Жұмыс бағдарламасы «Отынды жағудың арнайы сұрақтары»



бет8/11
Дата01.07.2016
өлшемі2.41 Mb.
#169964
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Дәріс 10


(1 сағат)
Тақырып. Түтінді газ энтальпиясын анықтау


  1. Түтінді газ энтальпиясы.

  2. Түтінді газдардың жылу сыйымдылығы.

  3. Диффузия жылдамдығы.

Түтінді газ энтальпиясы отынның бірлік мөлшерімен есептеледі.




I=Vг cг t, кДж/кг немесе кДж/кг,

(1)

Түтінді газ газдар қоспасынан тұрады, сондықтан орташа жылу сыйымдылығы мына формуламен анықталады:




кДж/(нм3град),

(2)

Газ энталпиясы мына формуламен есептеледі:




ккал/кг,

(3)

Тұрақты қысымдағы газ үшін, орташа жылу сыйымдылық мәнін таблицадан алуға болады (18-16) формула кейде қосынды түрінде беріледі.




ккал/кг,

(4)



Сурет 1 - Жанғыш кокстың бетіне тотықтырғышты беру схемасы


Жылдамдық диффузиясы,біз көргендей, шекаралық қабат қалындығына, температураға және ағындағы С0 мен беттегі Сп тотықтырғыштар концентрациясының әртүрлігіне тәуелді.

Бір жағынан, шекаралық қабат қалындығы ағын жылдамдығы мен отын бөлшегінің келтірілген диаметрінен тәуелді.Реакцияның қортынды жылдамдығы К1 диффузия мен өзіндік реакцияның қайсысы – лимитирлік құраушы процес болса,сонымен анықталады.


Өздік бақылау сұрақтары


  1. Түтінді газ энтальпиясы қалай есептеледі?

  2. Түтінді газдардың жылу сыйымдылығы қандай формуламен анықталады?

  3. Диффузия жылдамдығы қандай параметрлерден тәуелді.

  4. Шекаралық қабат қалындығы қандай параметрлерден тәуелді.


Қолданылған оқулықтар


  1. Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат, 1969. - б. 320 - 340.

  2. Хазен М.М.,Матвеев Г.А. и др. «Теплотехника». - М.: Высшая школа, 1980. - б. 284-289.

  3. Резников М.И. «Котельные установки электростанций» - М. Энергоатомиздат., 1987. - б. 103-107, 114-117.

  4. Сидельковский Л.Н., Юренев В.Н.«Котельные установки промышленных предприятий» - М.Энергоатомиздат., 1988. - б. 83-86, 106-107.



Дәріс 11


(1 сағат)
Тақырып. Қалықтаған күйдегі отынның жану процесі
Дәріс сабақтың мазмұны


  1. Қалықтаған күйдегі отынның жану процесі туралы.

  2. Жану процесінің кезеңдері.

  3. Жану уақытының басқа факторлардан тәуелділігі.

  4. Жану температурасы.

Қалықтаған газды ауалы ағындағы отынның жануы, жағу процесін толық механикаландыруға мүмкіндік береді.

Газды ауа ағынымен қызған оттық кеңістігіне шығарылған отын бөлшектері жылдам жанады және одан ұшпа заттар бөлініп шығады. Жану процесі екі кезеңге бөлінеді: ауа қоспасын және шаңды тұтану температурасына дейін қыздыру және кокс пен ұшпаның жану процесі.Кокстың қызуы және тотығуы осы кеңістікте қалқып жүрген отын бөлшектерінің меншікті ауданынан тәуелді.Бөлшектің диаметрі d=30*10-3мм.болғанда көмірдің меншікті ауданы 50 м2/кг кұрайды, яғни кесек көмірдің меншікті ауданын 1000 ретке арттырады.

Бөлшектің жану уақыты мына факторлардан: бөлшек өлшемінен(өлшемі неғұрлым аз болса,жану уақыты да аз болады), ауамен отынның қоспа түзу сапалығынан, оттық кеңістігінің температурасынан, және отын қасиетінен тәуелді. Жану уақыты мына қатынасқа (100-Vr)/100 және салыстырмалы салқындату жылдамдығына пропорционалды. Бұл жылдамдық ағын жылдамдығынан кіші . Ағындағы аз салыстырмалы жылдамдық қызған бөлшектерге тотықтырғыштарды беру үшін жеткіліксіз.

Шаңды көмірлерді жағу ядросындағы факелдің температурасы өте жоғары, яғни 1600÷1700дейін жетеді.Сондықтан, негізгі рөлді мына газдандыру процесі жүретін реакция атқарады.


СО2 + C -> 2CO және C + H2O -> CO+H2,

(1)

Ауадағы оттегімен жүретін тотықтырғыш процестер негізінен, факелдің алғашқы бөлігінде өтеді.







Сурет 1 - Әртүрлі отындар сипаттамасы
Өздік бақылау сұрақтары


  1. Қалықтаған күйдегі отынның жану процесі туралы айтыңыз.

  2. Жану процесінің кезеңдері қандай?

  3. Жану уақытының басқа факторлардан тәуелділігі қандай?

  4. Жану температурасы қандай?

  5. Отындар сипаттамасын түсіндіріңіз.

Қолданылған оқулықтар

  1. Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат, 1969. - б.320-340.

  2. Хазен М.М.,Матвеев Г.А. и др. «Теплотехника». - М.: Высшая школа, 1980. - б. 284-289.

  3. Резников М.И. «Котельные установки электростанций» - М. Энергоатомиздат., 1987. - б. 103-107, 114-117.

  4. Сидельковский Л.Н., Юренев В.Н.«Котельные установки промышленных предприятий» - М.Энергоатомиздат., 1988. - б. 83-86, 106-107.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет