Жұмыс барысы: теорияны пайдаланып сызбаны толтырыңыз: А. мүше атауы, асқорыту жүйесінің құрлысы мен қызметі В. Асқорыту процесі С. Асқорыту ферменттері. Теориялық материал



бет1/2
Дата28.09.2024
өлшемі1.12 Mb.
#504086
  1   2
4 Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар 1 (копия)





Жұмыс барысы:
1.теорияны пайдаланып сызбаны толтырыңыз:
А. мүше атауы, асқорыту жүйесінің құрлысы мен қызметі
В. Асқорыту процесі
С. Асқорыту ферменттері.






Теориялық материал:
Асқорыту –астың асқорыту жолындағы механикалық және химиялық өзгеруі және оның жасушалармен сіңірілуі.
Асқорыту жолында астың биополимерлері мономерлерге дейін ыдырайды. Ол асқорыту ферменттері арқылы іске асады.
ферменттердің 3 тобы бар:
карбогидраза – крахмал дейін ыдырайды.
протеаза – ақуыздар аминқышқылына дейін ыдырайды
липаза –майлар май қышқылы мен глицеринге дейін ыдырайды.
Адамда асқорыту ауыз қуысынан басталады, ол жерде тағам шайналып үгітіледі. Бұл кезеңде полисахаридтер ыдырайды, сілекей бөлініп ас сілекеймен шыланады да жұтуға дайын ас түйірі пайда болады.
Сілекей 98-99 % судан тұрады.
Сілекейде :
ферменттер бар күрделі көмірсуларды жай көмірсуға дейін ыдыратады (мысалы птиалин ферменті крахмалды аралық өнімге дейін ыдыратады, мальтаза ферменті оны глюкозаға дейін ыдыратады.)
• муцин, ас түйірін жұтуға ыңғайлы сырғанақ қыла алады.
• лизоцим — бактерицидті зат, ас құрамындағы бактерияларды залалсыздандырады, ауыз қуысындағы зақымдануларды қалыпқа келтіреді.
Ауыз қуысынан ас түйірі жұтқыншақтан өтіп, өңешке ығысады. Ас өңеш арқылы өңеш перистальтикасы арқылы өңеш бұлшықеттерінің толқынды жиырылуы арқылы қозғалады. Өңештегі сөл бөлетін бездер тамақтың қозғалысын қамтамасыз етеді.

Қарында ақуыз бен кейбір майлар қорытыла бастайды мысалы сүт құрамындағы май. Ас түйіріндегі сілекей сөлінің ферменттері қанттарды ыдыратады, одан кейін ол қарын сөлімен шыланып, онда ақуыз қарын сөлі арқылы қорытылады.

Қарындағы астың қорытылуының қарқынды іске асуы оның қышқылдық ортада жүруі (қарын сөліндегі ферменттер ақуыздарға дене температурасы мен қышқылдық ортада әсер етеді).


Қарын сөлі құрамындағы тұз қышқылы пепсин ферментінің белсенділігін арттырады, ақуыздың денатурацияланып аминқышқылына дейін ыдырауына әкеледі. Асқорыту процесі кезінде астың қарын сөлімен араласып қарын бұлшықеттерінің баяу қозғалысы болады (қарын перистальтикасы).
Қарын сөлімен араласып қорытылып болған соң ас он екі елі ішекке өтеді.

он екі елі ішекте :


  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет