Жұмыс оқу бағдарламасының



бет1/3
Дата05.07.2016
өлшемі438.52 Kb.
#180762
  1   2   3

Жұмыс оқу бағдарламасының

титулдық парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/30




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Тарих және құқық факультеті
Мемлекет және құқық тарихы мен теориясы кафедрасы

Қазақстан Республикасының Банк құқығы

050301 Құқықтану мамандығы студенттеріне арналған

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар



Мамандықтың элективті пәндер каталогының негізінде әзірленген пәннің жұмыс оқу бағдарламасын бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/34








БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

___________Н.Э. Пфэйфер

2010ж. «___»____________


Құрастырушы: аға оқытушы _____________Ахмадиева А.Т.


Мемлекет және құқық тарихы мен теориясы кафедрасы


050301 Құқықтану мамандығының іштей оқу нысанындағы студенттеріне арналған

Қазақстан Республикасының Банк құқығы пәні бойынша



ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
2010 ж. 26 тамызындағы №17 хаттамамен бекітілген жұмыс бағдарламасы жұмыс оқу жоспарының және мамандықтың элективті пәндер каталогының негізінде әзірленген.
2010ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі ______________ Ахмеджанова Г.Б. 20__ж. «____» ________

Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған


2010ж. 26 маусымы № 11 хаттама
ОӘК төрағасы ________________ Мошна Н.И. 2010ж. «_____»___________
КЕЛІСІЛГЕН

Тарих және құқық факультетінің деканы А.А. Ақышев 2010 ж 26.06



МАҚҰЛДАНДЫ:

ОҮЖжӘҚБ бастығы А.А. Варакута 2010ж. 26.06


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған
2010ж. 25 тамызы № 8 хаттама

1 Пәннің мақсаты - білімді белгілі бір жүйеге келтіретін банк құқығының теориялық негіздерін қамту, банк заңдарының құқықтық қағидаттары мен нормаларын түсіндіру, нормативтік құқықтық актілердің қарама-қайшылықтары мен кемшіліктерін анықтау және оларды жоюдың тәсілдерін көрсету, банк тәжірибесімен, банк құжаттарымен, банк стандарттарымен таныстыру, банк жүйесін қалыптастырудың және банк қызметін реттеудің шешілмеген мәселелерін ашу, мемлекеттің ақша-несие саясатының негіздерін меңгеру, банк құқығы, банк заңдары, банк тәжірибесі дамуының бағыттарын анықтау болып табылады.
Пәннің міндеті – банк құқығының пәні мен әдісін меңгеру және банк құқығы қатынастарының субъектілерінің мәртебесін анықтау болып табылады.

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттерде:



  1. банк жүйесінің құрамын және элементтерін белгілеу.

  2. мемлекеттің ақша-несие саясатының жүзеге асырылуын, банктердің үстінен бақылау жүргізетін ҚР Ұлттық банктің құрылымын және қызметін белгілеу.

  3. банктердің құқықтық мәртебесін, олардың құрылуының, қайта құрылуының және жойылуының тәртібін анықтау.

  4. банк клиенттерінің және мүдделі үшінші тұлғалардың құқықтық жағдайын, олардың құқықтары мен міндеттерін ашып көрсету.

2 Пререквизиттер:

Берілген пәнді оқыту келесі пәндерді оқу барысында алынған білімдерге негізделеді:



  • Мемлекет және құқық теориясы

  • Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы

  • Қазақстан Республикасының Қаржы құқығы

  • Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы құқығы


3 Постреквизиттер: экономика ғылымының барлық салаларын оқытуына негізделген пәндер.

4 Пәннің мазмұны

4.1 Пәннің тақырыптық жоспары



р/с

Тақырыптың аталуы

Сабақтардың түрлері бойынша сағаттар саны

Дәріс

Пр. (сем)

Зерт.

Студ.

Жеке

СӨЖ

1

Банктік қызметтің ұғымы. Банк құқығының пәні және әдістері.

1

1










4

2

Банк құқығының қайнар көздері.

1

2










4

3

Банк құқығының нормалары және банктік құқықтық қатынастар.

1

1










5

4

ҚР Ұлттық банкі және оның құқықтық жағдайы.

1

1










4

5

Коммерциялық банктердің құқықтық жағдайы.

1

1










4

6

Банктік операциялары және олардың түрлері.

2

1










4

7

Бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар.

1

1










5

8

Банктердің валюталық операциялары. Валюталық бақылау.

1

1










4

9

Банк қызметіне салық салуды құқықтық реттеу.

1

1










4

10

Несиелік қатынастарды құқықтық реттеу.

1

1










5

11

Банк құқығындағы банк шоттарың реттеу .

1

1










4

12

Банктік есеп айырысудағы құқықтық қатынастар. құқықтық қатынастарын реттеу.

1

1










4

13

Банк құпияларын құқықтық қорғау.

1

1










5

14

Банк құқығындағы сақтандыру.

1

1










4

Семестр бойынша барлығы:

15

15










60

Пән бойынша барлығы

90


4.2 Пән тақырыптарының мазмұны
1-тақырып. Банктік қызметтің түсінігі. Банк құқығының түсінігі, пәні және әдістері.

Жоспар:

  1. Банк түсінігі. Банк қаржылық-несиелік ұйым ретінде.

  2. Банктің өзге де коммерциялық ұйымдардан айырмашылығы.

  3. Банк қызметінің түсінігі.

  4. Банк құқығының пәніне түсінік.

  5. Банк қызметі процесінде пайда болатын қатынастар.

  6. Банктік құқықтық қатынастар: түсінігі мен негізгі белгілері.

  7. Банк құқығының әдістеріне түсінік.

  8. Банк құқығында қолданылатын әдістер.

  9. Банк құқығының түсінігі.

  10. Құқық жүйесіндегі банк құқығының орны.

  11. Банк құқығының азаматтық құқық пен қаржы құқығымен арақатынасы.

  12. Банк құқығы кешенді құқықтық құрылым ретінде.

  13. Банк құқығының жүйесі.



2-тақырып. Банк құқығының қайнар көздері.

Жоспар:

  1. Банк заңдылықтары түсінігі.

  2. Қазақстан Республикасы Конституциясы және ҚР-ның заңдары.

  3. Банк құқығының пәні және әдістемесі.

  4. ҚР Ұлттық Банкісінің нормативтік-құқықтық актілеріне сипаттама.

  5. ҚР халықаралық банк құқығы нормалары мен халықаралық шарттары нормаларының алатын орыны.

  6. Банк құқығының қайнар көзі болып табылатын халықаралық шарттар мен халықаралық конвенцияларды атаныз.

  7. Банк тәжірибесінде қолданылатын банктік әдет-ғұрыптар мен дағдылар.



3-тақырып. Банк құқығының нормалары және банктік құқықтық қатынастар.

Жоспар:

  1. Банк құқығының нормалары мен оның түрлері.

  2. Банк құқығы нормаларының құрылымы.

  3. Банктік құқықтық қатынастарының ұғымы.

  4. Банктік құқықтық қатынастарның белгілері мен түрлері.

  5. Банктік құқықтық қатынастардың субъектілері.

  6. Банктік құқықтық қатынастардың субъектілерінің құқықтарын қорғаудың әдістері.

  7. Банктік құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтарын әкімшілік тәртібімен қорғаудың жалпы сипаттамасы.

  8. Банктік құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтарын сот тәртібімен қорғау.

  9. Банктік құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі және тоқтатылуы.


4-тақырып. ҚР Ұлттық банкі және оның құқықтық жағдайы.

Жоспар:

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мақсаттары мен міндеттері.

  2. Банк жүйесіндегі Ұлттық Банкісінің орны.

  3. Ұлттық банктің негізгі міндеттері.

  4. Оның қызметтері, құқықтары, өкілеттігі мен жауаптылығы.

  5. Ұлттық Банктің құқық жасау өкілеттігі.

  6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің қаржылық негіздері.

  7. Ортақ банк ретінде Ұлттық Банктің басқару органдарының функциясын атап кетініз.

  8. Ұлттық Банктің басқармасын жүйеленіз.

  9. Ұлттық Банктің ақша жүйесі мен ақша айналымы саласындағы құзыреті.

  10. Ұлттық Банктің Төрағасы мен олардың құзыреті.

  11. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің шетел валютасымен және қымбат металдармен жасалатын операциялар.

  12. Ұлттық Банктің бақылау және қадағалау қызметтері.

  13. Ұлттық Банктің бекіткен экономикалық нормативтері.

  14. Ұлттық Банктің басқа мемлекеттік органдармен байланысы.

  15. Ұлттық Банктің Үкіметпен және Қаржы Министрлігімен байланысы.


5-тақырып. Коммерциялық банктердің құқықтық жағдайы.

Жоспар:

  1. Коммерциялық банктердің түсінігі мен белгілері.

  2. Коммерциялық банктердің түрлері.

  3. Банктердің филиалдары мен өкілдіктері.

  4. Еншілес банктердің түсінігі және оның ерекшеліктері.

  5. Шетелдіктер мен құрылған банктердің жалпы сипаттамасы.

  6. Коммерциялық банктің еншісі.

  7. Банктің жарғысы, оның жарғылық капиталын қалыптастыру

  8. Банктің жарғысының мазмұны.

  9. Банкті ашудан бас тарту үшін негіздер.

  10. Банктерді тіркеу тәртібі.

  11. Банктерді консервациялаудың негіздерін анықтаныз.

  12. Банктердің қатысушылары мен құрылтайшылары.

  13. Банктерді қайта құрудың негіздері.

  14. Банктер арасындағы және оның клиенттерімен арасындағы қарым-қатынасы.

  15. Банкаралық депозит, несиелік және басқа да операциялар.


6-тақырып. Банктік операциялары және олардың түрлері.

Жоспар:

1.Банкілік операция түсінігі.

2.Банкілік операция түрлері.

3.Банктік қызыметті жүзеге асыру кезіндегі тиым салу негіздері.

4. Пассивтік операцияларға және активті операцияларға мінездеме.

5. Банктің несие қорының реттелу тәртібі және оның қайнар көздері.

6. Операциялардың жекелеген түрін жүзеге асыру дың жалпы сипаттамасы.

7. Несиелік серіктестіктердін түсінігі.



  1. Айырбастау пунктері мен ломбардтардың құқықтық жағдайы.

  2. Операциялардың жекелеген түрін жүзеге асыру кезінде қойылатын талаптар.



7-тақырып. Құнды қағаздармен операциялар.

Жоспар:

1. Бағалы қағаз түсінігі.

2. Бағалы қағаздардың жіктелінуі және түрлері.

3. Бағалы қағаздардың алатын орыны.

4. Бағалы қағаздарды эмиссиялаудың сипаттамасы.

5. Басқару органдарының эмиссияланған бағалы қағаздарды тіркеу тәртібі.

6. Акциялар мен облигацияларды банктердің эмиссиясы.

7. Акциялар мен облигацияларды шығарудың ерекшелігі.

8. Қазақстан Ұлттық Банкі бағалы қағаздары.

9. Бағалы қағаздарды қолдан жасағаны және өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік.


8-тақырып. Банктердің валюталық операциялары.

Жоспар:

  1. Валюталық операциялар түсінігі және түрлері.

  2. Валюталық операциялардың ерекшеліктері.

  3. Шетел валютасымен операция жасауға қойылатын жалпы талаптар.

  4. Қазақстан Республикасының валюталық заңдылықтары.

  5. Резиденттер мен резиденттер емес арасындағы шетел валютасымен жасалатын операциялар.

  6. Шетел валютасымен операция жасаудын тәртібі.

  7. Резиденттер мен резиденттер емес арасындағы шетел валютасымен жасалатын операциялардың ерекшелігі.

  8. Валюталық операцияларды жүзеге асыруда лицензия беру тәртібі.

  9. Валюталық бақылау жүргізу.


9-тақырып. Банк қызметіне салық салуды құқықтық реттеу.

Жоспар:

1. Банктің салық төлеуші ретіндегі сипаттамасы.

2. Банктер төлейтін салықтардың түрлері.

3. Корпоративті салыққа сипаттама.

4. Жер, мүлік және транспортық салыққа сипаттама

5. Банк несиесі шартының құқықтық сипаттамасы мен құқықтық табиғаты.

6.Банк несие шартының жағдайлары. Тараптардың құқықтары мен міндеттері.

7. Банк несиесі шарты бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі.


10-тақырып. Несиелік қатынастарды құқықтық реттеу.

Жоспар:

  1. Банк заем шартының түсінігі.

  2. Банк заем шартының құқықтық табиғаты.

  3. Банк заем шартының талаптары.

  4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

  5. Банк заем шартының орындалу тәсілдері.

  6. Банк несие шартының жағдайлары. Тараптардың құқықтары мен міндеттері.

  7. Банк несиесі шарты бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін тараптардың жауаупкершілігі.


11-тақырып. Банк құқығындағы банк шоты институты.

Жоспар:

  1. Банк шот шартының ұғымы мен мазмұны

  2. Банк шот шартын ашу және жасасу тәртібі мен негіздемесі.

  3. Банк шоты шартының құқықтық табиғаты мен заңды мінездемесі.

  4. Банк шоты шартының банк салымынан және басқа да азаматтық-құқықтық міндеттемелерден айырмашылығы.

  5. Банк шоты шартына қойылатын талаптар сипаттамасы.

  6. Банк құқығы тараптарының құқықтары мен міндеттері.

  7. Банк шоты шартының нысаны.

  8. Банк шоты шартындағы өз міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін клиенттің жауапкершілігі.

  9. Жауапкершілікке тарту мен санкция орындау тәртібі.



12-тақырып. Банктік есептік құқықтық қатынастары.

Жоспар:

  1. Есеп айырысу қатынастарының ұғымы және түрлері.

  2. Банктік есеп айырысу тәсілдері мен принциптері.

  3. Аударым ақшалармен есеп айырысу түрлері.

  4. Есеп айырысудағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін реттеу ережелері.

  5. Есептік құқықтық қатынастарды бұзғаны үшін әкімшілік кодексінде көзделген жауапкершілік.

  6. Есептік құқықтық қатынастарды бұзғаны үшін қылмыстық кодексінде көзделген жауапкершілік


13-тақырып. Банк құпиясын құқықтық қорғау.

Жоспар:

  1. Коммерциялық құпия ұғымы мен оның құқықтық реттелуі.

  2. Банк құпияны құрайтын мәліметтерді берудің негіздері мен тәртібі және оның коммерциялық құпиядан айырмашылығы.

  3. Банк құпиясы мәселесін реттейтін нормативтік құқықтық актілер.

  4. Банк құпиясын білетін лауазымды тұлғалардың міндеттері.

  5. Банк құпиясының көлемі мен мазмұны.

  6. Банк құпиясы туралы мәліметтер берудің негіздері.

  7. Банк құпиясы туралы мәліметтер берудің негіздерінің тәртібі.

  8. Банк құпиясын таратқаны үшін жауапкершілік.


14-тақырып. Банк құқығындағы сақтандыру құқығы.

Жоспар:

  1. Сақтандыру ұғымы

  2. Хеджирлеу ұғымы

  3. Несиелік тәуекел ұғымы мен түрлері.

  4. Несиелік, валюталық және ьасқа да банктік тәуекел түрлері.

  5. Банк тәжірибесінде қолданылатын сақтандару түрлері.

  6. Сақтандыру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік.

  7. Салым сақтандыруының тәртібі және банктің салымдарды сақтандыру жөніндегі жауапкершілігі.

4.3 Практикалық (семинар) сабақтардың мазмұны және тізімі
1-тақырып. Банктік қызметтің түсінігі. Банк құқығының түсінігі, пәні және әдістері.

Сабақтың мақсаты: теориялық білімді бекіту.

1. Банк және банк қызметінің түсінігі.

2. Банк құқығының түсінігі және пәні.

3. Банк құқығының әдістері және жүйесі.


2-тақырып. Банк құқығының қайнар көздері.

Сабақтың мақсаты: теориялық білімді бекіту.

  1. Банк заңдары ұғымы.

  2. Банк құқығының конституциялық негізі.

  3. Банк құқығы қайнар көздерінің жіктелуі.

  4. Банктік қызметтерді реттейтін заңдарға мінездеме берініз.

  5. Банк құқығының қайнар көзі ретінде заңға бағынышты актілерге сипаттама.


3-тақырып. Банк құқығының нормалары және банктік құқықтық қатынастар.

Сабақтың мақсаты: теориялық білімді бекіту.

1. Банк құқығының нормалары, түрлері және норма құрылымы.

2. Банк құқық қатынастары: түсінігі, түрлері, белгілері.

3. Банк қатынастарының пайда болуы, өзгеруі, тоқталуы.


4-тақырып. ҚР Ұлттық банкі және оның құқықтық жағдайы.

Сабақтың мақсаты: теориялық білімді бекіту.

1. ҚР Ұлттық банкінің мақсаты және міндеттері.

2. Ұлттық банктің қызметінің қаржылық негіздері.

3. Ұлттық банктің құрылысы және басқару органдары.

4. Ұлттық банктің басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы.

5-тақырып. Коммерциялық банктердің құқықтық жағдайы.

Сабақтың мақсаты: теориялық білімді бекіту.


  1. Коммерциялық банк ұғымы және оның қасиеттері.

  2. Коммерциялық банктердің түрлері және банк жүйесіндегі орны.

  3. Банктердің ашылуы және тіркелуі әрі лицензия алу тәртібі.

  4. Коммерциялық банктерді консервациялау және оны өткізу тәртібі.

  5. Коммерциялық банктерді ерікті және мәжбірлі түрде құру.Банктердің қызметінің тоқтатылуы және оның салдары.

  6. Банктер төлемқабілетсіздігінің (банкроттығының) құқықтық негіздері.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет