Жұмыс бағдарламасы пән: Кардиологиядағы, онкологиядағы және неврологиядағы реабилитация және мейірбикелік күтім. Пән коды: Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»



бет48/159
Дата19.12.2022
өлшемі493.05 Kb.
#467525
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   159
reabl i ses delo kz

Ситуациялық есептер:
Есеп №1.
60 жастағы әйел, стационарында жіті инсульт себебімен емделуде.
Диагнозы: Жедел ми қанайналымының бұзылуы. Оң жақты гемиплегия.
Обьективті: жауырын, сегізкөз, тізеасты аймақтарының терісінің қызаруы.
Сұрақ:

  1. Науқастың басымды мәселесін табыңыз

  2. Мейірбикелік жоспар құрыңыз

  3. Реабилитацияның қандай әдістерін қолдануға болады?

  4. Ватерло шкаласы бойынша теріні бағалаңыз



Есеп №2.
Инсульт алған 47 жастағы науқас.
Диагнозы: ІІ дәрежелі гипертониялық ауру. Ми қанайналымының бұзылысы.
Шағымы: оң қол мен аяқтың әлсіздігі, сезімталдықтың жоғалуы, бас айналуы, тез шаршаушылық,. Құлап қалудан қорқыныш, шүйде тұсының ауырсынуы. Туыстарының сөзінен науқас жабырқаулы, жеке қалуды жөн көреді.
Сұрақ:
1. Науқастың басымды мәселесін анықтаңыз.
2. Мейірбикелік жоспар құрыңыз.
3. Оңалтудың қандай әдістерін қолдануға болады?


Есеп №3.
62 жастағы науқас, неврология бөлімшесінде стационарлы ем қабылдауда.
Диагнозы: ми қанайналымының бұзылысы. Туыстарының айтуынша артериалды қысымының жоғарылауы мазалаған, жақында ағасының өлгенін естіген, басының ауыратындығына шағымданған, бірақ дәрігерге қаралмаған.
Обьективті : оң жақты гемиплегия, парестезия.
Сұрақ:
1. Науқастың басымды мәселесін анықтаңыз.
2. Мейірбикелік араласу жоспарын құрыңыз.
3. Оңалтудың қандай әдістерін қолдануға болады?


3 – сабақ


1. Тақырыбы: Неврологиялық науқастардағы жұтынудың бұзылуы кезіндегі мейірбикелік күтім.


2. Мақсаты: Студенттерге жұтынуды біріншілік бағалауды, жұтынуы бұзылған науқастарға күтім жасауды үйрету.


3. Оқыту мақсаты:
Студент білуі керек:

  • Ауыз қуысының анатомиясын

  • Жұтыну актының физиологиясын

  • Жұтынудың бұзылысының анықтамасын

  • Жұтынудың бұзылысынан дамитын асқынулар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет