ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
семей ҚАЛАСЫНЫҢ шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
|
3 деңгейлі СМК құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК
042-0.1.00 /02-2013
|
Студенттерге арналған
«Математика негіздері» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы
|
02.09.2013 ж.
№1 басылым
|
Студенттерге арналған оқу жұмыс бағдарламасы
«Математика негіздері»
пәнінен оқу-әдістемелік кешен
5В010200«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына
арналған
Семей
2014ж.
Алғы сөз
1. ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
Құрастырған:
Математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушысы Ахметқалиева А.С.
Абдуалиева К.К. ___________ «___»__________ 2014ж
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының отырысында талқыланды
Хаттама № ______ “____” _____________ 2014 ж.
Кафедра меңгерушісі _________________ Жолымбаев О.М.
2.2. Физика-математика факультетінің әдістемелік бюросының отырысында талқыланды
Хаттама №____ «____» __________ 2014ж.
Әдістемелік кеңестің төрайымы __________ Батырова К.А.
3. БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқыту-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданып, баспаға ұсынылды
Хаттама №____ «____» __________ 2014 ж.
Оқыту әдістемелік кеңесінің төрайымы__________
БІРІНШІІ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ
Мазмұны
-
Жалпы мағлұматтар
-
Пән мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу
-
Пәнді меңгеру бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар
-
Курс форматы және саясаты
-
Баға қою саясаты
-
Әдебиеттер
1. Жалпы мағлұматтар
1.1 Оқытушы және пән туралы қысқаша мағлұматтар
Оқытушының аты-жөні – Абдуалиева К.К., аға оқытушы
Кафедра – Математика және математиканы оқыту әдістемесі
Байланыс жүйелері – №3 оқу корпусы, 226-кабинет
Пәннің өтілу орны – №3 корпус
Пән атауы – Математиканы оқыту теориясы және әдістемесі
Кредит саны -2
1.2 Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы
Пәнді оқытудың мақсаты: классикалық және қазіргі математиканың, негіздерін қамтиды және пән бойынша оқу міндеттерін шешуге бағытталған.
Пәнді оқытудың кәсіби бағдары студенттердің дайындық деңгейін сипаттайтын математикалық білім, білік және дағдылардың нақты көлемін анықтайды.
Студенттердің:
- арифметикалық материалдың, алгебра мен геометрия элементтерінің теориялық негіздері жөнінде;
- теорияны аксиоматикалық әдіспен қүру;
- сандарға қолданылатын амалдардың қасиеттері мен заңдарын, сандардың бөлінгіштік белгілерін, шамалардың өлшем бірліктері арасындағы қатынастарды білулері тиіс;
- шекті және шексіз жиындар;
- сандарға амалдарды қолдануды және есептеулер жүргізе алуды;
- есептерді арифметикалық және алгебралық тәсілмен шығаруды;
- бір айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктерді, екі айнымалысы бар теңдеулер және теңсіздіктер жүйелерін шешуді;
- теріс емес бүтін сандармен ауызша және жазбаша есептеулер жүргізуді және оларды негіздей алуды;
- есептер шығару барысында шамалар арасындағы тәуелдіктің түрін тағайындауды;
- ұғымдар анықтамасының құрылымын, сондай – ақ қарапайым паймдарды талдауды;
- циркульмен сызғышты пайдаланып, қарапайым салуларды орындауды үйренулері тиіс.
1.3 " Математика негіздері " курсының мақсаты
Студенттерге математика пәнінің маңыздылығын, өмірмен байланысын көрсету. Алған білімдерін практикада қолдана білуге үйрету
1.4 Курсты оқытудың негізгі міндеті
Математиканың негізгі ұғымдарымен таныстыру. Есеп шығара білу дағдысын қалыптастыру. Стандартты және стандартты емес есептерді шеше білу.
1.5 Курсты өткеннен кейінгі білімі мен дағдысы:
- математиканың негізгі ұғымдарын еркін бағдарлай білу;
- теорияның негізгі тұстарын білу;
- алған білімдерін нақты жағдайларда қолдана білу.
1.6 Курстың пререквизиті: Студент мектептің математика курсын жақсы білуі тиіс және оның компьютерде жұмыс істеу дағдасы болуы қажет.
Курстың постреквизиті: «Математика негіздері» курсында алынған білімдер «Бастауыш мектепте математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы» курсының оқығанда қолданылады.
2 Пән мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу
Тақырып аты, мазмұны
|
Дәр
|
Тәж
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
Әдеб
|
. «Математика негіздері» пәні ретінде
Курстың объектісі, пәні, міндеттері және басқа оқу пәндерімен байланысы.
|
1
|
|
|
|
|
. Математиканың негізгі ұгымдары
2. Жиындар. Жиындарға қолданылатын амалдар және олардың заңдары
2.1. Жиын ұғымы, жиын элементі.
Жиынның берілу тәсілдері. Жиындар арасындағы қатыс. Эйлер-Венн диаграммалары.
Жиындарға қолданылатын амалдар және олардың заңдары. Жиынды кластарға бөлу.
2.2. Жиындарға қолданылатын амалдарға байланысты есептер шығару.
2.3. Жиындардың декарттық көбейтіндісіне байланысты есептер шығару.
|
1
|
1
|
1
|
3
|
|
3. Графтар теориясының элементтері
3.1. Граф ұғымы. Графтардың түрлері. Уникурсты фигуралар, жазық граф туралы Эйлер теоремасы
3.2. «Графтар. Уникурсал фигуралар» тақырыбы бойынша жаттығулар орындау
|
1
|
|
1
|
6
|
|
4. Сәйкестіктер
4.1. Сәйкестік ұғымы. Сәйкестіктің графы және графигі. Бейнелеулер және олардың түрлері. Теңқуаттас жиындар. Жиындағы қатынастар және оның қасиеттері. Эквиваленттік қатыс. Жиынды кластарға бөлу. Реттік қатыс. Реттелген жиындар.
4.2. Сәйкестік ұғымына байланысты есептер шығару.
4.3. «Жиындағы қатынастар және оның қасиеттері» тақырыбы бойынша есептер шығару.
4.4. «Эквиваленттік қатыс. Жиынды кластарға бөлу» тақырыбы бойынша жаттығулар орындау
|
1
|
1
1
|
1
|
|
|
5. Математикалық ұғымдар және оларды анықтау тәсілдері
Математикалық ұғымдар. Ұғымның мағынасы мен көлемі. Анықталатын және анықталмайтын ұғымдар. Ұғымдарды анықтайтын тәсілдері.
|
1
|
|
1
|
3
|
|
6. Математикалық логиканың элементері
6.1. Пікірлер және оларға амалдар қолдану, предикаттар және оларға амалдар қолдану, кванторлар, математикалық логиканың заңдары, сөйлемдер арасындағы келіп шығу және мәндес болу қатынастары, қажетті және жеткілікті шарттар, теорема, теореманы дәлелдеу тәсілдері, дұрыс және дұрыс емес талқылаулар
6.2. «Пікірлер және оларға амалдар қолдану» тақырыбы бойынша есептер шығару.
6.3. «Предикаттар және оларға амалдар қолдану» тақырыбы бойынша есептер шығару.
6.4. Логиканың заңдарын дәлелдеу.
6.5. Теорема. Теореманы дәлелдеу тәсілдері
6.6. «Кванторы бар пікірді теріске шығару тәсілдері» тақырыбы бойынша есептер шығару
6.7. «Дұрыс және дұрыс емес талқылаулар» тақырыбы бойынша жаттығулар орындау
|
1
|
1
1
1
|
1
1
1
|
3
|
|
7. Комбинаторика элементтері
-
Комбинаторикалық есептер, қосынды мен көбейтінді ережелері, ауыстырулар, терулер, орналастырылар.
-
Комбинаторикалық есептер шығару.
|
|
|
|
3
|
|
. Сан ұғымының кеңеюі
8.1. Теріс емес бүтін сандар
Натурал сандар: натурал сан ұғымы және сандардың натурал қатарының кесіндісі, санау, реттік және есептік натурал сандар.
Теріс емес бүтін сандар: нольдің, теріс емес бүтін сандар жиының, арифметикалық амалдардың теориялық-жиындық тұрғыдағы түсініктемесі; Пеано аксиомалары, теріс емес бүтін сандар жиынын аксиомалық тұрғыда құру.
|
1
|
|
|
|
|
9. Санау жүйелері:
9.1. Санау жүйесі туралы ұғым; ондық санау жүйесі; позициалық және позициалық емес санау жүйесі.
9.2. Позициалық жүйелерде арифметикалық амалдар орындау
|
1
|
1
|
1
|
|
| -
Сандардың бөлінгіштігі:
10.1. Бөлінгіштік қатынас және оның қасиеттері; бөлінгіштік белгілері, жай және құрама сандар; Эратосфен елегі, жай сандар жиынының шексіздігі; сандардың ЕҮОБ және ЕКОЕ, олардың негізгі қасиеттері мен оларды табу алгоритмдері арифметиканың негізгі теоремасы.
10.2. ЕҮОБ және ЕКОЕ табу алгоритмдері. Евклид алгоритмі.
10.3. Бөлінгіштік белгілері
|
1
|
1
|
1
|
3
|
|
11. Рационал сандар
11.1. Бүтін сандар:
Бүтін сан, бүтін сандар жиыны, бүтін санның модулі ұғымдары; бүтін сандарға қолданылатын арифметикалық амалдар; бүтін сандар жиынының қасиеттері және олардың геометриялық кескіні.
Рационал сандар: бөлшек және рационал сан ұғымдары; рационал сандарға қолданылатын арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері; ондық бөлшектер және оларға қолданылатын арифметикалық амалдар; рационал сан шектеусіз периодты ондық бөлшек ретінде.
11.2. Рационал сандарға қолданылатын арифметикалық амалдар
11.3. Ондық бөлшектерге қолданылатын арифметикалық амалдардың алгоритмдері
|
1
|
1
|
1
|
|
|
12. Нақты сандар:
12.1. Иррационал сан ұғымы, иррационал сан шектеусіз периодсыз ондық бөлшек ретінде; нақты сандарға қолданылатын амалдар және олардың қасиеттері; сандарды дөңгелектеу ережелері; жуық сандарға амалдар қолдану; санның квадраты мен кубы, дәрежелеу; квадрат және куб түбір.
12.2. Нақты сандарға қолданылатын арифметикалық амалдар
|
1
|
1
|
|
|
|
13. Комплекс сандар:
13.1. Комплекс сан ұғымы, комплекс санның геометриялық кескіні; комплекс сандарға қолданылатын амалдар және олардың заңдары.
13.2. Комплекс сандарға қолданылатын қарапайым амалдар
|
1
|
|
1
|
3
|
|
14. Арифметикалық есептеулер техникасы:
ауызша және жазбаша есептеулер; тиімді және тез есептеу тәсілдері; есептеуіш құралдардың көмегімен есептеулер жүргізу.
|
|
|
|
3
|
|
V. Алгебрa элементтері
15. Алгебра математиканың бөлімі ретінде
15.1. Математикалық өрнектер:
Өрнек туралы ұғым; өрнектер (санды және айнымалысы бар) және олардың мәндері, теңбе- теңдік; теңбе- тең түрлендрулер, бірмүшеліктер және көпмүшеліктер.
Теңдік және теңсіздік: «санды теңдік», «санды теңсіздік» ұғымдары, олардың қасиеттері.
Теңдеулер: «теңдеу» ұғымы, теңдеулердің мәндестігі; сызықтық және квадрат теңдеулер, теңдеулер жүйелері мен жиынтықтары; есептерді алгебралық әдіспен шығару.
Теңсіздіктер: «бір айнымалысы бар теңсіздік» ұғымы, теңсіздіктер жүйелері мен жиынтықтары.
Функциялар: «функция» ұғымы, функцияның берілу тәсілдері және графигі; сызықтық және квадраттық функциялар, тура және кері пропорционалдық.
15.2. Теңдеулер жүйелері мен жиынтықтары.
15.3. Теңсіздіктер жүйелері мен жиынтықтары.
|
1
|
1
1
|
1
|
3
|
|
V. Геометрия элементтері
16. Геометрия математиканың бөлімі ретінде
16.1. Планиметрия:
планиметрияны аксиоматикалық тұрғыда құру; нүкте, түзу, кесінді, сәулс, бұрыш және оның түрлері; шеңбер және дөңгелек; сынық және қисық сызықтар; көпбұрыш және онын түрлері; параллель түзулер; перпендикуляр түзулер; центрлік және осьтік симметриялар; шеңберлер жанама; гомотетия, нүктенің геометриялық орны; координата әдісі; фигуралардың ауданын есептеудің негізгі формулалары; екі нүктенің арақашықтығы; берілген қатынаста кесіндіні бөлу; сызықтың, түзудің және шеңбердің теңдеулері;
|
1
|
|
|
3
|
|
16.2. Стереометрия:
стереометрияны аксиоматикалық тұрғыда құру; перпендикуляр, көлбеу, дене; көпжақ және оның түрлері, призма және оның түрлері; пирамида және оның түрлері; цилиндр, конус, шар және сфера; денелер беттерінің аудандары мен көлемдерінің негізгі формулалары; көпжақтар туралы Эйлер теоремасы.
16.3. Геометриялық мазмұнды есептер шығару
|
|
1
|
1
|
|
|
16.5. Қарапайым геометриялық салулар: берілген ұзындықтағы кесіндіні салу; дөңгелекті және шеңберді, параллель және перпендикуляр түзулерді салу;' кесіндіні кақ бөлу; бұрыштарды, үшбұрыштарды, тік төртбұрышты (шаршыны) салу. нүктеге және түзуге қарағанда симметриялы фигураларды салу; геометриялық денелерді кескіндеу; координаталары бойынша геометриялық фигураны салу.
|
|
|
|
3
|
|
VI. Шамалар және оларды өлшеу
17.1. Шама және оны өлшеу барысы: нақты дүние қасиеттерінің шама ұғымы арқылы бейнеленуі; "шама" және "шаманы өлшеу"; "шаманың мәні"; скаляр шамалардың негізгі қасиеттері; сан шаманы өлшеудің нәтижесі ретінде; шамаларға қолданылатын арифметикалық амалдар; өлшем бірліктері жүйесі.
Шамалар арасындағы тәуелділік: бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс кезіндегі уақыт, жылдамдық және жол арасындағы тәуелділік; тауардың бағасы, саны және құны арасындағы тәуелділік; жұмыс мөлшері, уақыт және еңбек өнімділігі арасындағы тәуелділік. Тіктөртбұрыштың узындығы, ені және ауданы.
|
1
|
|
|
|
|
VII. Есеп және оны шешу процесі
18. Есеп: "есеп" ұғымы; есепті шығару барысы; есептерді классификациялау; есептерді шығару әдістері (арифметикалық, алгебралық, геометриялық, графиктік, логикалық, практикалық); есептерді шығару кезеңдері және оларды орындаудың тәсілдері (анализ, есептің шешу жолын іздестіру, жоспар құру, есептің шешуі, есептің шешуін тексеру)
|
|
|
|
3
|
|
19. Стандартты емес және қызықты жаттығулар: сиқырлы фигуралар; лабиринттер; математикалық фокустар, ребустар, басқатырғылар және сөзжұмбақтар, логикалық ойын түріндегі және практикалық жаттығулар.
|
|
1
|
|
3
|
|
VIII. Ықтималдықтар теориясының және математикалық статистиканың негіздері:
Ықтималдықтар теориясы: "ықтималдық", "сынау", "оқиға", "кездейсоқ шама" ұғымдары; оқиғаларға қолданылатын операциялар; ықтималдықтар теориясының теоремалары мен формулалары; дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары; үлкен сандар заңы.
Математикалық статистика: "математикалық статистика", "жиынтық", "арифметикалық орта", "медиана", "мода", "вариация ауытқуы", "таңдама дисперсиясы", "стандартты ауытқуы", "диаграмма", "гистограмма", "полигон" ұғымдары; зерттелетін объектілерді іріктеу; бақылау нәтижелерін өрнектеу тәсілдері; бақылау нәтижелерін статистикалық өндеудің әдістері.
МБ және қортынды бақылау
|
|
1
|
2
|
3
|
|
барлығы
|
15
|
15
|
15
|
45
|
|
3 Пәнді меңгеру бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар
Аталған пәнді жетістікпен оқып үйрену үшін барлық сабақтарға қатынасу, оқытушының барлық тапсырмаларын орындау, машықтану сабақтарға, СОӨЖ, СӨЖ өз уақытында дайындалу қажет. Машықтану сабақтары барысында екпінді қатынасқаны жөн.
Барлық сабақтарға қатынасу қатаң түрде тексеріледі. Сабақты босатқан жағдайда оқылған материалға жауап бересіз. Себепсіз босатылған сабаққа ұпай есептелмейді.
Машықтану сабақтарына, СОӨЖ, СӨЖ дайындалу барысында сәйкес теориялық материалдарын білу қажет.
Семестр бойы екі межелік бақылау жүргізіледі.
Қорытынды емтихан барлық теориялық сұрақтармен практикалық тапсырмаларды қамтиды.
4 Курс форматы және саясаты
Келесі талаптар қойылады:
-
Студент дәріс, машықтану және зертханалық сабақтарына міндетті түрде қатынасуы қажет;
-
Сабақтарға кешікпей келу қажет;
-
Сабақ уақытында ұялы телефонды ағытып қою керек;
-
Зертханалық сабақтарда техника қауіпсіздігін сақтау қажет;
-
Орнатылған программалар мен бөгде құжаттарды жоюға қатаң түрде тиым салынады;
-
Сабақ уақытында сабақ өткізуге кедергі жасайтын болса, бірден «қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылады;
-
Өздік жұмыстарды уақытында тапсыру қажет, кешіктірілген жұмыс қабылданбайды.
Межелік аттестация студенттің сабаққа қатынасуына, тапсырмаларды уақытында орындауына, бақылау жұмыстарының бағасына қатысты қойылады. Соңғы қорытынды баға соңғы аттестацияның 60 және емтихан бағасының 40 құрайды.
5 Бағаларды қою саясаты
Математика негіздері пәні бойынша баллдар
Апта
|
Бақылау түрі
|
Барлығы балл
|
Ескерту
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
Барлық аудиториялық сабақтарға қатысу
|
30
|
|
2-6
|
Аудиториялық тапсырмаларды орындау
|
105
|
|
2-6
|
ОСӨЖ тапсырмалары
Үй жұмысын орындау
|
45
|
|
1
|
Орта мектепте математиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне, математиканың мазмұнына талдау жасау. МОӘ-нің (педагогика, логика, психология, математика) басқа ғылымдармен байланысына талдау жасау
|
7
|
|
2
|
Математикадан орта мектепке арналған бағдарламамен, оның түсінік хатымен танысу. Математиканың бағдарламасын, оқулығын, оқулыққа көмекші құралын талдау. Күнтізбелік жоспар. Математикадан үлгі тақырыптық жоспар және сабақтың конспектісі
|
8
|
|
3
|
Ғылыми таным әдістерінің жалпы сипаттамасының талдауы. Мектептегі математика курсынан ұғымдарды анықтау, фигуралардың қасиетін үйрену, теоремаларды дәлелдеу барысында оларға сәйкес әдістерді қолдана білуге мысалдар келтіру.
|
7
|
|
4
|
Есептерге қойылатын талаптар. Математикалық есептердің түрлері. Есептерді шешудің жалпы әдістерін оқыту.
|
8
|
|
5
|
«Жай және ондық бөлшектер» тақырыбы бойынша сабақтан үзінді көрсету.
|
7
|
|
6
|
«Теңдеулер мен теңсіздіктер және олардың жүйелері» тақырыбы бойынша сабақтан үзінді көрсету
|
8
|
|
|
СӨЖ тапсырмаларын орындау
|
60
|
|
1-2
|
1. 5-8 сыныптың математика оқулықтарына талдау жасау
|
30
|
|
5-6
|
2. Оқытудың қазіргі технологиялары. Дамыта оқыту технологиясы
|
15
|
|
3. Математиканы оқытудың есеп шығаруға негізделген технологиясы. Оқытудың компьютерлік технологиясы.
|
15
|
|
7
|
1-ші аралық бақылау жұмысы
|
60
|
|
1-7 апта аралығындағы барлық балл
|
300
|
|
8-15
|
Барлық аудиториялық сабақтарға қатысу
|
30
|
|
8-14
|
Аудиториялық тапсырмаларды орындау
|
105
|
|
8-14
|
ОСӨЖ тапсырмалары
Үй жұмысын орындау
|
45
|
|
8
|
Есептеулерді ұйымдастыру. Жуықтап есептеу
|
7
|
|
9
|
Мектеп математика курсында функцияны оқыту әдістемесі. Функцияның қасиеттері, графигі. Мектеп оқулығында берілуі, шолу жасау
|
8
|
|
10
|
Функция графигін элементар түрлендіру арқылы салу. Мысалдар келтіру.
|
7
|
|
11
|
Тригонометриялық функцияларды оқыту ерекшеліктері
|
8
|
|
12
|
Кері тригонометриялық функциялар. Мектеп оқулығы бойынша жұмыс
|
7
|
|
13
|
Көрсеткіштік функцияларды оқыту еекшеліктері. Мысалдар.
|
8
|
|
14
|
Логарифмдік функцияларды оқыту еекшеліктері. Мысалдар.
|
15
|
|
|
СӨЖ тапсырмаларын орындау
|
60
|
|
8-9
|
4. Модуль таңбасымен берілген элементар функциялардың графиктерін салуға есептер (10) көрсету
|
15
|
|
10-11
|
5. Модуль таңбалы теңдеулер мен теңсіздіктер шешуге мысалдар (10) көрсету.
|
15
|
|
12-13
|
6. Параметрлі теңдеулер мен теңсіздіктер шешуге мысалдар (10) көрсету.
|
15
|
|
14
|
7. Мәтіндік есептерге мысалдар (10) көрсету.
|
15
|
|
15
|
2 аралық бақылау жұмысы
|
60
|
|
8-15 апта аралығындағы барлық балл
|
300
|
|
Емтиханда алынатын барлық балл
|
400
|
|
Академиялық периодтағы барлық балл
|
1000
|
|
6 Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:
1. Жолымбаев О. М., Берікханова Г. Е. Математика. – Алматы. 2004
2. Оспанов Т.К. Математика. Оқу құралы – Алматы, 2000.
3. Пышкало А. М., Стойлова Л. П. т.б. Математика бастауыш курсының теориялык негіздері А., Мектеп. 1984
4. Задачи по математике. Алгебра. Вавилов В.В. и др.- М.: Наука, 1987
5. Стойлова Л.П., Пышкало А.М. Основы начального курса математики: Учебное пособие для учащихся педагогических училищ по специальности «Преподавание в начальных классах общеобразовательных школ»- М. Просвещение, 1988г.
6 Столяр А.А., Лельчук М.П. Математика. (для студентов I курса факультетов подготовки учителей начальных классов педагогических вузов.) Минск, «Вышэйшая школа», 1975.
7. Столяр А.А., Н.М. Рогановский. Основы современной школьной математики. Ч. I. Язык. Множества. Отношения. Функции. Математические структуры. Мн., «Нар. асвета», 1975.
8. Задачи по математике. Алгебра. Вавилов В.В. и др.- М.: Наука, 1987
9. Гмурман В.Е. Руководство к решению задач по теории вероятностей и математической статистики, - М.,2000
Қосымша әдебиеттер:
1. Савин А.П./Энциклопедический словарь юного математика 2-е издание, исправленное и дополненное.- М. Педагогика, 1989.
2. Глейзер Г.И. Математика тарихы IV–VI кл. - М.: Просвещение, 1981.
3. Т.К.Оспанов, Ш.Кұрманалина, Ж.Қайыңбаев, Б.Қосанов, К.Ерешева. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған оқулықтар. - Алматы, «Атамұра», 2001-2004.
4. Акпаева А.Б., Лебедева Л.А., Буравова В.В .Математика: 12-жылдық жалпы білім беретін мектептің 1-3 сыныптарына арналған (байқау нұсқа). – Алматы: «Алматыкітап» 2003-2005г.г.
5. Математикадан жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасы 1 -4 сыныптар. Алматы, 2003 г.
6.Оспанов Т.К., Кочеткова О.В. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі.- Алматы, 2005
7. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, «Просвещение», 1976 ж.
8. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі.- Астана, 2010 ж.
9. Есенжолов Е.К., Абдуалиева К.К. Организация и проведение самостоятельной работы студентов по дисциплине «Теория и технология обучения математике в начальной школе». Семипалатинск, 2007 г.
10. Пышкало А.М. Методика обучения элементам геометрии в начальных классах.- М., 1973
11. Саранцев Г.И. Сборник задач на геометрические преобразования: Пособие для учащихся.- М.: Просвещение, 1981
Достарыңызбен бөлісу: |