Жұмыс істейтін жастар үшін жұ­мыстан қол үзбей арнаулы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету маңызды мәселе. Әрбір жастың жұмыстан қол үзбестен мамандық пен білім алу мүмкіндігі болуы керек


– деңгей базалық деңгей ретінде қабылданған. Бұл міндетті деңгей болғандықтан барлық білім алушы тапсырманы толық орындауы тиіс



бет17/22
Дата03.01.2022
өлшемі219 Kb.
#450846
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Елбасы Н

1 – деңгей базалық деңгей ретінде қабылданған. Бұл міндетті деңгей болғандықтан барлық білім алушы тапсырманы толық орындауы тиіс.

2 – деңгей Қосымша мәліметтер алғашқы деңгейде алған білімді одан әрі кеңейтіп, тиянақтайды, негізгі мазмұнын нақтылайды, ұғымдардың не үшін, қалай қолданылатынын көрсетеді. Бұл деңгейде өтіп кеткен материалды білім алушы талдап, бұрынғы тапсырмаларға ұқсас орындайды. Бірақ бұларды орындау үшін алған білімдерін түрлендіріп пайдалану керек.

3 – деңгей Өз бетіндік жұмысты қалыптастыру мақсатында білім алушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген қарапайым білімдерін жетілдіріп тереңдетеді. Жаңа білімді талдау, жинақтау, салыстыру арқылы меңгеруіне, қорытындылай білуіне жол ашылады. Бұл деңгейде ребус, сөзжұмбақ, анаграмма құрастырады.

4 – деңгей Бұл деңгейде берілген тақырып бойынша өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады. Реферат, баяндама, өлең, жұмбақ, жаңылтпаш құрастыру тапсырмалары беріледі.

Деңгейлеп оқыту, біріншіден, білім алушының жеке қабілетін анықтауға, екіншіден, білім алушылардың бір-бірінен қалмауына мүмкіндік берсе, үшіншіден, әр білім алушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады, төртіншіден, әр білім алушы өз деңгейімен бағаланады.
Оқытуды ізгілендіру технологиясыОқытуды ізгілендіру технологиясы (Таубаева Ш.Т., Апатова Н.В.) шәкірттердің  рухани дамуын (қазақ тілінің мәдени-этникалық лексикасын, сөйлеу әдебі ерекшеліктерін, жағдаяттық қарым-қатынасты игеру), жеке тұлға ретінде қалыптасуын жүзеге асыруға бағытталады.

Мысалы, 2-сынып Қазақ тілі сабағында “Сөйлеу мәдениеті” тақырыбын өту барысында “Телефонмен әңгіме” ойынында телефонмен сөйлесу мәдениетін үйрету мақсат етіліп, кім сыпайы әрі ұтқыр екенін бағалау көзделеді. Білім алушылардың өздеріне қай жұптың сөйлеу мәнері дұрыс шыққанын таптыруға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет