Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2012 жылғы «__» ____________
№ ___ бұйрығымен бекітілген
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің
бірыңғай тарифтік - біліктілік анықтамалығы (27-шығарылым)
-
Жалпы ережелер
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (27-шығарылым) «Полимерлі материалдар өндірісі және одан жасалған өнім» бөлімінен тұрады.
Оны әзірлеу өндіріс технологиясының өзгеруімен, өндірістік салада ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуымен, жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білім және арнайы дайындығына, өнімнің сапасына, ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігіне қойылатын талаптың артуына, сондай-ақ еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты туындап отыр.
Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамасы екі бөлімнен құралған.
«Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай білуге тиіс жұмыстардың суреттемесін қамтиды.
«Білуге тиіс» бөлімінде арнаулы білімге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулықтар мен басшы материалдарды, жұмысшы қолдануға тиісті әдістер мен құралдарды білуіне қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар қамтылған.
«Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық білімдермен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ереже мен нормаларды, жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына қойылатын талаптарды, жарамсыздықтың түрлері мен оның алдын алу және жоюдың тәсілдерін, өндірістік дабылдатқышты, жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.
Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай білуге, сондай-ақ осы кәсіптегі разряды төмен жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс.
Тарифтік - біліктілік сипаттамалар ерекше айтылған жағдайлардан басқа, осы бөлімде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдарда, меншік және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, жұмыстарды тарифтеу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.
Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разряды өзгерген кезде, оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.
Қолданудың ыңғайлылығы мақсатында БТБА (27-шығарылым) жұмысшылардың кәсіптерінен, разрядтарының диапазоны мен беттерінің нөмірлерінен тұратын осы БТБА-ға (1-қосымша) сәйкес алфавиттік көрсеткішті көздейді.
«Полимерлі материалдар өндірісі және одан жасалған өнім» бөліміндерінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 2004 жылғы редакциясында берілген.
2. Полимерлі материалдар өндірісі және одан жасалған өнім
Ацеталдау аппаратшысы
1. Ацеталдау аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ацеталдаудың технологиялық процесін жүргізу. Жұмысқа телім жабдықтарын даярлау. Ерітінді әзірлеу, катализаторда даярлау. Ацеталяторға шикізат жіберу. Процесс сатысы бойынша шикізат тиеу және мөлшерлеу есебі. Өнімді босату және тұрақтандыру, тазарту. Анализ үшін сынаманы сұрыптау. Анализ нәтижелері мен бақылау-өлшеу аспаптары көрсеткіштері бойынша технологилық процесті бақылау мен реттеу. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысын бақылау.
Білуі тиіс: қызмет көрсетіліп жатқан телімнің технологиялық схемасын, негізгі және қосалқы жабдықтарының жұмыс жасау принциптері мен құрылымдарын, процесті реттеу ережелері мен технологиялық тәртіпті, процестің физикалық-химиялық негізін, ацеталдауды, аспаптан дайын өнімді босатудағы талапты, сынаманы сұрыптау ережелерін, дайын өнім мен шикізатқа ұсынудағы талаптарды.
2. Ацеталдау аппаратшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ацеталдаудың технологиялық процесін жүргізу. Жұмысқа телім жабдықтарын даярлау. Анализ нәтижелері мен бақылау-өлшеу аспаптары көрсеткіштері бойынша технологилық процестерін бақылау мен реттеу. Технологиялық регламент нормаларынан ауытқуларды ескерту және туындайтын бүлінулерді жою. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысы мен жағдайын бақылау.
Білуі тиіс: ацеталдау технологиялық процесін және оны ретттеу, негізгі және қосалқы жабдықтарының құрылымдарын, қызмет көрсетілетін телімнің коммуникация сызбасын, қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыс жасау принціптері мен құрылымдарын, бақылау-өлшеу жабдықтарымен жұмыс жасау ережелерін, шикізат және дайын өнімдерінің техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттарын.
Қайнату аппаратшысы
3. Қайнату аппаратшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі едәуір жоғары аппаратшының басқаруымен мақталы целлюлозаны сілті ерітіндісімен қайнату технологиялық процесін жүргізу. Технологиялық жабдыққа қызмет көрсету. Қайнату қазанына бу мен сілтінің жұмыс ерітіндісін жіберу. Сілтіні қазан мен масса құбырынан ағызу. Реакционды массамен шаю аппараттарын іске қосу. Қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысы мен бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша технологиялық процесс барысын бақылау.
Білуі тиіс: мақталы целлюлозаны сілті ерітіндісімен қайнатудың технологиялық процесін, қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыс жасау принциптері мен құрылымдарын, қызмет көрсетілетін телімнің коммуникация сызбасын, бақылау-өлшеу аспаптарының пайдалану ережелерін, шикізат пен дайын өнімдерді пайдалану бойынша талаптарды.
4. Қайнату аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сілті ерітіндісімен мақталы целлюлозаны қайнатудың технологиялық процесін жүргізу. Қайнату қазанына сілті ертіндісінің жіберілуін даярлау. Айналым сорғыштарын, қоспаның айналымын бақылау. Қайнату қазанын герметикалау және алынған қоспаны берілген температураға дейін қыздыру. Бақылау-өлшеу аспаптарымен және қайнату тәртібін реттеу: температураны, құбыраралық кеңістік пен қазандағы қысымдар, шыдамдау уақыты мен басқа да бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша параметрлері. Сорғыштарды өшіру, қайнау қазанындағы қысымды атмосфералық қысымға дейін азайту. Тазартқыш аппаратын даярлау. Қоймалжың кесек заттарды езу. Қоймалжың кесек заттарды тазарту. Жумалы суларда сілтінің концентрациясын анықтау үшін сынаманы сұрыптау. Өнімдерді кейінгі кезеңдерге жіберу. Қызмет көрсетілетін аппараттарды тазарту. Кезекті жүктеуге жабдықтарды даярлау, аппараттарды тазарту.
Білуі тиіс: қайнату процесінің негізі мен технологиялық тәртібін, жабдықтардың құрылғысы мен бақылау-өлшеу аспаптарын, бастапқы шикізаттардың техникалық құрылғыларын, қайнату мен тазарту аппараттарын даярлау және тоқтату ережелерін, қайнату қазанын герметикалау мен герметикадан тазарту әдістерін, алынған жартылай өнім мен бастапқы шикізатқа қатысты техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарын.
5. Қайнату аппаратшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сілті ерітіндісімен мақталы целлюлозаны қайнатудың технологиялық процесін жүргізу. Қызмет көрсетілетін телімдегі жұмыс координациясы. Бу коллекторының қызметін, қайнату қазанына бу мен сілті ерітіндісін жіберуді, қоймалжың кесек заттарының реакциялық жуу аппараттарын жүктеуді, айналым сорғыштарын қосуды, қосындының айналымын бақылау. Бақылау-өлшеу аспаптары мен қайнату тәртібін реттеуді бақылау. Кезекті жүктеуге жабдықтар даярлауды бақылау..
Білуі тиіс: технологиялық қайнату процесін, жабдықтардың құрылғысы мен жұмыс принципін, технологиялық процесті реттеу тәртібі мен бақылау-өлшеу құралдарын қолдану ережелерін, қайнату процесінің схемасы мен технологиялық тәртібін,, қайнату қазанын герметикалау мен герметикадан тазарту әдістерін, алынған жартылай өнім мен бастапқы шикізатқа қатысты техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарын.
Көбіктастарды көбіктендіруші аппаратшысы
6. Көбіктастарды көбіктендіруші аппаратшысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі едәуір жоғары аппаратшының басшылығымен көбіктастарды көбіктендіру процесін жүргізу. Жұмыс орнына көбіктас қалыптарын жеткізу, оларды кассеталарға орналастыру. Пенопласттар дайындамалары бар кассетталармен көбіктендіруші камераларын жүктеу. Көбіктастардың дайын блоктарын босату. Жиектерді арамен кесу. Белгіленген орынға блоктарды (плиталарды) тасымалдау. Камераны тазарту.
Білуі тиіс: пенопласттардың көбіктену технологиялық процесінің негізгі кезеңдерін, жабдықтардың құрылғысы мен жұмыс принципін, көбіктендіруші камераға кассетті жүктеудің ережелерін.
7. Көбіктастарды көбіктендіруші аппаратшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көбіктендірудің бірқаттамалы камерасына көбіктастарды көбіктендіру процестерін жүргізу. Дайындамаларды (өлшемі мен көлемді салмағы бойынша пішу және сорттау) жүктеуге даярлау, жұмысқа жабдықтарды даярлау. Полистиролды бункерге жүктеу, оны пневмотранспорт көмегімен қоректендірушілерге және көбіктендіру алды құрылғысына мөлшерлегішті жеткізу. көбіктену процесінің технологиялық параметрлерін реттеу және бақылау: температура, су буының қысымын, вакуум разрядсі және т.б. Көбіктендіру процесінің аяқталуын көзбен шолу арқылы анықтау. Бүгілген жердің сабақтары мен көбіктастардың дайын блоктарының салмағын өлшеу.
Білуі тиіс: көбіктастарды көбіктендірудің технологиялық процестерін, қызмет көрсетіліп жатқан құралдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымдарын, дайын өнімнің техникалық талаптарын.
8. Көбіктастарды көбіктендіруші аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көпқаттамалы көбіктендіру камерасында көбіктастардың дайындамаларын көбіктендірудің процесін жүргізу. Дайындамаларды жүктеуге даярлау. Жұмысқа жабдықтарды даярлау. Орнатылған технологиялық регламентті бақылау және реттеу: вакуумның, су буының қысымын, қызуын. Біліктілігі едәуір төмен жұмысшыларды басқару. Өндіріс журналына жазып жүру.
Білуі тиіс: көбіктастарды көбіктендіру процестерінің технологиялық тәртіптері мен схемаларын, қызмет көрсетіліп жатқан құралдардың жұмыс жасау принціптері мен құрылғылар тағайындауын, көбіктендіру процестерінің негізі мен технологиялық тәртібін, бақылау-өлшеу аспаптарының қолдану ережелерін, дайын өнімнің техникалық талаптарын.
9. Көбіктастарды көбіктендіруші аппаратшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы: Полистиролды бастапқы көбіктендіру технологиялық процесін жүргізу және көбіктендірцу алды құрылғысына шикізатты жүктеу және мөлшерлеу процесін басқару. Қабылдау бункеріне шикізаттың түсу процесін бақылау. Шнектік қоректендіргіш тораптарының, жүктеу құрылғыларының және салмақ дозатор жұмыстарының координациясы. Полистиролды бастапқы көбіктендірудің технологиялық сызығындағы салмақ дозаторын жұмыстың тиімді режиміне баптау және қажетті параметрлерді компьютер жадына енгізу. Қызмет көрсететін жабдықтар жұмысындағы қателіктерді жою.
Білуі тиіс: полистиролдың бастапқы көбіктену технологиялық процесін, салмақ дозаторын, шнектік қоректендіргіш және т.б қызмет көрсетілетін жабдықтарды пайдалану ережелері мен амал принциптерін, қызмет көрсетілетін жабдықтардың сигнализациялау мен электрблоктау схемасын, қолданылатын компьютер құрылғылары мен жұмыс ережелерін, көбіктенген полистиролдың сарылатын сүрлемдерін толтыру тәртібін, араластыру рецептурасын, өнім даярлығын анықтау әдістерін, қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды жою тәсілдерін, қолданылатын шикізатқа талап етілетін мемлекеттік стандарттарды.
10. Көбіктастарды көбіктендіруші аппаратшысы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Полистиролды бастапқы көбіктендіру технологиялық процесін жүргізу және көбіктендірцу алды құрылғысына шикізатты жүктеу және мөлшерлеу процесін басқару пультімен жүргізу. Полистиролдың бастапқы көбіктенуінің технологиялық сызығын автоматты жұмыс режиміне баптау. Шлюздік қоректендіргіш, көбіктендіру алды тораптары, қайнап жатқан қабаттағы кептіргіш, көбіктендіру камералары, дайын өнімді өлшеуге арналған электрнды таразылар жұмыстарының координациясы. Көбіктендіру процесінің технологиялық параметрлерін компьютер жадына енгізу: мөлшерленетін материал санын, бу қысымын, полистиролдың көбіктену уақытын, оның тұрақтану мен кебу уақытын. Орнатылған технологиялық режимді бақылау. Қолданылатын шикізат пен алынған өнім өнімділігінің шығын есебі. Технологиялыық журналда жазба жүргізу. Қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды жою.
Білуі тиіс: полистиролдың бастапқы көбіктену технологиялық процесін, қызмет көрсетілетін жабдықты қолдану ережесін, реттелетін сақтандырғыш арматурасының міндеттерін, құрылғысын және принциптерін, қауіпсіздік құрылғыларының сигнализация және электрблоктау сызбасын, желдеткіштерді іске қосу тәртібін, көбіктенген полистиролды сарылану сүрлеміне жеткізу, қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды жою тәсілдерін.
Көшіру аппаратшысы
11. Көшіру аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық процесті ендіру арқылы қарапайым эфир целлюлоздары (этилцеллюлоздер) біліктілігі едәуір жоғары аппаратшы басшылығымен балқытылған лакты қондыру немесе ацетонға поликарбонатты лакты технологиялық процес арқылы қондыру. Қондырғышты жұмысқа дайындау. Көшіру аппаратын реагенттермен жүктеу, көшіру процесін бақылау-өлшеу аспаптарымен бақылау немесе көзбен шолу. Сынаманы сұрыптау және бақылау анализдерін жүргізу. Поликарбонатты лагын көшіру процесін жүргізу барысында компоненттерді есепке алу. Көшіруші аппараттар мен қосалқы механизмдерде жұмыс жасау. Жабдықтарды ағымдағы жөңдеуде қатынасу.
Білуі тиіс: көшірудің технологиялық процесін, жұмыс жасап жатқан аппараттардың, механизмдер мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғыларын, пайда болған химиялық реакциялардың негізін, сынаманы сұрыптаудың ережелерін, анализдер жасау.
12. Көшіру аппаратшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық процесті қондыру арқылы қарапайым эфир целлюлоздары (этилцеллюлоздер) біліктілігі едәуір жоғары аппаратшы басшылығымен балқытылған лакты қондыру немесе технологиялық процес арқылы күрделі эфирлер целлюлоздарды (этилцеллюлоздер және триацетатцеллюлоздер) қондыру. Целлюлозаның күрделі эфирін көшіру процесін жүргізу барысында көшіру аппараттарын герметикалау және даярлау, бақылау-өлшеу аспаптары көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру, өлшеуіштерді, сорғыштарды, құбырларды, уатқыштарды және т.б. даярлау. Көшіру аппаратына жүктеу үшін шикізаттарды даярлау. Көшіру аппаратына шикізатты жүктеу. Ыстық буды жіберу. Өнімді шығару. Дайын өнімді сүзу, тазалау, бейтараптандыру мен тұрақтандыру. Дайын өнімді уату. Ұшатын заттарды жинақтау және айдау, бақылау-өлшеу аспаптары көрсеткіштерімен технологиялық процесті реттеу және бақылау. Мөлшерлеуіш, өлшеуіш, сорғыш құралдары мен коммуникация системасында жұмыс жасау. Негізгі технологиялық жабдықтардың жұмыс жасау барысындағы ақаулықтарды шеттету. Өндіріс журналына жазба жүргізу.
Білуі тиіс: өндірістің технологиялық схемасын, технологиялық процес бағытының реттеу ережелері мен тәртібін, негізгі және қосалқы жабдықтардың жұмыс жасау принціптері мен құрылғыларын, шикізаттардың физикалық-химиялық қасиеттерін, дайын өнімнің техникалық талаптарын.
13. Көшіру аппаратшысы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық процесті күрделі эфир целлюлоздарын әртүрлі конструкциясын біруақытта күрделі эфир целлюлоздарын қондырып, біліктілігі едәуір төмен аппаратшыларға басшылық ету және жұмыстарын үйлестіру. Шикізаттардың, ерітінділердің, жабдықтардың даярлығын бақылау және оларды көшіру аппаратына жүктеу. Көшіру аппаратына шикізаттар мен ерітінділерді жіберудің температуралық тәртібін реттеу. Ұшатын заттарды жинақтау, айдау процесін бақылау, шарбаттың сынамасы мен бейтараптандыру ерітіндісі сынамасының анализін сұрыптау. Бейтараптандыру ерітіндісін даярлау. Мөлшерлілікті есептеу. Гидролиздеу процесін жүргізу. Бейтараптандыру процесін бақылау. Уатындыларды жүктеу мен уатудың процесін бақылау. Көшірудің түрлі сатыдағы ұзақтығын есептеу.
Білуі тиіс: күрделі эфирді өндірудің технологиялық схемасын, көшіру процесін жүргізудің технологиялық тәртібін, көшіру процесінің жеке сатыдағы ұзақтығының есептеу методикасын, анализ үшін сынаманы сұрыптау ережелері мен бақылау анализдерін орындаудың методикасын, технологиялық процесті реттеудің ережелерін, алынған өнімнің сапасының техникалық талаптары.
Арнайы орта білім талап етіледі.
Илемді массаларды біртектестендіру аппаратшысы
14. Илемді массаларды біртектестендіру аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипатттамасы. Илемді массаларды біртектестендірудің технологиялық процесін, оларға берілген қасиеттерді орнықтыру мақсатымен жүргізу. Компоненттерді даярлау және есептеу. Аспаптың берілген температурасына дейін қызуы. Аспапқа компоненттерді жіберу. Берілген жылдамдықпен дірілге електерді икемдеу. Өнімді біртектендірудің технологиялық процесін жүргізу. Сәйкес үйлесімдіктердегі компоненттердің жіберілуінің біркелкілігі мен жылдамдығын, електер дірілдерінің жылдамдығын, аспаптың қызу тәртібін реттеу. Біртектестендірудің технологиялық процесін бақылау-өлшеу аспаптары арқылы бақылау. Анализ үшін сынамаларды сұрыптау. Дайын өнімнің сапасына көзбен шолу арқылы бақылау. Қоймаға дайын өнімді тапсыру. Жабдықтардың сықыр бөліктерін майлау және тазарту. Технологиялық журналға жазу.
Білуі тиіс: біртектестендіру процесінің негізін, бастапқы компоненттер мен дайын өнімнің құрамын, мөлшерлеп өлшеу компоненттерінің есебін, берілген жылдамдықтағы электр толқынының икемдеу ережелерін, жеке тораптар мен үйлесімділігін, олардың жұмыстарын, жұмыс тәртібін реттеу тәсілдерін, анализ үшін сынаманы сұрыптау ережелерін, бастапқы компоненттер мен дайын өнімнің техникалық жағдайы мен оларға тиесілі мемлекеттік стандарттарын.
15. Илемді массаларды біртектестендіру аппаратшысы 5-разряд
Жұмыс сипатттамасы. Илемді массаларды біртектестендіру процесін енгізу. Есептердің дұрыстығы мен компоненттердің дайындықтарын тексеру; технологиялық режимге барлық жылы аймақтардағы біртектестендірілген машиналарды шығару. Сәйкес үйлесімдіктердегі компоненттердің жіберілу біркелкілігі мен илемді массалардың біртектестендіру тәртіп жылдамдығы мен температурасын реттеу. Дайын өнімнің сапасын бақылауға алу. Технологиялық журналға жазу.
Білуі тиіс: біртектестендіру технологиялық процесінің параметрлерін, қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс принциптері мен құрылғыларын, қажетті есептеулер жүргізудің әдістемесін, қызмет көрсетілетін жабдық тораптарының жұмыс үйлесімділігін қамтамасыз ету әдістерін, бастапқы компоненттер мен дайын өнімнің техникалық жағдайы мен мемлекеттік стандарттарын.
Іріткіш аппаратшысы
16. Іріткіш аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өндірісте себациналық қышқылды ірітудің технологиялық процесін жүргізу немесе өндірісте біліктілігі едәуір жоғары аппаратчиктің басшылығымен жоғарғы қысымды полиэтиленді ірітудің технологиялық процесін жеке сатысын орындау. Шикізат пен жабдықтарды жұмысқа даярлау. Былғауышты іске қосу, касторлы май мен ерітілген каустиктің мөлшерімен іріткіш аспабын жүктеу, берілген температураға дейін жылытып, су мен касторлы майдың мөлшеріне дейін жүктеу. Ірітудің технологиялық процесін жүргізу. Тоңазытқышта алынған қосындыны мұздату. Іріту процесін бақылау-өлшеу аспаптарымен бақылау және реттеу. Мөлшердің қышқылдығын анықтауда сынаманы сұрыптау. Берілген мөлшер қышқылдығына жеткеннен кейін - өнімді еріткішке түсіру. Берілген температураға дейін бұрамдық прессті қыздыру. Полиэтиленді пресске жүктеу, бұрымдық прессті іске қосу, полиэтиленді біртектестендіру мен процестің технологиялық араластыруын жүргізу. Азот жіберу, пешке полиэтиленді тиеу. Бұрамдық пресске полиэтиленнің түсірілу жылдамдығын реттеу. Жылуалмастырғыш қысымын, қабыршықтандыру процесінің жылдамдығын, пештің қысымын аймақтар бойынша реттеу. Технологиялық журналға жазу.
Білуі тиіс: іріту процесінің негізі мен технологиялық тәртібін, жабдықтар құрылғысы мен бақылау-өлшеу аспаптарын, ірітудің реттеу тәртіптерінің тәсілдері мен ережелерін, ірітуді жүргізу процесін, анализ үшін сынаманы сұрыптау ережелерін, өнімнің даярлығын анықтау әдістерін, даяр өнімнің техникалық шарттары мен оған тиесілі мемлкеттік стандарттарын.
17. Іріткіш аппаратшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары қысымды полиэтиленнің өндірістегі себациналық қышқылды іріту процесін жүргізу. Барлық жабдықтардың жағдайы мен жұмысты бақылап және есептік қызметті орындау. Даяр өнім мен шикізаттың есебін жүргізу.
Білуі тиіс: Жоғары қысымды полиэтиленнің өндірістегі себациналық қышқылды іріту процесін жүргізу параметрлерін, құрылғыларды, қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыс режимдерін реттеу әдістері мен пайдалану ережелерін, қажет есептеулер жүргізудің әдістемесін, дайын өнімге тиесілі техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттарын.
18. Ерітіп жетілдіру аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ионоалмастырғыш қара майды ерітіп жетілдіру процестерін жүргізу. Жабдықтарды жұмысқа даярлау. Ерітіп жетілдіргіш аппараттарын май мен қара май түйіршіктерімен жабдықтау. Ылғалдылықты үрлеу үшін жылытылған азотты ерітіп жетілдіргіш аппаратына жіберу. Ротаметр көрсеткіші және тікелей ықпал ететін реттеуіштің көмегімен беріліп жатқан азоттың мөлшері мен қысымын реттеу. Ерітіп жетілдіру аспабының қаптамасы мен реттеуіш сорғыштың, суды реттейтін жылуалмастырғыштан құралған, реттеуіш системасы көмегімен ерітіп жетілдіру аспабындағы қысым мен тоңазытқыштағы берілген суды реттеу, пневматикалық қақпақша мен реттеуіш блогымен жіберілген буды реттеу. Реттеуіш системасына қолмен салқын су жіберу. Қалдық майларды - қоймаға, ал канализацияға суды жинау үшін сауыттан мерзімді құйып отыру қажет.
Білуі тиіс: ионоалмастырғыш қара майды ерітіп жетілдіру процесі мен оны реттеу ережелерін, жабдықтар құрылғылары мен жұмыс принциптерін, бақылау-өлшеу аспаптарының пайдалану ережелерін, дайын өнімге тиесілі техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттарын.
Пленкалы материалдарды даярлау аппаратшысы
19. Пленкалы материалдарды даярлау аппаратшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі едәуір жоғары аппаратшының басшылығымен полиамидті қара майды желімді ұнтақтың маталы негізіне еріту технологиялық процесін жүргізу. қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысқа дайындығы. Тозаңдату камерасының, еріту плиталарының, орау қондырғысының, сулану ваннасы мен сығу білікшелерінің түзуліктерінің тексерісі. Сығу білікшелеріне маталы негізді жүктеу, білікшелерді қосу, материалдың сулануына, желімді ұнтақ тозаңдатуына бақылау. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша, техникалық параметрлерге (ылғалдылық, тозаңдану қабатының қалыңдығы мен біркелкілігінің разрядсін, еріту, суыту және орау жылдамдығын) бақылау. Дайын өнімнің алынып тастауы мен салынуы.
Білуі тиіс: полиамидті қара майды желімді ұнтағының маталы негізіне еріту технологиялық процесінің негізгі кезеңдерін, қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыс принципі мен құрылғыларын, Бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану ережелерін, қолданылатын маталы негіз бен полиамидті қара май ұнтағының техникалық мәліметтеріне тәуелді өткізілетін технологиялық процесс режимін, дайын өнімге тиесілі техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттарын.
20. Пленкалы материалдарды даярлау аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Полиамидті қара май желімді ұнтағының маталы негіге еруі, ламинирленген пленкалы материал даярлау, суару тәсілі арқылы суару құрылғыларының технологиялық процесін жүргізу. Еріту агрегатында немесе рамалы және көлденең созу құрылғысында лавсан майынан бағдарланған пленка мен полиамидті пленка өндіріс технологиялық процесін біліктілігі жоғары аппаратшы басшылығымен жүргізу. Қызмет көрсетілетін жабдықтар мен коммуникацияларды жұмысқа дайындау. Қоспаны суаруға даярлау, оны фильтрациялау мен деарациялау. Фторпласт өлшегіштері мен басқа да біріктірулер арқылы жіберу. Орау құрылғы таспасының дұрыстығын тексеру, берілген таспа жуандылығына сай суару құрылғы фильерін баптау. Бақылау-өлшеу аспаптары көрсеткіштері бойынша, суару механизімінің ауа жеткізу және сорып алу жылдамдығын реттеу. Кебу мен орауға таспаны жүктеу. Металлданған таспаны ламинирлеуге даярлау. Қоспалауыштағы желімнің өлшенген компоненттерін араластыру жолымен берілген тұтқырлықты желімдеуші құрамды даярлау. Желімдеуші құраммен ваннаны толтыру. Пленкалы рулондарды орнату және біліктерге пленканы жүктеу. Циркуляционды желдеткіштерді және кептіруге арналған пеш жанарғыларын қосу. Аппаратты іске қосу, пленканы орау жылдамдығын, жағылған желім қалыңдығын пленканың тартылу разрядсін реттеу. Ламинирленген пленканы даярлау. Біліктерді тазарту жұмыстарына даярлау, жылытқышты қосу, әр білікке бойынша берілген температураны есептеу және реттеу. Пленкамен рулондарды орнату, пленканы білікшелерге жүктеу, ламинаторды іске қосу. Білікшелердің қызу температурасын, тарту жылдамдығын реттеу, кенеп бөлігін алу арқылы пленка сапасын анықтау және адгезияға сынау. Полиамидті қара майды желімді ұнтақтың матлы негізіне еріту. Еріту агрегатында бағдарланған пленканы даярлау. Динилді қазанды, мөлшерлегіш сорғыштарды жұмысқа дайындау, қазандағы температура мен қысымды реттеу, сорғыш блогындағы,фильер және еріту ілгішіндегі температураны қамтамасыз ету. Бағдарланған пленканы бойлық және кесе-көлденең созу қондырғысында даярлау. Тығырықтарды орау мен қайта орау қондырғыларын дайындау, кесу механизмдері мен созу қондырғыларын тексеру, пышақтарды түсіру мен берілген температураға дейін агрегатты қыздыру. Аморфты пленканы бойлық созу үшін білікшелерге жүктеу. Созылу жылдамдығы, балқу мен суу температурасын және пленка жуандығын реттеу. Пышақтарды ауыстыру. Үзілгеннен кейін пленкаларды қайта жүктеу. Сынамаларды анализ үшін сұрыптау, полиимидті пленка өндірісіне қатысу. Жаю торабында полиамидқышқылды пленка рулондарын орнату және имидизация машина клупптарына жүктеу. Орау қондырғысын және торап жиектерін түзеу. Диметилформомид буының концентрациясын бақылау. Орау қондырғысынан дайын өнім мен тығырықтарды шешу және пленканы орау. Технологиялық журналға жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |