Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы
Химиялық өндірістердің негізгі процестері және аппараттары 2
050721 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының студенттеріне арналған
ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Павлодар
Мемлекеттік жалпыға міндетті мамандықтың білім стандарты мен типтік бағдарлама
негізінде әзірленген
пәннің оқу жұмыс бағдарламасына бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/31
|
БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректор
_____________Пфейфер Н.Э.
20__ж. «___» ____________
Құрастырушы: аға оқытушы_______________________ТуғамбаеваТ.Б.
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы
Химиялық өндірістердің негізгі процестері және аппараттары пәні бойынша 050721- Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының студенттеріне арналған
ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Жұмыс бағдарламасы мемлекеттік жалпыға міндетті мамандық стандарты 3.08.347 – 2007 және типтік бағдарлама негізінде әзірленген.
Химиялық өндірістердің негізгі процестері және аппараттары пәнінің типтік бағдарламасы РОӘК 2007 жылда бекітілген.
201_ж. «___» ____________ кафедра отырысында ұсынылған № ___ хаттама
Кафедра меңгерушісі _________ Жапаргазинова К.Х. «___» ________201_ж.
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу - әдістемелік кеңесімен құпталған _______________
«___» _____________200_ж. Хаттама № _____
ОӘК төрайымы________________ Буркитбаева У.Д. «___» ________201_ж.
КЕЛІСІЛГЕН
ХТжЖ факультетінің деканы_________ Ахметов К.К. «____» _______201_ж.
ЖжӘҚБ ҚҰПТАЛҒАН
ЖжӘҚБ бастығы________Варакута А.А. «__»________201_ж.
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған
«___» _____________20__ж. № _____ хаттама
Пәннің мақсаттары мен міндеттері
«Химиялық өндірістердің негізгі процестері және аппараттары» пәнінде көптеген технологиялық өндірістердің құрамдық бөлімі болатын, процестер оқытылады. Курсты білу өндірістің оптималды режимдерін таңдауға, технологиялық аппараттарды конструкциялауға, материалдық және энергетикалық баланстарды орындауға, технологиялық процестерді модельдеуге көмектеседі.
Пәнді оқыту мақсаты: химиялық өндірістердің жылу және масса алмасу процестерінің негіздері жайлы білімдерді жүйелеу, химиялық реакторлар мен химия-технологиялық жүйелерін есептеуді үйрету, студенттерде химия-технологиялық процестер жайлы білімдерді өздігінен табу, талдау және қорытындылау дағдысын дамыту.
Пәнді оқыту міндеттері: химиялық өндірістерде қолданылатын негізгі процестерді, соның ішінде жылу және масса алмасу процестерін білуге қол жеткізу, студенттердің химиялық өндірістерде қолданылатын негізгі аппараттардың құрылысы мен оларды есептеу ерекшеліктерін игеруге қол жеткізу.
Пәнді оқып игеруде студент
білуі керек:
- химиялық технологияның негізгі процестерінің заңдылықтары мен аппараттар конструкцияларын;
- технологиялық процестердің ерекшеліктерін, жылу және масса алмасу процестер негіздерін;
- аса маңызды аппараттардың технологиялық есептеулерінің негізгі әдістерін.
орындай білуі керек:
- компьютерлік графика және классикалық әдістермен нақты технологиялық мәселерді шешуді;
- химиялық өндірістердің жылу және масса алмасу процестерін және қолданылатын аппараттарды іс жүзінде есептеуді.
Пререквизиттер:
Пәнді оқытуда келесі пәндерде алынған білімдер қажет: физика, математика, физикалық химия, бейорганикалық химия, қолданбалы механика, жалпы химиялық технология, химиялық технологияның негізгі процестері және аппараттары 1.
Постреквизиттер: органикалық заттардың химиялық технологиясының теориялық негіздері, жобалау негіздері мен зауыттарды жобалау, органикалық және мұнай-химия өндірісінің технологиясы.
Мамандықтың жұмыс оқу жоспарынан үзінді
|
|
ПМУ ҰС Н 7.18.3/32
түрі
|
Мамандықтың жұмыс оқу жоспарынан үзінді
050721 − Органикалық заттардың химиялық технологиясы
Пәннің аталуы Химиялық өндірістердің негізгі процестері және аппараттары
Оқу түрі
|
Пәннің еңбек сыйымдылығы
|
Семестрлер бойынша бақылау түрлері
|
Семестр
|
Студенттердің семестрлердегі жұмыс көлемі
|
кредиттер
|
академиялық сағаттар
|
емт
|
сынақ
|
КЖб
|
КЖм
|
кредиттер
|
Аудиториялық сабақтар (акад.сағаттар)
|
СӨЖ (акад.
сағаттар)
|
Барл
ығы
|
ауд
|
СӨЖ
|
|
|
|
|
Бар
лығы
|
Дәріс
|
Тәж
|
зерт
|
Бар
лығы
|
СӨОЖ
|
Күндізгі ЖОБ негізінде
|
3
|
135
|
45
|
90
|
5
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5
|
3
|
45
|
22,5
|
15
|
7,5
|
90
|
45
|
Кафедра меңгерушісі ______________ К.Х. Жапаргазинова
20__ж. «___» _________ хаттама № ___
Пәннің мазмұны
1 Пәннің тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыптар атауы
|
Сабақтар түрлері бойынша контактты сағаттар саны
|
Дәріс
|
Тәж
|
Зерт
|
СӨЖ
|
1
|
Кіріспе
|
|
|
|
2
|
2
|
Жылу тасымалдаудың түрлері, олардың сипаттамасы
|
1
|
|
|
2
|
3
|
Конвекция және жылу беру
|
1
|
|
|
4
|
4
|
Жылу өту
|
1
|
|
|
2
|
5
|
Химиялық аппараттарға жылу жеткізудің өндірістік тәсілдері
|
0,5
|
2
|
2
|
4
|
6
|
Химиялық аппараттардан жылу алып кетудің өндірістік тәсілдері
|
0,5
|
1
|
|
4
|
7
|
Буландыру
|
1
|
2
|
|
5
|
8
|
Масса алмасу процестері және аппараттары
|
1
|
|
|
5
|
9
|
Фазалар арасындағы еркін шекаралары (газ, бу-сұйық, сұйық-сұйық) жүйелердегі масса алмасудың негіздері
|
1,5
|
2
|
|
7
|
10
|
Конвекция және масса беру.
|
1
|
|
|
|
11
|
Абсорбция
|
2
|
1
|
|
7
|
12
|
Сұйықтарды айдау
|
2
|
1
|
5
|
10
|
13
|
Сұйықтық экстракция
|
2
|
1
|
|
7
|
14
|
Қатты дене және сұйық (газ немесе бу) арасындағы масса алмасу
|
2
|
1
|
2
|
7
|
15
|
Адсорбция
|
1
|
1
|
2
|
7
|
16
|
Кептіру
|
2
|
1
|
2
|
5
|
17
|
Қатты дене – сұйық жүйесіндегі еру және экстракциялау
|
1
|
1
|
2
|
5
|
18
|
Ерітінділер мен балқымалардың кристалдануы
|
1
|
1
|
|
5
|
19
|
Мембраналы процестер
|
1
|
|
|
2
|
Барлығы:
|
22,5
|
15
|
15
|
90
|
2 Пәннің тақырыптарының мазмұны
Кіріспе. Пәннің тақырыбы және мақсаты. Химиялық технологияның негізгі процестерінің түрлері. Қалыптасқан және қалыптаспаған процестер. Үздіксіз және мерзімді әрекетті процестер. Химиялық технология процестері мен аппараттарының халық шаруашылығы және экологиялық проблемаларды шешудегі маңызы. Химиялық технология процестері мен аппараттары пәнінің дамуы туралы қысқаша тарихи мәліметтер. Қазақстан және шетел ғалымдарының химиялық технология процестері мен аппараттары туралы ғылымға қосқан үлесі.
Химия өнеркәсібінде жылу алмасу процестерінің маңызы.
Жылу тасымалдаудың түрлері, олардың сипаттамасы. Жылу өтудің негіздері. Стационарлы (тұрақталған) және стационарлы емес (тұрақталмаған) жылу тасымалдау. Температуралы өріс, изотермиялық бет, температуралық градиент туралы түсінік. Жылу өтудің негізгі теңдеуі. Жылу өткізгіштік. Фурьенің жылу өткізгіштік туралы теңдеуі. Қозғалыссыз ортадағы жылу өткізгіштіктің дифференциалды теңдеуі. Жазық қабырғаның (бір қабатты және көп қабатты) жылу өткізгіштігінің теңдеуі. Цилиндрлі қабырғаның жылу өткізгіштігінің теңдеуі.
Жылулы сәуле шығару. Сәуле шығару кезіндегі жылу алмасу. Газдардың жылулы сәуле шығаруы.
Конвекция және жылу беру. Ағындағы температуралардың профилі. Жылулы шекаралық қабат. Ньютонның жылу беру заңы (жылу беру теңдеуі). Конвективті жылу алмасудың дифференциалды теңдеуі (Фурье-Кирхгоф теңдеуі). Жылу беру процестерінің ұқсастығы. Жылу берудің ұқсастық сандар теңдеуі. Турбулентті ағындағы жылу беруді талдау. Турбулентті жылу өткізгіштік және температура өткізгіштік коэффициенттері. Температуралар өрісінің және турбулентті ағындағы жылдамдықтардың ұқсастық белгілері. Рейнольдс аналогиясы, жылу тасымалдау факторлары.
Жылу тасымалдағыштардың құбырлардағы және каналдардағы еріксіз қозғалысы кезіндегі жылу беру. Кіріс нәтижесі (салдары) және гидродинамикалық әрі жылулық тұрақталу аймағының ұзындығы. Құбырларды еріксіз көлденең ағып өту кезіндегі жылу беру. Табиғи конвекция кезіндегі жылу беру. Механикалық араластырғыштары бар аппараттардағы жылу беру. Сұйықтың қабықшасына жылу беру. Қаныққан будың конденсацияланудағы жылу беруі. Конденсацияның қабықшалы және тамшылы түрлері. Жылу беру коэффициентіне конденсацияланбайтын газдардың әсері. Қайнау кезіндегі жылу беру. Қайнаудың көпіршікті және қабықшалы түрлері (режимдері), аумалы температуралық тегеуірін. Радиациялық-конвективті жылу беру. Қоршаған ортаға таралған жылу шығынын есептеу. Жылу тасымалдағыштардың тікелей жанасуы кезіндегі жылу беру (газ-сұйық, газ-қатты дене жүйелеріндегі).
Жылу өту. Жылу тасымалдағыштардың тұрақты температуралары кезіндегі жазық және цилиндрлі қабырғалар үшін жылу өту теңдеуі. Жылу өту және жылу беру коэффициенттерінің арасындағы байланыстылық (термиялық кедергілердің аддитивтік теңдеуі). Жылу тасымалдағыштардың айнымалы температуралары кезіндегі жылу өтудің теңдеуі. Жылу тасымалдағыштардың бір бағытты, қарама-қарсы, аралас және айқасқан бағыттары кезіндегі орташа қозғаушы күшін анықтау.
Жылу тасымалдағыштардың қозғалыс бағытын таңдап алу. Жылу өту процесінің орташа қозғаушы күшіне ағынның гидрадинамикалық құрылымының әсері. Қабырғаның температурасын анықтау Аппараттардың жылу оқшаулағыш қалыңдығын есептеу. Тұрақталмаған режим кезіндегі жылу өту. Жылу тасымалдағыштардың берілген температураға дейінгі қыздыру немесе салқындату уақытын анықтау Жылу беру процестерін қарқындатуының әдістері.
Химиялық аппараттарға жылу жеткізудің өндірістік тәсілдері. Жылу жеткізу әдістерінің классификациясы. Жылу тасымалдағыштарға қойылатын талаптар. Қолданылу салалары. Су буымен және жоғары температуралы органикалық жылу тасымалдағыштардың буларымен ысыту. Ыстық сұйықтармен ысыту. Оттық газдармен ысыту. Электр тогымен ысыту.
Химиялық аппараттардан жылу алып кетудің өндірістік тәсілдері. Жылуды алып кету әдістерінің классификациясы. Сумен және төменгі температуралы сұйық салқындатқыш агенттермен салқындату. Ауамен салқындату. Химиялық өндірістердегі су айналымының циклдары.
Жылу алмастырғыш аппараттар. Негізгі бетті жылу алмастырғыштардың классификациясы және конструкциялары (қаптама құбырлы, ирек құбырлы, пластиналы және т.б). Араластырушы жылу алмастырғыштардың конструкциялары. Жылу алмастырғыштарды жобалау және тексеру мақсатымен есептеу, олардың оптималды режимдерін анықтау.
Буландыру. Буландыру және оның қолданылу салалары туралы жалпы мәліметтер. Буландыруды жүргізудің әдістері. Біркорпусты және көпкорпусты буландыру қондырғылары. Екіншілей буды термокомпрессиялау арқылы буландыру. Буландыру қондырғыларындағы температуралық шығындар. Біркорпусты және көпкорпусты буландыру қондырғылары матераиалдық, жылу баланстары. Темпаратуралардың пайдалы айырмасын аппараттарға бөліп тарату. Көпкорпусты буландыру қондарғысындағы аппараттардың шектік және оптималды сандары. Көпкорпусты буландыру қондарғыларын есептеу.
Буландыру аппараттары. Буландыру аппараттарының негізгі түрлерінің конструкциялары (табиғи және еріксіз циркуляциялы, қабықшалы, жанарғы батырылған және т.б.).
Масса алмасу процестері және аппараттары. Масса алмасу процестері туралы жалпы мәліметтер. Химиялық технологиядағы масса алмасу процестерінің маңызы. Масса алмасу процестерінің түрлері және жалпы сипаттамасы. Бұл процестердің экологиялық проблемаларды шешудегі маңызы.
Фазалар арасындағы еркін шекаралы (газ, бу-сұйық, сұйық-сұйық) жүйелердегі масса алмасудың негіздері. Жалпы мәліметтер. Фазалық тепе-теңдіктің заңдылықтары. Масса алмасу процестерінің өту бағыты. Молекулярлық және конвективті масса тасымалдау. Масса өтудің негізгі теңдеуі.
Материалдық баланс және жұмыс сызығының теңдеуі. Масса алмасу процестерінің қозғаушы күші.
Конвекция және масса беру. Турбулентті ағындағы концентрациялардың профилі. Гидродинамикалық және диффузиялық шекаралық қабаттар. Турбуленттік диффузия туралы түсінік. Масса тасымалдаудың теориялық моделдері. Масса беру теңдеуі. Конвективті диффузияның дифференциалды теңдеуі. Масса тасымалдаудың дифференциалдық теңдеулерін ұқсастық теориясының әдістерімен түрлендіру. Масса берудің ұқсастық сандар теңдеуі. Масса өту коэффициентін масса коэффициенттері арқылы өрнектеу (фазалық кедергілердің аддитивтік теңдеуі), масса өту процестерінің орташа қозғаушы күшіне ағындардың гидродинамикалық құрылымының (структурасының) әсері.
Масса алмасу аппараттарының биіктігін есептеудің негіздері. Фазалары үздіксіз жанасатын (насадкалы, қабықшалы) масса алмасу аппараттарының жұмыстық биіктігін анықтау. Масса өтудің көлемдік коэффициенттері. Тасымалдау бірлігінің саны. Концентрациялардың өзгеруінің теориялық сатысы (теориялық табақша). Концентрация өзгеруінің сатысына эквивалентті биіктік. Фазалары сатылы түрде жанасатын (табақшалы) аппараттардың жұмыстық биіктігін анықтау. Табақшаның жұмыстық ауданы бірлігіндегі масса өту коэффициенті және тасымалдау бірлігінің саны. Колоннаның пайдалы әсер коэффициенті. Сатының Мэрфрише тиімділігі. Кинетикалық қисық сызықты салу. Табақшалы аппараттардың тамшыларды ұшырып әкету құбылысы.
Масса алмасу аппараттарының диаметрін есептеу. Колонналардағы (насадкалы, қабықшалы, табақшалы) гидродинамикалық режимдер. Аппараттағы біртұтас фазаның қозғалысының жұмыстық жылдамдығын таңдау.
Колонналы аппараттардағы масса алмасу процестерінің қарқындығын асыру жолдары.
Абсорбция. Абсорбция және оның іс жүзінде қолданылу салалары туралы жалпы мәліметтер. Абсорбциядағы тепе-теңдік. Генри заңы. Абсорбцияның материалдық балансы. Жұмыстық сызығының теңдеуі. Абсорбенттің меншікті шығынының ең аз және оптималды мәндері. Төменгі температуралы абсорбция. Көпкомпонентті абсорбция.
Десорбция және оның тәсілдері. Абсорбция-десорбциялық қондырғылардың принципиалды схемалары.
Абсорберлердің конструкциялары және түрлері. Қабықшалы және насадкалы колонналар (насадканың түрлері, олардың сипаттамасы). Насадканы таңдау. Құйылу құрылғысы бар және жоқ табақшалы колонналар (тор тесікті, құлап ағатын және т.б.). Табақшаның конструкциясын таңдау. Шашыратпалы абсорберлер. Абсорберлердің салыстырмалы сипаттамасы және оларды жетілдіру шаралары.
Сұйықтарды айдау. Айдау және оның іс жүзінде қолданылуы туралы жалпы мәліметтер. Айдаудың түрлері: жай айдау және ректификация. Бу-сұйық жүйесіндегі тепе-теңдік. Рауль заңы. Тепе-теңдік сызығының теңдеуі.
Жай айдау. Дефлегмациялық жай айдау. Жай айдаудың материалдық балансы. Молекулалық дистилляция. Су буымен айдау. Айдау температурасын және су буының шығынын анықтау.
Ректификация. Ректификация принципі. Мерзімді және үздіксіз ректификация қондырғыларының схемалары. Бинарлы қоспаларды үздіксіз ректификациялаудың материалдық балансы. Ректификация колоннасының нығайту (жоғарғы) және тауысу (төменгі) бөліктерінің жұмыс сызықтарының теңдеуі. Ректификация колоннасының жылу шығынының флегма санына байланыстылығы. Ректификация кезіндегі бірлескен жылу және масса тасымалдау. Бинарлы қоспаларды мерзімді әрекетті ректификациялауды есептеудің негіздері. Көпкомпонентті қоспаларды ректификациялауды талдау және сепету принциптері.
Ректификациялық аппараттардың конструкциялары. Ректификациялық колонналардың құрылымының ерекшеліктері.
Экстрактивтік және азеотроптық ректификацияның физикалық-химиялық негіздері. Экстрактивтік және азеотроптық ректификация қондырғыларының схемалары.
Сұйықтық экстракция. Жалпы түсінік. Іс жүзінде қолданылу салалары. Экстракциялық процестердің негізгі схемалары, экстрагентті регенерациялаусыз және регенерациялау, экстракцияны реэкстракциямен бірге өткізу.
Сұйық-сұйық жүйесіндегі тепе-теңдік. Материалдық баланс. Бір сатылы және көп сатылы қарама-қарсы ағынды экстракция. Экстракция кезіндегі масса өту. Экстракциялық аппараттарды есептеудің ерекшеліктері. Экстракция процестерінің қарқындылығын арттыру жолдары.
Экстракторлардың конструкциялары және классификациясы. Фазалар үздіксіз жанасатын гравитациялық экстракторлар: шашыратпалы, насадкалы. Фазалар сатылы түрде жанасатын экстракторлар (араластырушы-тұндырғышты, табақшалы). Фазалар үздіксіз жанасатын механикалық экстракторлар (роторлы, пульсациялық және т.б.). Экстрактордың түрін таңдау.
Экстракторлардың салыстырмалы сипаттамасы және оларды жетілдіру шаралары.
Қатты дене және сұйық (газ немесе бу) арасындағы масса алмасу. Қатты фазалы жүйелердегі масса өтудің ерекшеліктері. Сыртқы фазадағы масса тасымалдау. Қатты фазадағы масса тасымалдау. Масса өткізгіштік. Кеуекті денелердің негізгі сипаттамалары (кеуектердің пішіні), олардың өзара орналасуы және қосылуы, кеуектік,кеуектердің өлшемдері бойынша таралуы, меншікті бет және кеуектердің иреңділік коэффициенті. Кеуекті денелердегі масса тасымалдаудың қарапайым процестерінің негізгі түрлері. Масса өткізгіштіктің теңдеуі. Қатты фазада масса тасымалдау үшін масса берудің ұқсастық сандар теңдеуі. Қатты және қатысатын жүйелер үшін масса өтудің теңдеуі.
Адсорбция. Жалпы түсінік. Іс жүзінде қолданылуы туралы мәліметтер. Негізгі өндірістік адсорбенттер, олардың құрылымы және қасиеттері. Адсорбция кезіндегі тепе-теңдік. Адсорбция изотермалары. Адсорбцияның материалдық балансы. Адсорбцияның тепе-теңдік және тепе-теңсіздігінің динамикасы. Адсорберлерді есептеу. Десорбция, оны жүргізудің және сепетеудің әдістері. Мерзімді және үздіксіз әрекетті адсорбция процесінің схемалары.
Иондық алмасу. Иондық алмасу кезіндегі тепе-теңдік. Иондық алмасудың динамикасы. Ионалмасу аппараттарын есептеу. Адсорберлердің және ионалмастырғыштардың конструкциялары. Қозғалыссыз, жалған сұйылған және нығыздалған түйіршікті материалдың қозғалмалы қабатты аппараттары.
Кептіру. Жалпы түсінік. Іс жүзінде қолданылуы туралы мәліметтер. Конвективті және контактты кептіру. Ылғалдың материалмен байланысының түрлері. Ылғал ауаның негізгі параметрлері. Ылғал ауа күйінің диаграммалары. Кептірудегі тепе-теңдік. Конвективті және контактты кептіргіштердің материалдық және жылу баланстары. Конвективті кептірудің варианттары. Кептіру процесінің кинетикасы. Кептіру процесіндегі жылу-масса тасымалдау.Кептірудің кинетикалық қисық сызықтары.Кептіру жылдамдықтарының тұрақты және төмендеу кезеңдері (периодтары). Мұндай шартты жағдайларда жылдамдықты есептеу әдістері. Кептіру процестерінің қарқындылығын арттыру тәсілдері.
Кептіргіштердің конструкциялары. Кептірілетін материалдың қозғалыссыз қабаты бар конвективті кептіргештер (камералы, ленталы және т.б.). Кептірілетін материал араластырылатын конвективті кептіргішүтер (барабанды және т.б.).
Кептірілетін материалдың жалған сұйылған қабатындағы конвективті кептіргіштер. Кептірілетін материалды пневматикалық жолмен тасымалдайтын конвективті кептіргіштер. Контактты кептіргіштер (кептіргіш шкафтары, білікшелі және т.б.).
Кептірудің арнайы түрлері: радиациялы, сублимациялық, жоғарғы жиілікті (диэлектрикті) кептіргіштер.
Қатты дене-сұйық жүйесіндегі еру және экстракциялау. Жалпы түсінік. Іс жүзінде қолданылуы туралы жалпы мәліметтер. Еру. Еру кезіндегі тепе-теңдік шарттары. Еру кинетикасының теңдеуі. Толық еру уақытын анықтау.
Ерітілген затты экстракциялау. Процестің кинетикасы. Қатты затты экстракциялау. Процестің кинетикасы. Еру және экстракциялау әдістері.Тұйықталған мерзімді процестер; бір бағыттас және қарама-қарсы бағытты процестер; қозғалыссыз қабаттағы процесс. Осы процестер үшін керекті аппараттар (араластырушы-тұндырғыш, карусельді және т.б.).
Ерітінділер мен балқымалардың кристалдануы. Жалпы түсінік. Іс жүзінде қолданылу салалары. Кристалдануды жүргізудің әдістері. Кристалдану кезіндегі тепе-теңдік. Кристалданудың материалдық және жылу баланстары. Кристалданудың кинетикасы. Кристалдардың пайда болу және өсу жылдамдықтары. Қоспаларды көп рет қайта кристалдап бөлшектеп (фракцияланған) және қарама-қарсы кристалдандыру әдістерімен ажырату.
Кристаллизаторлардың конструкциялары және классификациясы. Еріткіштің бір бөлігін шығару арқылы кристалдауда қолданылатын кристаллизаторлар. Ерітіндіні суыту арқылы кристалдауда қолданылатын кристаллизаторлар.
Барабанды кристаллизаторлар. Вакуум-кристаллизаторлар. Жалған сұйылу қабатты кристаллизаторлар. Кристалдану процестерінің қарқындылығын арттыру шаралары.
Мембраналы процестер. Жалпы түсінік. Іс жүзінде қолданылуы туралы мәліметтер. Мембраналы процестердің классификациясы (баромембраналы, диффузионды-мембраналы, электро-мембраналы). Мембраналардың түрлері. Мембраналы процестердің механизмінің негіздері. Мембраналы процестердің кинетикасы. Концентрациялық поляризация құбылысы және оның мембраналы процестерге әсерін төмендетудің әдістері.Мембараналы ажырату алдында қоспаларды дайындау. Мембраналарды (регенерациялау) тазалау әдістері. Мембраналы процестерді және ығыстыру аппараттарын есептеу. Мембраналы процестерді қарқындату жолдары.
Мембраналы аппараттардың конструкциялары және классификациясы (жазық камералы, рулонды, құбырлы, қуыс талшықты). Мембраналы аппараттарды таңдап алу.
Қорытынды. Химиялық технологияның қазіргі кездегі мәселелері. Экология және химиялық технология. Химия-технологиялық процестердің қарқындылығы және тиімділігін арттырудың жаңа әдістері.
3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
Тақырып 5. Химиялық аппараттарға жылу жеткізудің өндірістік тәсілдері
Жылу тасымалдағыштардың бір бағытты, қарама-қарсы, аралас және айқасқан бағыттары кезіндегі орташа қозғаушы күшін анықтау. Жылу тасымалдағыштардың берілген температураға дейінгі қыздыру немесе салқындату уақытын анықтау. Қоршаған ортаға таралған жылу шығынын есептеу – 2 сағат.
Тақырып 6. Химиялық аппараттардан жылу алып кетудің өндірістік тәсілдері
Жылу алмастырғыштарды жобалау және тексеру мақсатымен есептеу, олардың оптималдырежимдерін анықтау – 1 сағат.
Тақырып 7. Буландыру
Біркорпусты және көпкорпусты буландыру қондырғыларының есептеулері. Буландыру қондырғыларындағы температуралық шығындарды есептеу. Біркорпусты және көпкорпусты буландыру қондырғыларының материалдық және жылу баланстарын есептеу – 2 сағат.
Тақырып 9. Фазалар арасындағы еркіншекаралы(газ, бу-сұйық, сұйық-сұйық) жүйелердегі масса алмасу
Масса алмасу аппараттарының биіктігін есептеу. Фазалары сатылы түрде жанасатын (табақшалы) аппараттардың жұмыстық биіктігін анықтау. Масса алмасу аппараттарының диаметрін есептеу. Аппараттағы біртұтас фазаның қозғалысының жұмыстық жылдамдығын таңдау – 2 сағат.
Тақырып 11. Абсорбция
Насадкалы және табақшалы колонналардың конструкцияларын таңдау – 1 сағат
Тақырып 12. Сұйықтарды айдау
Айдау температурасын және су буының шығынын анықтау. Мерзімді және үздіксіз ректификация қондырғыларының схемаларын құрастыру. Бинарлы қоспаларды мерзімді әрекетті ректификациялаудың есептеулерін орындау – 1 сағат.
Тақырып 13. Сұйықтық экстракция
Экстракциялық аппараттарды есептеу. Экстракторлардың конструкцияларын талдау – 1 сағат.
Тақырып 14. Қатты дене және сұйық (газ немесе бу) арасындағы масса алмасу
Масса өткізгіштіктің теңдеуі негізіндегі есептеулерді орындау. Қатты фазада масса тасымалдау үшін масса берудің ұқсастық сандар теңдеуі негізіндегі есептеулерді орындау. Қатты дене қатысатын жүйелер үшін масса өтудің теңдеуі негізіндегі есептеулерді орындау – 1 сағат.
Тақырып 15. Адсорбция
Адсорберлерді есептеу. Десорбция, оны жүргізудің және есептеудің әдістері. Ионалмасу аппараттарын есептеу – 1 сағат.
Тақырып 16. Кептіру
Конвективті және контактты кептіргіштердің материалдық және жылу баланстарын құрастыру. Кептірудің кинетикалық қисық сызықтарын құрастыру – 1 сағат.
Тақырып 17. Қатты дене-сұйық жүйесіндегі еру және экстракциялау
Қатты дене-сұйық жүйесіндегі экстракциялауды зерттеу. Толық еру уақытын анықтау. Экстракциялау процесінің кинетикасын анықтау – 1 сағат.
Тақырып 18. Ерітінділер мен балқымалардың кристалдануы
Кристалданудың материалдық және жылу балансын құрастыру. Қоспаларды көп рет қайта кристалдап бөлшектеп және қарама-қарсы кристалдандыру әдістерімен ажырату кезіндегі есептеулермен тснысу – 1 сағат.
4 Зертханалық сабақтардың тізімі және мазмұны
№
|
Тақырып атауы
|
Зертханалық жұмыс атауы
|
Мазмұны
|
1
|
2
|
3
|
4
|
2
|
Химиялық аппараттарға жылу жеткізудің өндірістік тәсілдері
|
«Құбыр ішіндегі құбыр» жылу алмастыр
ғышындағы жылу өту коэффициентін анықтау
|
«Құбыр ішіндегі құбыр» жылу алмастырғышы мысалында жылудың өтуін бақылау, жылу өту коэффициентін анықтау
|
8
|
Сұйықтарды айдау
| -
Жай айдау процесін зерттеу
-
-
-
2)Бинарлы қоспаны ректификация
-
лау әдісімен ажырату
|
Зертханада айдау процесінің ерекшелігімен танысу үшін жай айдау процесімен танысу, қажетті есептеулерді орындау.
Зертханада ректификациялаумен бинарлы қоспаны бөлу әдісімен танысу, қажетті есептеулер орындау
|
10
|
Қатты дене және сұйық (газ немесе бу) арасындағы масса алмасу
|
Насадкалы скруббердің гидравликалық сипаттамасын зерттеу
|
Масса алмасу процесімен іс жүзінде танысу үшін насадкалы скруббердің гидравликалық сипаттамасын зерттеу, қажетті есептеулер орындау
|
11
|
Адсорбция
|
Адсорбция процесін зерттеу
|
Адсорбция процесін зерттеу мақсатында адсорберлердің жұмыс ерекшеліктерін талдау
|
12
|
Кептіру
|
Радиациялы кептіру процесін зерттеу
|
Кептіру процестерінің ерекшеліктерімен танысу үшін процестің өзгешеліктерін қарастыру.
|
13
|
Қатты дене – сұйық жүйесіндегі еру және экстракциялау
|
Сұйық-сұйық жүйесіндегі экстракцияны зерттеу
|
Зертханада еру және экстракциялау процестерінің ерекшеліктерімен танысу. Қажетті есептуелер орындау.
|
5 Студенттің өздік жұмысының мазмұны
5.1 СӨЖ түрлерінің тізімі
№
|
СӨЖ түрі
|
Есеп беру түрі
|
Бақылау түрі
|
Сағатты көлемі
|
1
|
Дәріс сабақтарына дайындалу
|
Жұмыс дәптері
|
Дәріс материал
дары бойынша ауызша сұрау
|
11,5
|
2
|
Тәжірибелік сабақтарға дайындалу
|
Дәптерге конспект жазу
|
Тәжірибелік жұмыс бойынша сұрау
|
3
|
3
|
Зертханалық сабақтарға дайындалу
|
Дәптерге конспект жазу
|
Зертханалық жұмыс бойынша сұрау
|
4
|
4
|
Есеп беруді құрастыру және зертханалық жұмысты қорғау
|
Жұмыс дәптері
|
Зертханалық жұмыс бойынша сұрау
|
4
|
5
|
Курстық жоба орындау
|
Жұмыс дәптері
|
Ауызша тексеру
|
30
|
5
|
Аудиториялық сабақтарға кірмеген курстың қосымша материалдарын оқу
|
Дәптерге конспект жазу
|
Ауызша тексеру
|
33,5
|
5
|
Аралық бақылауға дайындалу
|
Жауап парағы
|
Бақылау жұмысы
|
4
|
БАРЛЫҒЫ:
|
90
|
5.2 Студенттердің өздігінен оқуға ұсынылатын тақырыптар тізімі
Тақырып 1. Кіріспе.
1. Химия өнеркәсібінде жылу алмасу процестерінің маңызы. [2. 4-15 б.], [4. 260 б.], [6. 14-28 б.]
2. Жылу тасымалдаудың түрлері, олардың сипаттамасы. Жылу өтудің негіздері. [2. 5-9 б.], [4. 4-15 б.], [8. 14-28 б.]
Тақырып 2. Жылу тасымалдаудың түрлері, олардың сипаттамасы
1. Жылу тасымалдаудың түрлері, олардың сипаттамасы. [2. 18-23 б.], [4. 260-272 б.], [6. 19-29 б.]
2. Жылулы сәуле шығару. Сәуле шығару кезіндегі жылу алмасу. Газдардың жылулы сәуле шығаруы [2. 20-29 б.], [ 270-275 б.], [8. 23-28 б.]
Тақырып 3. Конвекция және жылу беру
1. Жылу тасымалдағыштардың құбырлардағы және каналдардағы еріксіз қозғалысы кезіндегі жылу беру. [2.25-36 б.], [4. 296-310 б.], [8. 23-28 б.]
2. Құбырларды еріксіз көлденең ағып өту кезіндегі жылу беру. Табиғи конвекция кезіндегі жылу беру. Механикалық араластырғыштары бар аппараттардағы жылу беру. [2.30-39 б.], [4. 296-310 б.], [6. 25-29 б.]
3. Жылу тасымалдағыштардың тікелей жанасуы кезіндегі жылу беру (газ-сұйық, газ-қатты дене жүйелеріндегі). [2. 34-43 б.], [2 283-295 б.], [8. 26-34 б.]
Тақырып 4. Жылу өту
1.Тұрақталмаған режим кезіндегі жылу өту. Жылу беру процестерін қарқындатуының әдістері. [2. 34-43 б.], [4. 296-310 б.], [8. 32-38 б.]
Тақырып 5. Химиялық аппараттарға жылу жеткізудің өндірістік тәсілдері
1. Жылу жеткізу әдістерінің классификациясы. Жылу тасымалдағыштарға қойылатын талаптар. Қолданылу салалары. [2. 42-49 б.], [4. 310-324 б.], [6. 30-38 б.]
2. Су буымен және жоғары температуралы органикалық жылу тасымалдағыштардың буларымен ысыту. Ыстық сұйықтармен ысыту. Оттық газдармен ысыту. Электр тогымен ысыту. [2. 46-55 б.], [4. 310-324 б.], [8. 36-38 б.]
Тақырып 6. Химиялық аппараттардан жылу алып кетудің өндірістік тәсілдері
1. Жылуды алып кету әдістерінің классификациясы. Сумен және төменгі температуралы сұйық салқындатқыш агенттермен салқындату. Ауамен салқындату. [2. 50-59 б.], [2 324-326 б.], [6. 38-43 б.]
2.Жылу алмастырғыш аппараттар. Негізгі бетті жылу алмастырғыштардың классификациясы және конструкциялары (қаптама құбырлы, ирек құбырлы, пластиналы және т.б). [2. 55-66 б.], [4. 326-340 б.], [6. 42-48 б.]
3. Араластырушы жылу алмастырғыштардың конструкциялары. [2. 55-66 б.], [4. 326-340 б.], [6. 42-48 б.]
Тақырып 7. Буландыру
1. Буландыру және оның қолданылу салалары туралы жалпы мәліметтер. Біркорпусты және көпкорпусты буландыру қондырғылары. [2. 68-73 б.], [ 4. 347-363 б.], [6. 50-58 б.]
2. Буландыру аппараттары. Буландыру аппараттарының негізгі түрлерінің конструкциялары (табиғи және еріксіз циркуляциялы, қабықшалы, жанарғы батырылған және т.б.). [2. 74-83 б.], [4. 364-377 б.], [6. 59-68 б.]
Тақырып 8. Масса алмасу процестері және аппараттары
1. Масса алмасу процестері туралы жалпы мәліметтер. Химиялық технологиядағы масса алмасу процестерінің маңызы. [2. 85-93 б.], [4. 382 б.], [8. 40-48 б.]
2.Масса алмасу процестерінің түрлері және жалпы сипаттамасы. Бұл процестердің экологиялық проблемаларды шешудегі маңызы. [2. 85-93 б.], [4. 382 б.], [8. 40-48 б.]
Тақырып 9. Фазалар арасындағы еркін шекаралары (газ, бу-сұйық, сұйық-сұйық) жүйелердегі масса алмасудың негіздері
1. Жалпы мәліметтер. Фазалық тепе-теңдіктің заңдылықтары. Масса алмасу процестерінің өту бағыты. Молекулярлық және конвективті масса тасымалдау. [2. 85-93 б.], [4. 382 б.], [8. 40-48 б.]
Тақырып 10. Конвекция және масса беру
1.Масса алмасу аппараттары. Фазалары үздіксіз жанасатын (насадкалы, қабықшалы) масса алмасу аппараттары. Фазалары сатылы түрде жанасатын (табақшалы) аппараттар. [2. 95-108 б.], [4. 423-434 б.], [6. 70-79 б.]
2.Колонналардағы (насадкалы, қабықшалы, табақшалы) гидродинамикалық режимдер. [2. 95-108 б.], [4. 423-434 б.], [6. 70-79 б.]
3.Колонналы аппараттардағы масса алмасу процестерінің қарқындығын асыру жолдары. [2. 95-108 б.], [4. 423-434 б.], [6. 70-79 б.]
Тақырып 11. Абсорбция
1. Абсорбция және оның іс жүзінде қолданылу салалары туралы жалпы мәліметтер. Төменгі температуралы абсорбция. Көпкомпонентті абсорбция. [2. 110-127 б.], [4. 434 б.], [8. 50-63 б.]
2.Десорбция және оның тәсілдері. Абсорбция-десорбциялық қондырғылардың принципиалды схемалары. [2.129-135 б.],[ 4. 467 б.],[6.80-88 б.]
3. Абсорберлердің конструкциялары және түрлері. Қабықшалы және насадкалы колонналар (насадканың түрлері, олардың сипаттамасы). Құйылу құрылғысы бар және жоқ табақшалы колонналар (тор тесікті, құлап ағатын және т.б.). Шашыратпалы абсорберлер. [2. 110-127 б.], [4. 434 б.], [8. 50-63 б.]
4. Абсорберлердің салыстырмалы сипаттамасы және оларды жетілдіру шаралары. [2. 110-127 б.], [4. 434 б.], [8. 50-63 б.]
Тақырып 12. Сұйықтарды айдау
1. Айдау және оның іс жүзінде қолданылуы туралы жалпы мәліметтер. [2. 128-137 б.], [ 4. 471 б.], [6. 90-101 б.]
2. Жай айдау. Дефлегмациялық жай айдау. Су буымен айдау. [2. 128-137 б.], [ 4. 471 б.], [6. 90-101 б.]
3. Ректификация. Ректификация принципі. Мерзімді және үздіксіз ректификация қондырғыларының схемалары. [2. 140- 152 б.], [4. 482-511 б.], [6. 102-118 б.]
4.Ректификациялық аппараттардың конструкциялары. Ректификациялық колонналардың құрылымының ерекшеліктері. [2. 128-137 б.], [ 4. 471 б.], [6. 90-101 б.]
5.Экстрактивтік және азеотроптық ректификация қондырғыларының схемалары. [2. 128-137 б.], [ 4. 471 б.], [6. 90-101 б.]
Тақырып 13. Сұйықтық экстракция
1. Жалпы түсінік. Іс жүзінде қолданылу салалары. Экстракциялық процестердің негізгі схемалары. [2. 138-145 б.], [4. 520 б.], [6. 102-123 б.]
2.Экстракторлардың конструкциялары және классификациясы. Фазалар үздіксіз жанасатын гравитациялық экстракторлар: шашыратпалы, насадкалы. Фазалар сатылы түрде жанасатын экстракторлар (араластырушы-тұндырғышты, табақшалы). Фазалар үздіксіз жанасатын механикалық экстракторлар (роторлы, пульсациялық және т.б.). [2. 145-159 б.], [4.538-547 б.], [6. 124-138 б.]
3. Экстракторлардың салыстырмалы сипаттамасы және оларды жетілдіру шаралары. [2. 145-159 б.], [4.538-547 б.], [6. 124-138 б.]
Тақырып 14. Қатты дене және сұйық (газ немесе бу) арасындағы масса алмасу
1. Кеуекті денелердің негізгі сипаттамалары (кеуектердің пішіні), олардың өзара орналасуы және қосылуы, кеуектік, кеуектердің өлшемдері бойынша таралуы, меншікті бет және кеуектердің иреңділік коэффициенті. [2. 160-169 б.], [4. 430-434 б.], [6. 140-148 б.]
Тақырып 15. Адсорбция
1. Жалпы түсінік. Іс жүзінде қолданылуы туралы мәліметтер. Негізгі өндірістік адсорбенттер, олардың құрылымы және қасиеттері. [2. 170-173 б.], [4. 563 б.], [8. 64-78 б.]
2.Ионалмасу аппараттары. Адсорберлердің және ионалмастырғыштардың конструкциялары. Қозғалыссыз, жалған сұйылған және нығыздалған түйіршікті материалдың қозғалмалы қабатты аппараттары. [2. 173-175 б.], [4. 580-583 б.], [8. 80-86 б.]
Тақырып 16. Кептіру
1. Кептіргіштердің конструкциялары. Кептірілетін материалдың қозғалыссыз қабаты бар конвективті кептіргештер (камералы, ленталы және т.б.). Кептірілетін материал араластырылатын конвективті кептіргішүтер (барабанды және т.б.). [2. 174-179 б.], [4. 615-627 б.], [8. 86-92 б.]
2. Кептірілетін материалдың жалған сұйылған қабатындағы конвективті кептіргіштер. Кептірілетін материалды пневматикалық жолмен тасымалдайтын конвективті кептіргіштер. Контактты кептіргіштер (кептіргіш шкафтары, білікшелі және т.б.). [2. 174-179 б.], [4. 615-627 б.], [8. 86-92 б.] 3. Кептірудің арнайы түрлері: радиациялы, сублимациялық, жоғарғы жиілікті (диэлектрикті) кептіргіштер. [2. 174-179 б.], [4. 615-627 б.], [8. 86-92 б.]
Тақырып 17. Қатты дене – сұйық жүйесіндегі еру және экстракциялау
1. Еру және экстракциялау әдістері.Тұйықталған мерзімді процестер; бір бағыттас және қарама-қарсы бағытты процестер; қозғалыссыз қабаттағы процесс. Осы процестер үшін керекті аппараттар (араластырушы-тұндырғыш, карусельді және т.б.). [2. 179-183 б.], [4. 553-563 б.], [8. 10-18 б.]
Тақырып 18. Ерітінділер мен балқымалардың кристалдануы
1. Кристаллизаторлардың конструкциялары және классификациясы. Еріткіштің бір бөлігін шығару арқылы кристалдауда қолданылатын кристаллизаторлар. Ерітіндіні суыту арқылы кристалдауда қолданылатын кристаллизаторлар. [2. 179-183 б.], [4. 638-643 б.], [6. 150-168 б.]
2.Барабанды кристаллизаторлар. Вакуум-кристаллизаторлар. Жалған сұйылу қабатты кристаллизаторлар. [2. 5-9 б.], [4. 638-643 б.], [6. 150-168 б.]
Тақырып 19. Мембраналы процестер
1. Жалпы түсінік. Іс жүзінде қолданылуы туралы мәліметтер. Мембраналы процестердің классификациясы (баромембраналы, диффузионды-мембраналы, электро-мембраналы). Мембраналардың түрлері. [2. 179-183 б.],, [ 4-15 б.], [8. 150-168 б.]
2.Мембраналы аппараттардың конструкциялары және классификациясы (жазық камералы, рулонды, құбырлы, қуыс талшықты). Мембраналы аппараттарды таңдап алу. [2. 179-183 б.], [11. 569-583 б.], [6. 150-168 б.]
6 Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиет
1 Ахбердиев Ә., Молдабеков Ш. М. Химиялық технологияның негізгі процестері және аппараттары, 1-ші бөлім. Алматы, 1993, РБК, 302 б.
2 Ахбердиев Ә. С. Химиялық технологияның негізгі процестері және аппараттары, 2-ші бөлім, Алматы, 1994, РБК, 183 б.
3 Павлов К. Ф., Романков П. Г.,Носков А. А. Химиялық технологияның процестері және аппараттары пәнінің мысалдары мен есептері (біпініші, екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы тарауларының қазақ тіліндегі аудармалары). Шымкент, 1992-2000 ж.ж.
4 Касаткин А.Г. Основные процессы и аппараты химической технологии, 9-е изд., М., Химия, 1973, 750 с.
5 Павлов К. Ф., Романков П. Г.,Носков А. А. Примеры и задачи по курсу процессов и аппаратов химической технологии, Л., Химия, 1987, 576 с.
6 Основные процессы и аппараты химической технологии (пособие по проектированию). Под ред. Ю.И.Дытренского, М., Химия, 1991, 496 с.
7 Руководство к практическим занятиям в лаборатории процессов и аппаратов химической технологи, под ред. Романкова П.Г., 5 изд.., Л. Химия, 1979, 256 с.
Қосымша әдебиет
8 Плановский А.Н., Николаев П.И. Процессы и аппараты химической и нефтехимической технологии, 3 изд. М. : Химия, 1987, 540 с.
9 Гельперин Н.И. Основные процессы и аппараты химической технологии. М., 1981, 812 с.
10 Анштейн В.Г., Захаров М.К., Носов Г.А. и др. Общий курс процессов и аппаратов химческой технологии. Книга 1. М., Химия, 1999, 888
11 Анштейн В.Г., Захаров М.К.,Носов Г.А. и др. Общий курс процессов и аппаратов химческой технологии.Книга 2. М., Химия, 1999, 872 с.
Достарыңызбен бөлісу: |