ЖҰмыс бағдарламасы семей 2013 глоссарий аллювий өзен тасығанда шығып қалған құмдар, қиыршық тастар және т б


Дәріс 3. Топырақтың морфологиялық көреткіштеріне экологиялық факторлардың әсері



бет3/22
Дата09.06.2016
өлшемі1.92 Mb.
#124545
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Дәріс 3.

Топырақтың морфологиялық көреткіштеріне экологиялық факторлардың әсері.

Топырақтың морфологиясы деп оның сыртқы белгілерінің жиынтығын атайды.

Табиғи жағдайларға байланысты топырақ жаратылу процестері әртүрлі жылдамдықпен жүреді де, оның сыртқы белгілерінің жетілуі де әртүрлі келеді.

Топырақтың сыртқы белгілерін зерттеу далалық және зертханалық әдістермен жүргізіледі. Топырақтың органо-минералдық құрамы оның сыртқы белгілерін құрайды. Мысалы, топырақ гумусының (қарашірігінің) мөлшеріне және құрамына қарай топырақ түсі мойыл қара түстен (егер қара шірінді 6%-дан асса және гумин қышқылымен гумин көп болса) ақшыл сұр түске дейін (қара шірінді 1,5-2 % және фульвоқышқылдар көп болса) өзгереді. Сол сияқты топырақтың гранулометриялық құрамы, сіңген катиондардың арақатынасы, әртүрлі химиялық қосындылардың болуы топырақ морфологиясын жасайды. Топырақтың құрамы, осыған орай оның физикалық, химиялық ерекшеліктері топырақ түзуші (аналық) жыныстың минералдық құрамына және топырақ түзілу процесінде жасалған қасиеттеріне байланысты болады. Сонымен, топырақ морфологиясы оның түзілу процесі және агрономиялық құндылығы жөнінде ұғым бере алады.

Далалық әдісте топырақ кесіндісін (көлденең қимасын) шұңқыр қазу арқылы жасайды. Топырақтың морфологиясын білу үшін оның құрылысын (қабатын және олардың қалыңдығын), бояуын (түсін), құрылымын, әртүрлі қосындыларды, жаңа түзінділерді анықтайды. Сондай-ақ, топырақтың грануметриялық құрамын, топырақ түзуші жыныстың сипатын, ылғалдылығын, органикалық заттың және өсімдіктер тамырларының таралуын, тұз қышқылынан (HCl) қайнау тереңдіктерін, ыза суларының жер бетінен қашықтығын, судың дәмін (тұщы, кермек, ащы, т.б.) анықтайды.

Зертханалық әдісте бұл анықтаулар топырақ құрылысын бұзбай жәшікпен алынған үлгілерде, монолиттерде жүргізіледі.

Топырақ түзілуі құбылыстарының әсерінен тау жынысынан пайда болған топырақта оған тән құрылыс, пішін, ерекше белгілер, қасиеттер мен жаңа қосылыстар пайда болады. Сөйтіп топырақ тау жынысынан өзінің қүнарлылығымен ғана емес, құрылысымен және сыртқы морфологиялық белгілермен ерекшеленеді. Осы морфологиялық белгілер арқылы топырақ түрлері бір-бірінен ажыратылады, топырақ түрлерге жіктеліп, оларға атау беріледі. Басты морфологиялық белгілерге топырақтың құрылысы, топырақтың және оның қабаттарының қалыңдығы, түсі, құрылымы жайласуы, механикалық құрамы, жаңа жарандылар мен кіріспелер жатады. Далалық жағдайда топырақтың морфологиялық белгілерін зерттегенде тік қазылған шұңқырлар пайдаланылады. Бұл әдісті алғаш рет топырақтанудың ғылыми негізін салушы В. В. Докучаев қолданды. Осы әдіс іс жүзінде топырақты далалық жағдайда зерттеуде осы күнге дейін қолданылып келеді. Топырақтың құрылысы – оның тік кескінінде кезектесіп орналасқан әртүрлі қабаттары. Бұл қабаттар бір-бірінен түсімен, құрылымымен, тығыздылығымен, химиялық құрамымен, кейде механикалық құрамымен ерекшеленеді. Топырақтың құрылысы пайда болып, қабаттардың ерекшеленуі топырақ түзілу процесінің және топырақты өндірісте пайдаланудың ықпалынан болады. Топырақтың тік кескінінде бірнеше қабаттар кездеседі. Осы қабаттарға атау қойылып, әріппен (индекс) белгіленеді. Әдетте, топырақтың:

А қарашірінді жиналған қабат;

В иллювиальді немесе аралық қабат;

G глей;

C аналық тау жынысы;

Д астыңғы тау жынысы;

E элювиальды қабат;

қарашірінді элювиальды қабаты;

О орман төсеніші;

T шымтезек сияқты генетикалық қабаттары ажыратылады.

O (ескіше Ао немесе Ад)–органогенді қабат, орман ішінде түскен, құраған жапырақтардан, ал далалық аймақта шөптесін өсімдіктерінің қалдықтарынан құралған, тың жерде болатын топырактың ең үстінгі қабаты.

A қарашірінді және қоректік заттар жиналатын топырақтың жоғарғы жағында қалыптасқан қабат. Минералды заттардың бұзылуы мен сілтісізденуі байқалмайды. Түсі басқа қабаттарға қарағанда, күңгірт келеді.

АЕ қаршірінді элювиальды қабатта қарашірінді жиналуымен қатар, минералдардың бұзылуы және ыдыраған заттардың төменгі қабаттарға шайылып жылжуы байқалады.

Е – (ескіше Аг) – элювиальды қабатта топырақ түзілу процесі кезінде бірқатар заттар төменгі қабатқа немесе топырақ кескіні астына шашылады. Сондықтан қабатта балшықты минералдар азайып кремний негізді заттар көбейеді.

В – иллювиальды немесе аралық қабатта жоғарғы қабаттан шайылған заттар, кей жағдайда жерасты сулары арқылы келген заттар жиналады. Топырақ кескінімен жылжушы заттарға байланысты иллювиальды қабат әртүрлі қосындылармен, мысалы: қарашіріндімен (Вһ), карбонаттармен (Вк), темір қосындыларымен (Вте) батылуы мүмкін. Егер топырақта мұндай заттардың жылжуы байқалмаса онда В қабатын аралық қабат, яғни қаршірінді қабаттан аналық тау жынысы қабатына алмасу қабаты деп атайды. С – аналык тау жынысы, топырақ түзілу процесінің әсері тимеген немесе оның сәл әсері болған тау жынысы қабаты. Топырақты қабаттарға бөлгенде олардың бір қабаттан екінші қабатқа алмасуы сипатына көңіл аударады. С. А. Захаровтың анықтауынша үш құрылым типі бар:

1) куб тәріздес құрылым бөлшектері бір-біріне перпендикуляр үш ось бойы бірқалыпты қалыптасқан;

2) призма тәріздес – бөлшектердің даму баллы негізінен тік ось бойы қалыптасқан;

3) тақта тәріздес – бөлшектер негізінен көлденең жазықтық екі ось бөлшекпен қалыптасқан. Топырақтың құрылымының түрлерге жіктелінуі 1-кестеде келтірілген. Топырақтың құрылымының типіне және одан қабаттыға байланысты өзгереді. Мысалы, қара топырақтың үстіңгі қарашірінді жиналған қабатында дәнді түйіршікті кұрылым, ал кейбір топырақтың иллювиальді қабатында бағаналы немесе призмалы құрылым кездеседі.

Топырақтың жайласуы оның тығыздығы мен кеуекшілігінің сырт көрінісі. Ол топырақтың механикалық құрамына, құрылымына, топырақ фауна әрекетіне және өсімдіктердің тамыр жүйесінің дамуына байланысты қалыптасады. Тығыздылық дәрежесіне қарай топырақ өте тығыздалған, тығыздалған, қопсынды, бытыраңқы болып жіктеледі. Өте тығыз топырақты күрекпен қазу қиынға түседі, сондықтан қайла қолдану қажет.
Топырақ пішінінің құрылымы

Түсiнiгi және маңызы. Топырақ құрылымы деп оның ұсақ бөлшектер мен микроагрегаттардан органикалық және минералдық колоидтар арқылы желiмделiнiп, бiрiккен түйiршiктерiн атайды. Топырақтың түйiршiктерге бөліну қабiлетiн оның құрылымдылығы дейдi. Топырақтың құрылымы – оның құрылысын, су-ауа, жылу, физикалық-механикалық және технологиялық қасиеттерiн анықтайтын ең маңызды шарттарының бiрi.

Топырақтың құрылымы деп оның әртүрлі пішінді үлкенді-кішілі түйіртпекті агрегаттарға бөліну қасиетін айтады. Топырақ құрылымы ірі кесекті, кесек дәнді, үлкен-кіші жаңғақты, призмалы, т.б. түрлерге бөлінеді. Олар бір-бірімен жабысқан механикалық элементтермен: құм, шаң, балшықпен қосарласа жүреді. Әрбір құрылымдық агрегат біріккен органикалық және минералды бөліктерден тұрады. Жалпы топырақ құрылымының пайда болуы күрделі биохимиялық және физикалық-химиялық процесс. Көп жағдайда аралас құрылымды топырақтар кездеседі.

Топырақтың құрамында 0,5 мм-лік микроагрегаттардан бастап, одан әлденеше есе үлкен макроагрегаттар бар. Агрегаттарының көлемі 1 мм-ден 10 мм-ге дейінгі топырақ бағалы, құнарлы. Өйткені мұндай топырақ ылғалды үнемді жұмсайды, ысырап етпейді, яғни оның бөлшектерінің сіңіру құрамында кальцийдің катионы болады. Ал су ұстамайтын топырақтың құрамында басқа катиоңдар кездеседі.

Топырақтың тығыздылығы оның борпылдақ қуысты немесе тығыз болу қасиеті, бұл көрсеткіш топырақтың тығыздығы мен жұмсақтығын және құрылым бөліктерінің арасындағы қуыстар дәрежесін білдіреді. Топырақ қуыстары ауа мен судың, жылудың жылжуына ықпал етеді.

Топырақтың тығыздылығы топырақтың құрылымына, механикалық құрамына, органикалық және минералдық бөлшектердің мөлшеріне байланысты.
Тығыздықтың деңгейіне қарай топырақ мынадай түрлерге бөлінеді:


  1. Өте тығыз, біртұтас топырақ. Мұндай топырақ сортаң және карбонатты жерлерде кездеседі. Ауа мен суды өткізбейді, механикалық құрамы ауыр әрі өзі құрғақ болады. Агрономиялық тұрғыдан бұл топырақ жыртуға жарамайды.

  2. Тығыз топырақ жердің жыртылған қабатынан төмен орналасқан. Сортаңдау және механикалық құрамы ауыр балшықты жерлерде топырақ тығыз болады. Агротехникалық шаралар қолданылған жағдайда мұндай топырақты ауылшаруашылығына пайдалануға болады.

  3. Тығыздау топырақ жердің иллювиальды қабатында кездеседі. Мұндай топыраққа күректі күш жұмсамай-ақ батыруға болады.

  4. Борпылдақ топырақ үстіңгі қабатта болады. Өйткені мұнда органикалық заттардың мол болуына байланысты құрылымы түйіртпекті, арасынан ауа, су өтетін кеуектер көп болады. Сондықтан мұндай құнарлы топырақта мәдени өсімдіктер жақсы өседі.

  5. Бос жылжымалы топырақ құмдақ және құмды жерлерде болады. Ауыл шаруашылығына пайдалану үшін арнайы агротехникалық шараларды қолдануды қажет етеді.

Бұл топырақтың маңызды генетикалық және агрономиялық көрсеткіші. Топырақтың құрылымы деп, оның массасының әртүрлі үлкенді-кішілі түйіртпекті агрегаттарға бөліну қасиетін айтады.

Топырақ құрылымы ірі кесекті, кесек дәнді, үлкен-кіші жаңғақты, призмалы, т.б. түрлерге бөлінеді (16-сурет). Олар бір-бірімен жабысқан механикалық элементерімен: құм, шаң, балшықпен қосарласа жүреді. Әрбір құрылымдық агрегат біріккен органикалық және минералды бөліктерден тұрады.



Жалпы топырақ құрылымның пайда болуы-күрделі биохимиялық және физикалық-химиялық процесс болып саналады. Көп жағдайда аралас құрылымды топырақтар кездеседі.

16-сурет. С. А. Захаров бойынша топырақ түсінің үш бұрышы

Ал су ұстамайтын топырақтың құрамында басқа катиондар кездеседі.

Топырақ бөлшектерінің құрылымы:

1 Құрылымы жоқ, шаң-тозаңды, борпылдақ;

2 Құрылымы ұсақ түйіршіктері, оқ дәрісіндей, мөлшері 0,5-1 мм;

3 Дәнді түйіршіктері, диаметрі 1-5 мм;

4 Жаңғақатты құрылым, 5-10 мм;

5 Майда кесекті құрылым, топырақ бөлшектерінің көлемі бірнеше см-ге жетеді.

Топырақтың пайда болу процесінде өзіне тән құрылымның бірі – топырақ пішіні түзіледі, яғни топырақтың морфологиясы қалыптасады. Осы морфологиялық көрсеткіштер арқылы топырақтар бір – бірінен және өзі түзілген тау жыныстарынан ажыратылады. Морфологиялық құрылымды жалпы топырақтан шатастырмау керек. Морфологиялық құрылым – топырақтың сыртқы пішіні.

Топырақтың морфологиялық құрылымын зерттеу үшін далалық жағдайда тік қазылған шұңқырларды пайдаланады. Бұл әдісті алғаш рет В. В. Докучаев қолданған, осы күнге дейін бұл топырақтануда негізгі әдіс болып қалды. Шұңқырды қазып, бір бетін тегістеп, оған күн сәулесін түсіріп қараған кезде, топырақтың бірнеше қабаттарға бөлінгені байқалады. Топырақтың әр қабаты өзіне тән сыртқы пішінмен сипатталады. Осы қабаттардың түріне қарап, топырақтың түзілу процесі туралы көп мәліметтер айтуға болады. Әртүрлі топырақ типтері де осылай бір-бірімен ажыратылады.

Топырақтың құрамы:

1.Су;


2. Ауа;

3. Минералды тұздар(азот,фосфор,калии);

4. Қарашірік (өсімдік пен жан-жануардың шіріндісі, органикалық заттар);

5.Саз;


6.Құм.

Топырақтың фазалық құрамы

Топырақ – күрделі дене, ол бірнеше фазалардан: қатты фаза (минералдық және органикалық), сұйық фазасы (топырақ ерітіндісі), газды фазасы (топырақ ауасы) және тірі фазасы (топырақтағы тірі организмдер) тұады. Бұл фазалар бір-бірімен өте тығыз байланысты.
Топырақтың минералдық құрамы

Майда ұнтақталған тау жыныстары мен олардың топырақтағы минералды бөліктерінің өзінің пайда болу жағынан екі топқа бөлінеді: Алғашқы – магматикалық және метаморфикалық аса қатты үгілмеген минералдар. Екіншісі –жердің үгілу немесе топырақ қабаттарында алғашқы минералдардың көп жылдық үзіліссіз үгілуінің нәтижесінде, үгілудің соңғы аса майда ұнтақталған өнімдері түзілген биіктіктен ормандық белдеу басталады, онда самырсын, майқарағай, шырша, балқарағай және қайыңдар кездеседі.



Топырақтың және оның қабаттарының түстеріне әсер ететін негізгі құрамдар:

1. Қара шірінді заттары. Олар топыраққа қара немесе қара қоңыр түс береді.

2. Темір марганец тотықтары. Сары, қызыл, сия түстер береді.

3. Кремний қосылыстары, әк, каолинит, алюминий гидроксиді және суға ерігіш тұздар (Хлоридтер және сульфаттар). Олардың түстері-ақ келеді.

4. Темірдің шала тотығы. Ол көкшіл, сұр сия түсті келеді.

Үш бұрыш ақ, қара, қызыл түстер, ал олардың араларында осы үш негізгі түстердің азды – көптігіне байланысты неше түрлі түстер болады. Топырақтың түсін анық бір түспен айту қиын, сондықтан негізгі түске анықтама қосылады. Оның басым түсі соңына қойылады. Мысалы, қара қоңыр, сары құба, ашық сары деген сияқты.

Топырақтың түсінің практикалық маңызы үлкен. Топырақ қабатының қалың қара түсті болуы қара шірінді молдығын көрсетеді. Көкшіл немесе көк түсті топырақтың батпақтануы. Мұндай жерлерді пайдалану күрделі мелиоративтік жұмыстарды қажет етеді.

2.3. Топырақтың генетикалық қабаттары, олардың диагностикасы, символикасы
Топырақтың құрылысы деп топырақ кесіндісін құрайтын генетикалық (шығу тегі бойынша бір-біріне байланысты) қабаттардың жиынтығын атайды. Әрбір топырақ типтерінің құрылыстары, қабаттардың кезектесуі бір-бірінен өзгеше болады. Дегенмен, В. В. Докучаев негізгі үш генетикалық: А – қарашірікті-аккумлятивтік, В – аралық (иллювиалдық), С – топырақ түзуші немесе аналық жыныс қабаттарды белгіледі.

Топырақтың бояуы оның негізгі айқын белгілерінің бірі болып саналады. А. Н. Сабаниннің айтуынша, топырақта ашық жасыл мен көк түстен басқа қарадан аққа дейінгі түстердің бәрін кездестіруге болады. Ал батпақты топырақта жаңа жасалған топырақ кесіндісінен ашық жасыл және көк түстерді де көруге болады. Топырақтың көптеген типтері өз түстерімен аталады: күлгін топырақтар, қара топырақтар, қызыл қоныр топырақтар, қоныр топырақтар, сұр топырақтар, қызыл топырақтар, сары топырақтар және т.б.

Топырақтың беткі қабатының түсі ондағы гумустық заттардың шамасына байланысты жасалған. Топырақтың қызыл және сары түсі жеке минералдардың (гематит, лимонит), түсіне немесе ұсақ дисперсті саз минералдардың (каолиниттің, монтмориллониттің, т.б.) бетінде хемосіңірілген темір тотықтарына, лас көк түсі темірдің оксиді, қызыл қоңыр фонда қара дақтың және қара жолақтың болуы марганецтің гидроксидтеріне, ақшыл түсі саз қабығынан тазарған кварцтың ұсақ дәншелерінің түсіне, ақ түс карбонаттардың, сульфаттардың жиналуына байланысты болады. Топырақ кесіндісінің төменгі қабатының түсі негізінен топырақ түзуші (аналық) жыныстың бояуына, оның құрамы мен үгілу дәрежесіне сәйкес келеді. Солтүстік жарты шардың тропиктен тысқары аймағында топырақтың қызғылт қоңыр түсті бояуы мұнда көп тараған кайнезой эрасының төрттік кезеңіне топырақ түзуші жыныстарына байланысты.

Топырақ қабаттарының түсі ылғалдылығына, жарықтың түсуіне, структуралық жағдайына байланысты да өзгереді. Мысалы, бір топырақтың өзі құрғақ күйінде сұр, ылғал күйінде қара сұр түсті, структурасыз (ұсақ, ұнтақ) топырақ ұсақ кесекшелі және дәншелі күйіндегіден гөрі ақшыл түсті, күндізгіден гөрі кешкісін қара қоңырлау түсті болады. Сондықтан топырақ түсі ауа-құрғақ үлгісінде және күндізгі шашыраңқы жарықта анықталады.

Дегенмен, топырақ түсін визуалдық анықтау қателіктерге соқтыруы мүмкін. Сондықтан ФМ типті фотометрді қолдану керек.

Топырақ структурасы да маңызды морфологиялық белгі болып есептеледі. Топырақтың қарапайым бөлшектері (гранулометриялық элементтері) бір-бірімен жабысып, қарашіріктік және минералдық заттармен желімделіп әртүрлі мөлшерде және формада кесекшелер (агрегаттар, структуралар) түзеді. Профессор С. А. Захаров топырақ структурасын негізінен үш типке бөледі: куб тәрізді топырақтың структуралық бөліктері өзара перпендикуляр үш осьпен бірқалыпты жетілген; призма тәрізді структуралық бөліктер негізінен тік (биіктік) осьпен жетілген; тақта тәрізді структуралық бөліктер екі көлбеу осьпен жетілген және тік бағытта қысқараған. Аталған типтердің бәрі де мөлшеріне, қабырғалары мен қырларының сипатына қарай кіші бөліктерге бөлінеді. Оны С. А. Захаров, С. А. Монин төмендегідей бөліп көрсетеді:



1 кесте

С. А. Захаров бойынша топырақ құрылымының жіктелуі

Тегі

түрі

мөлшері

сипаттамасы

Тоң кесекті



1-тип. Куб тәрізді

пішіні дұрыс емесе, беті тегіс

ірі тоң кесек

ұсақ тон кесек



>10 см

1-10 см

Кесекті


ірі кесекті

кесекті


ұсақ кесекті

шаң тәрізді



3-10мм

1-3 мм


0,25-1мм

<0,25мм

дұрыс емес доғал пішінді, опырылған, беті бұдырлы, қырлары байқалмайды

Жаңғақ тәрізді



ірі жаңғақты

жаңғақты


ұсақ жаңғақты

>10мм

7-10мм


5-7 мм

дұрыс пішінді, қырлары жақсы білінеді, беті тегіс

Дәнді


ірі түйіршікті

түйіршікті

ұсақ түйіршікті


3-5мм

1-3мм


1-0,5мм

пішіні сәл дұрыс,кейде домаланған, қырлары жақсы білінеді, беті бірде бұдырлы, бірде тегіс, жылтыр

Бағана тәрізді



2-тип. Призма тәрізді

бөлшектер нашар пішінделген, қырлары түзу емес, қабырғалары дамымаған

ірі баға тәріздес

бағана тәріздес

ұсақ бағана тәріздес


5см

>3-5см


3-5см

<3см

Бағаналы


ірі бағаналы

ұсақ бағаналы



5-3см

<3см

дұрыс пішінді, тік бағытта жақсы жетілген, және үстіңгі жағы дөңгелене біткен, астыңғы жағы тегіс

Призмалы


ірі призмалы

ұсақ призмалы

нәзік призмалы

қарындашты (ұзындығы 5 см)



3-5см

1-3см


0,5-1см

0,5см


<1см

қабырғалары жақсы жетілген, тегіс, жылтыр бетті,өткір қырлы.

Тақталанған



3-тип. Тақта тәрізді

жетілген қатпарлы, көлденең жымдастығы бар

тақталанған

плиткалы


пластинкалы

жапырақты



>5 мм

3-5мм


1-3мм

<1мм

Қабыршақты



жұмыртқа

қабыршақты

ірі қабыршақты

ұсақ қабыршақты


>3мм


1-3мм

<1мм

мөлшері үлкен емес көлденең жымдастығы,өткір қыры бар


Топырақтың типтеріне тән өзіндік құрылымы. Мысалы, дәншелі структура қара топыраққа, жаңғақша стуктура орманның сұр топырағына, тақталы және жапырақшалы структуралар күлгін топыраққа, бағаналы, ірі призма тәрізді және тоң кесекті структуралар сортаң топырақтарға тән.

Топырақ құрылымы деп оның тығыздығының және қуыстылығының сырт көрінісін атайды. Топырақтың тығыздығы далалық жағдайда өңдеуші (плуг, тырма, культиватор) құралдарға тигізетін қарсы әсерімен анықталады. Топырақ құрылымын бос (пышақ, күрек жеңіл кіреді), тығызданған (аталған құралдар біраз күш салғанда кіреді), тығыз (құралдар күшпен кіреді) құрылымдар деп бөледі.

Топырақтың қуыстылығын қуыстардың мөлшеріне, структура аралық жарықтардың енділігіне қарай анықтайды. Ұсақ қуысты құрылымда қуыстың диаметрі 1 мм-ден кем, қуысты құрылымда қуыстар ірі, тар жарықты құрылымда ол 3 мм-ден артық болады. Тығыз және қатты топырақтарда ағаш және шөптесін өсімдектердің тамырлары жайылып өсе алмайды. Қаттылығы 60-65 кг/см2, тығыздығы 1,9 г/см3 топыраққа өсімдік тамыры кірмейді. Топырақтың қуыстылығы, аэрациясы, су өткізгіштігі, ауыл шаруашылығы машиналарының тарту күшіне тигізетін қарсы әсері осы тығыздыққа байланысты болады.

Топырақты зерттегенде өсімдік тамырларының тереңдеп жайылуын да белгілеу керек. Шөптесін өсімдіктердің тамырлары беткі қарашірікті қабаттарды жасайды, ал ағаш өсімдіктері тамырларының гумус жасауда ролінің аз екенін байқаймыз.

Інқазғыш жануарлар (борсық, суыр, саршұнақ, тышқандар, т.б.) топырақтарды араластырумен болады. Бұл қарашірікті қабаттардың қалыңдауын күшейтеді. Бұлар шөбі шүйгін өскен жерлерде көп болып, өз алдына топырақ әртүрліліктерін жасайды. Мысалы, індік қара топырақ осы жолмен түзілген.

Топырақтың қалыптасуында әртүрлі химиялық қосындылар түзіледі. Олар топырақ массасында біркелкі тарайды немесе әртүрлі формалы болып жиналады. Гипергенез (грек тілінде гипер – үстінде, генезис – шығу тегі, яғни – жер бетінде үгілуден шыыққан) және топырақ түзілу процесінде жасалған сырт пішіні анық, топырақ массасынан жақсы ажыратылатын химиялық қосындыларды жаңа түзінділер дейді. Бұлардан басқа биологиялық текті жаңа түзінділер де болады. Олар зоогендік (капролиттер – құрттар экскременттері, илеу жасағандағы құмырсқалар кесекшелері, құрт жолдары, індер) және фитогендік (кесекшелер бетіндегі тамыршалар іздері – дендриттер, т.б.) болып бөлінеді.

Жаңа түзінділер – ерітінділерден кристалдану, коллоидтық ерітінділерден гельге түсу, гельдердің қайта кристалдануы, алмасу және т.б. процестерінде жасалады. Дегенмен, жаңа түзінділердің жасалуы топырақ жаратылу процесімен бірге жүретіндіктен биогендік процесс те болып есептеледі. Жаңа түзінділер көмірқышқылды әк, темір және марганецтің түйірлері (бобовина), темірдің сары дағы немесе сызығы, марганецтің қара дағы түрінде болады. Солтүстіктегі темір-марганец жаңа түзінділері орнына оңтүстікке қарай карбонатты (СаСО3, MgCO3) жаңа түзінділер басым келеді.

Далалық аймақ топырақтары жаратылуында темір-марганец, темір-силикат жаңа түзінділері жасалуы тоқтап карбонатты жаңа түзінділер, олардың ішінде гипстің ұсақ кристалды дрүздары (бір негізге бекіген кристалдары), конкрециялары көптеп жасалады.

Құрғақ даланың қоңыржай климаттық жағдайында гипстік жаңа түзінділерге жұқа қабық және жиынтықтар жасайтын суда ерігіш хлоридтер мен сульфаттар қосылады.

Шөлді аймақ гипсті және хлоридті-сульфатты жаңа түзінділер басым келеді. Ыза суы жақын жерлерде олар кристалдар өскіндерін, друздарды, ірі конкрецияларды, пластарды (тақталарды) құрайды.

Карбонаттық жаңа түзінділер зең немесе саңырауқұлақ мицеллийі тәрізді жіпшелер, қопсыған дақтар түзеді де, әктен тұратын «аққөзшелер» және карбонаттар мен гипстен тұратың тығыз конкрециялары «журавчиктер» деп аталады. Жаңа түзінділер, негізінен жоғарғы қабаттардан шайылып келген тұздардан аралық (иллювиалдық) қабатта жасалады. Химиялық құрамына қарай хлоридтер мен сульфаттардың түстері ақ, ақшыл (глаубер тұзы – ақшыл, гипс – ақ), әк – ұн – ақ түсті, темірдің гидроксидері – қызыл қоңыр, тат, охра түсті, темірдің оксиді – лас жасыл, көгілдір, марганец қосындылары – қара, кремний қышқылы – ақшыл түсті болады. Қара шірінді қоңыр, қарақоныр жылтыр дақтар жасайды.

Қосындыларға топырақ массасынан анық бөлінетін, бірақ топырақпен генетикалық байланысы жоқ заттар, мысалы, топырақ түзуші жыныстардың құрамына кіретін, бірақ топырақ түзілуіне қатыспайтын қой тастар, малта тастар, бақалшақтар, жануарлар сүйектері, шифер, кірпіш, ағаш және т.б. адам тіршілігімен байланысты археологиялық қалдықтар жатады. Қосындылар топырақ түзілуінде инертті денелер болып есептеледі. Бірақ топырақтың шығу тегі, жасы туралы ұғымдар береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет