Жұмыс бағдарламасы Нысан пму ұсн 18. 3/30



Дата17.07.2016
өлшемі128.94 Kb.
#205381
түріЖұмыс бағдарламасы

Оқу жұмыс бағдарламасы




Нысан

ПМУ ҰСН 7.18.3/30



Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Физика және аспап жасау кафедрасы

Электродинамика пәні бойынша


050604– «Физика» мамандығының студенттеріне арналған
ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар


Мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт және типтік бағдарлама негізінде әзірленген оқу жұмыс бағдарламасын бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰСН 7.18.3/31




Бекітемін

ОЖ жөніндегі проректор


_________ Н.Э. Пфейфер

2010 ж. _________ «____»

Құрастырушы: ___________ аға оқытушы, ф.-м.ғ.к., Досанов Т.С.
«Физика және аспап жасау» кафедрасы
Электродинамика пәні бойынша

050604– «Физика» мамандығы студенттеріне арналған


ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Оқу жұмыс бағдарламысы 050604 – «Физика» мамандығы бойынша 3.08.319-2006 мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігінің 22.06.2006ж. бекітілген типтік бағдарламасы негізінде әзірленген.
Кафедра мәжілісінде ұсынылған хаттама № ___ «___» _________ 2010 ж.
ФжАсп кафедрасының меңгерушісі ______Ш.К. Биболов «__» ___ 2010 ж.
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің оқұ-әдiстемелік кеңесi қолдады хаттама № ___ «___» ___________ 2010 ж.
ОӘК төрағасы ________________Ж.Ғ. Муканова «___» _________ 2010 ж.

КЕЛІСІЛГЕН


ФжАТ факультетінің деканы ________Ж.К. Нурбекова «__» ____ 2010 ж.

ЖжӘҚБ қолдады


ЖжӘҚБ бастығы _________________А.В. Варакута «___»_______ 2010 ж.
Университетінің оқу-әдiстемелік кеңесi қолдады

Хаттама № ___ «___» ___________________ 2010 ж.



1 Пәннің мақсаты

Электродинамика пәні тәжірибелерде анықталған жалпылама заңдарға негізделіп, кейін өріс теориясы ретінде дамыған теориялық курс екенін көрсету. Электродинамика қазіргі кездегі зат пен сәуле шығарудың кванттық теориясының негізі, кіріспесі екенін көрсету. Дербес салыстырмалылық теориясының негізгі қағидалары мен электродинамика зандарының ковариантты жазылуын қарастыру. Студенттерде кеңістік пен уақыт туралы қазіргі заманғы түсініктерді қалыптастыру.



Пәннің міндеттері

пәнді толық меңгеру нәтижесінде студенттер:

– алғашында өткен Электр және магнетизм курсынан алған біліктеріне сүйене отырып, электродинамика курсының негізгі ұғымдары мен заңдарын, олардың математикалық тілде өрнектелуін, класикалық электродинамиканың қолданылу шекаларанын, электромагниттік өрістің материалық болмасын, дербес салыстырмалық принципінің әдістемелік маңызын терең түсінуі керек.

– элекродинамикаға сай келетін математикалық аппаратын, қазіргі өріс теориясында қолданылатын математикалық жүйелерді, оларға байланысты есептерді шешу тәсілдерін меңгеруі керек.


2 Пререквезиттер

«Физиқа жалпы курсы», «Классикалық механика», «Жоғары математика».


3 Постреквизиттер

«Кванттық механика», «Термодинамика және статистикалық физика», «Физикалық процестерді модельдеу».



4 Пәннің мазмұны
4.1 Пәннің тақырыптық жоспары




Тақырыптың атауы

Сағаттар саны

Дәріс

Тәж.

СӨЖ

1

2

3

4

5



Кіріспе

1

-

1



Электростатика

6

3

17



Магнитостатика

6

3

18



Максвелл теңдеулері

7

3

18



ДСТ негіздері

5

3

18



Қозғалыстағы орта электродинамикасының негіздері

5

3

18

БАРЛЫҒЫ (135)

30

15

90


4.2 Дәрістік сабақтардың мазмұны

Тақырып 1. Электродинамиканың дамуының негізгі кезендері. Бұл пәннің теориялық физика курсындағы орны мен оның эксперимент және техника қолданылуы. Әлемді танудағы электродинамиканың рөлі, электромагниттік өрістің материялық болмасы. Дербес салыстырмалылық теориясы қозғалыс салыстырмалылығының тұжырымдамасы, кеңістік пен уақыттың жаңа түсінігі, теориялық физиканы ары қарай дамыту құралы ретінде.

Тақырып 2. Электростатика. Вакуумдегі электростатикалық өріс. Векторлық өрістер және олардың қасиеттері. Кулон заңы. Суперпозиция принципі. Өрістің кернеулігі мен потенциалы. Пауссон теңдеуі. Потенциалды мультипольдерге жіктеу. Электростатикалық өрістің энергиясы. Сыртқы өрістегі зарядтар жүйесінің энергиясы. Электростатикалық өріс энергиясы үшін Максвелл формуласы. Заттағы электростатикалық өріс. Диполь. Дипольдің өрісі, энергиясы, олардың өзара әсерлесуі. Поляризация векторы. Байланысқан зарядтар тығыздығы. Электрлік индукция векторы. Ваккумдегі және олардағы шектік шарттар. Өрістің микро- және макросипаттарының байланысы. Потенциалдарды анықтаудағы есептерді шешудің жалпы тәсілдері. Бірмәнділік теоремасы. Гриннің өзаралық теоремасы. Инверсия тәсілі. Грин функциялары тәсілі. Зат ішіндегі электростатикалық өрістің энергиясы мен күші. Диэлектриктердегі энергия тығыздығы. Диэлектриктегі өріс энергиясының термодинамикалық мағынасы. Диэлектриктегі көлемдік күштер.

Тақырып 3. Магнитостатика. Токтар және олардың өзара әсері. Ом, Джоуль, Ампер заңдарының дифференциалдық түрлері. Токтардың магнитік әсерлесуі және магнит өрісі. Ток түрлері. Тұйық токтың магнит моменті. Магниттеліну векторы. Магнит өрісінің кернеулігі. Магнит индукциясының векторы.

Тақырып 4. Максвел теңдеулері. Максвел теңдеулері – тәжірибелерді жалпылау нәтижесі ретінде. Үздіксіздік теңдеуі - зарядтың сақталу заңы. Максвел теңдеулері жүйесінің микроөрістерге қолданылуы. Потенциалдар үшін Даламбер тендеулері. Өрістің потенциалдары мен кернеуліктерінің байланысы. Электромагниттік өрістің калибрлеулік инварианттылығы. Кешігуші потенциалдар. Лиенар-Вихерт потенциалдары. Электродинамикадағы сақталу заңдары. Умов-Пойнтинг векторы. Электромагниттік өрістің импульсы тығыздығы векторы. Электромагниттік сәуле шығару. Электрлік және магниттік дипольдіқ сәуле шығару. Электромагниттік толқындардың ортада таралуы.

Тақырып 5. Дербес салыстырмалылық теориясының (ДСТ) негіздері. Бірмергізділіктің салыстырмалылығы. Лоренц түрлендірулері. Релятивтік кинематика. Релятивтік механика. Еркін бөлшектің Лагранж функциясы. Релятивтік бөлшектің энергиясы мен импульсі. Релятивтік механикадағы қозғалыс зандылығы. Тұрақты күш әсерімен дененің қозғалысы. Салыстырмалылық теориясының 4 өлшемді математикалық аппараты. 4 өлшемді вектор, 4 өлшемді тензор ұғымдары. ДСТ инварианттары. Лоренц түрлендірулерінің матрицалық түрі. Лоренц түрлендірулерің геометриялық интерпретациясы. Механика заңдарының ковариантты түрде жазылуы. Электродинамика заңдарының ковариантты түрдегі жазылуы. Электромагниттік өрістің 4 өлшемді сипаттамалары. Доплер эффектісі. Электромагниттік өріс үшін ең аз әсер принципі. Энергия-импульс тензоры. Максвел тендеулерінің ковариантты түрде жазылуы. Электронның электромагниттік массасы. Үдемелі қозғалатын зарядтың өрісі. Электрлік және магниттік өрістердің кернеуліктерін есептеп шығару. Өріс импульсы. Классикалық осциллятордың сәуле шығаруы. Сәуле шығаруға дербес есептер. Вавилов-Черенков сәуле шығаруы. Шығараудың класикалық теориясы. Еркін және байланысқан зарядтардың электромагниттік толқындарды шашыратуы. Спектралды сызықтардың спектральдық ені. Нормальды және аномальды дисперсия.

Тақырып 6. Қозғалыстағы орта электродинамикасының негіздері. Өріс векторларының түрлену заңдылықтары. Қозғалыстағы орта үшін материялық теңдеулер. Магнитті гидродинамика элементтері. Стационарлы өрістердегі плазма. Зарядталған бөлшектердің түйіскен өрістерде қозғалысы. Плазманың диэлектриктік, диамагниттік қасиеттері. Магниттік күш сызықтарының кептеуі. Магниттік ағынды кванттау. Диэлектрдің поляризациялану теориясы. Магнетиктердің магниттену теориясы. Квазисерпімді дипольдық моментті диэлектриктер. Тұрақты дипольдық моментті диэлектриктер. Комплексті диэлектрикті өткізгіш. Магнетиктердің түрлері. Парамагнетизм, диамагнетизм, ферромагнетизм. Ферриттер, антиферриттер. Асқан өткізгіштік.
4.3 Тәжірибелік сабақтар тізімі




Тақырыптың атауы

Мазмұны

Орын. мерз.

1

2

3

4



Электростатика

Кулон заңы. Гаусс теоремасы. Пуассон теңдеуі. Өріс энергиясы.

1-4

апта




Магнитостатика

Ом, Джоуль, Ампер заңдары. Магнит өрісі. Магнит өрісінің энергиясы.

5-6

апта




Максвелл теңдеулері

Электромагниттік толқындардың таралуы.

7-9

апта




ДСТ негіздері

Үдемелі қозғалатын зарядтың өрісі. Классикалық осциллятордың сәуле шығаруы. Еркін және байланысқан зарядтардың электромагниттік толқындарды шашыратуы.

10-12

апта




Қозғалыстағы орта электродинамикасының негіздері

Қиылысқан өрістерде зарядталған бөлшектердің қозғалысы.

13-15

апта



4.4 Студенттердің өздік жұмысының мазмұны

4.4.1 СӨЖ түрі




СӨЖ түрі

Есеп түрі

Бақылау түрі

Сағаттарда көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындалу




Сабаққа қатысу

20

2

Практикалық сабақтарға дайндалу, үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

20

3

Аудиторлық сабақтар мазмұнына кірмеген материалды оқу

Конспект (және т.б.)

Коллоквиум (және т.б.)

20

4

Бақылау шараларына дайындалу




МБ 1, МБ 2, коллоквиум (тестілеу және т.б.)

30

Барлығы

90


4.4.2 Студенттер өз бетімен игеруге берілетін тақырыптардың тізімі




Тақырыптың атауы

Мазмұны

Ұсынылатын әдебиет



Кіріспе

Электродинамиканың дамуының негізгі кезендері.

[1], с. 11-14., [3] с. 10-12.



Электростатика

Потенциалдарды анықтаудағы есептерді шешудің жалпы тәсілдері. Бірмәнділік теоремасы. Гриннің өзаралық теоремасы. Инверсия тәсілі. Грин функциялары тәсілі.

[3], с. 93-98.



Магнитостатика

Магнитті орталар.

[1], с. 256-282.



Максвелл теңдеулері

Электромагниттік толқындардың ортада таралуы.

[3] с. 261-305.



ДТС негіздері

Сәуле шығаруға дербес есептер. Вавилов-Черенков сәуле шығаруы.

[3] с. 243-252, с. 362-366.



Қозғалыстағы орта электродинамикасының негіздері

Магнетиктердің түрлері. Асқан өткізгіштік.

[1] с. 256-282


5 Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Ландау Л.Д., Лифшиц Е.М. Теория поля. т.2. Под ред. Питаевского П.И.- М.: Физматлит, 2001 г.- 530 с.

  2. Матвеев А.Н. Электродинамика.- М.: Высшая школа, 1980 г.- 383 с.

  3. Тамм И.Е. Основы теории электричества.- М.: Наука, 1989г.-504с.


Қосымша:

  1. Баимбетов Ф.Б., Борискин А.Ф., Мурзагалиев Г.Ж.. Математический аппарат электродинамики. КазНУ им. аль-Фараби.- Алматы.: Университетш, 1999 ж.-209 б.

  2. Батыгин В.В., Топтыгин И.Н. Сборник задач по электродинамике. Под ред. Бредова М.М.- М.: Наука, 1970 г.-503 с.

  3. Батыгин В.В., Топтыгин И.Н. Современная электродинамика.- М.: Институт компьютерных исследований, 2003 г.-351 с.

  4. Кожамкулов Т.А., Мурзагалиев Г.Ж.. Релятивистская электродинамика.- Алма-Ата.: КазГУ им. С.М. Кирова, 1979 г. -120 с.

  5. Кожамкулов Т.А., Мурзагалиев Г.Ж.. Элементы тензорного исчисления в евклидовом пространстве. Под ред. Лукьянова А.Т.- Алма-Ата.: КазГУ им. С.М. Кирова, 1981 г. -118 с.

  6. Ландау Л.Д., Лифшиц Е.М. Электродинамика сплошных сред. т.8 - М.: Физматлит, 2003 г.- 651 с.

  7. Терлецкий Я.В., Рыбаков Ю.П. Электродинамика.- М.: Высшая школа, 1990 г.




Мамандықтың оқу жұмыс жоспарынан көшірме




Нысан

ПМУ ҰСН 7.18.3/32




050604 – «Физика»

мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме



Пәннің аталуы: Электродинамика


Оқу формасы

Пәннің еңбек көлемі

семестр бойынша бақылау формасы

семестр

Студенттердің семестр бойынша жұмыс көлемі

кредиттер саны

академиялық сағаттар

Кредиттер саны

аудиториялық сабақ (ак.сағ)

СӨЖ (ак.сағ)

барлығы

аудитория

СӨЖ

емтихан

сынақ

КП

КЖ

барлығы

дәріс

тәжірибие

зертхана

барлығы

СӨЖМ

Күндізгі жалпы орта білім негізінде

3

135

45

90

5










5

3

45

30

15



90

45



ФжАсп кафедрасының меңгерушісі______ Ш.К. Биболов «___»____2010ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет