Жұмыс бағдарламасы Нысан пму ұсн 18. 3/30



Дата12.07.2016
өлшемі163.49 Kb.
#195062
түріЖұмыс бағдарламасы

Оқу жұмыс бағдарламасы




Нысан

ПМУ ҰСН 7.18.3/30



Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Физика және аспап жасау кафедрасы

Термодинамика және статистикалық физика пәні бойынша


050604 – «Физика» мамандығының студенттеріне арналған
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар


Мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт және типтік бағдарлама негізінде әзірленген оқу жұмыс бағдарламасын бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰСН 7.18.3/31




Бекітемін

ОЖ жөніндегі проректор


_________ Н.Э. Пфейфер

2010 ж. _________ «____»

Құрастырушы: ___________ доцент, ф.-м.ғ.к., Досанов Т.С.
«Физика және аспап жасау» кафедрасы
Термодинамика және статистикалық физика пәні бойынша

050604 – «Физика» мамандығының студенттеріне арналған


ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жұмыс оқу бағдарламасы 050604 – «Физика» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 22.06.2006 ж. бекітілген типтік бағдарламалары негізінде әзірленген.
Кафедра мәжілісінде ұсынылған хаттама № ___ «___» _________ 2010 ж.
ФжАсп кафедрасының меңгерушісі ______Ш.К. Биболов «__» ___ 2010 ж.
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің оқұ-әдiстемелік кеңесi қолдады хаттама № ___ «___» ___________ 2010 ж.
ОӘК төрағасы ________________Ж.Ғ. Муканова «___» _________ 2010 ж.

КЕЛІСІЛГЕН


ФжАТ факультетінің деканы ________Ж.К. Нурбекова «__» ____ 2010 ж.

ЖжӘҚБ қолдады


ЖжӘҚБ бастығы _________________А.В. Варакута «___»_______ 2010 ж.
Университетінің оқу-әдiстемелік кеңесi қолдады

Хаттама № ___ «___» ___________________ 2010 ж.



1 Пәннің мақсаты

Студенттерге макроскопиялык жүйелердің негізгі термодинамикалык және статистикалық зандылықтары туралы терең және мығым білім берумен бірге ол білімдерді қолданбалы мәселелерге пайдалануды үйрету. Қойылған мәселелерді шешу кезінде термодинамикалық және статистикалық теорияларға тон түрлі әдістерге айрықша көңіл болу.



Пәннің міндеттері

Оқытуда қойылатын мәселелер: Осы пәнді оқып үйренген студент термодинамика мен статистикалық физиканың негізгі үғымдары мен негізгі зандарын білуі тиіс, термодинамика мен статистикалык физикада шешілетін мәселелерді қоя біліп, шешу әдістерін үйренуі керек, әрбір жеке физикалық жүйелер параметрлерінің гаусстык және халыкаралық бірлік жүйесі бойыпша алынған сан мәндерін таба білуі керек.
2 Пререквизиттер

Осы пәнді оқып үйренуге қажет стандартты пәндер тізімі: термодинамикамен статистикалық физика пәнін терең және дәйекті түрде оқып білу үшін теориялык физиканың барлык басқа салаларын: теориялык механиканы, электродинамиканы және кванттық механиканы білу қажет. Сонымен бірге ықтималдық теориясы, дифференциалдық теңдеулер теориясы мен математикалық физика әдістерінің негіздерін білуі кажет.
3 Постреквизиттер

«Физикалық процестерді модельдеу».



4 Пәннің мазмұны
4.1 Пәннің тақырыптық жоспары




Тақырыптың атауы

Сағаттар саны

Дәріс

Тәж.

СӨЖ

1

2

3

4

5



Статистикалық жүйелер зерттеу объектілері ретінде.

6

3

18


Жабық және ашық жүйелер термодинамикасы.


6

3

18


Әлсіз ерітінділер теориясы.


6

3

18


Классикалық статистикалық механика.


6

3

18


Флуктуациялар және олардың сандық сипаттамалары туралы.


2

1

6


Идеал емес жүйелер теориясы.


4

2

12

Барлығы

30

15

90


4.2 Дәрістік сабақтардың мазмұны
Тақырып 1. Статистикалық жүйелер зерттеу объектілері ретінде. Гиббстің статистикалық ансамблі. Үлестіру функциясы. Лиувилль теңдеуі. Статистикалық. орташалау. Гиббстің микроканондық үлестіру туралы постулаты. Гиббстің канондық үлестіруі. Абсолют температура (термодинамиканың нөлдік бастамасы).

Кванттық статистикадағы микроканондық үлестіру. Статистикалық салмак. Макроскоптық жүйелердің кванттық күйлерінің квазиүздіксіздігі. Кванттық суммаларды фазалык колем бойынша алынған интегралдарға ауыстыру. Гиббстің канондык және үлкен канондык үлестіруі.

Гиббстің үлкен канондық үлестіруінен тепе-теңдік процестер үшін термодинамиканың 1-ші және 2-ші бастамаларын шығару. Ашык және жабық жүйелер үшін термодинамиканын негізгі теңдеулері. Больцман принципі. Оны Гиббстің кванттық канондық үлестіруінен шығару. Термодинамиканың 3-ші бастамасы.

Тақырып 2. Жабық және ашық жүйелер термодинамикасы. Термодинамикалық потенциалдар одісі. Максвелл қатыстары. Якобиандар әдісі. Жылусыймдылықтың термодинамикалық теориясы. Джоуль-Томсон және Джоуль-Гей-Люссак процестері. Суытудың магниттік әдісі. Тепе-теңдік соулелердік термодинамикасы. Термодинамиканын 3-ші бастамасының Планктык тұжырымдамасы. Термодинамиканың 3-ші бастамасынан туатын салдар.

Энтропияның арту заңы. Тепе-теңсіздік процестер үшін термодинамиканың 2-ші бастамасы. Клаузиус теңсіздігі. Ең аз жүмыс принципі. Термодинамикалық жүйелердің түрлі сыртқы жағдайлар кезіндегі тепе-теңдікте болу шарттары. Термодинамикалық жүйелердің орныктылығы шарттары.

Ашық жүйелер термодинамикасы. Ω-потенциал. Химиялық потенциал. Термодинамикалық потенциалдардың аддитивтігі. Біртекті функциялар үшін Эйлер теоремасы. Ω-потенциал үшін тендеулер. Гиббс-Дюгем тендеуі. Ашык термодинамикалық жүйелер тепе-теңдігінің шарттары. Гиббстің фаза ережелері. 1-ші текті фазалык ауысулар және Клайперон-Клаузиус тендеуі.

Тақырып 3. Әлсіз ерітінділер теориясы. Ертінділердің өлсіздігі туралы үғым. Әлсіз ертіндінің Гиббстік потенциалы. Еріткіш пен еріген заттардың химиялык потенциалдары. Осмостық қысым. Ван-Гофф заңы. Әлсіз ерітіндінің қатты түрге өту және қайнау температураларының озгерісі. Генри заңы. Рауль заңы. Үлестіру заңы.

Тақырып 4. Классикалық статистикалық механика. Сиретілген газдар үшін күй тендеуі. Ван-дер-Ваальс тендеуі. Максвелл ережесі. Тең үлестіру және вириал теоремалары. Оларды идеал газдар мен қатты денелердін жылусиымдылык теориясында пайдалану.

Идеал газдар үшін Максвелл-Больцман үлестіруі. Осы статистиканың дүрыстығының шарты. Осы жуықтаудағы статистикалық косындыны есептеу. Максвелл-Больцман статистикасын біратомды және екіатомды газдарға қолдану.

Ферми-Дирак және Бозе-Эйнштейн статистикасы. Аздап айныған Ферми және Бозе-газ. Бозе-Эйнштейн статистикасын тепе-тендіктегі электромагнш соуле теориясына қолдану. Соулені фотондардың идеал газы түрінді қарастыру. Бозе-Эйнштейн статистикасын қатты денелерге қолдану. Қатты денедегі жылулық қозғалысты фонондык идеал газ түрінде қарастыру. Қатты денелер жылусиымдылығының Эйнштейндік және Дебайлық теориялары Ферми-Дирак статистикасын айныған электрондық газ үшін қолдану (металлдардағы электрондар). Металлдардағы электрондық газ нолдік температурада. Фермидің шекаралык энергиясы. Металлдардағы электрондық газ абсолют нолге жакын температураларда.

Тақырып 5. Флуктуациялар және олардың сандық сипаттамалары туралы. Канондык үлестірудегі энергия флуктуациясы. Тепе-теңдіктегі сәулелер энергиясыныц флуктуациясы. Гиббстің үлкен канондык үлестіруіндегі болшектер сандарыныц флуктуациясы. Жарықтың газ тәрізді ортадағы шашырау теориясы. Броундык козғалыс. Эйнштейн-Смолуховский формуласы. Фоккер-Планк теңдеуі және оның қарапайым қолданылулары. Кездейсоқ процесстердің спектралдык көріністері. Жылулық шулар.

Жүйелердің тепе-теңдігі жөне орнықтылығы шарттары. Фазалық ауысулар. Сыртқы өрістегі және гетерогенді жүйелердегі тепе-тендік шарттары. Гиббстің фазалар ережесі. I және II текті фазалық ауысулар. Кризистік күй.



Тақырып 6. Идеал емес жүйелер теориясы. Идеал емес біратомды газ. Корреляциялық функциялар. Боголюбов тендеулері тізбегі. Жүйенің жүпты корреляциялық функциясы және күй тендеуі. Олардың қатарға жіктелінуі. Кулондык осерлесуші жүйелер. Плазманың еркін энергиясы.

Тепе-теңсіздік термодинамика негіздері.

Ағындар мен термодинамикалық күштер. Сызықты заңдар. Онзагердің өзаралық қатынастары. Тепе-теңсіздік термодинамика теңдеулері. Айқыш эффектілер.

Кинетикалық эффектілер. Тепе-теңсіздік үлестіру функциясы үшін жазылған тендеулер жөне Боголюбов бойынша уақыт масштабтары. Макроскопиялық қайтымдылык және макропроцесстердің қайтымсыздығы. Релаксациялык мүшесі бар кинетикалық теңдеу және оның колданылулары. Өзімен-өзі келісілген өріс жуықтауындағы кинетикалық теңдеу. Власовтың сызықтандырылған теңдеуі. Ландау бойынша плазмалық тербелістер мен өшулер. Больцманнын кинетикалық теңдеуі. Н-теорема. Максвеллдың локалды үлестіруі және гидродинамика теңдеулері. Тасымал коэффициенттері.


4.3 Тәжірибелік сабақтар тізімі




Тақырыптың атауы

Мазмұны

1

2

3



Ықтималдықтар теориясының элементтері

Кездейсоқ физикалық шаманың мәндері үшін ықтималдықтардың үлесуі. Идеал газ молекулалардың жылдамдықтары бойынша үлесуі.



Статистикалық физиканың негізгі ұғымдары және принциптері

Фазалық кеңістік. Кванттық жүйенің микрокүйлері. Лиувилль теоремасы.



Статистикалық термодинамиканың заңдары.

Термодинамика бастамалары.


Термодинамикалық функциялар.


Күй теңдеулері. Термодинамикалық потенциалдар.


Газдар қасиеттерін зертеу үшін статистикалық физиканы қолдану.


Идеал және идеал емес біратомды газдар үшін статистикалық интеграл.


Идеал газдардың кванттық статистикасы.


Ферми және Бозе үлестірулері. Жылулық сәулелену.


Флуктуациялар және Броун қозғалысы.


Флуктуациялар. Броун қозғалысы.


Фазадардың тепе-теңдігі және фазалық ауысулар.


Клапейрон-Клаузиус теңдеуі. Ван-дер-Ваальс теңдеуі.


4.4 Студенттердің өздік жұмысының мазмұны

4.4.1 СӨЖ түрі




СӨЖ түрі

Есеп түрі

Бақылау түрі

Сағаттарда көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындалу




Сабаққа қатысу

20

2

Практикалық сабақтарға дайндалу, үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

20

3

Аудиторлық сабақтар мазмұнына кірмеген материалды оқу

Конспект (және т.б.)

Коллоквиум (және т.б.)

20

4

Бақылау шараларына дайындалу




МБ 1, МБ 2, коллоквиум (тестілеу және т.б.)

30

Барлығы

90


4.4.2 Студенттер өз бетімен игеруге берілетін тақырыптардың тізімі




Тақырыптың атауы

Мазмұны

Ұсын. әдеб.



Статистикалық жүйелер зерттеу объектілері ретінде.

Гиббстің үлкен канондық үлестіруінен тепе-теңдік процестер үшін термодинамиканың 1-ші және 2-ші бастамаларын шығару. Ашык және жабық жүйелер үшін термодинамиканын негізгі теңдеулері. Больцман принципі. Оны Гиббстің кванттық канондық үлестіруінен шығару.

[4,6]


Жабық және ашық жүйелер термодинамикасы.


Якобиандар әдісі. Жылусыймдылықтың термодинамикалық теориясы. Джоуль-Томсон және Джоуль-Гей-Люссак процестері. Суытудың магниттік әдісі. Тепе-теңдік соулелердік термодинамикасы. Термодинамиканын 3-ші бастамасының Планктык тұжырымдамасы. Термодинамиканың 3-ші бастамасынан туатын салдар.

[4,6]


Әлсіз ерітінділер теориясы.


Осмостық қысым. Ван-Гофф заңы. Әлсіз ерітіндінің қатты түрге оту және қайнау температураларының озгерісі. Генри заңы. Рауль заңы. Үлестіру заңы.

[4,6]


Классикалық статистикалық механика.


Соулені фотондардың идеал газы түрінді' карастыру. Бозе-Эйнштейн статистикасын қатты денелерге қолдану. Қатім денедегі жылулық қозғалысты фонондык идеал газ түрінде қарастыру. Қатты денелер жылусиымдылығының Эйнштейндік және Дебайлық теориялары Ферми-Дирак статистикасын айныған электрондық газ үшін қолдану (металлдардағы электрондар). Металлдардағы электрондық газ нолдік температурада. Фермидің шекаралык энергиясы. Металлдардағы электрондық газ абсолют нолге жакын температураларда.

[4,6]


Флуктуациялар және олардың сандық сипаттамалары туралы.


Жүйелердің тепе-теңдігі жөне орнықтылығы шарттары. Фазалық ауысулар. Сыртқы өрістегі және гетерогенді жүйелердегі тепе-тендік шарттары. Гиббстің фазалар ережесі. I және II текті фазалық ауысулар. Кризистік күй.

[4,6]


Идеал емес жүйелер теориясы.


Кинетикалық эффектілер. Тепе-теңсіздік үлестіру функциясы үшін жазылған тендеулер жөне Боголюбов бойынша уақыт масштабтары. Макроскопиялық қайтымдылык және макропроцесстердің қайтымсыздығы. Релаксациялык мүшесі бар кинетикалық теңдеу және оның колданылулары. Өзімен Үзі келісілген Үріс жуықтауындағы кинетикалық теңдеу. Власовтыц сызықтандырылған теңдеуі. Ландау бойынша плазмалық тербелістер мен Үшулер. Больцманнын кинетикалық теңдеуі. Н-теорема. Максвеллдың локалды үлестіруі және гидродинамика теңдеулері. Тасымал коэффиценттері.

[4,6]


5 Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Базаров И.П. Термодинамика.-М., 2001.

  2. Квасников И.А. Термодинамика и статистическая физика (теория равновесных систем). - М.: Изд. МГУ, 2001.

  3. Кубо Р. Статистическая механика. - М., 2003.

  4. Румер Ю.Б., Рывкин М.Ш. Термодинамика. Статистическая физика.- М.: Изд. МГУ, 2002.

Қосымша:

    1. Бондарев, Б. В. Курс общей физики: в 3 кн.:учеб. пособие для втузов/Б. В. Бондарев, Н. П. Калашников, Г. Г. Спирин.-М.:Высш. шк. Кн. 3: Термодинамика. Статистическая физика. Строение вещества.-2003.-366 с.

    2. Василевский А.С., Мултановский В.В. Статистическая физика и термодинамика. – М.: Просвещение, 2004. –256 с.

    3. Климантович Ю.Л. Статистическая физика.- М., 2001.

    4. Ландау Л.Д., Лившиц Е.М. Статистическая физика.- Ч.І.- М., 2003.

    5. Леонтович М.А. Введение в термодинамику. Статистическая физика.- М., 2001.

    6. Савельев И.В. Курс общей физики: в 5 кн.:учебное пособие для втузов/И. В. Савельев.- М.:Астрель:АСТ. Кн.3: Молекулярная физика и термодинамика.-2005

    7. Сивухин Д.В. Общий курс физики:учеб.пособие для вузов/Д.В.Сивухин.-4е изд. стереотип.- М. :ФИЗМАТЛИТ:МФТИ. Т.2:Термодинамика и молекулярнаяфизика.-2003

    8. Терлецкий Я.П. Статистическая физика.- М., 2003.

    9. Фейнман Р. Статистическая механика.- М., 2004.




Мамандықтың оқу жұмыс жоспарынан көшірме




Нысан

ПМУ ҰСН 7.18.3/32




050604 – «Физика»

мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме



Пәннің аталуы: Термодинамика және статистикалық физика


Оқу формасы

Пәннің еңбек көлемі

семестр бойынша бақылау формасы

семестр

Студенттердің семестр бойынша жұмыс көлемі

кредиттер саны

академиялық сағаттар

Кредиттер саны

аудиториялық сабақ (ак.сағ)

СӨЖ (ак.сағ)

барлығы

аудитория

СӨЖ

емтихан

сынақ

КП

КЖ

барлығы

дәріс

тәжірибие

зертхана

барлығы

СӨЖМ

Күндізгі жалпы орта білім негізінде

3

135

45

90

6










6

3

45

30

15



90

45



ФжАсп кафедрасының меңгерушісі______ Ш.К. Биболов «___»____2010ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет