Жұмыс оқу бағдарламасы (Syllabus)



бет2/5
Дата20.09.2023
өлшемі82.8 Kb.
#478041
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
ҰЛТТЫҚ Силлабус

1.Пән туралы мәліметтер
ТМONVSSh 4217 «Мектептегі ұлттық және қозғалыс ойындардың теориялық және әдістемелік негіздері » пәні бойынша 5 кредит.


Оқу пәнін өткізу уақыты мен орны :
Пән 2022/2023 оқу жылының 7 семестрінде университет стадионында және кешендерінде өткізіледі.
Пререквизиттер: Терең білім алу үшін осындай пәндерді өту керек: Мамандыққа кіріспе, Дене шынықтыру және спорт тарихы, Олимпиадалық білім беру, Мектепке дейінгі балалардың ДТіӘ, Ұлттық спорт түрлері.
Постреквизиттер:Осы пәнге сабақтас пәндер: Дене шынықтыру және спорт педагогикасы, Ұлттық қозғалмалы ойындары, Олимпиадалық ойындар, Қазақтың ұлттық ойындары.
2. Оқу пәнінің сипаттамасы
2.1 Оқу пәнін оқыту мақсаты
Бұл пәнде алға қойған мақсат – мектепте бағдарлама бойынша өткізілетін ұлттық спорт тұрлерінің ілімі мен әдістемесін білу, сабақтын мезгілінде оларды пайдалану, солар арқылы дене қасиеттерін арттыру. Оқу-тәжірибелік, тәжірибелік сабақтарда әдіс-тәсілдерді үйрену, шеберлікті арттыру жаттығу негізінде өтеді. Оқу жоспарына ұлттық спорт түрлерінен қазақша күрес, ат спорты, құмалақ және ұлттық қозғалмалы ойындар енгізіледі.
2.2 Оқу пәнін оқытудың міндеттері.
-.Бағдарлама көлеміндегі теориялық материалды білу.
-.Кәсіби-педагогикалық дағдыларды қалыптастыру:
-Ұлттық спорт түрлері және қозғалмалы ойын түрлері арқылы дене шынықтыру,салауатты өмір салтын қалыптастыру саласында ағартушылық жұмыстар жүргізу;
-Дене-күш,ерік-жігер қасиеттерін,дене жұмысын атқаруға қабілеттілігі деңгейін,жоғарғы спорт нәтижесіне қол жеткізу мақсатында біліктілігі мен дағдысын арттыру;
-Денсаулықты көп жылдар бойы сақтау және нығайту,тұрғындарды дене шынықтыру мен спорт саласына баулу,еңбек пен күнделікті тұрмысқа қажетті дағдыларды дамыту.
2.3 Пәнді үйренудегі біліктілік: :
Бағдарламаның дәріс бөлімінің оқу материалын білу;
Келесі кәсіби-педагогикалық дағдыларды меңгеру:
- затпен және затсыз ОРУ кешенін құра және жүргізе білу;
- сабақтың дайындық, негізгі және қорытынды бөлігін өткізе білу;
- кіші, орта және жоғары сыныптарда ұлттық және қозғалыс ойындардың сабағын өткізудің әдістері мен құралдарын меңгеру.
- ұлттық және қозғалыс ойындардың жарыстарды ұйымдастыра және өткізе білу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет