«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру барысы бойынша 01.10.2014 жылдың 9 айына ақпарат.
«Жұмыспен қамту жол карта 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті орташа немесе жоғары қалалар мен ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған. Осы бағыттын жүзеге асырылуы қалада жоспарланбаған.
Жыл басынан жұмыспен қамту орталығының мамандарынан «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 197 адам кеңес алды. Қатысушылардың құрамына 133 адам қосылды:соның ішінде 40 адам - оқуға , 85 адам - әлеуметтік жұмыс орындарына, 12 адам – жастар іс тәжірибесіне бағытталды және 1 адам өз ісін ашу үшін 2 млн. 700 мың. тенге соммасында «АШҚҚҚ» АҚ ШҚФ арқылы шағын несие алды және 14 адам 41 млн. тенге соммасында «Ертіс»АҚ ӘКҚ ҰК арқылы шағын несие алды.
Жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағдарламасының екінші бағыт бойынша 1 траншта 2014 жылы 43 млн. 700 мың теңге мөлшерінде 15 қатысушыға бөлінді келесі бағыттар бойынша: 13 жоба мал шаруашылығына, 1 жоба прачечная ашу. ПВХ бойынша есік және терезе өндірі цехының ашылуына – 1 жоба. «Ертіс»АҚ ӘКҚ ҰК арқылы 14 жобаға қаржыландыру іске асырылды және 1 жоба «АШҚҚҚ» АҚ ШҚФ арқылы.
Бүгінгі кунге дейін «Алтын ғұмыр 2011» және «Бірлестік» Несиелік серіктестікпен пайыздар мен карыздарды өтеу бағанға сәйкес төленіп жатыр.
2014 жылы кадрлерді қайта даярлауға жоспар бойынша – 13 адам. 40 адам жолданды. Наурыздың 3-нен маусымның 3-не дейін кадрлерді қайта даярлауды 27 адам оқудан өтті: сантехник – 10 адам, сылақшы – 11 адам, аспазшы – 6 адам. Оқу Курчатов қаласы «Кәсіби техникалық мектеп» Мекемесінде іске асырылды. 27 адам оқуды аяқтады, бұдан 18 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 13 адам жұмысты жалғастыруда: 8 адам – қазандық машинисі, 5 – адам «В» дәрежісінің жүргізушісі. Осы бағыт бойынша 3 млн. 236 мың тенге бөлінді, оның ішінен 3 млн. 236 мың тенге игерілді.
2014 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына жоспар бойынша - 33 адам, 85 адам жолданды. 22 адам бітірді, оның ішінен 9 адам жұмысқа орналасты. 7 млн. 957 мың тенге бөлінді, оның ішінен 4 млн. 749 мың тенге игерілді.
2014 жылы жастар іс тәжіребесіне 10 адам жоспарланған. Жыл басынан 12 жас маман бағытталды, 1 адам мүмкіншілігі шектеулі санынан.11 жас маман бітірді және 7 жұмысқа орналасты. 2013 жылдан 3 жас маман жалғастырып оның ішінен 2-уі жұмысқа орналасты . 2 млн. 6 мың теңге бөлінді, соның ішінде 2 млн. 6 мың теңге игерілді.
Курчатов қаласы экономикалық әлеуеті төмен және жоғары елді мекендер санына енгізілмегендігіндіктен, Курчатов қаласы бойынша қызметтік тұрғын – үйлерді құру жоспарланбаған.
2014 жылдың басында «Спектр-резонанс», «Курчатов көкжиегі» деген жергілікті газеттерінде 4 мақала жарияланған. «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламаның бағыттары туралы апта сайын жергілікті теледидарға ақпарат беріліп тұрады. Курчатов қаласының әкімшілігінің сайтында 2 мақала орналасқан. Сонымен қатар 1 кварталда «Нұр Отан» Партиясымен бірігіп «Фортуна» Курчатов қаласының кәсіпкерлік кеңесі халықпен Екінші бағыт бойынша түсінік беру кездесулер өткізілді, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бірігіп бос қызмет орындарының 2 жәрменкесі өткізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |