белгілері:

- оқшауланған мүліктің бар болуы;

- өз міндеттемелері бойынша дербес жауаптылық, азаматтық құқықтарды өз атынан иелену және іске асыру;

- соттарда талапкер және жауапкер ретінде сөз сөйлеу.

Заңды тұлғаның (әсіресе коммерциялық ұйымның) мүлкі заттық объектілермен таусылмайды. Әдетте бұл заңды тұлғалардың банк шоттарындағы қаржылар, яғни оларға тиесілі міндеттемелік құқықтар. Осы мүлкімен заңды тұлға өз кредиторларының алдында жауап береді.

Кейбір заңды тұлғалардың (инвестициялық институттар және т.б.) меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында мүліктері болмайды. Олардың барлық мүлкі банк шоттарындағы қаржылардан тұруы мүмкін, ал жайлар мен жабдықтарды оларға жалға алады.

Азаматтық Кодекс заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуын талап етеді, себебі мұндай құжаттың бар болуы заңды тұлғаның  белгілі дәрежеде мүлкiн оқшаулауды және  мүлiктiк дербестілігін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар шаруашылық серiктестiктер мен қоғамдар, өндiрiстiк кооперативтер, мемлекеттiк және муниципалдық біртұтас   кәсiпорындар нысандарында құрылуы мүмкiн.

Заңды тұлға заңды тұлғаларды тіркеу туралы заңмен анықталатын тәртіппен әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өтуге тиiс.

Заңдарға сәйкес және олармен қатар құрылтай құжаттары берілген заңды тұлғаның құқықтық жағдайын (құқықтық статусын) анықтайды. Сол немесе басқа заңды тұлға үшін атап айтқанда қандай құжаттың сәйкес заңмен анықталған. Мысалы, акционерлік қоғам үшін бұл тек жарғы ғана емес, алайда оның алдында құрылтайшылар арасындағы шарттың қорытындысы болады.

Шаруашылық серіктестіктер және қоғамдар. Шаруашылық серіктестіктер және қоғамдар – қазіргі коммерциялық айналымның  негізгі әрекет етуші тұлғалары. Олар жалпы шаруашылық мақсатқа қол жеткізу үшін қатысушылардың капиталдары мен жеке қызметін біріктіруге мүмкіндік береді. Сонымен қоса, шаруашылық қоғамдары қатысушылардың кәсіпкерлік қаупін шектеу мүмкіндігін береді, мұнымен оның тартымдылығы едәуір дәрежеде түсіндіріледі. Шаруашылық серіктестіктер және қоғамдар екі негізгі біліктілік белгісін иеленеді. Біріншіден, олар коммерциялық ұйымдар, яғни өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде қатысушылардың арасында үлестірілетін пайданы алуды көздейтін заңды тұлғалар болып табылады. Екіншіден, олардың қатысушылар үлестеріне бөлінген жарғылық немесе қоймалық капиталы болады. Жарғылық (қоймалық) капиталдағы үлесі қатысушыға серіктестік (қоғам) мүлкіне ешқандай заттық құқықтарды бермейді, ол заңды тұлға ретінде меншік құқығында соңғысына тиесілі болады. 

Шаруашылық серіктестіктер және қоғамдар қатаң белгіленген түрлерде құрылуы мүмкін – толық серіктестік, сенім серіктестігі (коммандиттік серіктестік), акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі немесе қосымша жауапкершілігі бар қоғамдар.

Оған қатысушылар (толық серіктестер) олардың арасында жасалған шартқа сәйкес серіктестік атынан кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және оның міндеттемелері бойынша оған тиесілі мүлік үшін жауапты болатын серіктестік толық деп саналады.

Толық серіктестік анықтамасына оның бес елеулі сипаттамасы кіреді:

- толық серіктестік негізінде оған қатысушылар арасында жасалған шарт жатыр;

- толық серіктестік кәсіпкерлік қызмет үшін құрылады, яғни коммерциялық ұйым болып табылады (бұл Азаматтық кодекстің 66-бабында тура көрсетілген)  және 49-бапқа сәйкес жалпы құқық қабілеттілікті иеленеді;

- толық серіктестік қызметіне барлық серіктестердің жеке қатысуы жорамалданады;

- кәсіпкерлік қызмет серіктестік – заңды тұлға атынан жүзеге асырылады;

- серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша оған тиесілі мүлік үшін жауапты болады ( бұл жауаптылықтың сипаты және көлемі 75-баппен анықталады).

Серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң бүкiл мүлкiмен (толық серiктерiмен) қосымша жауап беретiн бiр немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серiктестiктiң (салымшылардың) мүлкiне өздерi салған салымдардың жиынтығымен шектелетiн бiр немесе одан көп қатысушыларды да енгiзетiн және серiктестiктiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға қатыспайтын серiктестiк сенім серіктестігі (коммандиттік серіктестік) танылады.

Бiр немесе бiрнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген қоғам жауапкершiлiгi шектеулi қоғам деп танылады; жауапкершiлiгi шектеулi қоғамға қатысушылар оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және қоғамның қызметiне байланысты залалдарға өздерiнiң қосқан салымдарының құны шегiнде тәуекел етедi.

Жауапкершiлiгi шектеулi қоғам – бұл қатысушылар үлестеріне бөлінген жарғылық капиталы бар және өзінің міндеттемелері бойынша жеке жауап беретін коммерциялық ұйым. Ерекше  жағдайларды қоспағанда, қоғамға қатысушылар оның мiндеттемелерi бойынша жауапты болмайды.

Бір мезгілде екі құрылтай құжатының  - құрылтай шарты мен жарғысының бар болуы заңды тұлғалардың басқа ұйымдастыру-құқықтық нысандарымен салыстырғанда ЖШҚ ерекшелігі болып табылады.

Қатысушылары серiктестiк мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретiн, ал бұл сомалар жеткiлiксiз болған жағдайда өздерiне тиесiлi мүлiкпен оған өздерi еселенген мөлшерде енгiзген салымдар арқылы жауап беретiн  қоғам қосымша жауапкершiлiгi бар қоғам деп танылады. Қатысушылардың бiрi банкрот болған жағдайда оның серiктестiк мiндеттемелерi жөнiндегi жауапкершiлiгi, егер құрылтай құжаттарында жауапкершiлiктi бөлудiң өзгеше тәртiбi көзделмесе, қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына қарай бөлiнедi.

Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылады; акционерлiк қоғамға қатысушылар  (акционерлер) оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акциялар құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн көтередi.

Заңдарға сәйкес акционерлiк қоғамдар екі типті: ашық және жабық болуы мүмкін. Негізгі шектеуші белгілері олар шығаратын акцияларды орналастыру тәртібімен және шарттарымен және акционерлердің оларды шеттету және сатып алу бойынша құқықтарымен байланысқан. Басқа да ерекшеліктері бар.

Ашық акционерлік қоғам келесімен сипатталады:

- ол өзі шығаратын акцияларға ашық жазылу жүргізуге және оларды еркін сатуға, яғни өз акцияларын шектелмеген тұлғалар шеңбері арасында орналастыруға құқылы (сонымен, құрылтайшылар мен акционерлердің саны шектелмеген);

- ашық қоғам акционерлері берілген қоғамның басқа акционерлерімен келісімсіз және сатып алушыларды таңдауды шектемей оларға тиесілі акцияларды еркін шеттете алады;

- ашық қоғамның жарғылық капиталының минимум мөлшері қоғамның тіркелген күніне федералдық заңмен белгіленген еңбекті төлеудің минимум мөлшерінің кемінде мың есе сомасын құрауы тиіс;

- ашық қоғам жалпыға ортақ мәліметтер беру үшін жылдық есеп, бухгалтерлік баланс, пайдалар мен шығындар шотын жыл сайын жариялауы тиіс.

Жабық қоғам ашық қоғамнан мыналармен ерекшеленеді:

- оның акциялары тек құрылтайшылардың арасында немесе алдын ала анықталған басқа тұлғалар шеңберінің арасында ғана таралуы мүмкін. Жабық қоғамның акцияларға ашық жазылу жүргізуге құқығы жоқ;

- жабық қоғамға қатысушылар саны 50-ден аспауы тиіс. Егер бұл шектен асып кетсе, онда аталған қоғамды 1 жыл ішінде ашық қоғамға түрлендіру қажет, әйтпесе ол таратылады;

- оның жарғылық капиталының минимум мөлшері қоғамның мемлекеттік тіркелген күніне қолданылатын еңбек төлемінің минимум мөлшерінің кемінде жүз еселік сомасын құрауы тиіс;

- жабық қоғам акционерлерінің осы қоғамның басқа акционерлерімен сатылатын акцияларды сатып алудың басым құқығы болады. Егер акционерлер өз құқығын пайдаланбаса, қоғам жарғысымен мұндай акцияларды сатып алуға қоғамның өзінің басым құқығы көзделуі мүмкін.

Негізгі қоғамның (серіктестіктің) және еншілес қоғамның қатынастары біріншісінің екіншісі қабылдайтын шешімдерді анықтау және сонымен оның қызметіне әсер ету мүмкіндігі болуымен сипатталады. Негізгі ретінде кез келген шаруашылық қоғам (акционерлік, жауапкершілігі шектеулі), сондай-ақ толық серіктестік және сенім серіктестігі  болуы мүмкін. Әр түрлі шаруашылық қоғамдары еншілес болуы мүмкін.

Еншілес қоғам негізгі қоғамның қарыздары бойынша жауапты болмайды. Сонымен бірге  еншілес қоғамға міндетті нұсқаулар беру құқығын иеленетін негізгі қоғам (серіктестік)  оның міндеттемелері (қарыздары) бойынша жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

Өндірістік кооперативтер. Азаматтардың бiрлескен өндірістік немесе өзгеше шаруашылық (өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы және басқа өнімді өндіру, қайта өңдеу, өткізу, жұмыстарды орындау, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, басқа қызметтер көрсету) қызмет үшiн мүшелiк негiзде олардың өз еңбегiмен қатысуына және өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң (қатысушыларының) мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив (артель) деп танылады.

Өндірістік кооператив еңбекті де, капиталды да біріктіру болып табылады: кооператив-тің барлық мүшелері жарна төлеуге, сондай-ақ өз еңбегімен кооператив қызметіне қатысуға міндетті. Егер кооператив мүшесі өз еңбегімен оның қызметіне қатыспаған жағдайда, ол минимум мөлшері жарғымен анықталатын, қосымша жарна енгізуге міндетті. Сонымен бірге жарна төлеген, бірақ оның қызметіне өз еңбегімен қатыспайтын кооператив мүшелерінің саны олардың жалпы санынан 25%-дан артық болмауы тиіс. Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтер үшін ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы Заңмен кооператив мүшелерінің өз еңбегімен барлық жұмыстардың кемінде 50% орындалуымен анықталған.

Өндірістік кооперативтің тек бір ғана құрылтайлық құжаты – жарғысы бар. Кооперативтің бар мүлкі оның мүшелерінің жарналарына бөлінеді, алайда бұл оны жалпы үлестік меншікке айналдырмайды. Кооператив мүшесінің жарнаға құқығы мүшелігі тоқтатылған немесе кооператив таратылған жағдайда жарнаның құнын немесе оның үлесіне сәйкес келетін мүлікті алу мүмкіндігін білдіреді.

Унитарлық кәсіпорын. Меншік иесі оған бекіткен мүлікке меншік құқығын иеленбеген коммерциялық ұйым унитарлық кәсіпорын  болып танылады. Унитарлық кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (үлестер, жарналар) бойынша, соның ішінде кәсіпорын жұмыскерлері арасында (ҚР Азаматтық Кодексінің 113-бабы) таратыла алмайды.

Унитарлық кәсіпорындар түрінде тек мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар ғана құрылуы мүмкін. Мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіпорындар (УК) коммерциялық мақсаттарды көздейтін заңды тұлғалар сияқты ерекшеліктерді иеленеді және жалпы алғанда ресейлік азаматтық құқық субъектілеріне тән Азаматтық Кодекс нормаларына сәйкес келеді. Бұл заңды тұлғалар, біріншіден, тек бір меншік түрі – мемлекеттік немесе муниципалдық негізінде құрылады және әрекет етеді, осыған байланысты олардың құрылтайшылары мемлекет (Федерация субъектісі) немесе муниципалдық құрылым болып табылады. Берілген жағдайда заңды тұлғаның және меншіктің аралас түрінің пайда болуы мүмкін емес. Екіншіден, мүлік иесі, УК құрып және оған қажетті материалдық ресурстарды бөліп беріп, шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер, сондай-ақ өндірістік кооперативтер құрылтайшы-ларынан ерекшелігінде оған құқықтарын жоғалтпайды.  УК кәсіпкерлік қызмет барысында негізінде басқа субъектке тиесілі болатын бөтен меншікті иеленеді және пайдаланады.

Сонымен шаруашылық қызмет субъектілері заңды тұлғалар да (шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер, өндірістік кооперативтер, унитарлық кәсіпорындар), заңды тұлға құрамай шаруашылық (кәсіпкерлік) қызметпен айналысатын жеке тұлғалар да (жеке кәсіпкерлер, шаруа (фермерлік) шаруашылықтар басшылары) болуы мүмкін. Мұнда сондай-ақ  коммерциялық емес ұйымдардың (тұтынушылар кооперативтері, діни және қоғамдық ұйымдар, қорлар, мекемелер, ассоциациялар, одақтар) шаруашылық қызметпен айналысуы (шаруашылық қызмет субъектілері болуы) мүмкін, бірақ өзінің жарғылық мақсаттарына қол жеткізу үшін ғана айналысуы мүмкін.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет