Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Мүгедектер және ардагерлер ісі секторының 2016 жылдың 2 айында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет.
Сайрам ауданы бойынша бүгінгі таңда ҰОС ардагерлері мен мүгедектері- 22, ҰОСҚ мен мүгедектеріне теңестірілген азаматтар- 398, ҰОСҚ теңестірілген басқа санаттағы азаматтар саны 1722, батыр аналар-298, «Алтын алқа» иегерлері 1073адам, «Күміс алқа» иегерлері- 2637 адам және 18 жасқа дейінгі 4 және одан көп баласы бар аналар-7694 адамды құраса, жасына байланысты зейнеткерлер-19689, 2016 жылдың 1 қаңтарына 8429 мүгедектер есепке алынған, оның ішінде І топтағы мүгедек – 540 адам, ІІ топтағы мүгедек – 2671 адам, ІІІ топтағы мүгедек – 3648 адам және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар-1404, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар 166 адамды құрап отыр. М
4
емлекет тарапынан мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар уақытылы және толығымен төленуде.
2016 жыл ағымында жергілікті бюджет есебінен жекеленген санаттағы азаматтарға 26079,0 мың теңге қаржы жоспарланып отырса, ағымдағы жылдың жылдың 2 айында төмендегідей әлеуметтік қолдаулар көрсетілді:
- жалғызілікті 11 қарттардың зейнетақылары қосымша жәрдемақы 41,7 мың теңге қаржы жеке есеп шоттарына аударылды;
- АҚТҚ инфекциясын жұқтырған 14 балалары бар отбасыларға ай сайынғы өтемақы ретінде 46450 теңгеден, яғни есепті мерзімде мың теңге қаржы төленді.
- "15 ақпан Ауған жерінен совет армиясының шығарылғанына байланысты 165 аз қамтылған ауған соғысының ардагерлеріне әлеуметтік көмек ретінде 1779,8 мың теңге жеке есеп шоттарына аударылды.
- Шұғыл емделуге мұқтаж және тұрмыс жағдайы нашар 9 аз қамтылған азаматтарға бір жолғы әлеуметтік көмек ретінде 190,8 мың теңге жеке есеп шотына аударылды.
- Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын 20 адамдарға 424,2 мың теңге қаржы жеке есеп шотына аударылды.
Сонымен қатар, 17 мүгедекке 2 ымдау тілі мамандарының қызметі үшін 826,8 мың теңгеге және 71 жүріп-тұруы қиын 1 топтағы мүгедектерге 20 жеке көмекшілер қызметі үшін 7263,4 мың теңгеге «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Ақсукент» корпортивтік қоры қызмет ұсынып отыр. Есепті мерзімде 787,9 мың теңге қаржы игерілді.
Үйде оқытылып тәрбиленетін мүмкіндігі шектеулі 211 балаларға оқу құралдарын сатып алу үшін аудандық бюджеттен 806,0 мың. теңге жеке есеп шоттарына аударылды.
2016 жылдың 2 айында облыстық Ардагерлер үйінде, Мейір, ардагерлер үйіне 133 жекеленген санаттағы азаматтар сауықтырылса, жергілікті бюджет есебінен жекеленген санаттағы азаматтарды сауықтыру мақсатында 6678,0 мың теңгеге «Ақсу Жабағылы» шипажайына 140 жолдама сатып алынып, 20 адам өз денсаулықтарын сауықтырып қайтты.
2016 жылдың ақпан айынан бастап ЖК «Джилинбаев» аудан бойынша 36 мүгедектерге 4 әлеуметтік такси қызметін ұсынуда. Осы мақсатқа жергілікті бюджет есебінен 2500,9 мың теңге жоспарланса, оның ішінде 456,0 мың теңге қаржы игерілді.
Жұмыссыздықты жою шаралары
Елбасының Қазақстан халқына жолдауында атап өтілгендей, халықты жұмыспен қамту саясатын іс жүзіне асыру мақсатында, ауданымызда қабылданған бағдарламаларға сәйкес, жоспарланған жұмыстар өз дәрежесінде атқарылып келеді.
Ауыл округтерінің берген мәліметіне сәйкес 2016 жылдың 1-ші ақпанына аудан халқының саны 208046 адамды құрады. Жалпы халықтың 86037 адамы экономикалық тұрғыдан белсенді болып, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 82080 адам, өздігінше жұмыспен қамтылғандары 38741 адам. 3957 адам жасырын жұмыссыздар, жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыз. (облыста 5,6 пайыз).
Аудан аумағындағы мекемелермен кәсіпорындарда жұмысшылар санын қысқартпау, олардың еңбек ақыларын төлеу, жұмысшылардың еңбек құқықтарын сақтау жөнінде тұрақты мониторинг жүргізілуде.
Аудан әкімдігі жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер арасында өзара ынтымақтастық туралы кәсіпорындар мен мекемелердің жұмыс берушілер тарапынан жұмыс істеушілердің құқығы мен кепілдіктерін қамтамасыз ету (жанжалдарды болдырмау, штат санын қысқартуға жол бермеу, жалақыны төмендетпеу, лайықты еңбек құқығын қамтамасыз ету) жұмыс орындарының қысқармауы мен жалақының төмендемеуіне ықпал жасау жөнінде 2015 жылы 351 Меморандумдарға қол қойылды, оның ішінде ірі -6, орта – 82, кіші – 263 кәсіпорындар болып, қызметкерлер саны – 16228 адамды құрайды.
Ағымдағы жылдың наурыз айына 27 Меморандумдарға қол қойылды. Сондықтан, аудандағы барлық мекемелер мен кәсіпорындарда жұмысшылардың еңбек құқықтары мен кепілдіктері толық сақталып, еңбек дауларының алдын алу шаралары қарастырылуда.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Сайрам ауданы әкімі, аудандық жұмыс берушілер одағы және аудандық кәсіподақтар бірлестігі арасында 2015-2017 жылдарға арналған үш жақты келісім шарт түзілген. Осы келісім шарттың талаптарын іс жүзіне асыру мақсатында аудандық комиссия құрылған. Комиссия өз іс-жоспарларына байланысты қызмет атқарып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастары бойынша мәселелерді шешуге ат салысып келеді.
Ауданда құрылған үш жақты әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу комиссиясының негізі бөлігі - аудандағы қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз етуге және олардың өмірлік әл-ауқатын арттыруға бағытталған.
Аудандық үш жақты әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу комиссиясының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ақпан айында комиссияның іс жоспарына сәйкес, аудандағы кәсіпорындар мен мекемелердің жұмыс берушілер тарапынан қаржы дағдарысы кезінде халықтың әл-ауқатын төмендетпеу, жұмыс орындарын қысқартпау, жұмыс орындарының қысқармау мен жалақының төмендемеуіне ықпал жасау, орта және шағын бизнес субъектілері мен жеке кәсіпкерлер тарапынан әлеуметтік жобаларды іске асыруға ықпал ету бойынша түзілген Меморандумдардың орындалуы туралы, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының негізгі бағыттарын іске асыру бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылған, жұмыссыз және күнкөрісі төмен отбасыларды оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамтылуы жағдайы және оларды «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында бағдарламаға тарту туралы мәселелер қаралып, шешімдер қабылданды.
«2016 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы» Сайрам аудан әкімдігінің 25 ақпандағы №116 қаулысын дайындап ОҚО әділет басқармасына мемлекеттік тіркеуге жолданды.
Сайрам ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазалары өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмектерді ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның-консультативтік комиссия отырысы өткізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |