Аннотация
«Жануарлар патологиясы» пәнінен жазылған «Ит инфекциялық гепатит
ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы» атты курстық
жұмысым 30 беттен тұрады.
Курстық
жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу,
техника
қауіпсіздігі, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және 3 сурет
қамтиды.
1
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік
құжаттарды қолдануға
сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен
типтері.Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.
2
Анықтамалар
Инфекциялық ауру – инфекцияның айқын көрінісі.
Карантин – індет ошағының одан әрі ұлғайуына жол бермеу үшін
жүргізілетін шектеу шараларының жиынтығы.
Спорадия - жұқпалы аурудың бірен-саран жағдайда, яғни инфекциялық
немесе инвазиялық аурудың бір-екі малда ғана байқалуы.
Уыттылық (вируленттілік) – микробтың
зардаптылық дәрежесі , яғни өлшемі.
Шектеу – карантиннен гөрі шарттары бәсеңдеу, індеттің таралмауы үшін
қарым- қатынасты тежеуге бағытталған тиым жолдары.
Індет – індет процесінің орташа дәрежедегі таралу қарқыны.
Індет процесі – оның негізгі үш құрама бөлігінің қозғалысқа келіп, олардың
бір-біріне әсерінен туындайтын құбылыс.
Індеттанулық балау – жұқпалы аурудың шығу, таралу себептерін анықтап,
індет процесі мен індет ошағын толық сипаттау.
Індет ошағы – малдың ауруға шалдығу мумкіндігі сақталған инфекция
қоздырушысының бастауы мен оның берілу
тетіктері бар территория, яғни
жұқпалы аурумен ауырған мал анықталған табын орналасқан кеңістік.
Антигендер – иммундық жауаптар тудыратын және соңғылардың
эффеторлармен телімді әрекеттесе алатын организмге бөгде заттар.
Антиденелер – телімді антигенмен әрекеттесетін глобулиндер.
Балау – ауруды анықтау, табу, диагноз қою.
Вакцина – жұқпалы ауруларды дауалау үшін
қолданылатын биологиялық
препарат.
Дауалау – жұқпалы аурудың алдын алу, яғни профилактикалау.
Дезинфекция – сыртқы ортадағы зардапты микробтарды жою шаралары.
Дезинсекция – сыртқы ортадағы зиянды жәндіктерді жою.
Дератизация – зиянкес кемірушілерді жоюға бағытталған шаралар.
Зардаптылық – ауру қоздырушы микробтың инфекция қоздыру қабілеті
Инфекциялық процесс – макро және микро организмдер, қоршаған орта ара
қатынасы мен олардан туындайтын қарама-қайшы инфекциялық патологиялық
және иммундық – қорғаныстар әсерінен туындалатын құбылыс.
Трансмиссивтік жолмен – аурудың
шыбын- шіркей арқылы жұғуы
3