ЖҰмыс бағдарламасы пән Тұрғындарды медициналық-әлеуметтік қорғау Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»



Дата09.07.2016
өлшемі167.39 Kb.
#186808
түріЖұмыс бағдарламасы



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

№1 Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы



044 -32/15( )

1беттің 14-беті



«Тұрғындарды медициналық-әлеуметтік қорғау» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы



Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік

фармацевтика академиясы
«№1 Қоғамдық денсаулықты сақтау» кафедрасы



«Бекітемін»

Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, м.ғ.д. М.Ұ. Анартаева

_________________________

«____» _____________2013 ж.


жҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Пән Тұрғындарды медициналық-әлеуметтік қорғау
Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Оқу сағатының көлемі (кредиттің) 90 сағат (2 кредит)
Курсы 5
Оқу семестрі X

2013 жыл

Жұмыс бағдарламасы 051102- «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына 2006 ж. сәйкес құрастырылған.


Жұмыс бағдарламасы кафедра мәжілісінде бекітілді

Хаттама №____ «____» ____________ 2013 ж.



Кафедра меңгерушісі _____________м.ғ.д., профессор М.Ә. Бөлешов

Жұмыс бағдарламасы жүйелік әдістемелік кеңесінде қаралды.

Хаттама №____ «____» ____________ 2013 ж.

Комиссия төрағасы_____________ м.ғ.к., доцент м.а З.И. Бейсембаева

Жұмыс бағдарламасы ОҚМФА-ның әдістемелік кеңесінде талқыланды.

Хаттама №____ «____» ____________ 2013 ж.


  1. Бағдарлама:

2.1 Kipicпe

Қазіргі кезеңде денсаулық сақтау жүйесін және елде медициналық жоғары білім жүйесін реформалау, осындай сектормен басқарудың адекватты әдістерін іздестіру әлеуметтік – экономикалық және әкімшілік реформалау Қазақстан Республикасында өзекті болып табылады. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін дамыту жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында халыққа медициналық көмек көрсетуді жақсарту және психологиялық қызмет көрсету үшін 2011 жылғы қаңтар айынан бастап денсаулық сақтау мекемелерінің штаттарына әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар енгізілді.

Арнайы әлеуметтік қызметтер – бұл өмірінде қиын жағдайларға душар болған тұлғаны немесе отбасын әлеуметтік қызметкер қамтамасыз ететін, туындаған әлеуметтік мәселелерді жеңу үшін жағдай жасайтын, және олардың қоғамдық өмірге араласуы үшін басқа азаматтармен тең мүмкіндік жасауға бағытталған қызметтер кешені.

Медицина парадигмасының өзгеруі әлеуметтік қызметкерліктің стратегиясының дамуына сай болу керек, тұрғындарға дәрігерлік көмек көрсетудің жоғары сапасын кепілдендіру және әлеуметтік тиімді болу керек.



Медициналық көмектің сапасын және тиімділігін арттыруды, тұрғындармен санитарлық-дәрігерлік ағартушылық жұмыстарының дағдыларымен машықтануды, салауатты өмір салтын насихаттауы қажет.

2.2 Пәннің мақсаты: студенттерді медициналық-әлеуметтік жұмыстың теориялық базасы мен тәжірибелік меңгеру, тұрғындарға осындай көмек көрсету дағдыларын, сомен қатар студенттерге өзіндік жұмыстарын ары қарай алғышарттарын одан ары әлеуметтік қызметте қарастыру.

2.3 Оқытудың міндеттері:

  • тәжірибелік қызметте медициналық-әлеуметтік жұмыстың дағдылары мен білімін қалыптастыру;

  • қоғамдық денсаулық сақтаудағы ауруларды алдын-алуды және салауатты өмір салты негіздерін қалыптастыру;

  • негізгі аурулар жағдайының заманауи концепцияларымен қауіпті факторлар және ескерту әдістерімен таныстыру;

  • денсаулық сақтау және оның өзгеруінің заңдылықтарының сұрақтарын шешуге дағдыларын уйрету;

  • денсаулықты нығайту және қорғау жөнінде медициналық мекемелердің жұмыс жағдайында басқарушылық шешімдерді қабылдау дағдыларын уйрету;

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі

Студент білуі керек:

  • түсініктер және негізгі терминдер;

  • денсаулықты нығайту және қорғау қызметтері, принциптері және әдістері;

  • саулықтың және аурудың медициналық, экономикалық, әлеуметтік маңыздылығын;

  • Қазақстан тұрғындарының қазіргі денсаулық жағдайын;

  • тұрғындардың аурушандығы мен өлімдерінің құрылымы мен деңгейін;

  • аурулардың приоритетті класстарының медициналық-әлеуметтік маңыздылығы;

  • тұрғындардың денсаулығын қорғау приоритеттері;

  • тұрғындармен медициналық-әлеуметтік жұмыстың теоретикалық негіздері;

  • медициналық-әлеуметтік жұмыстың технологиясы мен әдістері;

үйреніп алуы қажет:

  • дәрігерлік құжаттарды толтыру;

  • тұрғындар денсаулығына әсер ететін факторлардың деңгейін және бағытын бағалау, негізгі себептер қатынастарын шығару;

  • салауатты өмір салтын үгіттеуді, тұрғындармен санитарлық-дәрігерлік-ағартушылық жұмыстарды жүргізуді;

  • жаналық ендіру бағдарламасын құру және оны жүзеге асыру шаралар жоспарын өңдеу;

  • тұрғындарға қызмет және медициналық-әлеуметтік көмекті көрсету;

  • тұрғындармен медициналық-әлеуметтік көмекті ұйымдастыруды және бағыттауды;

2.5 Реквизитке дейінгі: қоғамдық денсаулық, биостатистка.

2.6 Реквизиттен кейінгі: еңбек гигиенасы, қоғамдық денсаулық сақтау.
2.7 Тақырыптық жоспар: тақырып, әр сабақтың өткізілу түрі мен ұзақтылығы (тәжірибелік, өзіндік жұмыс)
Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары




Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы (сағат түрінде)

Кредит 1



Әлеуметтік медицина. Денсаулық сақтауда әлеуметтік профилактика.

ауызша сұрау

2



Тұрғындармен медициналық-әлеуметтік жұмыс істеудің түсінігі.

шағын топтарда жұмыс

2



Медициналық-әлеуметтік жұмыстың мақсаты мен міндеті. Медициналық-әлеуметтік жұмыс объектісі мен субъектісі.

ауызша сұрау оқытудың белсенді әдіс түрінде

2



Денсаулық сақтаудағы тұрғындарға медициналық-әлеуметтік көмекті ұйымдастыру.

ауызша сұрау

тесттік тапсырманы орындау



2



Денсаулық сақтау жуйесі. Медициналық-әлеуметтік жұмыстың профилактикалық бағытының мазмұны

шағын топтарда жұмыс

2



Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

шағын топтарда жұмыс

тесттік тапсырманы орындау



2



Түрлі категориялы азаматтармен медициналық-әлеуметтік жумысынын өзгешілігі.

ауызша сұрау

шағын топтарда жұмыс



2



Мүгедектік. Аурудың әлеуметтік маңыздылығы.

ауызша сұрау

2




Барлығы: 16

Кредит №2



Тұрғындармен медициналық-әлеуметтік көмектің әлеуметтік маңыздылығы.

ауызша сұрау оқытудың белсенді әдіс түрінде

2



Денсаулық сақтау жүйесі. Тұрғындарға емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыру.

ауызша сұрау

2



Тұрғындарға психиатриялық көмекті ұйымдастыру.

шағын топтарда жұмыс

2



Ана мен баланы қорғау, әйелдің денсаулығын қорғаудағы әлеуметтік–гигиеналық мәселе.

ауызша сұрау

2



Медициналық-әлеуметтік реабилитация. Патогенетикалық бағыттағы медициналық-әлеуметтік жұмыс

шағын топтарда жұмыс

2



Ұлттың денсаулығын нығайтуды және аурудың әлеуметтік көздерін меңгеруде әлеуметтiк саладағы ұйымдардың интеграциясы.

ауызша сұрау

2



Медициналық-әлеуметтік емдеу.

шағын топтарда жұмыс

2




Барлығы:_14_____Жалпы:_30'>Барлығы: 14




Жалпы: 30

Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Өткізуілу түрі

Сағат саны

Кредит №1

1.

«Тұрғындар денсаулығы», «қоғамдық денсаулық» түсініктеме мазмұны. Адамның әлеуметтік түбірі, оның денсаулығы, ауруы.

Рефераттар, тест тапсырмаларын құрау, презентация, баяндама



2

2.

Түрлі дәрежедегі азаматтармен дәрігерлік-әлеуметтік жұмыс принциптері.

2

3.


Медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің әдістері.

2

4.

Қазақстан республикасында медициналық-әлеуметтік көмектің даму үрдісі. Қазақстанда дәрігерлік-әлеуметтік көмектің қалыптасуы.

2

5.

Шетелде медициналық-әлеуметтік істің тәжірибесі. Шетелде медициналық-әлеуметтік істің даму тарихы.

2

6.

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау» Қазақстан республикасының заңы

2

7.

Мүгедектердi кәсiби оңалту. Мүгедектердi кәсiби оңалтудың әдістері мен технологиясы.

2

8.

Медициналық-әлеуметтік сараптама және дәрігерлік-еңбек сараптамалық комиссия.

2

9.

Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік денсаулықтың мәселелері.

2

10.

Зақымдылық аурулармен медициналық-әлеуметтік жұмыс. Осы дәреженiң адамдардың дәрігерлік және әлеуметтік мәселелері.

2

11.

Денсаулықтың генетикалық және әлеуметтік шарттылығы.

2

12.

Зиянды әдеттер, оны алдын алу және түзету.

2

13.

Мүгедектермен медико-әлеуметтік жұмыс жасау, оңалту.

2

14.

Салауатты өмір салтының психогигиеналық және психопрофилактикалық негіздері.


2

15.

Аралық бақылау 7. аптада,

1. кредит тақырыптарын қамтиды.



Тесттік тапсырмалар,

ауызша сұрау



2

Барлығы:

30

Кредит №2

1.

Денсаулық сақтау ұйымдар жүйесінде әлеуметтік қызметкердің қызметі.

Рефераттар, тест тапсырмаларын құрау, презентация, баяндама



2

2.

Медициналық-әлеуметтік патронаж.

2

3.

Қатерлі ісік аурулармен медициналық-әлеуметтік жұмыс. Осы дәрежедегі адамдардың дәрігерлік және әлеуметтік мәселелері.

2

4.

Жүрек-қолқа жүйесі аурулармен медициналық-әлеуметтік жұмыс. Осы дәреженiң адамдардың дәрігерлік және әлеуметтік мәселелері.

2

5.

Егде және қарт адамдармен медициналық-әлеуметтік жұмыс. Осы дәрежедегі адамдардың дәрігерлік және әлеуметтік мәселелері.

2

6.

Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдармен медициналық-әлеуметтік жұмыс. Осы дәрежедегі адамдардың дәрігерлік және әлеуметтік мәселелері.

2

7.

Денсаулық қорғау саласындағы азаматтардың құқығы. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының тұрғындар денсаулығын қорғау стратегиясы.

2

8.

Мүгедек балалармен медициналық-әлеуметтік жұмыс. Осы дәрежедегі адамдардың дәрігерлік және әлеуметтік мәселелері.

2

9.

Жастармен профилактикалық медициналық-әлеуметтік жұмыс. Жастармен профилактикалық медициналық-әлеуметтік жұмыстың маңыздылығы мен мазмұны.

2

10.

Отбасыны жоспарлаудағы медициналық-әлеуметтік факторлар.

2

11.

Денсаулық сақтау жүйесі. Тұрғындарға дәрігерлік-әлеуметтік көмекті ұйымдастыру.

2

12.

Тұрғындар денсаулығын қорғаудағы әлеуметтік-алдын алу бағыттары.

2

13.

Медико-әлеуметтік әрекеттің нормативті-құқықтық аспектілері.

2

14.

Тұрғындарға медико-әлеуметтік көмекті ұйымдастырудағы негізгі бағыттары. Медико-әлеуметтік көмектің әлеуметтік маңыздылығы.

2

15.

Аралық бақылау 15. аптада,

2. кредит тақырыптарын қамтиды



Тесттік тапсырмалар,

ауызша сұрау



2

Барлығы:

30

Жалпы:

60



2.8 Оқыту мен сабақ берудің әдістері:

  • Тәжірибелік сабақ: ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды орындау, шағын топтарда жұмыс, оқытудың белсенді әдіс түрінде

  • Студенттің өзіндік жұмысы: ақпаратты электронды тасымалдаушы құрылғымен, оқу және қосымша әдебиетпен жұмыс, реферат, баяндама дайындау, тесттік тапсырма дайындау, презентация.

2.9 Білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау әдістері:

  • Ағымды бақылау: тестілеу, ауызша сұрау.

  • Аралық бақылау: коллоквиум тәжірибелік сабақ және СӨЖ тақырыптарын қамтиды, тест тапсырмаларын орындаудан және ауызша сұраудан тұрады.

  • Қорытынды бақылау: тестілеуден тұратын емтихан.


Құралдар мен жабдықтар: оқытудың техникалық құралдарымен (ОҚТ), бейнежазбаларды көруге арналған бейнеқұрылғымен, компьтермен, мультимедиялық проектрмен, экранмен жабдықталған оқу аудиториялары, слайдтар.
2.10 Ұсынылатын әдебиет:

Қазақ тілінде



Негізгі:

  1. М.А. Камалиев, Р.К.Бигалиева, Т.Х. Хабиева «Қазақстан халық медицинасы және қоғамдық денсаулық сақтау тарихы», - Алматы, 208 б.

Орыс тілінде

Негізгі:

  1. Лисицын Ю.П., Полунина Н.В. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – М.: Медицина, 2002.- 416с.

  2. Мыльникова И.С. «Санитарно-противоэпидемический режим и профилактика ВБИ». Москва. «Гранъ»-2000г.

  3. Михайлов К. «Уход за больными с элементами психотерапии», «Феникс» - 2000г.

  4. Е.Р. Ярская – Смирнова, Э.К. Наберушкина. Социальная работа с инвалидами. Учебное пособие. Питер. 2004 г.

  5. Формы и методы медико-социальной реабилитации нетрудоспособных граждан.- М., 1991.

  6. Г.П. Медведев. Этика социальной работы. Учебное пособие для ВУЗов.

Қосымша:

  1. Т.Ш.Шарманов «Мировое здравоохранение до и после великой Алматинской конференции». – Алматы – Вашингтон – Женева, 2003. – с.143.

  2. Черносвитов Е.В. Социальная медицина: Учеб.пос. для студ. вузов. – М.: ВЛАДОС, 2000.

  3. Тульчинский Т.Х., Варавикова Е.А. Новое общественное здравоохранение: Введение в современную науку. – Иерусалим, 1999. -1049 с.

  4. В.Б. Никишина, Т.Д. Василенко. Социальная работа. Владос –Пресс. 2004 г.

  5. А.В. Бабушкин., М.П. Гурьянова., И.Г. Зайнышев. Социальная работа. Теория и практика. Инфра-М. 2003 г.

  6. Фирсов М.В., Студенова Е.Г. Теория социальной рабо­ты.-М, 2001.

  7. Фирсов М.В., Шапиро Б.Ю. Психология социальной ра­боты. Содержание и методы психосоциальной практики -М.,2002.


2.10 Қосымшалар:

1 үлгі



2012 – 2017 оқу жылына жұмыс бағдарламасының басқа пәндермен келісу хаттамасы


Келісілетін пәндер

Материалдық пропорциясын және оныбаяндау ретінөзерту туралы ұсыныстар және т.б.

Келісімге қатысқан кафедралардың мәжіліс хаттамаларының нөмірлері және күндері

1

2

3

Реквизитке дейінгі:

  1. Қоғамдық денсаулық

Пәннің мазмұны, қалыптасу тарихы. Денсаулықтың әлеуметке қатысы және оған әсер етуші факторлар. Демографияның, сырқаттанушылықтың, медициналық-әлеуметтік аспектілері, негізгі түсініктері, зерделеу әдістері, аурулардың халықаралық жіктелуі. Мүгедектік, дене дамуы, тұрғындардың жеке топтарыныңденсаулығының медициналық-әлеуметтік аспектілері. Қауіп факторлары. Денсаулық және өмір сапасы.

Хаттама №___

«__»__________2012 ж.


  1. Биостатистика

Биостатистика пәні, оның әдістемелік негіздері. Статистикалық әдіс-қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі әдістерініңбірі ретінде. Зерттеуді жоспарлау. Биостатистикада қазіргі ақпараттық-есептеу тхникасын қолдану. Компьютерлік статистикалық бағдарлама. Статистикалық әдісті медициналық-әлеуметтік, медициналық-биологиялық, клиникалық, сынақтық зерттеулерде қолдану.

Хаттама №___

«__»__________2012 ж.




Реквизиттен кейінгі:

  1. Қоғамдық денсаулық сақтау

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау саласы ғылым ретінде. Қоғамдық денсаулық сақтау жүйелерін ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы. Халықтың денсаулығын және денсаулық сақтау жүйесін бағалаудың өлшеу әдістері мен критерийлері. Халыққа емдеу-алдын алу көмек көрсетуді ұйымдастыру, ана мен бала денсаулығын сақтау.



Хаттама №___

«__»__________2012 ж.


  1. Еңбек гигиенасы




Пәні, мазмұны, міндеттері, әдістері. Еңбек туралы заңдар. Еңбек гигиенасы саласындағы ескертпелі және ағымды санитарлық қадағалау. Өндірістік зияндылықтарға және өндірістік жарықтану, желдендіру, жылыту жүйелеріне гигиеналақ баға беру. Өндірістік жарақат. Физиологияның және еңбек психофизиологиясының негіздері.

Хаттама №___

«__»__________2012 ж.





«№ 1 Қоғамдық денсаулық сақтау»

Кафедрасының меңгерушісі,

м.ғ.д., профессор М.А. Булешов
«№ 2 Қоғамдық денсаулық сақтау»

кафедрасының меңгерушісі,

м.ғ.д., профессор м. а. А.М. Жаксыбергенов
«№ 1 Гигиена» кафедрасының

меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Б.З. Долтаева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет