Дәріс 14
(1 сағат)
Тақырып. Отынның негізгі жану фазалары
Дәріс сабақтың мазмұны
-
Отынның негізгі жану фазалары туралы.
-
Әртүрлі отынның тұтану температурасы.
-
Отын тұтануы.
Отынның жану процесінің бірінші фазасы - бұл отынның қыздырылуы. Ол фаза отынның оттыққа келіп түсуінен, оның тұтануына дейінгі аралық.
Бірінші фазаның басында отынды 105С дейін қыздыру кезінде, оның ылғалы буланады. Отынды 300400 С дейін қыздыру кезінде, отыннан газ және жанғыш ұшпалар бөлінеді.
Екінші фаза кезінде отын тұтанады. Ол үшін, отынды тұтану температурасына шейін қыздырады. Әртүрлі отынның тұтану температурасы мынадай:
-
ағаш, шымтезек, қоңыр көмір
|
250С
|
тас көмір
|
300350С
|
антрацит, кокс
|
650800С
|
қарамай
|
600С
|
Бірінші кезекте жанғыш ұшпалар, содан кейін отынның қатты бөлігі тұтанады.
Үшінші, негізгі жану фазасына жанғыш ұшпалардың толық бөлініп жануы және отынның қатты бөлігінің (кокстың) жануы жатады. Үшінші фазада жылу қарқынды түрде бөлініп, температура ең үлкен шамасына жетеді.
Төртінші фаза, соңғы фаза – бұнда жанғыш ұшпалар жанып бітеді және күл мен қатты қалдық(шлак) бөлінеді.
Қолданылған оқулықтар
-
Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». М.; Металлургия, 1969. 275-277 б.
-
Лариков Н.Н. «Теплотехника». М., Стройиздат, 1985, 160-163 б.
Дәріс 15
(1 сағат)
Тақырып. Оттық құрлысының негізгі өлшемдерін анықтау. Оттықтағы жылу алмасуды есептеу
Дәріс сабақтың мазмұны
-
Оттық құрлысының негізгі өлшемдерін анықтау.
-
Оттықтағы жылу алмасуды есептеудің түрлері.
-
Оттықтағы жалын биіктігі.
-
Оттықтың шығар ауыздағы газдың температурасын қабылдау.
«Қабатты» оттық камерасының керекті көлем шамасын және бетінің активті шамасын /активті-белсенді- R деп белгілейміз/ анықтайды, ал камералық оттықтар үшін оттық камерасының көлемінің аз шамасын және жану бетін мына формуламен анықтайды:
м3,
|
(1)
|
Оттық камерасын есептеу көлемі VT бүйір /фронтавой және оттықтың артқы қабырғаларымен қазанның бірінші қатар құбырлары /түтікшелері/ немесе фестондармен, ал төменде отынның беттік қабатымен /қабаттық оттықтар үшін/ көлденең бетпен, варонканың ортасымен өтетін /шаңғыштқыш-пылеугольный/ көмір оттықтары үшін /немесе оттықтар түбімен/ газмуттық оттықтар үшін/ шектеледі. Отынның қабатының орта биіктігі тас көмірлер және антрацит үшін 150-200 мм, ал қоныр көмір үшін 300мм, түйірлі тофтар үшін 500мм. Оттықтың негізгі өлшемдерін тапқаннан кейін оттық құрылысының эскизі жасалынады, оттықтың ақырғы барлық габаритті өлшемдері оған экрандарды орналастырғаннан кейін анықталады.
Оттықтағы жылу алмасуды есептеу
Жылу алмасудың оттықтағы есептеуі жобалаушы және тексеруші есептерге бөлінеді, жобалаушы есептердің негізгі мақсаты жылу бетінің сәуле қабылдағыш шамасын анықтаудан /нл/ оттық газдың шығар ауыздағы қабылданған температураға дейін суыту мүмкіншілігін /Нл/ береді.
Сәуле қабылдағыш беттің /Нл/ шамасы бойынша тексеруші есептеуде газдың оттық камерасынан шығар кездегі температурасын (tr) анықтайды.
Оттықтың шығар ауыздағы газдың температурасын қабылдау. Оттықтың шығар ауыздағы газдың температурасы деп фестон түтікшелерінің алдындағы немесе бірінші қазан пупоктарының алдындағы оттық камерасынан шығар ауыздағы температурасын айтады. ДКВр- бу генераторының оттықтың шығар ауыздағы газдың температурасы үшін жанып біту камерасы бар оттықтағы газдың температурасын жанып біту камерасынан кейінгі температураны алады. Қатты отынды жаққандағы оттықты есептегенде оттық камерасының фестон және қыздырудың конвективті беттерінің қалдықсыз жұмыс тәртібін қамтамасыз етуі, оттықтың шығарардағы газдың температурасын таңдауға негізгі фактор болады. Сондықтан оттықтың шығар ауыздағы газдың температурасы жанған отындағы күлдің жұмсару температурасынан (tr) төмен болу керек. - деп қабылдайды. Біздің елдегі қатты отындар үшін оттықтың ақырғы кезіндегі (соңындағы) газ температурасын 1000-1150 оС, ал торф пен сланецтер үшін 900-950 аралығында қабылдайды. Жанар газбен мазутты жаққанда оттықтың шығар ауыздағы газдың температурасы 950-1100 аралығында қабылданады. Оттық камерасынан шығатын газдың қабылданған температурасы бойынша қыздырудың сәуле қабылдау беті мына формуламен есептеледі /жобалаушы есептеу/
м2,
|
(2)
|
Қыздырған сәуле бетінің шамасы белгілі болғанда, оттықтың шығар ауыздағы газдың температурасын келесі формуласымен анықталады:
,
|
(3)
|
Осы (2) және (3) формулалардағы отынның есептік шығыны, кг/сек немесе Нм3/сек. Оттықтың жылу балансынан анықталатын қыздырудың сәуле қабылдау бетіне берілетін жылу мөлшері.
кДж/кг,
|
(4)
|
мұндағы φ- жылу сақтау коэфиценті,
QT- оттықтағы пайдалы жылу шығару мөлшері кДж/кг немесе кДж/нм3.
Отын және ауа қыздырғыш бу генераторы жоқ болғанда:
,
|
(5)
|
QA мұндағы оттыққа ауамен кірген жылу. Ауа қыздырғыштағы үрленген ауаны t2 температураға дейін қыздырғанда қажет оттыққа кірген жылу мына формуламен есептеледі:
,
кДж/кг немесе кДж/нм3
|
(6)
|
мұндағы ht- 6-кестеден қабылданатын оттыққа сорылған ауа.
Шахталы-диірмендік оттықтар шахталарына сорылған ауа шамалары былайша қабылдануы мүмкін:
қоңыр көмір үшін Δαny=0,03;
тас көмір үшін Δαny=0,02 температурасы;
α=1 болғандағы ауаның энтальпиясы кДж/кг немесе кДж/нм3.
tmx және d=1 болғандағы, суық ауаның энтальпиясы кДж/кг немесе кДж/нм3.
Ауаның қыздырғышы жоқ болғанда:
кДж/кг немесе кДж/нм3,
|
(7)
|
Ауа температурасы бойынша 9-кестеден анықталатын оттықтың соңғы кезіндегі ауаның арту коэфиценті: αm және tT температурасы бойынша табылатын оттықтан шығар кездегі газдың энтальпиясы кДж/кг немесе кДж/нм3.
Оттықтың жалын биіктігінің – максимал /ең жоғарғы/ температурасына байланысты бір камералы оттықтар үшін М параметрлері анықталады. Қарамай (мазут) пен газды жаққанда М=0,54-0,2XT. Жоғарға реакциялы отындарды камералақ жолман барлық отындарды камерада «қабаттап» жаққанда М=0,59-0,5XT. Аз реакциялы қатты отындарды /АШ және Т/ камералық жағу жолымен жаққанда М=0,56-0,5XT- шамасы максимал температураның салыстырмалы орнын көрсетеді, яғни оттықтың түбінің арақашықтығынан немесе қалдықтық варонканың ортасынан оттық газының максимал температурасының жазызықтығына дейінгі арақашықтықтың оттық шығар терезесінің ортасына дейінгі қашықтыққа қатынасты. Газомазуттық және тозаңды көмірлік оттықтар үшін Хт=0,3. померанцов жүйесімен жұмыс істейтін жылдам оттықтар үшін және отын торға үздіксіз келгенде пайда болатын отынды жұқа қабатты жаққанда (қабатты оттықтар үшін) Хт=0,1.
Қалың қабатты отынды жаққанда /торфтық отын және қоныр көмір жағатын оттық/ Хт=0,14.
δ0- абсолютті қара дененің сәулелену тұрақтысы σ0≈5,7*10-11кВт/µ2 оК
ТТеор- жанудың абсолюттық теориялық температурасы оК.
It- 9-кестеден алынған ауаның артық коэфиценті /αm/ болғандағы адиабаталық жану жағдайлары үшін жанудың теориялық температурасы Ттеор(оС) оттықтағы пайдалы жылу шығару мен (QT) анықталады.
ТТ- оттықтың шығар ауыздағы газдың абсолюттық температурасы, оК VСcp жанғыш өнімдердің 1кг қатты /сұйық/ отынның немесе 1нм3 газ тәрізді отынның орташа жылу сиымдылығының кДж/кг, оС немесе кДж/нм3, оС .
Тексеріп есептегенде VСcp анықтау үшін оттықтың шығар ауыздағы газдың температурасын t0 алдын-ала қабылдайды. Қабылданған және (3) формуламен есептелген t’’ айырмашылығы ±50оС-тан аспауы керек.
ζ- сәуле қабылдағыш беттердің кірлеуінің шартты коэфиценті.
ζ шамасын кестеден алады.
Кесте 1 - Сәуле қабылдағыш беттердің кірлену коэфиценті.
Экранның түрі
|
Отынның түрі
|
|
Ашық тегіс құбырлы экрандар
Плавникті (жүзу қанатты) экрандар
Экрандар және шойын плиталы экрандар
|
Таза газды оттықта жанатын газ тәрізді отын
Мазут (қарамай)
Көмірдің тозаңы, фрезеторф. Аш шаңыжәне санасыз құнарсыз көмір
Қабатты оттықтар
|
0,65
0,55
0,45
0,4
0,6
|
aт- оттықтың қаралық дәрежесі мына формуламен есептелінеді.
,
|
(8)
|
Қабатты және факел-қабатты оттыққа қарай /күлену/ дәрежесін келесі формуламен табады:
,
|
(9)
|
(8) және (9) формуладағы ζ- сәуле қабылдау бетінің кірлеу коэфиценті. ψ′- келесі формуламен анықталатын оттықтың экрандық дәрежесі
Камералы оттықтар үшін:
«Қабатты» оттықтар үшін:
ψ′=,
|
(11)
|
Конструкторлық есептеуде ψ′ алдын-ала беріледі. Сонан соң (2) формуласынан Нл тауып содан соң (10), (11) формуламен экрандық дәрежесін ψ′ есептейді. Қабылданған мен есептен алынған мәндердің айырмашылығы ±5-тен аспау керек. Оттықтың эскизі бойынша анықталатын оттықтағы қабырғалардың толық бетін Ғқаі оттықтың камерасындағы активті көлемін шектейтін беттерін өлшеу арқылы табылады. Қабатты оттықта Ғқаб анықтағанда оттықтың шығар терезесі суық варонканың жоғарғы бөлігі және оттықтың қабырға ауданы қосылады. Газомазуттық оттықта Ғқаб анықтау үшін оттықтың шығар терезесін, түбін және қабырға ауданың қосады.
Куб тәрізді оттық камералар үшін қабырғалардың толық бетін жуықтап мына формуламен анықтауға болады:
м2,
|
(12)
|
мұнда R- колосникті торда орналасқан отын қабатындағы жану айнасының ауданы;
ρ- отынның жану қабатының сәулеленуге әсер етуін ескеретін шексіз параметр:
,
|
(13)
|
А - факельдің тиімді күйлену дәрежесі. Факельдің тиімді күйлену дәрежесі жалынның түрінен тәуелді. Бу генераторының оттықтарында жалынның үш түрі бар: жарық емес, жарық және жартылау жарық. Жарық емес жолын алдын-ала араластыратын гарелкаларда /кинетикалық гарелка/ газ тәрізді отындарды отындарды жаққаннан пайда болады. Осы жағдайда:
Жарық жалынды мазутты жаққанда және алдын-ала араластырмайтын гарелкаларда /диффузиялық және екіаралық/ газ тәрізді отынды жаққаннан пайда болады. Жарық жалын оттықтың тек бір бөлігін алады, қалғанын жарық емес жалын толтырады. Осы жағдайда:
мұндағы m - жарық жалынды оттықтың салыстырмалы мөлшерде толтырылған көлемін ескеретін коэфицент.
Біркамералы оттықтар үшін Q/VT ≤400кВт/м3 m=0,55 - мазут үшін m=0,1: 0,2 газ тәрізді отындар. Аж және Аже жалынның жарық және жарық емес бөлігінің күйлену дәрежесі.
Қатты отынды камералы қабатты оттықта жаққанда жартылай жарық жалын пайда болады. Осы жағдайда:
Ажж=1е-е-1(τже+τкүйе) (44); Аже=1-е-τже ,
|
(16)
|
Aф=1-е-(τже+ τкокс+ τкүл),
|
(17)
|
(17) мұндағы τже, τкүл, τ кокс, τкүйе- ұшатын газдың, күйенің, кокс бөлшектерінің және ұшатын күлдің оптикалық тығыздығы:
,
|
(18)
|
,
|
(19)
|
,
|
(20)
|
,
|
(21)
|
Осы формулаларда R, Кт-үш атомды газдағы сәулелердің әлсіреу коэффиценті:
,
|
(22)
|
Р-оттықтағы қысым /үрленбеген бу генераторы үшін Р=1ат.
St=3,6Vt/F оттықтағы газ көлемінің сәулелену қабатының тиімді қалыңдығы, м. Рн- үш атомды газдар мен су буының пропарционал қосынды қысымы, Pn=Гn∙P ата СРжәне НР- отынның жұмысшы массасындағы көміртегі мен сутегінің құрамы, %. Газ тәрізді отындар үшін:
Сс/Нс=0,12,
|
(23)
|
мұндағы, lкокс=1,0 кокс бөлшектерімен сәуленің әлсіреу коэфиценті.
Х1- факельді (жалындағы) кокс бөлшектерінің концентрациясының әсер ететінін ескеретін коэфицент. Төмен реакциялық /АШ, ПА, А, Т/ отындар үшін х1=1,0 торф, сланец, ағаш отын, тасты және қоныр көмірлер үшін х1=0,5∙х2- отынның жағу әдісін ескеретін коэфицент. Х2=0,1 /камералық оттықтар/ х=0,03 /қабаттық/ Ккүл- 18.20-суреттегі қисықпен анықталатын, көлемі күл тозаңымен толтырылған сәуленің әлсіреу коэфиценті: μкүл- оттық газдардағы күлдің массалық концентрациясы.18.20-суретте көлемі күл тозаңымен толтырылған сәуленің әлсіреу коэфиценті (Ккүл) берілген.
1-отындары шарлар салынған барабанды диірменде ұнтақталған тозаң бұрышты оттықтар (барлық отын үшін).
2-отындары орташа жүретін, жылдам жүретін және болғалы тозаң бұрышты оттықтар (барлық отын үшін).
3-қабатты оттық (барлық отын үшін).
4-отыны балғалы орташа және жылдам жүретін диірмендерде ұнтақталған тозаң бұрышты оттықтар (торф үшін).
Өздік бақылау сұрақтары
-
Оттық құрлысының негізгі өлшемдерін анықтау қалай жүргізіледі?
-
Оттықтағы жылу алмасуды есептеудің түрлері айтыңыз.
-
Оттықтағы жалын биіктігі қалай анықталады?
-
Оттықтың шығар ауыздағы газдың температурасы қалай анықталады?
Қолданылған оқулықтар
-
Лариков Н.Н. «Теплотехника». М.,Стройиздат,1985,345-360 б.
Достарыңызбен бөлісу: |